Күні:
Адам,Қоғам,Құқық
Сабақтың тақырыбы:
Саясат ғылым ретінде
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларға
саясаттанудың ғылым ретінде шығу тегін тарихын түсіндіру.,
Дамытушылық : оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше
тұжырымдай білуіне бағыт беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс
істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: дәстүрлі
сабақ
Сабақ типі: аралас
сабақ
Оқыту әдістері: сұрақ -
жауап;баяндау;әңгімелесу;ізденіс
Көрнекілігі: тірек- сызба,кесте
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
Оқу құралын тексеріп
түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын
сұрау:
Заманауи діниахуал
-Діни өмірдің әлеуметтік
жағдайлары неден құралады?
-Діни әлеуметтану дегеніміз
не және оның тарихы қандай?
-Дүниежүзі және
Қазақстандағы діни ахал қандай?
-Жастар арасындағы діни
экстремизмнің алдын алу не үшін қажет?
-Интернет желісіндегі
лаңкестік және экстремистік ұйымдардың ақпараттық шабуылдарына
қырағы болу қажет пе ?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Саясат ғылым ретінде
1.Саясаттанудың негізгі
мәселелері
2.Негізгі саяси
тұғырнамалар
Саясат әлемнің тең
ортасында мемлекет, билік және биліктік қатынастар орналасқан,
сондықтан осылар арқылы біз саясаттың мәні мен мақсатын тереңірек
ұғынамыз. «Саясат» пен «мемлекет» ұғымдарының байланысты тереңде
жатыр. Саясат болмаса мемлекет те болмайды. Мемлекет саясат бар
болған жерде ғана өмір сүре алады. Сонымен бірге бұл екеуін
теңестіріп қоюға да болмайды. Саясат мемлекеттен тыс та өмір сүре
алады.
Теократиялық тұғырнама
мемлекетті Құдай ісі деп қараса, патриархалдық теория бойынша
мемлекет үлкен бір отбасына баланады да, басқарушы монарх пен оның
қарамағындағылардың арақатынасы әке мен отбасы мүшелерінің
арақатынасына теңестіріледі. Сол сияқты келісімдік теориясы, күш
көрсету теориясы, маркстік таптық теориясы және т.б. бар.
Мемлекет барлық әлеуметтік
топтарды ортақ мақсаттарға топтастырып отыратын, сөйтіп саяси билік
жүргізетін қоғам өмірінің басты ұйымдастырушы және басқарушы тетігі
болып табылады.
Жалпылама мәні бар ортақ
істерді атқару үшін мемлекет өз органдарын тағайындайды:
-
Заң
шығарушы органдары-парламентті
-
Атқарушы органдары-үкімет және оған бағынышты министрліктер мен
ведомстволарды
-
Сот
және басқа да құқық қорғау органдарын-прокуратураны, полицияны
-
Мемлекеттік қауіпсіздік органдары-ұлттық қауіпсіздік комитетін және
т.б.
Мемлекеттің белгілері.
Оларға мыналар жатады:
-
Мемлекет саяси биліктің бүкіл елді мекенді қамтитын аумақтық
ұйымдастырылуы болуға тиіс. Бұдан оның бір мемлекетті екіншісінен
бөліп тұратын мемлекеттік шекарасы, әр мемлекеттің өз
азаматтықинституты ерекшеленіп шығады
-
Мемлекеттің қоғамды басқаруға арналған ранайы тетігі, мекемелері
мен органдарының жүйесі болуға тиіс. Бұл тетікке биліктің заң
шығаушы, атқарушы және соттық тармақтарының институттары
жатады.
-
Мемлекет қоғам өмірін құқықтық негізде ұйымдастырады және соны іске
асыратын арнайы органдар соттар, әкімшіліктер қызмет істейді
-
Мемлекетке егемендік тән, ел ішінде де, басқа мемлекеттермен
қарым-қатынасында да мемлекет билігінің үстемділігі, басқа
биліктерге тәуелсіздігі болуға тиіс
-
Экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге арналған салықтар және
басқа да міндеттелген төлемдер жүйесі болуға тиіс
IV.топтық жұмыс
1.Саясаттанудың негізгі
мәселелері, негізгі саясат тұғырнамалары
2. Саясаттанудың шығу тегі
3.Саясаттанулық білім
V.Жаңа сабақты бекіту:
-Саясаттану дегеніміз не?
-Ғылым ретінде саясаттану пәнін белгілеп бер.
-Қазіргі заманның негізгі саяси тұғырнамаларын атаңдар.
VІ.Бағалау
VII.Үйге тапсырма:
Саясат ғылым ретінде