жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін есептеу
БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін есептеу
Пән атауы: Физика
Дайындаған педагог Кайырлиева Кенжегул Тлегеновна
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ
Сабақ типі : практикалық жұмыс
2. Оқыту мақсаты: 11.8.1.14 - сутегі атомының энергетикалық құрылымына сүйене отырып, сызықтық спектрдің табиғатын түсіндіру Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін есептеу
Сабақ мақсаты: Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін есептеу,есептер шығару
Бағалау критерийлері:
Білу және түсіну:
Спектрдің түрлерін білуі;Сутегі атомының сызықты спектрін түсінуі;
Қолдану: Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін есептей алады
Сутегі спектрінің көрінетін бөлігіндегі барлық сызықтардың жиілігін анықтай алады;
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:
білу ,қолдану, анализ.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: слайд,11 сыныптың оқулығы
3.2 Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар:құрал-жабдықтар:
Сабақтың басы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Жұмысқа оң психологиялық көңіл-күй жасау.
Сабақтың ортасы: Спектрлер: 1.жолақ (тұтас) спектрді – тығыздығы өте үлкен денелер шығарады. 2.шығару сызықтық спектрін – тығыздығы өте аз қызған газдар немесе плазма береді. 3.жұтылу сызықтық спектрі – өте қызған денеден шыққан жарықты сирелген газ арқылы өткізген кездегі қара жолақтар
1.Есептер шығару мысалдары:
1.Толқын ұзындығы 720нм қызыл сәуле толық жұтылған кездегі фотонның импульсі неге тең: (h=6,62*10-34 Дж.с)
;
;
2.электрон сутегі атомының бір энергетикалық деңгейінен
екіншісіне ауысқанда жилігі 4,57
сәуле шығарады. Сонда атомның энергиясы қанша
өзгереді.
Б ерілгені:
![]()
![]()
![]()
3. Қандай шарт
орындалғанда
Бальмер – Ридберг өрнегі Бор формуласына ауысады? Егерде
берілген өрнектің екі жағында
онда:
![]()
Бордың ІІ – постулатын
аламыз.
2.Сұрактарға жауап беріп кесте толтырамыз
|
1 |
Білу |
Атомдық сәуле шығару дегеніміз не? |
|
|
2 |
Түсіну |
Спектр қалай пайда болады? |
|
|
3 |
Қолдау |
Кез-келген денені қыздыру арқылы сәуле шығаруға болады ма? |
|
|
4 |
Талдау |
Шығару және жұтылу спектрін салыстыр? |
|
|
5 |
Жинақтау |
Спектрді қолдану идеясы неге негізделген? |
|
|
6 |
Бағалау |
Спектрді білу біз үшін маңызы қаншама? |
|
3. Өз бетімен есептер шығару
1.Толық жұтылған кездегі фотондардың
иммульсі
болатын ультракүлгін сәулесінің
толқын ұзындығы қандай? (h = 6,63 *10-34 Дж.с)
![]()
![]()
2.Энергиясы тыныштық күйден 3,3В потенциалдар айырмасы арқылы үдетілген электронның кенетикалық энергиясына тең болатын фатонның толқын ұзындығын тап. (h=6,6*10-34 Дж.с; e=1,6*10-19 кл.)
E=M;
![]()
3.Потенциалы 600В өріс
нүктесінен ұшып жыққан электронның жылдамдығы
, ал бағыты өріс күш сызықтарымен бағыттас.
Электрон келіп тоқтайтын нүктенің потенциалын
анықтаңыз.
(e = 1,6 * 10-19кл; m = 9,1 * 10-31 кг)
![]()
![]()
Дескриптор: Спектрдің түрлерін білуі;
спектрдің көрінетін бөлігіндегі барлық сызықтардың жиілігін анықтай алады; ультракүлгін сәулесінің толқын ұзындығын таба алады
Сабақтың соңы:
Рефлексия
-
Сізге практикалық жұмыс ұнады / ұнады
-
Осы практикалық жұмыста қандай қиындықтарға тап болдыңыз ?....
-
Бұл практикалықжұмыста не өзгерер едіңіз ?....
-
Сұрақтарды ауызша немесе жазбаша түрде талқылауға болады.
6. Кері байланыс және үй жұмысы.
Рефлексия: Рефлексия. Бағалау критерийлері (оқу мақсатын талдау)
Мұғалім студенттерге сұрақ қояды:
«Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?Біз үшін әлі нені түсіну қиын?»
Қиындықтарды талдау.
Үй жұмысы: Физика 11 С.Тұяқбаев, Б.Кронгарт §44-56
Үйге тапсырма: жоғарыдағы тапсырмаларды аяқтап келу
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген