Сауат ашу "Хх дыбысы мен әрпі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сауат ашу "Хх дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа арналған қысқа мерзім жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:02.03.2018ж

Сынып: 1 «В»

Мектеп: №9

Мұғалім: Алламуратова Жангагул Омирбековна


Сабақтың тақырыбы

«Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Жаңа білімді меңгереді, дыбыстың әріптік таңбасын салады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тақырыпты түсініп, тыңдап, сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Сөздерді, сөйлемді толық оқиды. Алған білімді өмірде қолдана алады.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Хат-письмо


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достар менен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу


Топқа бөлу. Жыл мезгілдері

І топ Қыс

ІІ топ Көктем

ІІІ топ Жаз

ІV топ Күз


«Кубизм» әдісімен өткен сабақты пысықтау

1. Дыбыс деген не?

2. Әріп деген не?

3. Дыбыс нешеге бөлінеді?

4. Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

5. «Б» қандай дыбыс?

6. «Б» дыбысына сөздер ойлау?


Дескриптор:

1.Дыбысты, әріпті біледі.

2.Сөздерді оқиды, жазады.

3.Дыбыстық талдау жасай алады.

Ширату




Сабақтың ортасы

16 минут



Қызығушылықты ояту

Сөздің сыры көп жұмбақ

Шешуін кім табады?

Кім шешсе тез ойлап,

Сол жеңімпаз болады?

Аяғы жоқ, -жүреді

Аузы жоқ,- сөйлейді . (хат)

Сәлем алып алыстан

Туысыңнан, таныстан

Келетұғын хат хабар,

Қай әріптен басталар? (Х)

Қайшы ашасын ашса,

«Х» әрпіне ұқсайды.

Х – дауыссыз , қатаң дыбыс

Х- сөздің басында, ортасында, соңында келеді.

Х- тіл арты, ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Араб, парсы, орыс тілдерінде көп қолданады.


Оқулықпен жұмыс, сөздерді оқу

Бүгінгі сабақта «Х» еліне саяхатқа шығамыз. Суретте «Х» әрпіне ұқсас фигураларды табу.

Кемпірқосақ -))), желдиірмен- Х

хат халат хайуан

хабар шахмат хайуанат


Сөздік жұмыс жүргізу

Хат- хабар жіберу үшін жазылып қойылған жазбаша мәтін

Хор-музыканы қосылып орындайтын әншілер тобы

Хан-ел билеуші

Саяхат- алыс жерге, ел аралауға шыққан сапар

Хабар- жаңалық.

Шахмат- ойын.

Дескриптор: Білім алушы

  • Берілген сөздерді қатесіз дұрыс оқи алады

  • Өмірмен байланыс орната отырып , мысал келтіре алады

  • Буындап оқи алады

  • Сөздерді толықтырып оқи алады

  • Х әрпінен кездесетін сөздерді қатесіз көркем айта алады.


Топтық жұмыс.

І топ. Сөздерді оқу

ІІ топ. Сөздерді буынға бөлу

ІІІ топ. Хабар сөзіне дыбыстық талдау жасау

ІV топ . Тақтаға х әрпіне сөздер жазу


Дескриптор: Білім алушы

І топ. Сөздерді оқи алады

ІІ топ. Сөздерді буынға бөле алады

ІІІ топ. Дыбыстық талдау жасай алады

ІV топ . Тақтаға х әрпіне сөздер жаза алады


ш ебер кітап ем



а с хана дәрі



ауру шай ұста


Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша әңгімелеу

І топ. Кітапхана

ІІ топ. Асхана

ІІІ топ. Шеберхан

ІV топ Емхана


Дескриптор: Білім алушы

І Сурет бойынша әңгіме құрай алады

ІІ Суретті ажырата алады.

ІІІ Көркем сөздерді қолдана алады













Таныстырылым, оқулықпен жұмыс










































Сергіту сәті

1 минут

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Сергіту сәтіне арналған жинақ


Аяқталуы


8минут








Қызықты тапсырма

8 минут


Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық.

Хх әрпінің баспа және жазба түрлерін жазып көрсету. Ауада жазып, қолдарын жаттықтыру.

Ребус

кітап х ана

Дескриптор:

Ребусты түсініп, шеше алады.

Кейбірі өз бетінше ребус құра алады.

Гүлдер арқылы бағалаймын.


Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия«Бағдаршам»

Қызыл түс – түсінген жоқпын;

Сары түс – сұрақтар бар;Жасыл түс – барлығы түсінікті


«Бағдаршам» суреттері


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді жоспарлаймын.

Оқушылардың білімдерін саралау мақсатында сурет бойынша әңгіме құрауды тапсырамын. Олар қабилеттеріне қарай көркем сөздерді пайдаланады.

Барлығы х әрпі сөздерді айтады, жазады.

Ал көмек ететін оқушыларға «Х» әрпінен сөздерді айтқызу.

Топтық , жүптық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекеті бақыланады. , «Бас бармақ», «Бағдаршам», смайликтер бойынша оқу жетістіктері айқындалады.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)


Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Белсенді оқу әдісіндегі топтық жұмыс жақсы өтті.

2: «Бас бармақ», «Бағдаршам» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалау.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Топта ынтымақтастықпен жұмыс жасау.

2: Рефлексия. Кері байланыс.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Сабақ барысында ашық сұрақтарды көбірек пайдалану керектігін білдім.

2: Оқушылар деңгейіне байланысты тапсырмаларды дұрыс ұйымдастыруды.

Ықшам сабақ ықпалы

Оқушының қажеттіліктеріне орай тиімді әдіс- тәсіл түрлерін таңдап алу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2018
525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі