Материалдар / САУАТ АШУ ПӘНІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

САУАТ АШУ ПӘНІ

Материал туралы қысқаша түсінік
СТУДЕНТТЕРГЕ МУГАЛИМТДЕРГЕ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2019
299
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

1-нұсқа
Қыркүйек 2014 ж.






«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жоспары

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)
1-сынып


















Page 2

2-нұсқа
Қараша 2014 ж.

Мазмұны


Орта мерзімді жоспар 7
1-бөлім. Өзім туралы 7
2-бөлім: Менің мектебім 20
3-бөлім: «Менің отбасым және достарым» 34
4-бөлім: Бізді қоршаған әлем 44
5-бөлім: Саяхат 54
6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 63
7-бөлім: Тағам және сусын 73
8-бөлім: Дені саудың – жаны сау 82
Қысқа мерзімді жоспар 91
Сабақ жоспары 91


Page 3


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
3
Ұзақ мерзімді жоспар
«Сауат ашу» пәні
1-сынып
1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан
Тыңдалым және айтылым:
Оқушылар:
 тыңдалған ақпаратты және
әңгімелерді түсіне бастайды;
 диалогке қатысу барысында
сөйлеу мәдениетін сақтап, өзі
туралы сұрақтарға жауап
береді;
 қарапайым сюжетті суреттер
негізінде әңгіме құрастыра
бастайды;
 өз ойын және сезімін
өзгелермен бөлісуді үйрене
бастайды;
 тыңдаған қарапайым өлеңдерді
және әңгімелерді жетекші
сұрақтар арқылы мазмұндай
бастайды;
 суретіне/тақырыбына қарай не
туралы екенін болжай алады;
 өлеңдер, санамақтарды хормен
айтады
Оқушылар:
 диалогке қатысу барысында
сөйлеу мәдениетін сақтап
сұраққа орынды жауап бере
бастайды;
 сюжетті суреттер негізінде
әңгіме құрастыра бастайды;
 мәтіннің негізгі тұстарын
анықтап, өздері тыңдаған
ақпарат туралы сұрақ қояды;
 тыңдаған әңгімені жетекші
сұрақтар арқылы ретімен
мазмұндайды;
 сезімін өзгелерге түсіндірген
кезде еркін, сенімді сөйлей
бастайды

Оқушылар:
 тыңдалған ақпаратты және
әңгімелерді нақты түсінеді,
әңгімеге байланысты
қойылған сұрақтарға ойлана
жауап қайтарады;
 тыңдалған ақпаратқа
қатысты орынды сұрақтар
қояды және жауап береді;
 қарапайым әңгімелердің
басты
оқиғаларын мазмұндауды
және әңгіме не туралы
болатынын болжауды
үйренеді;
 өз ойы, сезімдерін және
идеяларын өзгелерге
түсіндіруде сөздік қоры
толыға бастайды, тыңдалым
қабілеті арта түседі
Оқушылар:
 тыңдалған ақпараттарға
және әңгімелерге өз
ойынбілдіреді;
 қойылған сұрақтарға
жауап беру үшін зейін
қойып тыңдай бастайды;
 әңгімедегі негізгі
оқиғаларды ретімен
мазмұндайды;
 тыңдайды, өз сезімін
білдіреді және диалогке
қатысады
Оқылым:
Оқушылар:
 әңгіме мен деректі
мәтіндердің (ақпараттық,
Оқушылар:
 әңгіме мен көркем емес
мәтіндердің мағыналық
Оқушылар:
 шағын мәтіндерді мәнерлеп
оқи бастайды;
Оқушылар:
 шағын мәтіндерді
мәнерлеп түсініп оқиды


Page 4


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
4
нұсқаулық, т.б)
ерекшеліктерін ажырата
бастайды
 сызба бойынша сөз,
сөйлем құрастыра алады
және оқиды;
 сөздерді буындап оқиды;
 әріптерді таниды, буын
мен сөзді оқи бастайды,
жиі кездесетін сөздерді
мәтіннен танып тұтас
оқиды;

ерекшеліктерін түсінеді,
мысалы, мазмұны берілген
беттен тақырыптар, кейбір
белгілері бойынша;
 суретті кітаптарда және
қарапайым әңгімелердегі
кейіпкерлерді анықтайды;
 сөз бен сөйлемдерді ажыратады,
шағын мәтіндерді буындап
қатесіз оқиды және мағынасын
түсінеді;
 жиі кездесетін сөздерді танып
тұтас оқиды
 оқыған мәтіндердің
мазмұнын жүйелі
баяндайды;
 әңгіменің басын, ортасын
және соңын анықтауды
үйренеді және осы ойларын
суреттер арқылы көрсетеді;
 қарапайым деректі
мәтіндердің , көркем
шығармалардың
ерекшеліктерін тани
бастайды;
 кітаптың мазмұны
көрсетілген беттен
ақпаратты (бөлімдері,
тақырыптары,беттері) іздеп
табуды үйрене бастайды;
 жиі кездесетін сөздерді
сенімді тұтас оқиды және
жаңа сөздерді оқу үшін
дыбыс туралы білімін дұрыс
пайдаланады.
және іштей оқуды үйрене
бастайды;

 оқығаны бойынша
сұрақтарға жауап береді;
 әліпби ретімен берілген
мәтіндерден (сөздіктер,
анықтамалықтар, бейнелі
кітаптар) ақпараттарды
табу жолын үйренеді,
кітаптың мазмұны
көрсетілген беттен
ақпаратты (бөлімдері,
тақырыптары,беттері)
іздеп табады;
 оқыған мәтіндері
бойынша кейіпкерлердің
іс- әрекетіне, ақпараттың
берілуіне өз пікірін
айтады, талқылайды; (не
ұнайды/не ұнамайды,
себебі...)
 жиі кездесетін сөздерді
сенімді тұтас оқиды және
жаңа сөздерді оқыған
кезде дыбыс туралы
білімін пайдаланады.
Жазылым


Page 5


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
5
Оқушылар:

 дыбыстың сәйкес әріппен
таңбалануын біледі;
 әріп элементтерін дұрыс
байланыстырып, үзбей жазуға
дағдыланады;
 бас әріп және кіші әріптерді
ажыратады және жазады;
 өтілген әріптерді қолданып,
буын және сөз жазады немесе
графикалық сызбамен
белгілейді (өз есімі);
 шағын мәтін мазмұнын
суреттер немесе белгілер
қолданып көрсетеді.

Оқушылар:
 дыбыстың сәйкес әріппен
таңбалануын біледі;
 әріптерді анық, бірдей
арақашықтықта және
сызықтарды үзбей дұрыс
байланыстырып жазады;
 жеке сөздер мен жай
сөйлемдерді сауатты жаза
бастайды;
 жазылым дағдыларын әңгімені
жазу немесе ақпаратты көрсету
үшін пайдаланады;
 қысқа әңгімелер мен қарапайым
деректі мәтіндердің
айырмашылықтарын ескере
отырып, сөздерден сөйлемдер
құрап жаза бастайды.
Оқушылар:
 сөйлемдерді, шағын
мәтіндерді көшіріп көркем
жазады;
 жай сөйлемдерді үлгі
бойынша сауатты жазады,
грамматикалық тапсырмаларды
(керекті әріпті қою, буын қосып
сөз құрап жазу) орындайды;
 сөйлемдерде шақты дұрыс
қолданып көркем жазады, сызба
және суреттермен толықтырып
шағын мәтіндер/сөйлемдер
жазады.
Оқушылар:
 сөйлем құрастыруда
орынды/көркем сөздерді
қолданады;
 мұғалім көмегімен сөйлем
түрлерін құрастырады және
жазады;
 мұғалімнің көмегімен
жоспар құрастырады және
бірнеше сөйлемнен тұратын
қарапайым мәтін құрастырып
жаза бастайды;
 көркем жазу дағдысы
қалыптасады.
 дыбыстарды дұрыс айтуға,
сөз құрамында ажыратуға
үйрене бастайды;
 дауысты (жуан, жіңішке)
және дауыссыз
дыбыстарды ажырата
бастайды;
 сөздерді буынға бөледі,
буын мен сөзді ажыратады;
 көптік жалғауды дұрыс
қолдана бастайды;
 жіктеу есімдіктерін ауызекі
сөйлеуде дұрыс қолдана

 дыбыс пен әріптің
айырмашылығын түсінеді, сөз
құрамында дұрыс дыбыстайды;
 сөз құрамында дауысты және
дауыссыз дыбыстарды ажырата
алады;
 есту арқылы дыбысталуы мен
жазылуы бірдей сөздерді жаза
бастайды;
 сөз бен сөйлемді ажыратады;
 тәуелдік жалғауларын ауызекі
сөйлеуде дұрыс қолдана
бастайды.

 сөйлемнің жазылу ережесі мен
тыныс белгілерін (нүкте, үтір,
леп белгісі, сұрақ белгісі)
қолдана бастайды;
 бас әріппен жазылатын сөздерді
(адамдардың есімдерін, жер-су
аттарын, үй жануарларына
берілген атауларды) ажыратады
және дұрыс жаза бастайды;
 заттың атын, санын, сынын,
қимылын білдіретін сөздерді
сұрақ қою арқылы ажырата
бастайды;
 өз cезімін баяндауда іс-қимылды
білдіретін сөздерді (етістік
 сөйлем түрлерінің тыныс
белгілерін дұрыс қойып
жазады;
 бас әріппен жазылатын
сөздерді (адамдардың
есімдерін, жер-су аттарын,
үй жануарларына берілген
атауларды) дұрыс
қолданады;
 заттың атын, санын,
сынын, қимылын
білдіретін сөздерді сөйлем
құрамында орынды
қолданады;
 жіктеу есімдіктерін
ауызекі және жазбаша


Page 6


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
6
бастайды.


шақтарын) дұрыс қолданады;
 есту арқылы дыбысталуы мен
жазылуы бірдей сөздерді жаза
бастайды.

сөйлеуде дұрыс
қолданады;
 тәуелдік жалғауларын
ауызекі және жазбаша
сөйлеуде дұрыс
қолданады.

Ескерту:
Оқу жоспарындағы оқыту іс-әрекеттері мен ресурстар ұсыныс ретінде берілген.
Бөлім дегеніміз - белгілі бір тақырыпты қамтитын сабақтар жүйесі.
Ұ = ұжым жұмыс, барлық сынып.
Т = топтық жұмыс.
Ж = жұптық жұмыс.
Ө = өздік жұмыс.
ОТ = оқушы тәжірибесі.
МК = Мұғалім көрсетуі
Қ= қалыптастырушы бағалау.


Page 7


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
7
Орта мерзімді жоспар

«Сауат ашу» пәні. 1-сынып
1-бөлім. Өзім туралы
Осыған дейін меңгерілген білім
1-бөлім үйде/балабақшада алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әңгімелер мен өлеңдерді, өздерін сипаттайтын кейбір сөздерді
біледі деп жоспарланады.
Контекст
Бірінші бөлім оқушыларға бірін-бірі танып білуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімнің қоғамдық-гуманитарлық пәндермен (Дүниетану,
Жаратылыстану) байланысы бар. Бөлімде дыбыс және әріппен таныстыру, буындап оқуға және жазуға дағдыландыру қарастырылады. Мұғалімдер
тапсырмаларға қатысты әңгімелер, өлеңдер немесе санамақтар айтуы және оларды хормен қайталау арқылы оқушылардың үйренуіне жағдай
туғызады. Сабақ арасында бастауыш сынып оқушыларын шаршатып алмау үшін сергіту сәтін өткізген дұрыс.
Қысқаша шолу
Бұл бөлімде «Әліппеге дейінгі кезеңі» қамтылып, «Әліппе кезеңі» басталады. «Менің ұнататын заттарым» атты тақырыптан бастап, үйі және өзі
туралы ойларын ортаға салуға ауысады. Осы арқылы оқушылар топта, жұпта бір-біріне сұрақтар қояды және жауап береді, бірігіп өлең шумақтары
және көркем емес мәтіндер құрастыруды бастайды.

Оқу
бағдарламас
ына сілтеме
Оқу
мақсаттары
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша)
Оқыту ресурстары
ТА 9 Сөз бен
буын туралы
түсінік
қалыптастыру
Ж 7
Графикалық
жазу
дағдыларын
қалыптастыру


(МК, ОТ) Оқушыларға дауысты және
дауыссыз дыбыстарды анықтау
жолдарын көрсетіңіз. Оқушылармен
артикуляциялық жаттығулар орындаңыз.
Сөздерді буынға бөліп айтқызыңыз.
Сөзде қанша буын барын анықтату, оң
қолды иектің астына қойып сөзді
дыбыстау, әр буын сайын жақ сүйек
Бөлімде әліппеге дейінгі кезеңде тіл
дамыту, буын, сөз, сөйлем құрау, жазуға
дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Бөлімді меңгеру үшін фонетиканы
жүйелі түрде үйрету қажет. Осы бөлімде
оқушылардың қабілетіне қарай А, Н, Л,
Р, О, Т, Й дыбыстары және оларға сәйкес
әріптерді оқытуды бастауға болады.
http://kz-
en.ru/index/skazki_na_ka
zakhskom/0-9


Балаларға арналған
өлеңдер, санамақтар:
www.balakai.kz/


Page 8


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
8
О 6 Оқу
стратегияла
ры мен
түрлерін
қолдану

О 9
Әліпбимен
танысу


қозғалып, қолды төмен қарай
жылжытатынын бақылайды немесе қол
соғу арқылы сөздегі буын санын
анықтай алады.
Алғашқы күннен оқушылардың
дыбыстарды анық дыбыстап сөйлеуіне
назар аудару керек.
Артикуляциялық жаттығуларды айна
көмегімен ұйымдастырыңыз.
Дыбыстарды жеке дыбыстау барысында
айнаға қарап сөйлеу аппаратының (ауыз
қуысы мүшелерінің) қозғалысын
бақылайды, қорытынды жасайды.
Оқушылар сөз, буын, дауысты және
дауыссыз дыбыс ұғымдарын толық
меңгергенше жұмысты жалғастырыңыз.
Сөздің графикалық сызбасы, дауысты
дыбыс, дауыссыз дыбыс белгілерін
қолдануын ұйымдастырыңыз.
Буындап оқуды, әріптен буын, буыннан
сөз құрап оқуды үйрету. Оқушылардың
қызығушылығын, жас ерекшелігін
ескеріп үнемі жұмысты түрлендіріп отыру
керек. Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін
қолданумен қатар «Сөйлеу
қабырғаларына» оқушыларға көмекші
болатын тақырыпқа сәйкес суреттер мен
көрнекіліктерді қолдануды ұмытпаңыз.
Бөлім бойы күнделікті:
 артикуляциялық жаттығулар;
 ұйқастар, өлеңдер, санамақтар,
жаңылтпаштар, жұмбақтарды
айтып тіл ұстарту;
 сұраққа толық сөйлеммен жауап
беру;
 «сөйлем - сөз – буын – дыбыс»
ажырата білу және графикалық
сызбасын оқу, сызба бойынша
буын/сөз/сөйлем құрастыру;
 сөз құрамында дыбыстың орнын
анықтау, сәйкес әріпті есте
сақтауға көңіл бөлінеді.




http://kz-
en.ru/index/zh_mba_zaga
dki_na_kazakhskom_jaz
yke/0-8



ТА1
Тыңдалған
ақпараттың
мазмұнын
түсіну


ТА 3
Тыңдалған


ТА1.1 Сөздің,
сөйлемнің,
қарапайым және
қысқа мәтіннің
мағынасын
түсінеді.


ТА 3.1 Оқиғаны
Сұрақ қою
(МК) Берілген бөлімді өзіңізге ұнайтын
бір затты көрсетіп, оның сізге несімен
ұнайтынын, біршама дәлдікпен жан-
жақты сипаттаудан бастаңыз.
(Ұ) Оқушыларды сіз ұстаған зат
бойынша көбірек сұрақ қоюға
ынталандырыңыз, жетекші сұрақтардың
көмегімен мазмұндауға үйрете
Оқушылар үшін пайдалы болатын затты
анықтап алыңыз, (мысалы, ойыншықтар,
киімдер, мектеп құралдары). Оқушының
қызығушылығына сәйкес келетін сөздік
қор мен сұрақтар үлгісін көрсетіңіз. «Бұл
зат сізге неге ұнайды? Сіз оны қайдан
алдыңыз?» т.б.
Өзіңіз оқушылар тарапынан қойылуы
Қазақ тілінің
дыбыстары мен
әріптеріне арналған
ойын түрлері
http://erketai.kz/category/
balalarga/ertegiler-alemi/


Page 9


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
9
материалды
мазмұндау
ТА 4 Оқиғаны
болжау


Ж 7
Графикалық
дағдыларды
қалыптастыру


ТА 9 Сөз бен
буын туралы
түсінік
қалыптастыру
ретімен
баяндайды
(мұғалімнің
көмегімен)


ТА 4.1 Мәтіннің
мазмұнын
тақырыбы
немесе
иллюстрациясы
бойынша
болжайды.


