ШҚО Үржар ауданы Үржар
ауылы
«Жансүгір атындағы орта
мектеп»КММ
Сакенова Арай
Алтынбековна
Мектепалды даярлық
топ
Сауат
ашу
Сабақтың тақырыбы: Һ дыбысы
және әрпі «Қаһарман»
Сабақтың
мақсаты:
-
Оқушыларға һ дыбысы мен әрпін
таныту.
-
Сөздерге дыбыстық талдау
жасауға жаттықтыру
-
һ дыбысын білдіру арқылы
оқушылардың тіл байлығын, ой – өрісін, сын тұрғысынан ойлау
қабілетін дамыту.Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, білімділікке, ерлікке,
батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
сабақ
Типі: Танымдық
сабақ
Әдіс – тәсілдер: көркемділік,
сұрақ –жауап, топтық жұмыстар.
Көрнекі құралдар: һ дыбысының
жазба, баспа түрі, кеспе әріптер, буындар,
суреттер.
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру:
Сабағымызды бастамас бұрын
мына сөздерді оқиық.
Балалар, ортаға шығып жылулық
шеңберін жасайық, келініңздер, шыға
қойыңыздар!
Армысың алтын
күн
Армысың көк
аспан,
Армысың
достарым.
Армысыздар
қонақтар
Сабағымызды
бастайық
Жамандықты тастайық. (2
рет)
Жақсы отыра қойыңыздар,
балалар. Ары қарай сабағымызды
жалғастырайық.
Балалар, аптаның бірінші күні
қандай күн? (Дүйсенбі)
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бір
аптада неше күн бар?
Қазір қандай
мезгіл?
Бір жылда неше мезгіл
бар?
Сонымен , балалар, дүйсенбі
күні біздің бірінші сабағымыз сауат ашу сабағы. Сауат ашу бізге
нені үйретеді?
Сөз дегеніміз не? Мысал
келтіреміз
Сөйлем деген не? Мысал
келтіреміз.
Қазақ тілінде неше әріп
бар?
Дыбыстар нешеге
бөлінеді?
Дауысты дыбыстар қандай түспен
белгіленеді? Ал дауыссыз дыбыстар ше?
ІІ. Өткен сабақты
пысықтау.
- Ендеше, өткен сабақта Х
әрпімен, Х дыбысымен таныстық . Х дыбысы дауысты ма, дауыссыз дыбыс
па?
- Ол дауыссыз, қатаң
дыбыс
- Сөздер ойлап айтайық,
балалар. Мысалы , хат, хабар, хатшы, халат, дәріхана, емхана,
асхана т/б
- «Хат» сөзі неше буынды. ( 1
буынды сөз, бітеу буын )
- А, балалар мен ұмытып бара
жатыр екенмін , бізге Зерделі атайдан хат
келген....
Жазған сөздерін оқыту (хат
ішіне 6 сөз жазу, балаларға оқыту, буынға бөлгізу, сөйлем құрату
)
(бір –бір сөзді буынға
бөлгізу) Ауызша.
-Қортындылау – Сөйтіп Зерделі
атадан келген хатты оқу арқылы, оқушылар
«Х» дыбысына қатысты алған
білімімізді пысықтадық қой деймін.
Енді денемізді сергітіп
алайық
Сергіту
сәті
Орнымыздан
тұрамыз
Қолды белге
қоямыз
Орнымызда
айналып
Билеп – билеп
аламыз
Оңға қарай бір
адым
Солға қарай бір
адым
Алға қарай бір
адым
Артқа қарай бір
адым
Жоғары, төмен
қараймыз
Орнымызды
табамыз
Ары қарай балалар, адасқан
әріптерден сөз құрастырайық
ТАРЫАБ
(БАТЫР)
Сұрақ: Сендер БАТЫР деген
өздің мағынасын қалай түсінесіндер?
-
Елін, жерін жаудан қорғайтын
адам
-
Ерлік істер жасайтын
адам
-
Батырлар елін, жерін, халқын
сүйген, халыққа қамқоршы болған адам.
Сұрақ: Сонда батырдың мақсат
–мұраты не?
Сұрақ: Батыр адамды тағы кім
деуімізге болады?
Қаһарман сөзінде бізге таныс
емес қай әріп?
Һ
әрпі
Жаңа сабақ: Һ әрпі мен Һ
дыбысымен танысу. (тақтаға жазу, дыбысты
айтқызу)
К өмей дыбысын
таңбалайтын әріп Дауыссыз дыбыс
Һ
Сөздің ортасында кездеседі
Қатаң дауыссыз
Сөздік жұмыс: (сөз мағынасына
түсінік беру)
ГАУҺАР ҚАҺАР ШАҺАР
АЙДАҺАР
ЖИҺАЗ ҚАҺАРМАН
ЖИҺАЗГЕР
(буындап оқыту, буын түрін
ажырату)
Суретпен
жұмыс:
-
Балалар, сендер қандай
батырларды білдіңдер?
-
Халықтың тәуелсіздігі үшін,
елдің амандығы үшін күрескен бірнеше мың батырлар бар. Атап өтсек:
Ұлы Отан соғысының батырлары:
Ерлікпен Отанымызды қорғады.
Ұлы Отан соғысына қатысқандардың есімдері аңызға айналып, тарих
бетіне «БАТЫР» деп жазылды.
Б.
Момышұлы
Халық қаһарманы
Н.
Әбдіров
Ұлы
Отан
соғысының
батырлары
Ә.
Молдағұлова
М.
Мәметова
Қайрат
Рысқалиев
Халық қаһарманы
Ләззат
Асанова
1986 ж. Желтоқсан
оқиғасының
құрбандары.
Ербол
Спатаев
Сәбира
Мұхамеджанова
Еліміз егемендік алып, біздің
республикалық «Егеменді ҚР» деп аталды. Тәуелсіздік күні деп 16-
желтоқсанды тойлаймыз. Биылғы жылы ҚР тәуелсіздігіне неше
толды?
ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығын
неше күн тойладық. (Мерекелік іс – шара өткіздік). Балалар, біз
қандай күнге жауапты болып, қандай күнді атап өттік? Дұрыс
айтасыңдар балалар, «ҚР рәміздері» күні. Батыр аталардың аттарын
ұмытпауымыз керек иа балалар.
Дәптермен
жұмыс:
Һ әрпін ауада
жазу
Һ әрпін дәптерге
жазу
Тақтаға түсіру: Гауһар,
жиһаз.
Топпен
жұмыс:
І -
тапсырма
|
ІІ -
тапсырма
|
ІІІ -
тапсырма
|
«Қар» сөзіне әр түрлі буын
қосу арқылы сөздер тауып
айту.
|
Ойлан
тап
(Үш буынды сөздер
құрастыр)
|
«Сөз
құра»
(берілген сөзден сөз
құрау)
|
(қар- ға, қар-та, қар-мақ,
қар-быз, қар-сақ, қар-ғу)
|
қа
|
шы
|
дақ
|
Қарлығаш- сөзіндегі әріптерді
пайдаланып жаңа сөздер табу
|
те
|
те
|
даш
|
то
|
ши
|
зе
|
ма
|
қыл
|
ға
|
(қар, ағаш, аға, қарға, аша,
лақ, қара, лақ, ғарыш)
|
ер
|
рын
|
гі
|
қар
|
ре
|
на
|
Дәптермен жұмыс: Сөздер
оқу.
Үйге тапсырма: Үстіндегі
сөздерді оқу
Сабақты бекіту: балаларды
бағалап, жақсы қатысқан балаларды марапаттап, жұлдыз
беру.