Материалдар / Сауат ашу негіздері "Дыбыстық талдау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сауат ашу негіздері "Дыбыстық талдау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашу негіздері Тақырыбы: Дыбыстық талдау. Мақсаты: дыбыстық талдауды меңгертуді жалғастыру. Міндеттері: 1. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуларын жетілдіру. 2. Берілген дыбысқа сөз құрап, сөздегі сол дыбыстың орнын анықтай алу дағдыларын бекіту. 3. Артикуляциялық жаттығу жасату арқылы əдемі сөйлеуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2022
10056
120 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

41 ҰІӘ.Күні:14.12.2022

«Қатынас»

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Дыбыстық талдау.

Мақсаты: дыбыстық талдауды меңгертуді жалғастыру.

Міндеттері: 1. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуларын жетілдіру.

2. Берілген дыбысқа сөз құрап, сөздегі сол дыбыстың орнын анықтай алу дағдыларын бекіту.

3. Артикуляциялық жаттығу жасату арқылы əдемі сөйлеуге баулу.

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды, берілген дыбысқа сөз құрайды.

Түсінеді: сөздер əртүрлі дыбыстардан тұратынын.

Қолданады: дыбыстарды ажыратады, сөздегі дыбыстың орнын анықтайды.

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 1 жұмыс дəптері, көркем суреттер,түтікше,карточка,айна т.б.

ҰІӘ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

«Қызықты кубик-рубик» балалар шеңберге тұрып кубик рубикты лақтырады,кубиктағы қимыл-қозғалысты жасайды.

2. Негізгі бөлім

Өткен тақырыптарды қайталау.

«Сұрақ-жауап» əдісі арқылы қайталау.

1) Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2) Дауысты дыбыстар

3) Дауыссыз дыбыстар

4) Қандай түспен белгіленеді?

5) Дауысты дыбыс қызыл түспен,дауыссыз дыбыс көк түспен

6) Өкпеден шыққан ауаға ауыз қуысында қандай мүшелер кедергі жасайды?

Балалар, тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек, езу өкпеден шыққан ауаға кедергі жасайды екен.

Артикуляциялық жаттығу жасау. (айнаға қарап отырып жасайды)

«Күрекше» – тілді жалпайтып шығарып, астыңғы ерінге тигізу керек.

«Ине» – ауызды кең ашып, тілді алға қарай сүйірлей шығарып, 10–15 секунд ұстап тұру керек.

«Төбешік» – жоғарғы тістерді төменгі тістерге тигізіп тұрып, ерінді түтікше етіп алға созу. Осы күйде ерінді 5–10 секунд ұстап тұру керек.

«Түтікше» – Тілді ауыздан жалпайтып шығарып, тілдің екі шетін көтеріп, түтікшемен үрлегендей үрлеу.

Педагог дыбыстық сызбаларды тақтаға іліп, балаларды тақтада шақырады. Балалар жұмыстарының дұрыс-бұрыстығын тақтамен тексереді.

Суреттерде не бейнеленген?

Лақ,нан,піл.

Педагог дыбыстық талдау жасаған кезінде сөздегі əр дыбысты анық айтуларына тапсырма береді.

«Лақ» сөзіне дыбыстық талдау.

Л – үнді дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

А – жуан дауысты дыбыс, қызыл түсті белгімен белгілейміз.

Қ – қатаң дауыссыз дыбыс, көк түсті белгімен белгілейміз.

Лақ сөзінде 1 буын, 3 дыбыс.

«Піл» сөзінің дыбыстық талдауы.

П – ұяң дауыссыз дыбыс, көк түсті белгімен белгілейміз.

І– жіңішке дауысты дыбыс, қызыл түсті белгімен белгілейміз.

Л – үнді дауыссыз дыбыс, көк түсті белгі қоямыз.

«Піл» сөзінде 1 буын, 3 дыбыс

«Нан» сөзінің дыбыстық талдауы

«Н»- үнді дауыссыз дыбыс, көк түсті белгі қоямыз.

үнді дауыссыз дыбыс, көк түсті белгі қоямыз.

«А»- жуан дауысты дыбыс, қызыл түсті белгімен белгілейміз.

жуан дауысты дыбыс, қызыл түсті белгімен белгілейміз.

«Н»- үнді дауыссыз дыбыс, көк түсті белгі қоямыз.

үнді дауыссыз дыбыс, көк түсті белгі қоямыз.

«Нан» сөзінде 1 буын,3 дыбыс

Сергіту сəті

«Көңілді сырнай»

Дəптермен жұмыс

1. Заттардың атында естілген н, л дыбыстарының дыбыстық белгілерін қой.

2. Дыбыстық талдау жаса.

Балалар, дəптерімізді ашып, үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

Балалар орындарында түтікшемен үрлеп тарту арқылы карточкаға орналастырады, дыбыстық талдау жасайды.

Саусақ жаттығуы

Партадағы саусақтар

Адымдайды, жүреді.

Өнерлі бұл саусақтар

Сурет сала біледі.

Ортанғы мен сұқ саусақ

Түйеқұсты салады,

Төңкеріліп аспанға

Қоян да бола қалады.

Дəптермен жұмыс (графикалық жұмыс)

5. Штрихта

6. Үзік сызықтарды бастыр, жалғастыр.

Педагог графикалық жұмысты бастамас бұрын үстелде отыру ережесін естеріне түсіріп қайталайды. Дұрыс отырмаудың денсаулыққа, дене сымбатына зиян екенін айтып өтеді.Қаламсапты қолдарына алып, алдымен ауада жаздырады.

3. Рефлексия

Педагог ҰІӘ-тін қорытындылайды. Балалардың жетістіктерін ауызша бағалайды,мақтайды.

Тапсырмаларды орындау барысында қиналған сəттерің болды ма? Қай тапсырмада?– Егер сендерге бүгінгі тапсырмаларды орындау жеңіл жəне қызық болса, көңілді смайлды, ал егер тапсырмаларды орындауда қиналсаңдар жəне қызықсыз болса, көңілсіз смайлды бояңдар.

-Балалар бүгін жақсы қатыстыңдар,менің сендерге сыйлығым бар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!