Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саусақтарды жаттықтырамыз- сөйлеп үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі төрт жастағы балаларға ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Саңырауқұлақтар

Shape1 Ақжаңбырық-саңырауқұлақ, (Оң қолдың жұдырығын түйіп, алға соза ды.)

Алаңқайда өскен,басында қалпақ. (Сол қолдың алақанымен оң қолдың жұдырығын жабады)

Түбінде ұлу бүлкілдер текке, (Сол қолды қозғалыссыз қалдырып,оң қолды алып кетеді)

Мүйіздерін көтеріп көкке. (Оң қолдың сұқ және ортаңғы саусағын көтеріп,қалған саусақтарды бармақпен ұстап тұрып,қолды аздап айналдырып қоюға болады)

Саңырауқұлақты боя.Көрсет және ата:

  • Үлкен саңырауқұлақ

  • Кішкентай саңырауқұлақ

  • Үлкен және кіші саңырауқұлақ



















Көкөністер

Бақшадағы қызанағы- Бағдаршамдай қызарады. (екі қолдың саусақтарын дөңгелетіп әкеліп,ұқсаса саусақтарды біріктіріп, «қызынақ» жасау)

Өте ұзын боп өскен және Жасыл түсті қиярың әне (Қиярдың ұзындығын өлшеу үшін екі қолдың арақашықтығын алшақтату)

Қызғылт сәбіз өсіп тұрған атызда, Жұлу оны қиын емес расында. (Екі қолдың да саусақтарын бүрістіріп,қолды кезекпен көтереміз –«сәбізді жұламыз»)

Көкөністерді боя. Орыс тілінде ата:

  • Қияр-огурец;

  • Қызанақ-...

  • Сәбіз-....







































Жемістер

Бостан-босқа тұрмаймын, Алмұрттарды жинайын! (Сол қолды кеуде тұсында иіп ұстайды – «себет», оң қолмен ағаштан алмұртты жұлып алып,себетке салған қимылын көрсету.)



Алманы да терейін, Досым келсе берейін. (Қолдарын ауыстырады)

Бананды аршып,оны да (Сол қолымен «бананды ұстап», оң қолымен –«аршиды»)



Ұстатам достың қолына! («Банан» ұстаған қолын алға созады.)





Боя:алманы-қызылмен,бананды-сарымен,алмұртты-жасылмен.

Қайсысы қандай түсті екенін ата:

  • Алмұрт-жасыл;

  • Алма-...

  • Банан-...



























Күз

Шатырын ұстап алтын күзім келеді, (Оң қолды кеуде тұсында жиырып ұстау-«қолшатырды ұстағандай»)



Жаңбыр астында жапырақтарды тереді: (Сол қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарын жүргізіп, «қыдыру»)

(Оң қол саусақтарын кезекпен бүгіп санау)

Жапырағы қайыңның (5),үйеңкінің (4), Шетеменен (3), еменнің(2),Қызыл түсті көктеректің(1).

Боя: бұлтты-көкпен,ағашты-сарымен,қолшатырды-қызылмен.

Түстерін ата:

  • Бұлт-көк;

  • Ағаш-..

  • Қолшатыр-...



























Ойыншықтар

Ойыншықпен ойнауды мен бастаймын: (Қолдарды алға созып,екі қолдың да саусақтарын жұмып-ашамыз.)

Допты саған дәл лақтырып тастаймын, (Қолдарды алға созып, «допты лақтырамыз»)

Пирамида құрастырып үйрендім, (Саусақтар түзу,алақанды төмен қаратып,қолдарды бірнеше рет бірінің үстіне бірін саламыз.)

Машинаны ары-бері сүйреймін. (Оң қолдың бос ұстаған саусақтарын алғы созып – «машинаны сүйретеміз»)

Ойыншықтарды боя:

Бұл ойыншықтармен қалай ойнайтынын әңгімеле:

  • Допты-лақтырады,қағып алады,домалатады...

  • Пирамиданы-....

  • Машинаны-.....

























Киімдер

Малақайлы,бөкебайлы, Қолғап кием қолға ыңғайлы. (Басты,мойынды және қолды көрсету)

Күртешемді үстіме ілем, Ысырмасын да сала білем, (Сол қолмен ішті ұстап,оң қолды төменнен тамаққа қарай жылжыту- «киімнің ысырмасын салу»)

Аяққа етік кием жайлап, Қысқа арнайы алған сайлап, (Аяқтарды көрсету.)



Малақайды,етіктер мен күртені боя.

Орыс тілінде ата:

  • Күрте-куртка.

  • Малақай-...

  • Етік-...





















Жабайы аңдар

Тікірейген құлақтары, (Екі қолды самай тұсына ұстау,сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты көтеру-«қоянның құлақтары»)

Секеңдер қоян жырақтағы, (Екі қолды кеуде тұсына саусақтарын төмен қарата ұстау-«секіру»)



Үсті-басы тікенек түрлі,Жолсыз жермен келеді кірпі, (Саусақтарды айқастырып қозғалту)

Оның артынан жортады түлкі, Құйрығы мен құбылған сырты. (Екі қолды алға созып,қалықтата қозғау)

Қоянды,кірпі мен түлкіні боя.

Оларжы суреттеп айтып бер:

  • Қоян-сұр,жұмсақ;

  • Кірпі-...

  • Түлкі-...

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2018
650
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі