Материалдар / «Саусақ ойыны мен жаттығулары арқылы балалардың тілдерін дамыту»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Саусақ ойыны мен жаттығулары арқылы балалардың тілдерін дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған сөйлеуді дамыту мектепалды даярлық сыныпқа арналған саусақ ойыны мен жаттығулар дидактикалық және дамытушы материал ретінде ұсынуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2020
5816
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы

КММ «№1Егіндікөл орта мектебі

«Саусақ ойыны мен жаттығулары арқылы балалардың тілдерін дамыту»

















Picture 1



Picture 2





















Мектепалды даярлық сыныпқа арналған сөйлеуді дамыту пәні бойынша «Бала саусағын ойната отырып,тілін дамыту»дидактикалық және дамытушы материал



Құрастырған : Г.Қ. Смагулова №1 Егіндікөл орта мектебінің

Мектепалды даярлық мұғалімі



Пікір жазған:

Оқу ісінің меңгерушісі:Қуатова Гүлзат Қуатовна

«Егіндікөл ауданы білім,дене шынықтыру және спорт бөлімі»

Мемлекеттік мекемесінің әдістемелік орталығының №2 хаттамасы



Ұсынылып отырған сөйлеуді дамыту мектепалды даярлық сыныпқа арналған саусақ ойыны мен жаттығулар дидактикалық және дамытушы материал ретінде ұсынуға болады. Бұл кітапшада саусақ ойындары жас ерекшеліктеріне орай құрастырылған. Сонымен қатар саусақ моторикасын дамытуына көп көмек береді.Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының,сөздердің өзара байланысының(диологты дұрыс жүргізуге,түсінік айтуға,т.б .шыңдалуына себепші.Балалардың тілін дамыту үшін бірнеше саусақ ойындары мен жаттығуларын жасауға болады.

Ақмола облысы,Егіндікөл ауданы

«№1 Егіндікөл орта мектебі»КММ басып шығарған



Ақмола облысы,Егіндікөл ауданы,

Егіндікөл ауылы,Мектеп көшесі 6

Телефон:8-716-42-2-14-94

E-mail: Egindykol_sh 1@mail.ru



Алғы сөз

Баланың негізі қабілеттерінің қайнар көзі осы алақанда және саусағында екен.Сол саусақтағы нүктелерге массаж жасау арқылы баланың ойлауын,зейінің шұғылдандыруын қиялын тіпті сөйлеуін бәрін дамытуға болады.Ең бірінші сөйлеумен тіл осы ұсақ моторикаға байланысты дамиды екен.Саусақ жатттығулары тіл үйретудің қандай да бір әдісі ретінде атай алмасақ та, оның қызықты, әрі пайдалы іс екендігінде сөз жоқ.

Танымал педагог В.А.Сухомлинский: «Балалардың ақылы саусақтың ұшында» деген екен.

Саусақ ойындары баланың миын дамытады, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, қиялын жетілдіреді.Саусақ ойыны және жаттығулар арқылы балаларды дұрыс сурет салуға дайындайды,бала бақшадан келген балалар саусақ арқылы жазу дағдысын қалыптастырады.,зейін,есте сақтау қабілеттері жақсарады. Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау саусақ ойыны деп аталады.Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы,қабілеті дамып,ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.Саусақ ойының ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды,жан жануарларды,құстарды және ағаштарды бинелей алады.Саусақ ойындары әр бала үшін қызықты, әрі пайдалы. Тіптен кішкене сәбилерде ересектердің қол қимылын бақылап, «қоянның құлағын қозғалтқанына», «өрмекшінің жүгіргеніне», «құстың ұшқанына» т.б. қызыға қарайды. Өлеңдер баланың зейінін аударады және жеңіл жатталады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі,әр қимылы көрсетіледі.Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі»




















Саусақ ойындарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

*Ойынды бастар алдында баламен бірге оның мазмұнын талқылап, осы орайда қажетті ым-ишара, саусақ, қимыл үйлесімділігін игеруге болады.

*Жаттығуды бастамас бұрын алақанды жылуды сезінгенге дейін жеңіл сипай отырып қыздырады.

*Барлық жаттығулар 3-5 рет жай қарқынмен, алдымен оң қолымен, содан соң сол қолымен, кейін екі қолымен бірге орындайды.

*Жаттығуларды баламен бірге орындаңыз, осы жерде ойынға еліктегеніңізді, қызыққаныңызды көрсете біліңіз.

*Жаттығуларды орындау барысында мүмкіндігіңізше қолыңыздың барлық саусақтарын қатыстырыңыз. Бір қимылдан екінші қимылға ауыстыру үшін қол білезігін дұрыс қоя білуіне көңіл бөліңіз.

*Балалардың барлық жаттығуларды жеңіл, қол бұлшықеттеріне шектен тыс күш түсірмей орындауына көңіл бөліңіз. Бұл жаттығулар оларды шаттық сезіміне бөлеуі тиіс.

* Ойынды қайталап өткізу барысында балалар кейде мәтінді үзік-үзік (әсіресе сөйлемнің басы мен соңын) айта бастайды. Біртіндеп мәтінді жатқа айтады және сөзді қимылмен сәйкестендіріп тұтас айтатын болады.

*Екі немесе үш жаттығуды орындаған соң, біртіндеп оларды жаңа жаттығулармен алмастырыңыз. Ең ұнамды, ұтымды ойынды өз қоржыныңызға қалдырып, балалар қалауына қарай қайта ойнауға болады.




















Саусақ ойынын қолдану технологиясы

Жасы

Мазмұны

Технологиясы

3-4 жас

Балалар жануарлар бейнесін алдымен оң қолымен, содан соң сол қолымен, кейін екі қолымен бейнелеп орындайды.

Содан соң осы ұстаныммен екінші бейнені жасап үйренеді.Әрі қарай бір қолымен бірінші бейнені, келесі қолымен екіншісін орындайды және екі бейнені екі қолға ауыстырып бейнелейді.Балалар оң және сол қолын кезектестіріп саусақтарын бүгіп және жазып үйренеді.Балаларға өлең, тақпақ не санамақ үйретіледі. Балаларға жануарларды қолмен, саусақпен қалай бейнелегендерін еске түсіру ұсынылады. Содан кейін кейіпкердің басты іс-әрекетіне көңіл бөлінеді. Балалар қимылды орындау барысында саусақтарын қажетті қалыпта сақтай білуі тиіс.

4-5 жас

Балалар оң және сол қолымен алуан түрлі жануарлардың т.б. бейнелерін және қимылдарын орындайды.Балалар екі қолының саусақтарын бүгіп қысады, яғни жұдырықтайды және кері жазады.Балалар екі қолының саусақтарын біріктіріп қандай да бір бейне құрайды.Бейнені құрып орындау барысында қол білегінің, саусақтардың дұрыс қалыпта тұруына көңіл бөлінеді.

5-7 жас

Балалар қолдарын көрсетіп, бейнелерді ауыстыра отырып, өлең, тақпақтарын айтады.Бір қолының саусақтарын кезектестіріп біріктіреді (1-2, 1-3, 1-4, 1-5). Содан соң екінші қолымен және екі қолымен қатар орындайды.Қосымша материалдарды (шар, орамал, қарындаш) қолдана отырып жануарлардың бейнесін саусақпен құрады.Қолмен, саусақпен құрылған бейнелердің сапасына, жеке саусақтардың қимыл үйлесімділігіне және затты ұстау ептілігіне көңіл аударылады.









Саусақ жаттығулары

Саусақ ойындарын ойнату үшін алдымен балаларға қарапайым саусақ жаттығуларын жасату қажет. Саусақтары жаттыққан бала сөзді немесе өлеңді ойын қимылдарын тез орындап үйренеді.«Достық»жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос(қол саусақтары өз-ара бірігеді)Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз(екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)Бір,екі,үш,төрт,бес(шынашақтан бастап,саусақтарды кезекпен бір біріне тигізу)Қайтадан санауды бастаймыз.Бір,екі,үш,төрт,бесЕнді санауды аяқтадық(қолды төмен түсіреміз,демалтамыз)

Жаттығу:

Санайық жаңаша

Бір,екі,үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек

Шылдыр шүмек

Кішкене бөбек.



1.Шынжыр.Оң және сол қолдағы баспармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп,жүзіктер секілді айқасып,шынжыр жасайды.

2.Піл:оң қол алақаны жайылып тұрады.Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса,баланүйрек саусаұ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар,ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

3.Доп:алақандар бір-бірімен жабысады.(доп пішінін жасайды.)

4.Гүл:қолдар,саусақтар жоғары қарайды.Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады.Саусақтар ашылады.Осы жаттығуларды оырындай отырып,мына өлең жолдарын айтады.

Саусақтар шыңжыр болады.

Үзілмейді тартсаң да,

Ал,піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

Саусақ ойынына арналған өлеңдер

Қазақтың халық тәрбиесінде ойын-өлеңдер саусақ ойындарының эстетикалық әсерін арттырады. Балалар әдебиетіне үлес қосқан танымал ақын-жазушылардың саусақ ойынына арналған өлеңдері баршылық. Осы өлеңдерді саусақ ойыны арқылы орындаған жөн.

Бас бармақтай балақай

Ойынның мақсаты: балаларды қойылған сұрақ пен оған қайтарылған жауапты айтушының дауыс ырғағын ажыратуға және оларды жеңіл-желпі ойындық қимылдар жасай білуге үйрету.Баланың жұдырығын түйіп тұрған қолын ұстайды да, тақпақтың сөзін айта отырып, саусақтарын бір-бірлеп (тақпақтың сөзіне сәйкес) аша береді:

Бас бармақтай балақай, (Басбармақты ұстап)

Қайда болдың?

Мынау үлкен ініммен (Сұқ саусағын ашады)

Орманда болдым бүгін мен.

Ал мына бір ініммен (Ортаңғы саусағын ашады)

Ас пісірдім бүгін мен.

Одан кейінгі ініммен (Аты жоқ саусағын ашады)

Ботқа жедім мен енді.

Ал мына ініммен (Шынашағын ашады)

Айттым ән мен өлеңді.

Бұл тақпақты екі-үш балаға қатарынан айтқызуына болады, бірақ алдымен олардың әрқайсысына жеке-жеке айтып көрсету керек, сонда ғана балалар тәрбиешінің алғашқы көрсеткеніндей жұдырықтарын өздері түйіп, саусақтарын бір-бірлеп өздері ашып отыратын болады.









«Қуырмаш»

«Қуырмаш» ойыны әрі баланың көңілін көтереді, әрі тілін дамытып, дүниетанымын арттыру үшін қолданылады.

Рисунок 8 Қуыр-қуыр қуырмаш,

Бидай қуыр, қуырмаш.

Тауықтарға тары шаш:

Бас бармақ,

Балан үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек

Кішкене бөбек, - деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап, жұдырыққа түйеді де, одан соң әрбір саусаққа «қызмет» беріп, іске жұмсап, балдырған-дардың жұдырығын жазады:

Сен тұр – қойыңа бар!

Сен тұр – жылқыңа бар!

Сен тұр – түйеңе бар!

Сен тұр – сиырыңа бар!– деп төрт саусақты төрт түлік малға «жұмсайды да, ең кішкене саусақ шынашақты жұмсамай еркелетіп:

Ал сен алаңдамай

Қазанның түбін жалап,

Үйде жат!- дейді де, оны «жатқызып қойып, ойыншы қол бойынан» қызық іздейді:

Мына жерде қант бар,

Мына жерде жент бар,

Мына жерде қатық бар,

Мына жерде қытық бар!

- деп қытықтап, балдырғанды еріксіз күлдіреді.


Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алма жіпті де.

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды ...

Өнерлі екен он саусақ!

Қала салсақ, жол салсақ...



Қуыр, қуыр, қуырмаш

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Мен айтайын қолыңды аш.

Мынау тұрған – бас бармақ,

Жұмыс содан басталмақ.

Алақанның тұңғышы,

Болсын осы жылқышы.

Балаң үйрек жанында,

Бейім сиыр бағуға.

Мына жерде күн болар,

Мына жерде түн болар,

Мына жерде н ай шығар,

Мына жерден май шығар.

Бәрін айтып болдық па?

Келіп қалдық қолтыққа.

Қытық, қытық, қызық-ай,

Міне, өрік, міне, май.

Е. Ашықбаев



Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ.


Кел санайық, санамақ,

Саусақтарды даралап

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы,

Ортан терек атасы,

Шылдыр шүмек анасы,

Шынашағым балапан,

Бәріне ортақ алақан.

 

Мен базарға бардым

Ысқырық сатып алдым.

Қызыл, жасыл, көгілдір

Қайсысын алсаң өзің біл.















Саусақ жаттығулар


 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!