"Сауат ашу Ф дыбысы мен әрпі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сауат ашу Ф дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сыныбына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 13.04.16

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сауат ашу.

Тақырыбы: «Ф» дыбысы мен әрпі .

Мақсаты: 1) Білімділік мәні» «Ф» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру. «Ф» дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру, басқа дыбыстардың айтылуымен салыстыру, дыбыстық талдау жасату.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуіне үйрету «Ф» дыбысымен таныстыру.

3) Тәрбиелік: Дидактикалық материал арқылы балалардың есте сақтау,

ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, және сөйлеуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: Түсіндіру, сұрақ жауап , ойын ойнау, мадақтау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу ояту.

Балалар, шаттық шеңберінің бойында тұрып сәлемдесіп алайық.

Күннің нұрын сүйеміз ,

Ән саламыз күнде біз ,

Балдай тәтті достармыз ,

Әрқашан біз біргеміз.

Қайырлы таң қонақтар.

Қайырлы таң достарым.

Осылай балалардың жақсы көңіл-күй туғызу жолдарын ұсынады.

Әуен ырғағымен балалар қолдарын бүйіріне қойып,түзу тұрады.

Ұйымдастыру іздену.

Балалар, бүгін бізге қонақтар келді.

Сондықтан біздің сабағымыз бүгін ерекше болмақ . Сиқырлы әріптер еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығып бәріміз сиқырлы әліппені іздейміз. Әліппенің сиқырлы әріпімен танысамыз.

Балалар, саяхатқа аттанайық.

Сұрақ-жауап:

-Балалар, қазақ тілінде неше әріп бар?

-Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар, дыбысты біз естиміз, айтамыз, ал сол дыбысты қағаз бетіне түсіру үшін біз нені қолданамыз ?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Әр дыбыстың өз таңбасы болады. Оны әріп дейміз. Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз. Дыбыстар нешеге бөлінеді ?

-Қандай , қандай болып бөлінеді?

-Ия, балалар, дыбыстар

дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.

Ал, дауысты дыбысты қандай текшеменен белгілейміз?

-Ия, дұрыс айтасыңдар.

Дауыссыз дыбыстарды қандай текшеменен белгілейміз?



-Ия балалар, дауысты дыбысты қызыл текшемен, ал дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз.

Үй тапсырмасын сұрау:

- Балалар, өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?



-« В» және «Х» дыбыстары қандай дыбыстар?

-Балалар, өткен сабақта алған білімдерімізді тексеру мақсатында «Көкпар» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты мынадай. «Х» және» В» дыбысына қатысты сөздерді айтып жарысамыз. Балалар, біздің ата-бабаларымыз көкпар ойынын жайлауда ат үстінде ойнаған. Ал біздер ол ойынды сыныпта ойнаймыз. Бір-бірден сөздеріңді жалғастырып айтасыңдар.





-Жарайсыңдар, балалар! Ойынымыз өте тартысты өтті.

Жаңа сабақ.

-Ал, балалар, біз сиқырлы әріптер еліне жақындап қалдық. Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын, жұмбақтың шешуін тапқанша сиқырлы әріптер еліне де келіп жетеміз. Жұмбақ шешкілерің келе ме?

Алыстағы апаңмен,
Әскердегі ағаңмен
Сөйлестіріп тұратын
Бұл не?
(Телефон)
Қыста дем алып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды. (фонтан)

-Жарайсыңдар, балалар! Біз сиқырлы әріптер еліне де келіп жеттік. Міне, балалар, біздің іздеген әліппеміз де табылды. Бәріміз бірге әліппені ашып қарайық. Сендер шешкен жұмбақтың шешуіне байланысты кездесетін сиқырлы әріппен танысамыз.

-Осы сиқырлы әліппеде қандай әріпті көрдіндер?

-Ендеше, біз бүгінгі сабағымызда «Ф»дыбысымен және әрпімен танысамыз.

«Ф» бұл-дауыссыз дыбыс. Себебі созылып айтылмайды. Орыс тілінен енген дыбыс.

«Ф»дыбысының дұрыс айтылу артикулияциясы мынадай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында жатып, үстіңгі тіс пен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса «Ф» дыбысы жасалады.

-Ал, балалар, бәріміз бірге «Ф» дыбысын хормен айтайық.

-Қандай дыбыс?

-Қандай текшемен белгілейміз ?

-Ал, балалар, енді ойын ойнайық ,

мен үстел үстіне бірнеше заттар қоямын. Сол заттардың арасынан ф дыбысы бар затты тауып алып көрсетесіндер және сол затқа сөйлем құрайсыңдар.

Сөздікпен жұмыс :

«Ф» дыбысы бар сөздерді айтып түсіндіріп жаттату.

-Ферма-шаруашылық орталығы.

-Фирма –мекеме, жұмыс орны.

-Фонтан-субұрқақ.

-Балалар, «Ф» дыбысы сөздердің қай жерінде кездеседі?

-Демек, сөздердің барлық буындарында кездеседі. «Ф» орыс тілінен енген әріп. Сондықтан қазақша сөздерде қолданылмайды.

«Түсіп қалған әріптер».

-Балалар, сиқырлы елдің сиқыршысы біздің сөзіміздің арасындағы әріптерді ұрлап алыпты. Сөздің арасында түсіп қалған әріпті тауып алып, сол сөзді толығымен оқимыз.

Сергіту сәті:

Балалар, шаршап қалған боларсыңдар. Қане, бір сергіп алайық .

Бейнежазбадан көрсету.

Оқулықпен жұмыс:

Балалар, кітаптың 15 –інші бетін тауып алып ашайық.

Сөздерді іштей оқыту .

Кейін сөздерді тақтаға іліп қойып хорменен оқыту.

Дәптермен жұмыс :

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық ,

Қолға қалам алайық,

Көркем етіп жазайық.

-Балалар, тақтаға назар аударамыз. Мынау «Ф» әрпінің баспа түрі. Оны оқулықтардан , газет журналдардан көреміз. «Ф» әріпі үш элементтен тұрады.

Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.

«Ф» әрпінің үлкен және кіші әрпін жаздыру.

Ал балалар, қолдарың шаршап қалған шығар, бір сергіп алайық.

Ойын ойнайық. Фдыбысы бар сөздерді айтқанда қол соғасыңдар , Ш дыбысы бар сөздерді айтқанда аяқтарынды тарсылдатасындар.

Шығармашылық тапсырма:

Сиқырлы елдің хат тасушысы бізге арнайы хат әкеліп берді. Хатта қызықты тапсырма бар екен. Егер біз тапсырманы дұрыс орындасақ, өз елімізге аман-есен ораламыз.Тапсырманы орындауға дайынсындар ма, балалар?

Олай болса, тапсырманы орындауға кірісейік.

Құрамақ құрастыру . «Ф» әрпі бар қағаздан жасалған құрамақ құрастыру керек.


















42 әріп бар







Әріпті







Екіге бөлінеді



Дауысты және дауыссыз.







Қызыл текшеменен белгілейміз.



Көк текшеменен белгілейміз.













«В» және «Х» дыбысымен таныстық.





Дауыссыз дыбыстар



















Витамин, хат, вагон, халат, автобус, шахмат, аквариум, дәріхана, велосипед, асхана.















Иә









Телефон



Фонтан







Бейнематериал тамашалайды.









«Ф» әрпін































Үш рет қайталайды

Дауыссыз дыбыс

Көк текшемен белгілейміз.



Телефон

Микрофон

Фотоаппарат









Ферма

Фирма

Фонтан

Басында , ортасында, соңында











Фонтан

Кофе

Жираф



Балалар қайталап көрсетеді.

Ф-о ,ф-и, фото, ко-фе





«Ф» әріпін дәптерге жазаИә


- Сабақты қорыту :

-Қане, балалар, құраған құрамағымыз арқылы қандай әріп шықты?

-«Ф» дыбысы қандай дыбыс?

-«Ф»дыбысы кездесетін сөздер тақтадағы бақбақ гүлінде орналасқан. Қане, бәріміз бірге сөздерді оқимыз.

Жарайсыңдар, балалар, біз тапсырманы бұлжытпай орындағанымыз үшін өз елімізге аман-есен оралдық. Балалар, бүгінгі сабақта кім көп жұлдызша жинады? Ең көп жұлдызша жинаған оқушылар, ол- ...... Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, көп білетіндіктеріңді дәлелдедіңдер. Бүгінгі сабақ ұнаса алдарыңда жатқан жүрекшелерді тақтадағы күліп тұрған смайликке, егер ұнамаса көңілсіз смайликке жапсырасыңдар.

-Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Маған да ұнады, келген қонақтарға да ұнады деген ойдамын. Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңдар!



«Ф» әрпі

«Ф» дыбысы дауыссыз дыбыс.

-Фото, фонтан, фирма, форма, ферма.





















Қош сау болыңыз.


Күтілетін нәтиже:

Білу: Сөйлемдерді құрастыра білу.

Игеру: Балалардың ойын дамыту,сөздік қорын молайту.

Меңгеру: дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
2082
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі