Материалдар / «Саясаттану пәнінде оқушылардың саяси танымдық көзқарастарын дамыту».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Саясаттану пәнінде оқушылардың саяси танымдық көзқарастарын дамыту».

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал "Саясаттану және әлеуметтану негіздері" пәнінен беретін ұстаздарға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
453
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



Ф-Е-05/4.1








ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУ








ТАҚЫРЫБЫ: «Саясаттану пәнінде оқушылардың саяси танымдық

көзқарастарын дамыту».












Құрастырған: Құрмантаева Меруерт Рысбекқызы










Шымкент




«Саясаттану пәнінде оқушылардың саяси танымдық

көзқарастарын дамыту»







Мазмұны


1.Кіріспе

2. Cаясаттану пәнінде оқушылардың саяси танымдық көзқарастарын арттыру.

3. Қоғамдық даму үрдісіндегі жастардың танымдық негізін дамыту

4. Қорытынды



























«Саясаттану пәнінде оқушылардың саяси танымдық көзқарастарын дамыту»


1.Кіріспе. Cаясаттану пәнінде оқушылардың саяси танымдық көзқарастарын арттыру заман талабына сай құндылықтарды дамыту және оларды ғылыми тұрғыдан ұғындыра білу, бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси материалдарды дұрыс түсініп қабылдауға деген танымдық көзқарастарын дағдылардыру бүгінгі күннің кезек күттермейтін күрделі мәселелерінің бірі . Қоғамдық даму үрдісіндегі жастардың танымдық негізін дамыту ол басқа мәселе, себебі жастардың бүгінгі күнгі танымдық көзқарастарын ашық алаңда заманауи түсініктермен ұлттық құндылықтарымызды үйлестіре отырып мәдени тұрғыдан дамыту және түсіндіру танымдық негізін қалыптастыру қажеттілігі туындап отығандығы анық. Сондықтан бүгінгі жас ұрпақтың танымдық көзқарастарын дамытуда саясаттану пәнінің алатын орны ерекше.

2. Cаясаттану пәнінде оқушылардың саяси танымдық көзқарастарын арттыру . Қоғамдық саяси ғылым жүйесінде саясаттану пәнінің қызметі жоғары. . Себебі олардың зерттеу обектісі - ортақ қоғамдық өмір, ондағы дағды мен таным, түсінік пен көзқарас, ақиқат пен шындық, құрбандық пен мейірбандылық болмақ. Сол жолда бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Саясаттану пәніде оқушы танымы саяси қызметтің мәні мен қырын ондағы саяси міндеттермен қағидаларды қарастыра отырып жан-жақты дамиды. Бірақ әрбір қоғамдық ғылым жүйесінде оқушы танымының өзіндік мәні бар Сондықтан саясаттану ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдармен арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған жөн.

СDrawObject1 аясаттану оқушының таным жүйесінде мына ғылыми жүйемен байланысады. Философия

DrawObject2 DrawObject3 DrawObject4 Оқушы танымы экономикалық теория

құқықтық ғылым

әлеуметтану және тарих

Философиялық ғылым жүйесінде - табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ондағы ақиқаттың салтанат құруын қалайды сол жолда өзінің таным негіздерін әділеттілік пен байланыстыруға тырысады. Оқушы өз түсінігінде тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын ашып дүниеге тұтас көзқарасты шынайылық негізінде қабылдайтындай етіп ұғындыру және оған деген өзінің көзқарсын қосуды талап ету оқушы мен оқытушы арасындағы сенімділікті артырады. Сол жолда саясаттану жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді , саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді.

1/Философия ғылымымен байланыстырғанда саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдеу, қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылау, айқындайу кезек күттірмейтін мәселе. Бұл қозғалыс оқушының философиялық саяси танымын тереңдетіп, саяси көзқарасты қарастыруына үлкен ықпалын тигізеді..

2/ Оқушының саяси танымдық көзқарасын экономикалық теориямен байланыстыруда саяси экономия мен саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып ол процестедің негізінде әртүрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізуге болады. Саясаттану жүйесі экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді деген ұғымды оқушы танымында қалыптастыру мемлекеттің ішкі саяси даму жолының қалыптасуындағы заңдылықтарға сенімділігін артырады.

3/ Құқықтық жүйені таным тұрғысында саясаттану пәнінде құқықтық ғылыммен байланыстыру адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейтіндігін, саяси шешімдерді дайындап іске асыруда құқықтық тетіктерді көрсететіндігін білу, ұғыну, түсіну, мойындау, дәлелдеу, ақиқатқа жету жолындағы таным негіздерін ұғынады. Сонымен қатар. құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан түйіскен жерлерін түсініп өзлігінше ой қорытып өз - өзіне деген сенімі артады. Бұл жолда құқықтық саяси танымның атқаратын қызметі жоғары болмақ.

4/ Оқытушы оқушы танымын қалыптастыруда әлеуметтану қызметі саясаттануға оған процесс ретінде емес адамдық өлшем ретінде қарап әлеуметік ортаның саяси саладағы әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелерінде адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не береді және оны жетілдіру үшін адамдар не істейді деген сұрақтарға жауап іздеп өзінің танымдық негіздерін артырып әлеуметтену жүйесіндегі саясатты жасаушы адам екендігін ұғынады. Олардың арасындағы байланыста әсіресе саясаттануды сандық әдіс – тәсілдердің ролі жоғары екендігін оны пайдалануға байланысты талпынысы, жігері күшейеді. Яғни жеке тұлға өзінің құны мен қадірін біледі.

5/ Тарих ғылымының зерттеу жүйесінде оқушының танымдық қызметі дәйекті түрде оқиғаның болған уақытында саяси институтар мен саяси идеялардың дамуы туралы деректерді жинап оның қажеттігін сезініп суреттеуге талпынады және оқушы бойындағы мақтаныш пен сезімдік танымды арттырады. Тарихи саясат сахнасында жастар иілген ағаш сияқты берілген барлық білім мен айтылған қалыптасқан дүниені сол қалпында қабылдап дамып бойына сіңіреді. Сондықтан дұрыс жолды қалыптастырып елге деген сеімді арттыру мақсатында Елбасы Жолдаулары мен адамгершілік бағытта істеліп жатқан дүниелер маңызды роль атқарып еліміздің ғасырлар бойы даму жолындағы арман-мақсаттарын толықтыра отырып дамиды. Бүгінгі жастарға Елбасының көрегендік саясаты арқылы арнайы сабақтың құрылымында ұйымдастырып оқушы танымын кеңейту үлкен мақсатқа жетелейді. Үлкен мақсат оның болашағын айқындап Елбасымыз айтқан бүгінгі қоғамдағы жастардың болашағына деген сенім артады. Өз бойындағы дамуға сенімді жастың болашағы жарқын болмақ және елге, халыққа деген сүйіспеншілігі мен адамгершілігі де қалыптасады.

Саясаттану пәнінде оқушының танымдық көзқарасын артырудың екінші бір тәсілі түрлі саяси әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады.


Саяси әдіс тәсілдер


DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject5 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6


Социологиялық әдіс

Тарихи тәсіл



Нормативті әдіс

Салыстырмалы әдіс




Жүйелеу әдісі

Бихевиористік әдіс




Диалектикалық – материалистік әдіс




2/ Оқушының танымын қалыптастыруда көзқарастарын айқындауда саясаяттанудың әдіс-тәсілдері өте күрделі, атап айтатын болсақ саясаттану жүйесінде саяси құбылыстармен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп білу мақсатында бірнеше әдістерді пайдаланады. Оқушыға әдістің не екендігін зерттеу жүргізу, ұйымдастыру тәсілін үйрете отырып оларға салыстырмалы жүйелеу социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жайында айтып ұғындыру жатады.

Салыстырмалы әдіс оқушы танымы - әртүрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік алады. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны анықтап өз отанының даму құндылықтарын айқандайды. Жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мазмұнын түсініп, табысқа жету жолын қарастыру және басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға деген өз көзқарсымен танымы қалыптасады.

Жүйелеу әдісі оқытушы оқушының - саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметтін айналадағы орта мен басқа құбылыстармен байланысын зерттеуге деген сенімділігі мен танымдылығын артырып өздігінен ел өмірінің жағдайларын жекелік және жалпылық тұрғысынан қарастыра отырып жүзеге асыруға жүйелеуге мүмкіндік туғызады. .

Социологиялық әдісте оқушы танымы - саяси сахнаның қоғам өміріндегі экономикалық, әлеуметтік құрылымы мен мәдениетін басқа жағдайын анықтай отырып қарастырылады.

Тарихи тәсіл – саяси құбылыстарды заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтағы байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әртүрлі саяси оқиғаларды, процесстерді, деректерді, олардың болған мезгілін еске ала отырып танып – білуді талап етеді.

Бихевиористік әдісте оқытушының ролі басым болуы керек бұл әдісте өте білімділік пен ұстамдылық жігерлілік үлкен рол атқарады. Мысалы – жеке адамдармен топтардың іс-әрекетін анықтауға белгілі бір саяси жағдайларда өздерін қалай ұстау керектігін талдай отырып таным қызметінің ролі артпақ. Бұл әдісте оқушылар қарапайым болса да қоғам өміріндегі жақтаушылардың саяси қызметтің барлық түрлерінде адамдардың іс-әрекетін талдау арқылы түсініп білуде танымдық қызмет атқарады. .

Нормативті әдісте оқытушы оқушыларға – нормативтік әдістерде түсіндіріп оның аймағынан шығып кетуге болмайтындығын қоғамдық игілікті қамтамасыз ететін немесе әуел бастан адамға тән табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың негізін түсіндіру болмақ.

Диалектикалық – материалистік әдісте - табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы қүұбылыстар мен процесстерді бір – бірімен тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында оқушы танымы артырылады.

3. Қоғамдық даму үрдісіндегі жастардың танымдық негізін дамыту. Саясаттану пәнінде оқытушы оқушы бойында бірінші танытып ұғындыратыны елге деген құрмет мен оның тарихы, саяси даму жолын терең меңгертуі кезек күттірмейтін мәселе. Яғни оқушы бойында еліміздің саяси өміріндегі құндылықтарды танымдық тұрғыдан терең меңгергенде ғана өз отанын құрметтейтін азамат қалыптаспақ. Оқушының танымдық білімінде болуға тиісті дүниелер қазіргі еліміздің даму қарқыны мемлекет құрылысының барлық салаларындағы жағдайларды білуі. Сондықтан тәуелсіз еліміздің болашағы жастар тәрбиеленіп, ауқымды, жан-жақты білім нәрімен сусындаған жас ұрпақтың тәжірибесіне байланысты оқушылардың жаңа тұрғыда дүниетанымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой өрісін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру оқытушының шығармашылық білімділігіне байланысты. Жаңа заманға сай теориялық білімді игеру, технологиялық процестерді үздіксіз қолдану арқылы білімі мен біліктілігі жаңаша да шынайы қалыптасады. Жастардың қоғамдық ортада танымдық көзқарастары барынша кеңейе түседі. Басты қызмет орындарына ұйымдар, мекемелер мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби жас мөлшеріне қарай құралады және әлеуметтік мақсат – мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құралады және сол ортадағы әрбір жастың танымдық , көзқарастық ниеттерін қалыптастырып отырады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – мемлекет десек ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды сондықтан қомқорлық сезінгендіктен әрбір жастың бойында өз еліне деген танымы мен сүйіспеншілгі дами береді. Жастар бойындағы танымдық түсінікті кеңейту үшін саяси сана мен саяси идеологияның атқартын қызметі ерекше . Таным тұрғысынан саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтамыз. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады яғни танымдық негізі артады.

Қорытынды: Саясаттану пәнінде оқушылардың танымдық негізін арттыру қоғамда жастар саясатын қалыптастыруға негіз болады. Әрбір сабақта тиісті мазмұнға сәйкес әлемдік тәжірибе мен еліміздің қоғамдық өіріндегі тәжірибесін ұштастыра отырып дәлелдеу, түіндіру үлкен мүмкіндіктер мен басымдықтар береді және оқушының өзіндік таным білігі арта түседі.























Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

  2. А.С.Рақымбаева, Н.Рамазанова «Саясаттану» Астана «Фолиант» 2006 жыл.

  3. Д.Жамбылов, М.Қаймолдинова Саясаттану Алматы, «Жеті жарғы» 2003 жыл.

  4. Әлеуметтану оқу құралы Алматы 1992 жыл

  5. А.Нысанбаева «Политология» Алматы 1998 жыл

  6. Адам және саясат Оқу құралы 1998 жыл

  7. Н.Назарбаева Қазақстан 2030 Алматы 1997 жыл

  8. Елбасы Жолдауы «Мәңгілік ел» 2014 жыл

















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!