Ж 7.1
Сөз/сөйлем
сызбасын салу;
сызбаға сәйкес
сөз табу,
берілген сызба
бойынша сөйлем
құрау

ТА 9.3 Сөйлем
сөзден
тұратынын
түсінеді

бастаңыз;
(МК,Ұ) Дыбыстарды анық дұрыс айтуы
үшін қолайна қолданып артикуляциялық
жаттығуларды орындатыңыз. Сөз
құрамындағы дыбыстарды анықтатыңыз,
сөздің графикалық сызбасымен жұмыс
ұйымдастырыңыз. Сөзді буынға бөлу
тәсілін көрсетіңіз.
(Ұ) «Өз есіміңді буынға бөле аласың
ба?» ойынын ұйымдастырыңыз.
(Ж,Қ) Берілген суреттердің атауын
буынға бөліп, сөздердің буын санына
қарай суреттерді топтастырады. Буынға
дұрыс бөлуін бағалайды.
(Ұ,Қ) Оқушыларды тұрғызып,
ойыншықты қолданып бір-біріне сұрақ
қойып, сұрақтарына жауап беруін
ұйымдастырыңыз. Толық жауап берген
оқушыларды мадақтаңыз.
Тіл дамыту жұмыстарын бірнеше сағат
жалғастырыңыз.
(МК,Ө) Оқушыларға дәптерді қолдану,
қаламды дұрыс ұстау үлгісін көрсетіңіз.
Өздерінің не білетінін көрсетуге
мүмкіндік беріңіз. Саусақтарға арналған
жаттығулар жасатыңыз (ермексаз
қолдануыңызға болады). Жазу бағытын,
көлбеу сызық, таяқша, т.б. элементтерді
ауада, тақтада жаздырыңыз. Оқушылар
өзіне сенімді болуы үшін қарындашпен
мүмкін деген кейбір сұрақтарды алдын
ала болжап жазып қойыңыз және оның
ішінде қайсысы тақырыпты ашуға
көмектесетінін анықтап, сабақ барысын
соған сәйкестендіріп құрыңыз. Мысалы:
Сіз оны қашаннан бері ұстап жүрсіз? Ол
сізге неліктен қымбат? т.б. Мағыналы
сұрақ қойған оқушыларды мадақтаңыз.
Жақсы қойылған сұрақтарды кейінірек
еске салу үшін жазып отырыңыз.
Тақырыпты толығырақ ашу үшін :
әңгімелер, өлең-тақпақтар, шағын
ертегілер, жұмбақ және санамақтар
айтыңыз. Бірнеше рет қайталап
оқушылардың ертегі, өлең және
санамақты жаттап, есте сақтап алуына
және өздері айтуына мүмкіндік беріңіз.
Интерактивті ойындар ойнату үшін
қосымша құралдар қажет болады.
Мысалы: қандай да бір фонемадан
басталатын заттар, суреттер, т.с.с

Әрқашан оқушылар жаңа ортада екенін
назардан шығармаңыз. Барынша жағымды
орта құруға, оқушылардың өзін
көрсетуіне мүмкіндік жасаңыз.
Сыныптағы тәртіп ережелерін
оқушылармен ақылдасып құрыңыз. Бұл
ережелерді басшылыққа алыңыз.


http://www.labirint.ru/bo
oks/200665/






Page 10


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
10
жазуға да болады. Сөз, сөйлем
сызбаларын салуды үйретіңіз.
Тыңдау дағдыларын бағалаңыз:
 Оқушылар ақпараттың бір немесе
бірнеше бөлігін есте сақтай алды;
 Оқушылар жұппен жұмыс істеген
кезде бір-біріне кезек беріп сөйлей
алады.

ТА1
Тыңдалған
ақпараттың
мазмұнын
түсіну

О 4 Сұрақтар
қоя білу және
бағалау


ТА 5
Әлеуметтік
ортада тілдік
нормаларды
қолдану
О 5 Мәтіннің
түрлері мен

ТА1.1 Сөздің,
сөйлемнің,
қарапайым және
қысқа мәтіннің
мағынасын
түсінеді.
ТА1.2 Сөйлеу
барысында сөз
және сөйлемді
ажыратады.
О 4.1 Қарапайым
мәтін немесе
сурет бойынша
сұрақтар қоя
біледі және
оқығанының
мазмұны
бойынша
сұраққа жауап
береді

ТА 5.2 Өзгенің
пікірін
Өлең оқу
(Ұ) Бірнеше күн бойы оқушылардың
сүйікті заттары туралы дауыстап
өлеңдер оқыңыз. Мысалы, ойыншықтар,
ұнайтын жерлері немесе ойындар
туралы. Олардан нені жақсы көретінін
және неліктен жақсы көретінін сұраңыз.
(Т) Кейбір өлеңдерді оқушылармен бірге
дауыстап оқыңыз. Өлеңнің ерекше
ұнаған тұстарын айтқызыңыз. Мысалы:
ұйқас, мәтіндегі оқушының күлкісін
тудыратын сөздер (мысалы: өтірік
өлеңдер т.б) және қызықты суреттер.
Бір-бірімен келісе ме, келіспей ме соны
біліңіз. Барлығының ой-пікірі бірдей
ме? Әлде әркімнің ойы әртүрлі ме?
(Ө,Қ) Оқушылардың өлеңдегі өздеріне
ұнаған сөздері мен шумақтары туралы
ойларын сұраңыз. Өлеңдердің
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
Әртүрлі кітаптарды көрсетіңіз және
оқушыларға сабақ барысында халық ауыз
әдебиетінің үлгілерін пайдаланыңыз,
жаттатыңыз, оқып беріңіз.
Тыңдалған шығармалардағы
қайталанатын сөздерді немесе ұйқасты
тапқызыңыз.
Оқушылармен талқылауға мынадай
сұрақтар ұсынылады:
 Берілген өлең не туралы?
 Сендерге өлең ұнады ма? Неліктен
ұнады?
 Бұл өлең нені еске түсірді?
 Мәтіннің қай бөлігінде сенің күлкің
келді?
 Қай сөздер ұқсас болып естіледі?

Бастауыш сыныпқа
арналған сергіту сәттері
http://sc0018.kokshetau.a
kmoedu.kz/







Page 11


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
11
стилдік
ерекшелігін
тану

О8
Мәтіндерді
салыстыру






ТА 9 Сөз бен
буын туралы
түсінік
қалыптастыру


















тыңдайды және
сыйлайды, қысқа
диалогке
қатысады.

О 5.1 Түрлі
мәтіндерге тән
негізгі белгілерді
анықтайды
(өлең, әңгіме,
газет және
журнал
мақаласы және
т.б.)
О8.1 Көркем
мәтін мен
көркем емес
мәтіндерді
салыстыра
отырып,
мұғалімнің
көмегімен
оларды ажырата
біледі

ТА 9.1 Сөздегі
дыбыстарды
(дауысты,
дауыссыз, жуан
және жіңішке
дауыстылар)
ажыратады
және сызбада
шартты
белгілермен
тапқызыңыз.
Оқушылардың келесі қабілеттерін
бағалаңыз:
 өлең туралы шағын пікір айта алады.
 өлеңді ұнататын/ұнатпайтынын
қарапайым дәлелдер келтіре отырып
түсіндіреді.
(Ұ) Өлеңді әндетіп айтыңыз және оны
орындауға оқушыларды тартыңыз.
Өлеңге іс-қимыл немесе әуен қосыңыз.
 Ең ұнаған өлең қайсы?
 Бәріміздің ойымыз бір жерден шығып
отыр ма, әлде әркімнің ойы әртүрлі
ме? т.б.
Назар аударыңыз:
Оқылым дағдысын қалыптастыру үш
кезеңнен тұрады:
1-кезең: мәтіннің түрімен танысу және оқу
(оқушылар көптеген мәтін түрлерін оқып
үйренеді, оның ішінде фильм мәтіндері де
бар)
2-кезең: жазу үшін идеялар жинақтау
(драма, рөлдік ойын, өнер, сұрақ қою
және жауап беру, болжау)
3-кезең: жоспарлау, оқу және өңдеу.
(«Бірлесіп жазу» әдісі арқылы (екінші
бөлімді қараңыз) ойды жинақтау процесін
түсіндіру және оқуды, оқушылардың
ойларын жүйелеуді көрсету.
«Бағытталған жазу» әдісі арқылы топта
жоспарлау, жобалау, өңдеу және оқу).
Жазылым дағдысы осы ретпен үйретілуі
керек. Оқылым тапсырмалары осы
процесті қамтуы керек.



Page 12


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
12





белгілейді
ТА 9.2 Сөздің
буыннан
тұратынын
түсінеді және
сөздегі буын
санын
анықтайды.
ТА 9 Сөз бен
буын туралы
түсінік
қалыптастыру


О 9
Әліпбимен
танысу

Ж 7
Графикалық
дағдыларды
қалыптастыру
ТА 9.1 Сөздегі
дағы
дыбыстарды
(дауысты,
дауыссыз, жуан
және жіңішке
дауыстылар)
ажыратады
және сызбада
шартты
белгілермен
белгілейді
ТА 9.2 Сөздің
буыннан
тұратынын
түсінеді және
сөздегі буын
санын
анықтайды
ТА 9.3 Сөйлем
сөзден
тұратынын
түсінеді
О 9.1 Әріптің
(МК) Аллитерацияны пайдаланыңыз.
Мысалы, Анар алма алды. Сөйлемнің
ерекшелігін, а әрпінің сөз құрамындағы
орнын графикалық сызбасында
анықтатыңыз.
(Ұ) Суреттер бойынша жұмыс
ұйымдастырыңыз. Сөз құрамында А
дыбысының орнын анықтау, дыбыстық
буындық талдау жасау. «А» әрпінің
баспа және жазба түрімен таныстыру.
«А» бас әрпіне не ұқсайды? Әріпті
таяқшадан өздері құрастырады және
оқиды.
(Т,Ө) А әрпінің баспа түрін түрлі
ресурстарды пайдаланып жасау.
(МК) Мұғалім көзін жұмып бір
минуттың ішінде пернетақта да
әріптерді кездейсоқ тереді. Оқушылар
интерактивті тақтада бақылап отырады.
Құжатты шығарып, әр оқушыға
таратады. Олар аталған әріпті тауып,
санын анықтайды. Келесі сабақтарда
буын (сөз) іздетуге болады.
(Т) А дыбысынан басталатын сөздерді
қатыстырып сөйлемдер құру.
Оқушылардың сабаққа қатысу
мен жұмыс орындауларын мадақтаңыз:
«Дыбыс пен әріпті таныстыру»
нұсқаулығы
Осы бөлімді оқу үшін әріптің баспа/жазба
үлгілері жазылған көлемді карточкалар
дайындау қажет.
Жазу сабақтарында төмендегі жұмыстар
жүргізіледі:
 Жазуға дайындық: (оқушылардың
дұрыс отыруы, қаламдарын
дұрыс ұстауы, дәптерлерінің
партада дұрыс қойылуы).
 Жаңа әріптің элементтері
бөлшектеліп көрсетіле ді,
мұғалім оны тақтаға жазып
тұрады, оқушылар дәптерлеріне
жазады.
 Мұғалім жаңа әріпті тақтаға
жазады; оқушылар осы әріптен
басталатын сөздер ойлап табады,
сонан соң олар әріпті
дәптерлеріне жазып алады.
Әліппенің алғашқы кезеңдеріндегі
сабақтар осындай жүйеде
ұйымдастырылады. Ал әліппенің екінші,
erketai.kz/ana-jane-
bala/bala...

Қазақ әліпбиімен
танысу
http://kaztube.kz/ru/video
/121666









Page 13


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
13
таңбасын тану
және оны
дыбыспен
сәйкестендіреді
Ж 7.1
Сөз/сөйлем
сызбасын
салады; сызбаға
сәйкес сөзді
табады, берілген
сызба бойынша
сөйлем
құрастырады
Ж 7.2 Әріп
элементтерін,
бас әріптер мен
кіші әріптерді
және олардың
бір-бірімен
байланысын
каллиграфиялық
талапқа сай
жазады
 сөздің ішінен қажетті әріпті
табуын;
 сөзді қатыстырып сөйлем
құрауын.
үшінші кезеңдерінде жаңадан
үйретілетін әріпті меңгерту жұмысы
көбірек жүргізіледі. Мұнда өтілген
әріптерді қайталау, бірнеше буыннан
құрастырылған сөздерді оқу, кеспе
әліппеден сөз құрастыру және оларды
оқу жұмыстары басым болып отырады.
Сонымен қатар әріптері, буындары
ұқсас жұп сөздер мен буындарды
салыстырып оқу, жазу жұмыстары да
жүргізіледі.
Оқушыларға үнемі сөзді буынға,
буынды дыбысқа ажырату жә не
керісінше, дыбыстардан буын, буыннан
сөз құрастыру үдерісін орындату қажет.

www.balakai.kz

ТА 1
Тыңдалған
ақпараттың
мазмұнын
түсіну



О 4 Сұрақтар
қоя білу және

ТА1.2 Сөйлеу
барысында сөз
және сөйлемді
ажыратады.

О 4.1 Қарапайым
мәтін немесе
сурет бойынша
сұрақтар қоя
біледі және
Ұнататын заттарын ортаға салу
(Т) Оқушыларды өздерінің ұнататын
заттарын бір-біріне көрсетуі әрі
түсіндіруі үшін топқа бөліңіз. Сүйікті
туыс атауларының бірі нағашы,
атасының баласы, немере сөздеріне
көңіл аудару.
(Ұ) Сынып болып бір-біріне қоятын
Оқушыларға өздерінің жақсы көретін
ойыншықтарын немесе сүйікті жерлерінің
суреттерін, фотоларын алып келуді
тапсырыңыз.
Фото, сурет әкелген оқушылар коллаж
немесе суретті кітап құрастырады.
Алдында қойылған сұрақтарды қайта
Балаларға арналған
ойындар:
www.playhead.net/kz/ga
mes/for_boys/


Page 14


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
14
бағалау




ТА 5
Әлеуметтік
ортада тілдік
нормаларды
қолдану
оқығанының
мазмұны
бойынша
сұраққа жауап
береді


ТА 5.2 Өзгенің
пікірін
тыңдайды және
сыйлайды, қысқа
диалогке
қатысады.


сұрақтарды анықтап алыңыз.
(Ж,Қ) «Менің нағашым», «Мен
атамның немересімін» т.б. тақырыбында
ойын ойнау арқылы өз ата-әжесін,
нағашыларын, өзін (атасы, әжесі, ағасы
т.б) мақтау. Жұпт а бірі-біріне
нағашылары, ата-әжелері туралы
сұрақтар қойып, оларға жауап береді.
Бұл тапсырманы жұптағы оқушылардың
орнын ауыстыра отырып, бірнеше рет
қайталатып және әрдайым қойылған
сұрақтарды жетілдіріп отыру керек.
(Ұ) Нағашы, немере сөзін буынға бөлу.
Сөзден н дыбысын бөліп алып, «Бұл
мен» әдісі арқылы қолайнаға қарап
дыбыстау арқылы ауыз қуысындағы
өзгеріске назар аударту. Осы сөздерді
қатыстырып сөйлем құрату.
Оқушылардың келесі қабілеттерін
бағалаңыз:
 лайықты, орынды сұрақтар қоюын;
 оқушылардың қарапайым сөздерді
қатыстырып сөйлем құрауын.
қарап шығыңыз. Мағыналы сұрақтарды
жазып алып, постер ретінде қабырғаға
іліңіз. Сұрау есімдіктерін пайдаланыңыз.
Мысалы: кім? не? неге? қашан?
Мағыналы/қызықты сұрақтар қойған және
сұрақтарға нақты жауап берген
оқушыларды, сонымен қатар көб ірек
қолдауды қажет ететін оқушыларды
бақылап, аты-жөндерін белгілеп
отырыңыз.
Дыбысты дыбыстату арқылы оқушыларға
дыбыстау кезінде ауыз қуысындағы
өзгеріс пен кедергілер туралы айтуларына
және дыбыстың дауыссыз соның ішінде
үнді дауыссыз екеніне оқушылардың
өздерінің көздерін жеткізіп айтуларына
мүмкіндік беріңіз.
Ж 7
Графикалық
жазу
дағдыларын
қалыптастыру

Ж 7.1
Сөз/сөйлем
сызбасын
салады; сызбаға
сәйкес сөзді
табады, берілген
сызба бойынша
Өлең жазу (құрастыру)
(МК) Оқушылармен біріге отырып
сыныптағы заттар туралы қарапайым
өлең жазудың үлгісін көрсетіңіз.
Сөздерді және сөз тіркестерін жинақтап,
қарапайым шумақтар немесе ұйқастар
Қарапайым өлеңнің жазылу үлгісін
көрсеткенде алдынғы сабақта оқыған
өлеңдердің құрылымын жүйе ретінде
пайдаланыңыз.



Page 15


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
15

Ж 5
Оқыған/тыңда
ған,
аудиовизуалд
ы
материалдард
ың
мазмұнын
жазу


Ж 10
Орфографиял
ық
нормаларды
сақтау
















сөйлем
құрастырады

Ж 7.2 Әріп
элементтерін,
бас әріптер мен
кіші әріптерді
және олардың
бір-бірімен
байланысын
каллиграфиялық
талапқа сай
жазады
5.1 Мұғалім
көмегімен
аудиовизуалды
мәтіндердегі
ақпаратты
сурет, сызба,
белгі көмегімен
жеткізеді.


Ж 10.1 Әріп пен
дыбысты
ажырата біледі,
дыбыстардың
дыбысталу
ерекшелігін
ескере отырып,
сөздерді дұрыс
жазады/көшіреді
, мұғалім
көмегімен
сөздерді дұрыс
тасымалдайды
құрыңыз.
(Т,Ө) Оқушыларға өздеріне ұнайтын
заттың атының бірінші әрпін немесе
толық сөзді жазуды тапсырыңыз.
(Т) Оқушыларға «Бағытталған жазу»
әдісі арқылы әріпті, дыбыстарды
таңдауда, дыбыстарға екпін қоюда көмек
көрсетіңіз.
(Ұ,К) Оқушылар өз бетімен жазған
әріптерді/сөздерді қосып, топтық өлең
құрастырады. Олардың құрастырған
өлеңдерін оқушыларға оқыңыз. Олар
бір-бірінің сөздерін ажырата ала ма?
Олар аяқталған өлең туралы не
ойлайды? Өлеңнің қай тұстары ұнайды?

(Ұ,Т) Оқушылардың өз бетімен жазған
тіркестерін топтық өлең жазу үшін
біріктіріңіз. Өлеңдерді сыныпта
оқытыңыз. Олар бір-бірінің заттарын
тани ала ма? Жазылған өлеңдер туралы
не ойлайды? Қай бөлімдері ұнады?

Өтілген әріп, буын және сөздерді
көшіруге беріңіз.
Оқушылардың топпен немесе өз бетінше
жұмыс жасауын таңдаңыз. Оқушыларға
өз бетінше, мұғалімнің көмегімен және
топта жұмыс істеу мүмкіндігін
қамтамасыз ете отырып, берілген
тапсырманы бірнеше рет қайталатыңыз.
Оқушыларға әртүрлі қағаз, қарындаш
және түрлі- түсті борлар беріңіз. Сөздерді
белгілеу үшін белгіні пайдаланыңыз,
дыбыс пен әріптің арасындағы
байланысты ескеріңіз. Оқушылардың
сөздік қорын және сөз оқу, сөз жазу
дағдыларын ары қарай дамыту процесі
барысында тіл дамытуға аса мән беріңіз.
Төменде берілген «Бағытталған жазу»
әдісінің нұсқауына қараңыз:
Бірігіп отырып жазған қарапайым
өлеңдер оқылады, ән болып айтылады, іс-
қимылмен билеп көрсетіледі.
«Бағытталған жазу» әдісін
пайдаланыңыз:
 кіріспе (оқушыларға оқу мақсатын
түсіндіріңіз)
 есте сақтау (жазылымға арналған
ойларды/идеяларды есте сақтау,
қайталау)
 үлгі жасау/жобалау (мұғалім
сыныптағы оқушының қабілетін
ескеріп жазылым үлгісін береді)
www.balalaralemi.kz/


http://www.balakai.kz/

http://erketai.kz/







Page 16


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
16
 қолдану/жазу (оқушы өз бетімен
жазады)
 жұмысын қорғау (өз жазған
жұмыстарын сенімділікпен
сыныптастарына таныстырады)
 қайта қарау/түзету (өзін-өзі және бірін-
бірі бағалайды)
«Бағытталған жазу» әдісі бойынша
жазылым кезеңінің мақсаттары мен
оқушылары дұрыс таңдалуы қажет.
Мақсат оқушылардың жазылымын
жақсартуда және өз бетімен жұмыс істеу
қабілетін арттыруға көмегін тигізетіндей
болуы керек. Топ ішіндегі жеке
оқушылардың мұқтаждықтарын ескеріңіз,
мысалы:
 нәтижеге жету үшін кедергіні жеңуге;
 жазылым барысы туралы талқылаудың
белсенді қатысушылары болуға
талпындыру;
 өзіне деген сенімділік қалыптастыру;
 үйрену барысында бағалауға
мүмкіндік беру.

Оқушыларды бағалау жалпы сынып
деңгейін ескере отырып қолданылады. Әр
топтағы оқушылар саны да, сыныптағы
топ саны да әр түрлі болуы мүмкін.
«Бағытталған жазу» әдісі кезінде
бастысы, топтар оқушылардың
мұқтаждықтарын ескеріп құрылуы және


Page 17


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
17
басқаруға оңай болуы керек. Оқушының
саны төрт пен алты аралығында болуы
мүмкін.

ТА1
Тыңдалған
ақпараттың
мазмұнын
түсіну


О 6 Оқу
стратегиялар
ы мен
түрлерін
қолдану
ТА 5
Әлеуметтік
ортада тілдік
нормаларды
қолдану
ТА 9 Сөз бен
буын туралы
түсінік
қалыптастыру

О 9
Әліпбимен
танысу


ТА1.1 Сөздің,
сөйлемнің,
қарапайым және
қысқа мәтіннің
мағынасын
түсінеді.
ТА1.2 Сөйлеу
барысында сөз
және сөйлемді
ажыратады.

О 6.1
Оқылымның
негізгі
амалдарын
игереді
(буындап оқу,
жиі кездесетін
сөздерді тұтас
оқуға өту)

ТА 5.2 Өзгенің
пікірін
тыңдайды және
сыйлайды, қысқа
диалогке
қатысады.


Үйлер мен баспана түрлері
(МК) Сыныпқа үйдің түрлері туралы әр
түрлі мәтіндерді дауыстап оқып беріңіз.
Әртүрлі тақырыптағы кітаптың
құрылымын көрсетіңіз. Қажетті
ақпаратты табу үшін кітаптың мазмұны
жазылған бетін қалай қолдану керектігін
көрсетіңіз. Әрбір беттегі ақпаратты,
тақырыптарды, суреттердің және
диаграммалардың қасындағы атауларды
қалай оқу керектігінің үлгісін көрсетіңіз.
Осыны әр сабақ сайын жаңа ақпаратты
көрсете отырып қайталаңыз.

(Ж,Т) Жиі кездесетін сөздер мен
баспана түрлері туралы суреттерді
оқушыларға таратып беріңіз.
Оқушыларға сөздерді бірге дауыстап
оқытыңыз және суреттегі бейнеге сай
сөздерді тауып қойғызыңыз.
(Ө,Қ) Суреттер мен карточкаларды
көрсетіңіз. Арасында бос карточкаларды
қалдырыңыз және оқушылар оларды
атаумен толықтырсын.
Оқушылардың қабілетін бағалаңыз:
 қарапайым сөздерді түсінуін;
Кітап таңдау барысында тақырыпқа сай
мазмұны жазылған бетті, суреттер,
диаграммалар болуын ескеріңіз.
Есік, терезе, шатыр, бақша, аула, еден,
қабырға, бұрыш, төбе, т.б. секілді
қарапайым сөздерді алуға болады. Оқу
қабілеттеріне байланысты оқушыларды
топқа, жұпқа біріктіріп, кейбіреуіне
күрделі сөздерді беріңіз.
Оқушыларға жаңа сөздер кездескенде
білетін дыбыстарын барынша пайдаланып
оқуға ынталандырыңыз.

http://bilimkozy.idhost.k
z/


Page 18


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
18
Ж 7
Графикалық
жазу
дағдыларын
қалыптастыру

ТА 9.1 Сөздегі
дағы
дыбыстарды
(дауысты,
дауыссыз, жуан
және жіңішке
дауыстылар)
ажыратады
және сызбада
шартты
белгілермен
белгілейді
ТА 9.2 Сөздің
буыннан
тұратынын
түсінеді және
сөздегі буын
санын
анықтайды
О 9.1 Әріптің
таңбасын тану
және оны
дыбыспен
сәйкестендіреді
Ж 7.2 Әріп
элементтерін,
бас әріптер мен
кіші әріптерді
және олардың
бір-бірімен
байланысын
каллиграфиялық
талапқа сай
 сөздерді әріптерге қарап немесе
суретіне қарап оқуға талпынуын.
Өз үйін сипаттау
(Ұ) Оқушылар үйлерінің фотоларын
немесе салынған суреттерін сыныпта
көрсетеді және ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын табады.
Оқушыларды алдыңғы сабақта берілген
сөздерді қолдана отырып сөйлем құрауға
ынталандырыңыз.
(Т) Оқушыларды бір-біріне үйлерін
сипаттату үшін топқа біріктіріңіз.
Олардың бір-бірінің сүйікті заттары
туралы қойған сұрақтарын естеріне
түсіріңіз. Сипаттамаларын жетілдіре
түсу үшін оқушыларға осы жаттығуды
топтарын ауыстырта отырып бірнеше
рет орындатыңыз.
(Ө,Қ) Диктофон немесе бейнекамераны
пайдаланып мұғалім оқушылардың
үйлерін сипаттау сәтінің соңғы нұсқасын
жазып алады.
Тапсырманы күрделендіру: оқушылар
сипаттау барысында өздері білетін
әріптерден буын құрап тұтас, оқуға
дағдыланады, тіл байлығын көрсете
отырып үйлерінің сипаттамасын толық
айтып бере алады.
Оқушыларға қолдау көрсету үшін таныс
Оқушыларға үйлерінің фотоларын әкелуді
немесе суретін салып келуді тапсырыңыз.
Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
талқылаған кезде баланың намысына
тиетін айырмашылықтарды талқылаудан
аулақ болыңыз.
Алдыңғы сабақта пайдаланған сұрақтарды
көрсетіңіз. Сыныптағы әрбір оқушыны
кем дегенде бір сұрақ қоюға
талпындырыңыз. Әртүрлі баспананың
(адамдардың, жануарлардың, құстардың,
жәндіктердің т.б.) сипаттамасын айта
отырып оқушыларға болжай білуге
жетелеңіз. Осы әдісті керісінше
ұйымдастыруға болады. (Мысалы:
тақырып беріп оның мазмұнын болжау).
Мағыналы, көркем сөздер қолданған
оқушыларды мадақтаңыз.
Мұғалімдер құрылғыларды сабақта
қолданбас бұрын жұмыс істей білуі керек
(диктофон немесе бейнекамера). Сіз
жекелеген оқушылардың сипаттамасын
құрылғыға жазып жатқанда өзге
оқушылардың тапсырма орындауын
бақылап отырыңыз, осы жерде өзге
мұғалімдердің көмегі қажет болуы мүмкін
(сабақ үстіндегі іс-әрекетті зерттеу).


Page 19


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
19
жазады


дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз
жазуда көмек көрсетіңіз.
«Бағытталған жазу» әдісін
пайдаланыңыз.
Оқушылардың:
 қарапайым сипаттама беру;
 қарапайым салыстырулар жүргізу;
 дыбыстар мен әріптерді
сәйкестендіру қабілетін бағалаңыз.


Жай сөйлемдер мен атауы берілген
диаграммаларды пайдалана отырып ,
сипаттаманың жазылу үлгісін көрсетіңіз.
«Бағытталған жазу» әдісінің
түсіндірмесін 1-бөлімнен қараңыз.


Page 20


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
20

«Сауат ашу» пәні. 1-сынып
2-бөлім: Менің мектебім
Осыған дейін меңгерілген білім
2-бөлім және 1-бөлімде игерілген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар мектептің бір күнін сипаттауға қажетті кейбір әңгімелермен,
балаларға арналған өлеңдермен және сөздермен таныс болуы мүмкін.
Контекст
Бұл бөлім оқушыларға мектеп және мектеп өмірі туралы ойлануға мүмкіндік береді. Бөлім қоғамдық-гуманитарлық пәндермен байланысы бар
(Дүниетану, Жаратылыстану). Жүйелі, арнайы дыбыстық білім берілген бөлімнің өн бойында оқытылуы тиіс. Мұғалімдер тапсырмаларға қатысты
әңгімелер, өлеңдер немесе санамақтар қолдануы керек және оларды хормен қайталау арқылы оқушылардың үйренуіне мүмкіндік беруі керек.
Қысқаша шолу
Бұл бөлімде «Әліппе кезеңі» жалғасады. Бұл бөлім «Менің мектебім» тақырыбында өрбиді және мектептегі оқу жылының басы, мектеп өмірі туралы
оқушылармен әңгіме жүргізіледі. Өздері қарапайым көркем емес мәтіндер мен әңгімелер құрастырып үйренгенше бір-бірімен сөйлесуге, бір-бірін
тыңдауға мүмкіндік берілуі керек. Бұл бөлімде мектепке қатысты сөздік қорын бекіту үшін мектеп ауласына серуенге шығу ұйымдастыруға болады.


Оқу
бағдарлама
сына
сілтеме
Оқу
мақсаттары
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
Мұғалімге арналған ескертпелер
(оқыту әдістемесі бойынша)
Оқыту ресурстары
ТА 9 Сөз
бен буын
туралы
түсінік
қалыптастыр
у,
Ж 7
Графикалық
жазу
дағдыларын

Әліппе кезеңінде назар аударыңыз:
1) өтілген дыбыстардан сөз құрастыру;
2) әліппе әріптерінен (кеспе) сөз құрау,
оқу және жазу;
3) сөзді буындап және 1-2 буынды
сөздерді тұтас дұрыс оқу;
4) қарапайым мәтін мазмұнын мұғалімнің
сұрағы бойынша айта білу;
5) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу;
6) көлемі шағын мәтіндерді түсініп оқу;
7) әріптерді бір-бірімен жалғап жазу.
Бұл бөлімде оқушыларға 13 әріп: У, Ш, С,
М, Ы, Л, Ң, И, Д, Е, Қ, Ұ, Ғ және оларға
сәйкес дыбыстарды үйретуіңізге болады.
Дыбыс пен әріпті оқыту туралы
нұсқаулық
Оқушыларға сөзді буынға, буынды
дыбысқа ажырату және керісінше,
дыбыстардан буын, буыннан сөз, сөзді
қатыстырып сөйлем құрастыру


Page 21


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
21
қалыптастыр
у,
О 6 Оқу
стратегиялар
ы мен
түрлерін
қолдану

О 9
Әліпбимен
танысу












8) айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді
жазу;
9) жазған сөздерін үлгі бойынша
тексеру.





тапсырмаларын жиі орындату қажет.
Сөйлем құрату барысында сызбалар мен
суреттерді кеңінен қолдану, оқушылардың
қызығушылығын оятады.
Оқушыларды т алдау-жинақтауға
жаттықтыру үшін:
1. Кез-келген дыбысты сөз ішінен бөліп
алуға және сөз құрамында айтылуына
жақындата отырып бөліп айтқызу;
Сөз құрамындағы үйретілуге тиісті
дыбысы бар буын анық естілетіндей,
дыбыстың өзін ерекше созып айтқызу.
Мысалы, «р» дыбысын «ора» сөзіндегі
«о-ра» буындары «о-орра» делініп, «р»
дыбысы ерекшеленіп, біраз созыңқы
айтылады.
2. Дыбыс артикуляциясын қою ,
оқушыларға сөз құрамындағы
үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу
процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім
оқушыларға «с» дыбысын айтуда
қарапайым айнаға қарап дыбыстатады,
дыбысты айтуда тілдің қандай жағдайда
болатынын бақылайды.
Артикуляциялық тәсілмен тек еріндік
және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын
дыбыстарды үйрету тиімді болады.
Оқушыларға ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц
дыбыстары артикуляциясын аңғару қиын
болады. Сондықтан мұғалім дыбысты
оқытуды бастар алдын қалай үйрету


Page 22


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
22
тәсілін жан-жақты ойластыруы тиіс.
Қосымша артикуляциялық жаттығу әрі
жүргізіп тұтас оқуға жаттығу ретінде
қосымша тапсырмаларды қолдануға
болады. Мысалы,
Аң, - аң, -аң, шаң,
Шаң, шаң, шаң, маң.
Маң, маң, маң, паң
Паң, паң, паң, таң
Таң, таң, таң, қайырлы таң!
3. Сөз соңындағы немесе басындағы
дыбысты түсіріп айтып, оқушыларға
тапқызу. Бұл жерде түрлі суреттерді
қолдануға болады. Сөз құрамындағы
дыбыстарды жинақтау арқылы қандай
дыбысты қосу керектігін саналы түсінеді.
Дыбыстың сөздің басында, ортасында,
аяғында келетінін сөздерді талдау және
жинақтауды қатар үйретуге болады.
Мысалы, «ш» дыбысын өту барысында
бұл дыбысты оқушыларға айтқызып,
таныстырғаннан қейін шана, шаш, арша
сияқты сөздерді өз бетінше айтқызып,
буынға, дыбысқа талданады; «ш» ды-
бысының орны анықталады (қай буында,
нешінші буында); қайта жинақтау
барысында «ш» дыбысының сөздегі
орнына көңіл бөлінеді. Оқушылар
құрамында «ш» дыбысы бар сөздерді


Page 23


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
23
ойлап табады.
4. Айтылуына қарай дыбыстарды,
жазылуына қарай әріптерді салыстыру.
Мысалы, жон-жөн, тор-төр, ор-өр
сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен
«ө» дыбысының дыбысталу ерекшелігі
аңғартылады. Сонымен қатар
жазылуындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарына назар аударылады.
Осылайша, қ-к, с-з, ғ-г, а-ә, ы-і дыбыстары
да жұпталып, салыстырып сөздерді
талдау-жинақтау арқылы үйретуге
болады.
5. Буын немесе сөзді есте сақтау арқылы
оқу. Оқушылар сөз құрамын дыбыстық-
буындық талдағаннан кейін, жинақтап,
кеспе әліппеден құрастырады. «Қандай
сөз құрастырдық?» — деген сияқты
сұрақтар арқылы сөзді тұтас айттырады,
оқылуын есте сақтайды. Өйткені кеспе
әліппеден құрастырған сөзін, қайта
оқығанда оқушы бірден оқып бере алады.
6. Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы,
оқушылар талдау-жинақтау арқылы сөзді
құрастырып оқыған соң, енді сөз
құрамындағы бір әрпінің орнына басқа
әрпін қойып оқыту. Дауысты және
дауыссыз дыбыстардың орнын
ауыстыруға болады.
Мысалы,
Тас, тас, тас, тыс


Page 24


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
24
Тыс, тыс, тыс, тіс
Тіс, тіс, тіс, түс
Түс, түс, түс, тұс
Тұс, тұс, тұс, тос
Тос, тос, тос, төс
Төс, төс, төс, тес
Тес, тес, тес, тез
Тез, тез, тез оқы.
ТА1
Тыңдалған
ақпараттың
мазмұнын
түсіну


ТА 3
Тыңдалған
материалды
мазмұндау


О 9
Әліпбимен
танысу

Ж 7
Графикалық
дағдыларды
қалыптастыр
у




ТА1.1 Сөздің,
сөйлемнің,
қарапайым және
қысқа мәтіннің
мағынасын
түсінеді.
ТА1.2 Сөйлеу
барысында сөз
және сөйлемді
ажыратады.
ТА 3.1 Оқиғаны
ретімен
баяндайды
(мұғалімнің
көмегімен)
О 9.1 Әріптің
таңбасын тану
және оны
дыбыспен
сәйкестендіреді
Ж 7.2 Әріп
элементтерін, бас
әріптер мен кіші
әріптерді және
Менің мектебім (саяхат)
(МК) Суретті және сызбаны пайдалана
отырып, мұғалім мектептегі түрлі
орындарға қалай баруға болатынын
көрсетеді, түсіндіреді сипаттайды.
Мысалы: сынып бөлмесі, асхана,
кітапхана, мәжіліс залы т.б. Қызықты
элементтерді көбірек қосыңыз.
(Қ) Оқушылардың сізді тыңдағанын және
түсінгенін тексеру үшін жолсызба туралы
сұрақтар қойыңыз.
Оқушылардың ақпараттың бір немесе
бірнеше қарапайым бөлігін есте
сақтағанын бағалаңыз.
Әртүрлі жолсызбаларды пайдалана
отырып, осы жаттығуды бірнеше рет
орындатыңыз.
(Ө) Оқушыларға өздері есінде сақтай
алған қызықты элементтерді көбірек
қосып мектептің суретін салғызыңыз.
(Ж) Мектепке баратын жолдардың
Бұл бөлімде мұғалімдер осы тақырыпқа
сай әңгімелер, өлеңдер немесе санамақтар
айтуы қажет.
Өлеңдер, тақпақтар немесе санамақтарды
бірнеше рет қайталау арқылы оқушыларға
қосылып хормен айтуға мүмкіндік беру.
Мектеп ішіндегі жолыңызға арналған
шағын карта дайындаңыз. Өзіңіз жүріп
өтетін негізгі жолдың суретін салыңыз.
Мысалы: басқа сынып бөлмелері, есіктер,
терезелер.
Жол сызбаңыз туралы айтқан кезде, ретті
білдіретін сөздерді: бірінші, сонан соң,
келесі және бағытты нұсқайтын сөздерді
қолданыңыз (оңға, солға, алдында,
артында ортасында т.б.)
Оқушылардың дауыстап сенімді
сөйлеуіне байланысты бағалау
тапсырмасын бүкіл сыныппен немесе
топпен жүргізуді шешіңіз.
http://www.mes-
english.com/flashcards/fa
mily.php

http://bilimdiler.kz/
күн тәртібі


Page 25


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
25


Ж 5
Оқыған/тың
даған,
аудиовизуал
ды
материалдар
дың
мазмұнын
жазу
олардың бір-
бірімен
байланысын
каллиграфиялық
талапқа сай
жазады
Ж 5.1 Мұғалім
көмегімен
аудиовизуалды
мәтіндердегі
ақпаратты сурет,
сызба, белгі
көмегімен
жеткізеді.
сызбасын жұптағы өз серіктеріне суреттеп
беруді тапсырыңыз. Оқушылардың өзіне
деген сенімділігін арттыру үшін өз бетімен
жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік беріңіз.

Сұрақтар:
 Мен бірінші қай жерге жетемін? Кітап
сөресіне ме? Есікке ме?
 xxx сынып бөлмесінен кейін қайда
барамын?
 Кімнің есінде қалды, қай бағытқа
бұрыламын? - деген мазмұнда
құрылуы тиіс.
Оқушыларға үлкен қағаз парақтарын,
қарындаштар және түрлі-түсті қаламдар
беріңіз. Оқушыларды мектептің
айналасына немесе ауласына алып шығуға
болады. Сыныптан шыққаннан бастап
жүрген жолдарын таспаға жазып
отырыңыз. Мүмкіндігінше түрлі
жолдармен жүріңіз.
Сыныпты жұпқа бөлгенде достық қарым-
қатынасты, сыйластықты орнатуға көңіл
бөліңіз, өйткені оқушылар бір-бірімен
әңгімелескен кезде өздерін еркін сезіну
керек. Мүмкіндік болса, оқушылардың
бір-бірімен дұрыс қарым -қатынас
жасауына қолдау көрсету үшін ересек
адамды серуенге қатыстырыңыз. Мысалы,
оқушылар өзара: «Мен киім шешетін
орыннан сыныпқа қалай өте аламын?» -
сияқты сұрақтар қоя алады.

Жол бағыт көрсету


Page 26


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
26
ТА1
Тыңдалған
ақпараттың
мазмұнын
түсіну


ТА 5
Әлеуметтік
ортада тілдік
нормаларды
қолдану

Ж 7
Графикалық
дағдыларды
қалыптастыр
у
ТА1.1 Сөздің,
сөйлемнің,
қарапайым және
қысқа мәтіннің
мағынасын
түсінеді.

ТА 5.1 Этикет
сөздерді қолдана
білу, түрлі тілдік
жағдаятта
қарым-қатынас
жасау үшін
сөздік қорын
толықтырады
Ж 7.1 Сөз/сөйлем
сызбасын
салады; сызбаға
сәйкес сөзді
табады, берілген
сызба бойынша
сөйлем
құрастырады
Ж 7.2 Әріп
элементтерін, бас
әріптер мен кіші
әріптерді және
олардың бір-
бірімен
байланысын
каллиграфиялық
талапқа сай
жазады
(Ұ) Мектеп ішінде жүретін жолдарды
оқып үйрену үш ін сахналауды
қолданыңыз. Оқушылармен бірге
күнделікті іс-қимылды пантомима арқылы
көрсетіңіз. Сыныптан жолдың әрбір
кезеңінде не істеуге болатыны туралы
ұсыныстарын білдіруді сұраңыз. Жаңа
сөздермен таныстырып, қажетті
терминдерді жазып қойыңыз.
«Роботтар» ойынын ойнатыңыз :
Оқушылар қиялдағы мектепте жүру үшін
«робот-оқушы» бағыт көрсетеді. «Робот-
оқушы» мектептің бір бөлігінен екінші
бөлігіне баратын етіп тапсырманы
күрделендіріңіз.
Балама тапсырма ретінде, көріністің
шағын бөлігін қағаз бетіне ойыншық
фигуралар мен суреттер арқылы көрсетуге
болады.
(Т) Оқушыларға робот болып жұпта
ойнауға мүмкіндік беріңіз, көбірек егжей-
тегжейлі нұсқау беріңіз және тақырыпқа
лайықты сөздерді пайдаланыңыз.
Ашық, кең жерде ( сыртта немесе
мектептің дәлізінде), қиялдағы мектепті
және айналасын, олардың ерекшеліктерін
көрсету үшін көмекші заттар дайындаңыз
(Мысалы: қораптар немесе кілемшелер).
Мектептің айналасындағы дәлізді көрсету
үшін арқан немесе жіп кесінділерін
пайдаланыңыз. Оқушыларды қиялдағы
«сынып» айналасына жинап, күнделікті
орындайтын іс-әрекетіңізді пантомима
арқылы көрсетіңіз. (Мысалы: пальтоны
ілгенін, сөмкені қолға ұстауын,
директордың кіргенін, жүргенін, кейбір
сынып бөлмелеріне бас сұғуын, жолда
достармен амандасуын.)
Сұрақтар қойыңыз. (Мысалы: Біз қай
жерде тыныш жүруіміз керек? Қай жерде
жүгіруге және секіруге болады? т.б)
Жаңа сөздер:
Дәліз, киім ілетін орын, бұрыш, асхана,
кітапхана, баспалдақ, мұражай,т.б.
 Бағыттар, солға, оңға, алға, артқа
Оқушыларды ж аңа сөздермен
таныстырып, осы сөздерді сөйлеу
барысында қолдануға ынталандарыңыз.
Топта/жұпта әр түрлі қабілетті
оқушыларды топтастырыңыз. Өйткені
сөздік қоры мол, ойлау қабілеті жақсы
дамыған оқушылар қабілеті төмен


Page 27


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
27
оқушыларға қолдау көрсете алады.
Ж7
Графикалық
жазу
дағдыларын
қалыптастыр
у



О 9
Әліпбимен
танысу



О 6 Оқу
стратегиял
ары мен
түрлерін
қолдану



Ж 7.2 Әріп
элементтерін, бас
әріптер мен кіші
әріптерді және
олардың бір-
бірімен
байланысын
каллиграфиялық
талапқа сай
жазады
О 9.2 Дыбыстың
сөздегі қызметін
түсінеді
(дауысты дыбыс,
дауыссыз дыбыс,
ь,ъ
таңбаларының
рөлі, е, ё, ю, я
функциялары)

О 6.1
Оқылымның
негізгі
амалдарын
игереді (буындап
оқу, жиі
кездесетін
сөздерді тұтас
оқуға өту)


Ж 6.1 Сызбалар,
суреттер,
Жол маршрутын сипаттау
(К). Мектеп ішіндегі жол бойындағы
нысандарды сөздермен және сөз
тіркесімен белгілеп жазу үшін мұғалімнің
сызбасы бойынша «Бірлесіп жазу» әдісін
қолданыңыз. Әрбір сөздегі дыбысты
анықтап, оларды әріппен белгілетіңіз.
Осылайша алдыңғы сабақта меңгерген
дағдыларына (бағалау арқылы анықталған)
сүйене отырып, бірнеше күн бойы
тапсырманы қайталаңыз.
(Ө,Қ) Оқушыларға карточкадағы
суреттерге сай сөздер мен сөз тіркестерін
жазуды тапсырыңыз.
Дыбыстарды сәйкес әріптермен таңбалау
үшін «Бағытталған жазу» әдісін
қолданыңыз.
 Қабілеті жоғары оқушыларға
күрделірек сөз тіркестері мен
сөйлемдер жазғызыңыз.
Оқушылардың:
 кейбір әріптерді дұрыс жазу Й, Ш, С,
М, Ы, Ң, Е;
 кейбір дыбыстарды сөздің басында,
ортасында, соңында дұрыс анықтап,
«Бірлесіп жазу» -сыныпта жазылымды
үйретудің ең тиімді әдісі. Мұғалім
сыныпқа жазылымның үлгісін көрсетеді.
Бұл транскрипциялық ( оң немесе сол
деген бағытты көрсету түрінде) немесе
композициялық (мағыналы сөздер немесе
қызықты сөйлем құрылымдары) болуы
мүмкін.
«Бірлесіп жазу» әдісінің кезеңдері:
1. Мұғалімнің көрсетуі: мұғалім
оқушылардағы жетілдіруді қажет
ететін жазылым дағдысына көңіл
бөледі. Мұғалім осы кезде жазушының
ойында не болып жатқанын дауыстап
айта отырып, оқушыларға сөз
тіркесі/сөйлемді дұрыс құру үлгісін
көрсетеді. Сөйлемнің түсінікті
болуына назар аудартады. Тақтаға сөз
тіркесі/сөйлемді жазады.
2. Мұғалім «хатшы»: оқушылардың
келесі сөйлем туралы ойларын
тыңдайды, мағыналы сөйлем немесе
сөз тіркестерін дұрыс құру
дағдыларын бекітеді. Оқушылар
көмегімен сөз тіркесі/ сөйлем құрып,
тақтаға жазады.
3. Қолдау көрсету арқылы жазу: мұғалім
оқушылардан келесі сөйлем не туралы
болатынын ойланып, өз бетімен


Page 28


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
28

Ж 6 Мәтінді
түрлі
формада
ұсыну


Ж 10
Орфография
лық
нормаларды
сақтау








белгілермен
толықтырып
үлгі бойынша
жай
сөйлемдер/мәтін
құрастырады
және жазады.

Ж10.2 Айтылуы
мен жазылуында
айырмашылық
жоқ сөздерді
есту арқылы
жазады



сәйкес әріппен жазу;
 дұрыс бағытты көрсету үшін лайықты
сөздерді пайдаланып, сөз тіркестерін
құру қабілетін бағалаңыз.

немесе жұпта планшетке сөз, сөз
тіркесі немесе сөйлем жаз уын
сұрайды. Жазған сөз
тіркесі/сөйлемдерін жоғары көтеріп,
мұғалімге көрсетеді. Бұл мұғалімді
құнды бағалау ақпар атымен
қамтамасыз етеді. Оқушылардың өз
бетімен жазылым тапсырмасын
орындауға қаншалықты дайын
екендігін тексереді.
«Бірлесіп жазу» әдісінің мысалы осы
жоспардың соңындағы сабақ жоспарында
берілген.
Жазылым үлгісіне назар аударып,
дыбыстар мен әріптерді байланыстыру
үшін алдыңғы сабақтағы дыбыст ық
білімдерді пайдаланады. Өз жол
маршрутыңыздың басынан бастаңыз.
Сахналауда қолданған сөздер мен сөз
тіркестерін пайдаланыңыз. Жол туралы
сөздер/сөз тіркестерін құрастыру үшін бос
карточкаларды пайдаланып сәйкес
суреттерге дұрыс ретпен бекітіңіз.
Мысалы: бірінші есіктен кіреміз.
Сөмкелерімізді киім ілгішке қоямыз.
Сыныпқа кіреміз. Достарымызбен
амандасамыз.
«Бірлесіп жазу» әдісі туралы толығырақ
1-бөлімде көрсетілген.
О 1
Ақпаратты
түсіну
О 1.1 Негізгі
оқиғаларды
түсініп,
әңгімедегі
Мектеп туралы әңгімелер оқу
(МК) Оқушыларға оқу жылының басы
және мектепке бару туралы бірнеше қысқа
Мектеп ішінде кездесетін оқиғалар
жинағын құрастырыңыз. Бұл жерде


Page 29


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
29

О 9
Әліпбимен
танысу

О 4
Сұрақтар
қоя білу
және бағалау


О 6
Оқу
стратегиялар
ы мен
түрлерін
қолдану


Ж 7
Графикалық
дағдыларды
қалыптастыр
у
О 9
Әліпбимен
танысу
кейіпкерлерді
атайды
О 9.1 Әріптің
таңбасын тану
және оны
дыбыспен
сәйкестендіреді
О 4.1
Қарапайым мәтін
немесе сурет
бойынша
сұрақтар қоя
біледі және
оқығанының
мазмұны
бойынша сұраққа
жауап береді

О 6.1
Оқылымның
негізгі
амалдарын игеру
(буындап оқу,
жиі кездесетін
сөздерді тұтас
оқуға өту)

Ж 7.2 Әріп
элементтерін, бас
әріптер мен кіші
әріптерді және
олардың бір-
бірімен
байланысын
әңгіме оқыңыз. Оқу техникасын және
оқылым дағдыларын қалай қолдану
керектігін көрсетіңіз және оларды
өздігінен қолдануға ынталандырыңыз.
(Ұ) Әрбір әңгіменің кейіпкерін, оқиғасын
және мазмұнын талқылаңыздар.
Оқушыларға өздерінің мектепке алғаш
келгендегі сезімдері мен кейіпкерлердің
сезімдерін салыстыртыңыз.
(Т) «Бағытталған оқу» әдісін қолданып,
әңгімелерді топта бірігіп оқытыңыз.
 кітапқа кіріспе
 тексеру стратегиясы
 өз бетінше оқу
 мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға
жауап беру.


көптеген суретті кітап пен көркем емес
кітаптар болуы керек. Кейбіреулерінде
кейіпкерлер жан-жануарлар болса,
кейбірінде оқушылар болуы мүмкін.
Ыңғайлы орындықтар мен жастықшалары
бар кітап оқу бұрышын ұйымдастырыңыз.
Оқушыларға үзіліс кезінде сол жерден
кітап алып оқуына рұқсат етіңіз.
Оқылымға үйрету барысында алдыңғы
сабақтарда меңгерген дыбыст ық
білімдерімен байланыстырыңыз. Сол
кезде оқушылар өздері алдында меңгерген
дыбыстық дағдыларын қолдана алады.
Әрбір оқиғаның соңында, оның қай жерде
болғанын, оған кім қатысқанын және не
болғанын анықтатыңыз. Балаларға
«кейіпкер», «мазмұн», «оқиға» сөздерін
таныстырыңыз. Оқушыларды мәтіннің
суреттері мен атаулары арқылы
кейіпкерлерді табуға жұмылдырыңыз
және олардың іс–әрекетін
талқылаңыздар.
Оқушылардан оқу жылының басында әр
кейіпкердің қандай көңіл-күйде болғанын
сұрап, талқылатыңыз. Мысалы: олар оқу
жылының басын асыға күтті ме? Олар
қобалжыды ма? Не үшін қобалжыды?
Мектепке ең алғаш келгенде сен қандай
сезімде болдың? Мектепке келген ең
алғашқы күннен есіңде не қалды? Сенің
сол сәттегі сезімің берілген әңгімедегі
оқиғаға ұқсай ма?


















http://www.teachfind.co


Page 30


2-нұсқа
Қараша 2014 ж.
30

каллиграфиялық
талапқа сай
жазады
О 9.2 Дыбыстың
сөздегі қызметін
түсінеді
(дауысты дыбыс,
дауыссыз дыбыс,
ь,ъ
таңбаларының
рөлі, е, ё, ю, я
функциялары)
Оқушыларға оқиғаның детальдарын
көбірек табу үшін иллюстра циялар
қолдана отырып, сипаттау сөздерді, сөз
тіркестерін қайта оқуды тапсырыңыз.
Оқиғада ненің таныс немесе бейтаныс
екендігі туралы сөз қозғаңыз. Мысалы:
бұл біздің мектепке ұқсай ма? Кешегі
мектеп туралы оқыған әңгімеге ұқсай ма?
Оқушыларды оқылым қабілеттері мен
дыбыстық білім деңгейлеріне қарай
топтастырыңыз. Енді оқып үйреніп келе
жатқан оқушылар үшін күрделі кітапты
пайдаланбаңыз. Алдыңғы сабақтарда
пайдаланған сұрақтар мен көмекші
сөздерді пайдаланыңыз (алдыңғы
нұсқаулықты қараңыз).
«Бағытталған оқыту» әдісі келесі
ретпен жүзеге асады:
1. Кітапқа кіріспе (Мысалы: бұл кітап не
туралы деп ойлайсың? Осы кітап
туралы хабарыңыз бар ма?).
2. Тексеру стратегиясы (топқа дыбысты
тану, таба білу, дұрыс қосып оқуды
үйретіңіз немесе қайталатыңыз).
3. Өз бетінше оқу (мұғалім жекелеген
оқушыны тыңдап жатқан кезде өзге
оқушылар мұғалімнің нұсқауымен
кітапты өз бетінше оқиды немесе
суреттеріне қарай береді).
4. Мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға
m/teachers-tv/guided-
reading-fiction-and-non-
fiction


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!