"Саяхатшы дара" ойын-сауық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Саяхатшы дара" ойын-сауық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға ІІ кіші тобына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Саяхатшы Дара

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

Міндеті: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту.Ертегі мазмұнын суреттер арқылы қысқаша айта білуге үйрету.Үлкендерді тыңдауға,сыйлауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: ой толғаныс,салыстыру,көрсету,түсіндіру,сергіту сәті,шаттық шеңбері,тіл ұстарту жаттығуы,тірек-сызба әдісі,ойын.

Ертегілер еліне саяхат.Балаларды ертегіні жақсы қабылдай үйрету,сахналап беруге талпындыру.

Дамытушылығы: балалар бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа жауапкершілдікке,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиреніп,баланы жақсылыққа бейімдеу.

Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» плакаты,шарлар,гүлдер,ертегі кейіпкерлерінің суреті.

Сабақтың барысы:

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті біздің ата-аналар,балалар.тәрбиешілер!

Ертегілер ауыз әдебиетініңең көне жанрына жатады.Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.Ол ауызша айтылып,ел есіне ғасырлар бойы сақталып,ұрпақтан-ұрпаққа ауысып,біздің дәуірімізге жеткен.Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады.Кейде өлең түрінде де кездеседі.

Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің болыпты» немесе «Ерте,ерте ертеде,ешкі жүні бөлтеде»деп те басталады.Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады.

Ертегілер мынадай жанрларға бөлінеді:

1.Қиял-ғажайып;

2.Хайуанаттар туралы;

3.Шыншыл ертегі;

4.Тұрмыс-салт ертегілері;

«Балалар,міне,бүгін біз ертегілер әлемінде қонақтамыз.Осы уақытқа дейін көп ертегі-аңыздармен,әңгіме-жырлармен,өлең-тақпақтармен,жұмбақ-жаңылтпаштармен танысып,естіп білдік,олардың суретін салып бейнелеу өнерінің сырларын үйрендік.Қане,есімізге түсірейікші,жыл бойы қандай ертегілермен таныстық?»

Балалар өткен ертегілерді естеріне түсіріп,қайталап айтып шығады.

*Біз қазір күн шуағы нұрын төккен,кең даланың ұзын, соқпақ жолымен жүріп,саяхатымызды бастаймыз.

Жылулық шеңбері

Ертегілер әнін тыңдап,әуенге сай билейді.Тәрбиеші қолына «сиқырлы таяқшаны» алып,әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады.Тәрбиеші сиқырлы заттың атын атайды,балалар өткен ертегілерді еске түсіріп,заттың қай ертегіде сиқырлы әрекеттер орындайтынын табады.(кілем-ұшақ,сиқырлы таяқша,алтын кілт,алтын балық т.б.)

Ертегілердің тілі көркем,қарапайым,түсінікті жеңіл келеді.Сендер құрметті жас достар,ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін,тамаша қиялдарын біліммен қоса өздеріне солай қиялдауға,армандауға үйренесіңдер.Ертегінің көркем де,жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп,арманды ақиқатады,қайратты істерге құлшындырады.Шешен сөйлеуге,өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді.Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді,көзіңді ашып,кереметтерді танытады.Ертегілерді сүйе біл, сүйсіне тыңда.одан тіл үйрен.











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1159
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі