Материалдар / Саяси режим типтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Саяси режим типтері

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Саяси режимдердің типтері 2. Тоталитаризм 3. Авторитаризм 4. Демократия 5. Қазіргі кезеңдегі демократия проблемалары саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелерінің бірі 6. Бейнебаян: «Саяси режимдер»
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Дүниежүзі тарихы пәнінен «Саяси режидердің типтері» атты ашық сабақ


Жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (25 мин)

Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін

  1. Мемлекет түрлері

  2. Мемлекетті басқару формалары мен қызметі

1-тапсырма: «Сұрақ-жауап» ойыны

2-тапсырма: «Адасқан әріптер» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру


ІІІ. Жаңа сабақ (30 мин)

  1. Саяси режимдердің типтері

  2. Тоталитаризм

  3. Авторитаризм

  4. Демократия

  5. Қазіргі кезеңдегі демократия проблемалары саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелерінің бірі

  6. Бейнебаян: «Саяси режимдер»


ІV. Бекіту (20 мин)

1-тапсырма: «Жасырынған сөздер» ойыны

2-тапсырма: «Аристрократия» сөзіне ребус шешу

3-тапсырма: «Сөзжұмбақ» арқылы бүгінгі өтілген тақырыпты бекіту


4-тапсырма: «Жетістік баспалдағы» ойыны


V. Бағалау (5 мин)


VІ. Үйге тапсырма беру (3 мин)



VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (2 мин)





Пәні: Дүниежүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Саяси режидердің типтері


Сабақтың мақсаты: Тоталитаризм, авторитаризм және демократия белгілерін салыстыру, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тоталитарлықтан демократиялық саяси режимге көшу ерекшеліктерін талдау.

Білімділік:   Білім алушыларға мемлекеттің басқаруын, құрылым, саяси жүйесін түсіндіріп, оның мемлекеттегі орны туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық: Білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, ізденістерін дамыту, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Өз ойын толық, әрі еркін жеткізуге, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Слайд, электронды оқулық.

Сабақ түрі: теориялық.

Пән аралық байланыс: Құқық негіздері,Саясаттану

Сабақтың әдіс- тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, техникалық ақауларды тексеру, журналды толтыру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

  1. Мемлекет түрлері

  2. Мемлекетті басқару формалары мен қызметі

1-тапсырма: «Сұрақ-жауап» ойыны ұяшық сандарын таңдау арқылы, сұрақтарға жауап беру

1. Монархия дегеніміз не? (Атадан балаға мұра болып қалатын билік түрі)

2. Мемлекетті басқарудың неше формасы бар?(Республикалық және монархиялық)

3. Республикалық биліктің түрлері (Президенттік, Парламенттік)

4. Абсолюттік монархияның, коституциялық монархиядан айырмашылығы неде? (Монархтың билігі конституция мен шектеледі)

5. Әлемде монархиялық билік ұстанатын елдің саны? (30)

6. Дүниежүзі бойынша абсолюттік монархия ұстанатын 5 ел: (Катар,Оман,БАӘ,Сауд Арабия,Бруней)

7. Федеративтік мемлекет: (бірнеше территориялық бір мемлекетке бірігуі)

8. Мемлекеттің аумақтық құрылым түрлері:(федеративті,унитарлы,конфедерация)


2-тапсырма: «Адасқан әріптер» ойыны арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын табады



III . Жаңа сабақ (15 мин)

Жоспар:

  1. Саяси режимдердің типтері

  2. Тоталитаризм

  3. Авторитаризм

  4. Демократизм

  5. Қазіргі кезеңдегі демократия проблемалары саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелерінің бірі. 

1.Саяси режимдердің типтері. әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік – саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. тегіс бақыланады. Азаматтардың, конституциялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын - сүргін күшейеді, террорлық – полициялық бақылау орнайды.

Ондай саяси режимде тиран, деспот, фюрер, көсем немесе халық бұқарасы сайлаған, құқықтарды аяққа басатын топ басқарады. Ол кезде билікті бөлісу болмайды.

Осы күнгі авторитаризм жататын режимдер: әскери – полициялық, фашистік. Демократия азшылықтың көпшілікке бағынуын, мемлекеттің негізгі органдарын сайлау мен қоюды, азаматтардың құқығы мен саяси бостандығына және оны жүзеге асырудың жолдарына жағдай туғызады. Демократия таптық негізде болады.

« Демократия » - грек сөзі, ол « халық билігі » дегенді білдіреді. Осының

өзі – ақ демократияның биліксіз болмайтынын көрсетеді. Оның көрінісі:

құлиеленушілік қоғамда құл иелерінің арасындағы демократия, феодалдық қоғамда жер немесе мал иелерінің арасындағы демократия, капиталистік қоғамда қалталылардың арасындағы демократия, социалистік қоғамда қоғамдағы барлық адамдардың арасындағы демократия. Бірақ кейде олар араласып та жатады. Жұмысшы табының, қанаушылардың, тап күресінің күшеюіне байланысты буржуазия қаналған таптар өкілдерін үкіметтік органдарға қатысуға мүмкіндік беріп, буржуазиялық демократияны кеңейтеді. Ал социалистік қоғамда демократиялық өкілеттілік органдарға еніп кеткен антидемократиялық элменттер социалистік демократияның өрісін тарылтады.
2 . Тоталитаризм. ХХ ғасырдың аяғына қарай тарихи дамудың барасында Шығыс Европаның бірсыпыра елдері және бұрынғы кеңес одағының қарамағында болған республикалар тоталитарлық жүйеден демократиялық жолға түсуге талпыныс жасай бастады. Бірақ әлеуметтік жүйенің ауысуы кезінде болатын заңды қиыншылықтар бұл елдердегі кейбір саяси күштердің, топтардың тоталитаризмді қайта қалпына келтіруді аңсау әрекетін де туғызбай отырған жоқ. Сондықтан тоталитаризмнің теориясы мен практикасына терең талдау жасау біздің елдің де саясаттанушылары үшін актуалдығын жойған жоқ .

Тоталитаризм саяси термин ретінде тұңғыш рет Италияда 1923 – 1925 жылдардан бастап қолданылды. «Тотальдық» немесе «тотальды» деген терминдер дүниежұзілік екі соғыстың арасында өмір сүрген радикалды диктаторлық үш жүйеге – итальян фашизміне, герман ұлтшыл – социализміне және кеңес одағындағы сталинизмге қолданылып келеді. Тоталитаризмге берілген анықтаманың көпшілігінде саяси, әлеуметтік және рухани өмірдің барлық тармағын түгелдей орталықтандырылған кәзіргі замаңғы диктатор бейнеленеді. Бұл диктатор өз субьектілерінің бәрін бақылап, қадағалап отыру жөнінен абсолютті немесе автакратты басқарудың бұрын болғандарынның бәрінен де едәуір асып түсті.
3. Авторитаризм. Дүние Кеңес одағы басқарған социалистік және АҚШ бастаған ипералистік лагерлерге бөлініп, қырғи қабақ соғыс даулап тұрған шақта осы екі лагерге де қосылмаған, оларды демократиялық жүйе деп те немесе тоталитарлық жүйе деп те айтуға болмайтын мемлекеттер болды. Бұларда жаңа туып келе жатқан демократияның да, сол сияқты бұрыннан дәстүрге айналған олигархияның да тенденциялары болды.

Осы аралық жүйелер болашақ демократияға немесе дәстүрлі ескі жүйесі олигархияға бағыт ұстады. 30 – шы жылдары саяси ғылымның бірсыпыра ғалымдары «автаритарлық мемлекет », «тоталитарлық мемлекет» және «либералдық - демократиялық мемлекет » деген түсініктердің жігін ашып берді. Олар автаритарлық жүйені онша жамандаған жоқ, өйткені ол ұлтшылдық немесе сталиндік жүйеде ұқсамайтын еді. Ал олардың басшылары уақытша автаритарлық жүйенің көмегімен ұлтты демократияға әзірлейміз деген талпыныстан тайған жоқ еді. Мұның өзі үшінші дүние ( екілерге де қосылмайтын ) идеясын тұжырымдамауға алып келді.

Х.Линц 1945 жылы Франко жүйесіне талдау жасау арқылы демократиялық басқарудан да, тоталитарлық жүйеден де басқаша автаритарлық режим тұжырымдамасын ұсынды. Автаритарлық жүйені анықтауда ол негізгі екі өлшемді негізге алады:

1. Мұндай жүйедегі шектеулі саяси плюрализмнің дәрежесі немесе типі;

2. Халықтың мұндай жүйеден саяси жалығуының шаршауының дәрежесі немесе халықтың шектеулі және бақылаудағы жұмылдыруының дәрежесі.
4. Демократизм. Саясаттанушылар демократия деген жағымды сөзді нақты тарихи дәуірге, демократияның концепциясын тұжырымдаушы философтардың, қоғам қайраткерлерінің көз – қарасына қарай мейлінше әртүрлі түсіндіреді. Демократия қоғамдық құбылыс ретінде де, концепция, тұжырым ретінде де үнемі даму үстінде.

Батыс елдерінің саяси ғылымында демократияны оның мәнінен гөрі өтіп жатқан процес ретінде баяндап көрсетуге көбірек көңіл бөлінеді.

Демократияға берілген бұл анықтамалар негізгі үш демократиялық тұлғаны атап көрсетеді. Біріншіден, саяси процестерді және оларға байланысты институттарды – партияны, тәуелсіз баспасөзді және т.б. легитимдендіретін заңдарды көрсетеді.

Екінші шарт – легитимді және әділетті саяси әрекеттердің нәтижесінде сайлауда көпшілік дауыс алған топ, партия немесе коалиция үкіметті бақылауға құқық алады.

Үшінші шарт – Конституция биліктің бір саяси партияның, топтың қолынан екінші топтың қолына бейбіт жолмен көшуіне кепілдік береді

Қазіргі замаңда саяси жүйеге беріліп жүрген көптеген теориялық және практикалық сипаттамаларды қорыта келгенде демократиялық жүйеде, оның төмендегі негізгі элементтері міндетті түрде болуы қажет.
5. Қазіргі кезеңдегі демократия проблемалары саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелерінің бірі. Дамыған елдерде демократия калыптасып алса. тоталитаризмнің орнына келген Қазақстан сиякты елдер демократия жолына енді тұсе бастады. Бірақ бұл өту жолы бүл елдерде азаматтық қоғамның елсіздігінен және азаматтардың құкығы мен бостандығын қорғау тетік серпінінің жоқтығынан ауыр да ұзакка созылуда. Дегенмен кейін шегінетін жол жоқ. Сондыктан казіргі заманғы мемлекеттердің демократияға өту төжірбиесінің маңызы жас мемлскеттер үшін аса зор.

Қоғамдық дамудың казіргі заманғы тәжірбиесі көп елдер үшін демократияға өтудін үшінші жолын қолайлы екенін көрсетіп отыр.

Кәзіргі көп ұлтты мемлекеттерде демократияға өту жолының қиыншылыктарымен бірге ерекшеліктері де бар. Осы проблеманы зерттгеген көптеген саясаттанушылар көп ұлтты мемлекеттердің демократиялық жолға түсуінің ерекшеліктерін зертіеуде.

Осы тұрғыдан алғанда біздің Казақстан Республикасында ел Президенті Н.Назарбаевтың қоғам өмірін, ел баскару жүйесін оңтайландырып, демократияландыру, барлық ұлттар мен әлеуметтік топтардың ауыз бірлігі мен топтасқандығын, олардың құқығы мен бостандығын бірдей камтамасыз ету арқылы іске асырып жаткан саясаты әбден зерттеуге түрарлық. Бүл саясат еліміздің Ата Заңында өзіндік кұқықтық негізін тапкан.



ІV. Бекіту (5мин)

1-тапсырма: «Жасырынған сөздер» көп нүктенің орнына мәтіннен жасырынған сөз тіркестерін тауып жазының:

  1. « ..............құлы болған жағдайда ғана адам еркін бола алады» Халықтың

2. Ең алғаш ................ адамгершілікті саясаттан бөліп қарастырған

Н. Макиавелли

3.Демократия гректің ........... және ........... сөздерінен шыққан:

Демос (халық) кратос (билік)

4. ............ қоғамның барлық салаларын толығымен қамтамасыз етіп, билік жүргізеді.

Тоталитаризм

5. .......... «Тоталитаризм» терминін саясатқа енгізген.

Б. Муссолини

6. Саяси режим бұл ...........

Басқарушылықтың түрі

7. .................... Италияда тоталитаризм бағытын фашистік режимде басқарған

Муссолини

8....................... жеке бір партия ылғи билікті бір уысында ұстайды

Авторитаризмде

9. ................ билік тіке, не жанама түрде халықтың еркін, ашық, тұрақты сайлау арқылы қалыптасады

Демократияда


2- тапсырма: «Аристрократия» сөзіне ребус шешу

3- тапсырма: «Сөзжұмбақ» арқылы бүгінгі өтілген тақырыпты бекіту

4-тапсырма: Оқушылар сабақтан алған әсерлеріні «Жетістік баспалдағына» стикер жабыстыру арқылы бөліседі, пікірлерін айтады.





V. Бағалау (2 мин)


VІ. Үйге тапсырма беру (2 мин)

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (2 мин)

Негізгі әдебиеттер:

  1. Р.Қайырбекова, А.Ибраева, Г.Аязбаева «Дүниежүзі тарихы» 10 сынып 1-бөлім Алматы: Мектеп, 2020 ж.

  2. Р.Қайырбекова, А.Ибраева, Г.Аязбаева «Дүниежүзі тарихы» 10 сынып 2-бөлім Алматы: Мектеп, 2020 ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!