Сауат ашу: "Зз дыбысы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сауат ашу: "Зз дыбысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топқа арналған. сауат ашу негіздері конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Топ \ Группа: «Балапан»

Өткізу күні \ Дата проведения: 10.11.2020

Тәрбиеші \ Воспитатель: Шукеева Д.С

Өтпелі тақырыбы\ Сквозная тема: «Көлік»

Білім саласы \ Образовательная область: «Коммуникация»

Бөлімдер \ Раздел: «Сауат ашу»

Тақырып \ Тема: «З дыбысы»

Мақсат \ Цели:

Тәрбиелеуші: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқытушы: З дыбысымен таныстыру.

Дамытушы: З дыбысы кездесетін сөздер ойлап, буынға бөлу.

Сөздік жұмысы \ Словарная работа: Зымыран,

Ресурстармен қамтамасыз ету \ Ресурсное обеспечение: суреттер, дидактикалық ойын, сергіту сәті.

Билингвальдік компонент: Зымыран-Ракета.

  1. Ұйымдастырушы бөлімі:

Балалар бүгін бізге қонаққа Малика қуыршақ келді. Ол өзімен суреттер ала келіпті. қарайық қандай суреттер ала келді екен.

Негізгі бөлімі:

- суреттерге қарамаз бұрын Малика деген есімде бірінші қандай дыбысты естіп тұрсыңдар?

-М дыбысы қандай дыбыс?

-Зымыран, Қаз, көз, зебра. Бұл сөздерде қандай сөз ортақ болып тұр?

-З дыбысы екен. З дыбысы қандай дыбыс?

-Ол қандай түске боялады?

Сергіту сәті:

Балалар осы суреттерге сөйлем құрастырайық.

Зымыран не істейді? Зымыран ұшады.

Зебра не жейді? Зебра шөп жейді.

Балалар енді бір ойын ойнайық.

«Серкіру, шапалақтау»

Үш буынды сөз естісендер үш рет секіресіңдер, екі буынды сөз естісіңдер екі рет секіресіңдер.

Дыбыстық талдау:

Қ-дауыссыз дыбыс

А-дауысты дыбыс

З-дауыссыз дыбысы.

Дәптермен жұмыс.

Қорытынды бөлімі:

- Нан неден жасалады?

-Наубайхана бізде қай көшеде бар? Балаларды мадақтау







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Топ \ Группа: «Балапан»

Өткізу күні \ Дата проведения: 10.11.2020

Тәрбиеші \ Воспитатель: Шукеева Д.С

Өтпелі тақырыбы\ Сквозная тема: «Көлік»

Білім саласы \ Образовательная область: «Коммуникация»

Бөлімдер \ Раздел: «Сөйлеуді дамыту» «Жаратылыстану»

Тақырып \ Тема: «Қала және ауыл көшелерінде» «Көлік түрлері»

Мақсат \ Цели:

Тәрбиелеуші: Үлкендердің еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Оқытушы: Суреттерді салыстыра қарай отырып, қала мен ауыл туралы әңгімелеуге жаттықтыру. Көлікке деген тіленіске және құлшынысқа тәрбиелеу. топқа бөлуге жаттықтыру..

Дамытушы: Қарым-қатынас жасауға, өз жолдастарының жауаптарын толықтыру. Ортаға байланысты көлік түрлерін салыстыру

Сөздік жұмысы \ Словарная работа: Ауыл, қала.

Ресурстармен қамтамасыз ету \ Ресурсное обеспечение: суреттер, дидактикалық ойын, сергіту сәті.

Билингвальдік компонент: Қала-город

  1. Ұйымдастырушы бөлімі:

Балалар бүгін сендермен сиқыршы боламыз. Өйткені менің қолымда сиқырлы сандық бар. Ол сандықты ауылдан беріп жіберіпті. Оның ішіндегіні тапсырмаларды орындау арқылы ғана біле аламыз.

Негізгі бөлімі:

- Суретті салыстыру:

-Қала көшесінен сендер не көріп тұрсындар?

-Ал ауыл көшесінде не көріп тұрсындар?

-Қай жерде машина аз жүреді?

-Ауылда не жоқ?

-Көп көлік түрлері бар. Мысалы суде қандай көлік түрлері жүзеді?

Аспанда не ұшады?

-жерде не жүреді? Ал көліктер өз беттерінше жүреме? Оларды кімдер жүргізеді?

«Жүргізушіні тап»

Балалар қазір біз сиқыр жасаумыз. кемені жүргізусісіз жүргізіп көреміз. Суға кемені қойындар. Көрдіңдерме кеме жүрмей тұр. Ал енді саусағымызды сабынға батырамыз да суға саламыз. Кеме жүрді ме?

Қорытынды бөлімі:

- сендерге не ұнады?

Не істедіңдер? Балаларды мадақтау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2021
316
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі