Сауат ашу негіздері "Қ дыбысы мен әріпі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сауат ашу негіздері "Қ дыбысы мен әріпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қ дыбыс туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Сауат ашу негіздері Тақырыбы: «Қ қ дыбысы және әрпі»

Мақсаты: Балаларға «Қ» дыбысы мен әрпін таныту. «Қ» дыбысын сөз ішінен ажырата білу.

Дамытушылығы: «Қ» дыбысы мен әрпін оқыту арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс – әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелігі: Қоршаған ортамен ізгілік қарым – қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, текшелер, кеспе әріптер, бейнероликтер.

Ұйымдастыру барысы: Балалар жарты шеңбер мен тұрады.

Амандасу:

Шаттық шеңбері:

Ойын түрінде. «Ойлан тап» ойыны

Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің қойған сұрағын тез жауап беріп, допты кері лақтыру керек.

Іздену – ұйымдастырушы:
- Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, өткен әріптерімізді қайталап жіберейік.
Тосын сәт:
Ата - ана Аминаның әжесі есік қағып кіріп келеді.
 Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Аминанің әжесі боламын боламын. Мен қызымның не үйренгенін білгім келіп, балабақшаға келдім. Сендер қандай әріптерді үйрендіңдер соны білгім келеді.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсің ба, Әже!
- Балалар, біз Аминаның әжесіне қандай әріптерді өткенімізді көрсетеміз бе?
Әже:
- Ендеше менімен «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнағыларың келе ме? Ойында мен бір әріпті көрсетемін сендер сол әріпті атап, сол дыбыстан басталатын сөз ойлайсыңдар, ойлаған сөздеріңнің орысша, аудармасын айтуларың керек.
- Балалар көрсеткен әріптерді атап, сол әріптен басталатын сөз ойлайды да, сол сөздің орысша, аудармасын айтады.
 
- Жарайсыңдар, балалар, әріптерді біледі екенсіңдер, рахмет сіздерге, сау болыңыздар!
- Бүгінгі өтетін жаңа әріпке байланысты мен сендерге жұмбақ жасырып жіберейін.

Жұмбақ
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.


2. Көкала костюм киеді,
Бойын жерге жасырған.
Күннің көзін сүйеді,
Бұрымы бар жасылдан.




3. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.




4. Жарқылдаған қос қылыш, Қолға тисе жоқ тыныш.


- Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Осы қой, қоян, қарбыз сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?


- Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің өтетін ашық оқу оқу қызметің тақырыбы: «Қ»дыбысы және әрпі.
- Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астын қойып «Қ»дыбысын айтайықшы.
Барлығы бірге «қ» дыбысын қайталап айтады.
-«Қ»дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды).
- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Көк текшемен белгілейміз.
-«Қ»дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.
- Қасқыр, қоян, қой, қала, қаймақ, қар, қалам, қасық.
- Жарайсыңдар, енді қасқыр, қой деген сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан, неше дауысты дыбыстан тұрады.
- Қас - қыр - екі буынан, екі дауысты дыбыстан тұрады. Қой - бір буыннан, бір дауысты дыбыстан тұрады.
- Қой сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейікші.
Балалар қой сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Сергіту сәті:
Ойын: «Дыбысты анықта».
Ойынның шарты: балалар орындарын тұрып, тәрбиеші «а» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «қ» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.
Бейнежазба: сиқырлы әліппе ашылып, «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтылады.
Үлестірмелі жұмыс:
- Балалар, алдымызда тұрған кеспе әріптермен «қ» дыбысы басында, соңында кездесетін сөздер жазайықшы.
Рефлексивті коррекциялаушы
- Балалар, «қ» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік.
Ойын: «Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «қ» дыбысынан басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау.
Ойынға шыққан бала қасықты алып «бұл қасық, қасық – қ дыбысынан басталады. Біз қасықпен тамақ ішеміз» сөйлем құрайды.
 

Ашық оқу қызметі жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: 
Қ дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін;
Игереді: Буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды;
Білді: Қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды.



МКҚК №37 «Мәншүк» балабақшасы











Ашық оқу қызметі:

Тақырыбы: Қ қ дыбысы және әріпі











7 «Ақжелкен» МАД тобы

Тәрбиеші: Суюбергенова. Н. М.









Ақтау 2020ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2020
328
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі