Саяси картадағы сандық және сапалық көрсеткіштер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саяси картадағы сандық және сапалық көрсеткіштер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға сабақ өтуге өте тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Төлеби ауданы

«Балдәурен-Шымкент» республикалық оқу-сауықтыру орталығы

География пәнінің мұғалімі Майлыбекова Зәуре Шымыркуловна


Күні:

Мұғалімнің есімі: Майлыбекова Зауре


СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Тақырыбы

Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

8.6.1.3 саяси картаның сандық және сапалық өзгерістерін талдайды

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

саяси картаның сандық және сапалық өзгерістерін талдайды

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер мен мағанасын ашады.

Пән лексикасы және терминология:

Карта, саясат, даму

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Тақырыпқа келтірілген «_______» сөзі «________» жатады. Себебі оның мақсаты - _______________ жеткізу.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, алшығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, ғаламторға қосылған компьютер.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

Дұрыс тамақтану туралы академиктің сұхбаты

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

1. Сұрақтарға жауап беріңдер. 

1-топ «Сары кубиктерр»

2-топ «Көк кубиктер»

3-топ «Қызыл кубиктер»



Ортасы 20 минут

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Топтарға тапсырма:


Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Бұл - өте ұзаққа созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны «дәуір айнасы» деп бекер айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. Vғ. дейін) – алғашқы қауымдық құрылыстың соны мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар - Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі 
ортағасырлық кезеңде (V - ХVғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұтас келеді. Феодалдық мемлекттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан - жакты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан - байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т. б. болды.
Жаңа кезең (ХV ғ. cоңынан - ХХ ғ. басына дейін)- капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс - отаршылдық, құлдар саудасы және еріксіз түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты. Әсіресе дүние жүзінің саяси картасын бөлісу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер арасында ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың бас кезіне дейін барынша өршіді. Мұны біз Африка материгі мысалынан айқын көреміз. 1876 жылы осы материктің бар - жоғы 10% - ы еуропалық мемлекеттердің отары болса, ал 1900 жылы бұл көрсеткіш 90% - дан асты. ХХ ғасырдың басында дүние жүзінің саяси картасы түгелдей өзгеріп, ендігі жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келді. Ол ірі державалар арасында әскери - саяси топтар құруға және оны қайта бөлісу үшін болған аймақтық қақтығыстар мен Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты.
Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа - тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда. ХХ ғасырдың басында жер шарында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55 болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары олардығ саны 81 - ге жетті. Бұл елдердің Исландиядан басқасы өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрлығының жас мемлекеттері болды. Олардың қатарында осындағы аса ірі елдер – Үндістан, Индонезия, Пәкстан, Филиппин, т. б. бар. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар аралығы мен одан кейінгі уақыт қазіргі саяси картаның бірінші немесе алғашқы кезеңі деп аталады. Бұл кезең Ресей, Австрия - Венгрия, Осман империяларының ыдырауымен, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) т. б. мемлекеттердің құрылуымен және социалистік жүйе елдерінің саяси картада пайда болумен сипатталады. Сонымен бірге осы кезең аймақтық қақтығыстар мен дүниежүзілік соғыстарды болдырмай, ауыздықтау сипатында құрылған халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасының (ҰЛ) (1920 ж), әсіресе қазіргі кезеңдегі аса беделді Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) (1945ж) құрылуымен ерекшеленеді.

1950 жылдардың соңында егеменді мемлекеттердің саны 92 - ге жетті. Енді Азия елдерімен қатар Африка құрлығындағы елдер де саяси бостандық алды. Ең алдымен, оның солтүстігіндегі араб елдерінің көп бөлігі, оның артынша тропиктік Африкада - Гана (1957ж) ең бірінші болып, ал келесі жылы Гвинея өз тәуелсіздіктерін алды. 1960 жыл «Африка жылы» болып есептелінеді. Өйткені осы жылы аталған материктің 17 елі өз егемендіктеріне ие болды. 1990 жылы планетамызда егеменді ел 171 - ге жетті. Алайда осы жылдың мамыр айында, ұлттық - этникалық құрамы негізінде екі Йемен - Солтүстік және Оңтүстік Йемен Араб мемлекеттері қосылып, Арабия түбегінде жаңа мемлекет - Йемен Республикасы пайда болды. Ал қазан айында екі Герман - Батыс және Шығыс Германия мемлекеттері бірікті. Келесі жылы Берлин қаласы Германия Федерациялық Республикасының астанасы болып жарияланды. Осы себепті 1991 жылдың қаңтары картасында дүние жүзінің саяси картасында егеменді мемлекеттердің саны 169 - ға дейін қысқарды. 1991жылдың қыркүйек айында Балтық маңы елдері - Латвия, Литва және Эстония тәуелсіздіктерін алды. 1991 жылдың соңында КСРО ыдырағаннан кейін, оның орнына егеменді, жас тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар: Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Армения және Грузия республикалары. Осы аталған мемлекеттер енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды. Югославия Социалистік Федеративтік Республикасында басталған саяси науқан қарулы қақтығыстар мен соғысқа айналып, ақырында оның ыдырауына әкеліп соқтырды. Югославияның құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың орнына келесі тәуелсіз мемлекеттер пайда болды: Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Македония. Тек Сербия мен Черногория республикалары ғана алғашқы - Югославия Одағына бірікті. 1993 жылдың қаңтарында Чехословакия Федерациялық Республикасы өзінің бірігіп өмір сүруін тоқтатып, оның орнында тәуелсіз екі мемлекет: Чехия және Словакия республикалары құрылды. Қазіргі кезде дүние жүзінің саяси картасында 200 - ден астам егеменді мемлекеттер бар. Бүгінгі таңда Біріккен Ұлтар Ұйымына 194 мемлекет мүше (1 кесте) Жоғарыдағы жаңадан құрылған мемлекеттер БҰҰ - ның құрамына, оның Бас Ассамблеясы сессиясының шешімі бойынша қабылданды.

Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары. Егеменді мемлекеттермен қатар қазіргі кезде дүние жүзінде 30 - дан астам отар немесе тәуелді елдер мен жер аумақтары бар деп есептелінеді Көптеген елдер Палестина мемлекетінің өміршеңдігін мақұлдайды. Ал кейбірі оны қолдамайды, себебі ол автономиялық құрылымнан (1994ж) әлі егеменді елге толық айнала қойған жоқ


*Терминге анықтама беріңіз. Метрополия дегеніміз .................................................................................................

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Дүниежүзінің саяси картасының объектілері

Тәуелсіз мемлекеттер

Тәуелді аумақтар

Мемлекеттік басқару формасы

1.Отарлар

2.Протектораттар

3.Мандаттық аумақтар

4.Шалғайдағы департаменттер мен аймақтар

5.Ассоциациялық мемлекеттер

Монархиялы

Республикалар


1.Абсолютті

2.Теократты

3.Конституциялы

1.Президенттік

2.Парламенттік


Мемлекеттік құрылым түрлері

Федерациялы мемлекет

Унитарлы мемлекет



*Терминге анықтама беріңіз.

Унитарлы .................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

Федерация................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

Монархия..................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

Конституциялық М.................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

Абсолюттік М..........................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

Теократты М............................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

Конфедерация .........................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

...................................................................................................................................................................................

Әлем монархиялары

Еуропа

Азия

1.Андорра Княздігі

2.Бельгия Корольдігі

3.Ватикан қала-мемлекеті

4.Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі

5.Дания Корольдігі

6.Испания Корольдігі

7.Лихтенштейн Княздігі

8.Люксембург Ұлы Герцогтігі

9.Монако Княздігі

10.Нидерланд Корольдігі

11.Норвегия Корольдігі

12.Швеция Корольдігі

1.Бахрейн Корольдігі

2.Бруней Даруссалам

3.Бутан Корольдігі

4.Иордан Хашемит Корольдігі

5.Камбоджа Корольдігі

6.Катар мемлекеті

7.Кувейт мемлекеті

8.Малай Федерациясы

9.Біріккен Араб Әмірліктері

10.Оман Сұлтандығы

11.Сауд Арабиясы Корольдігі

12.Тайланд Корольдігі

13.Жапония

Африка

Мұхит аралдары

1.Лесото Корольдігі

2.Марокко Корольдігі

3.Свазиленд Корольдігі

1.Тонга Корольдігі

*Тапсырма 1: кестедегі монархиялардың түрлерін жазыңыз.

Дүниежүзінің федерациялы мемлекеттері

Аймақтар

Мемлекеттер

Еуропа

Австрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративті Республикасы, Ресей Федерациясы, Швейцария Конфедерациясы

Азия

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Малайзия, Мьянма Одағы, Пәкістан Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы

Америка

Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Аргентина Республикасы, Бразилия Федерациялы Республикасы, Венесуэла Республикасы, Канада, Мексика Құрама Штаттары.

Африка

Комор аралдары, Федерациялы Ислам Республикасы, Оңтүстік Африка Республикасы, Нигерия Федерациялы Республикасы, Эфиопия

Аустралия және Мұхит аралдары

Микронезия Федерациялы Штаттары, Аустралия Одағы.

*Тапсырма 2: Кестелерде аталған мемлекеттерді дүниежүзінің саяси картасынан көрсетіңіз.

Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер.

Сандық өзгерістер көбіне территорияға байланысты немесе әкімшілік-аумақтық, жер аумағымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Сандық өзгерістерге жатады:

  • Жаңа ашылған жерлерді қосып алу;

  • Соғыстар нәтижесінде жер аумағына ие болу немесе айырылу;

  • Мемлекеттердің бірігуі немесе ыдырауы;

  • Мемлекеттер арасында өзара келісім арқылы құрлық учаскелерін алмасу;

  • Теңізден территорияны жаулап алу (территорияны су басу).

Сапалық өзгерістер көбіне әлеуметтік-экономикалық құрылысы, басқару формасының өзгеруі, егемендік алу немесе жоғалту сияқты сипатта болады. Сапалық өзгерістерге жатады:

  • Қоғамдық-экономикалық формацияның тарихи өзгерісі;

  • Елдің саяси егемендік алуы;

  • Мемлекеттік құрылыстың жаңа формасын енгізу;

  • Мемлекет аралық саяси одақтар мен ұйымдардың пайда болуы;

  • Жер шарында мемлекет аралық қақтығыс ошақтарына айналған «ыстық ошақтардың» пайда болуы немесе жоғалуы;

  • Елдердің атауы мен астаналарының өзгеруі.

*Тапсырма 3: Жоғарыдағы аталған сандық және сапалық өзгерістерге мысалдар келтіріңіз.

* Тапсырма 4: Қазақстан, Қытай, Ресей мемлекетері мысалында әр елдің саяси-географиялық жағдайына баға беріңіз. Жоспар:

Мемлекет

ел аумағының морфологиялық ерекшеліктері

Мемлекеттік шекараға саяси және экономикалық тұрғыдан баға беру

Көлікке қатынасы және сауда

«Ыстық нүктелерге» қатысты орны

Мемлекеттің жалпы саяси жағдайына баға беру

Қазақстан







Ресей







Қытай


















«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Топта президент қалады. Келген өзге топ мүшелеріне берілген білім мазмұнын түсіндіреді.

«Интервью» әдісі


Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


«Қыдырып қайтайық!» биі


Аяқталуы 20 минут





«Білім қоржыны» кері байланыс

Үйге тапсырма: Бүгінгі күннің қалай өткені жайлы күнделікке өз ой-пікірлерін жазып келу.


(МК) Кері байланыс «Бір +, бір - »

Сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айту.

Shape1

Өз-өзін бағалау

Бұлтқа өзіңе баға қой немесе сөзбен

Үш топқа арналған ватман, маркерлер, оқулық.

(Әр топ тапсырмаларын орындап болған соң түсіндіреді, басқа топ мүшелері өз ұсыныстарын стикерге жазып жұмыстың астыңғы жағына жабыстырады.)

Рефлексиялық эссе жазылған парақшалар таратамын. Оқушылар өз топ мүшелерімен бірлесіп жазады.

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
2025
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі