«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Сауысқан мен көкек»

Пән мұғалімі: Азиева Толғанай
Пәні: әдебиеттік оқу
Сынып: 2 «А»
Сабақтың тақырыбы:Сауысқан мен көкек
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік:кім?,кімдер?,не?,нелер? сұрақтарына жауап беретін
сөздерді меңгерту.Сауысқан мен көкек ертегісімен таныстыру.Құстарға көмек бере білуге үйрету, меңгерту.
Ә)дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды
дамыта отырып, өзгелердің пікірін тыңдауды, дұрыс қарым-қатынас жасауды, ойын еркін жеткізуді, көре отырып қорытынды шығару қабілеттерін шыңдау.
Б)тәрбиелік:құстарға қамқорлық жасай білуге, еңбекке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс:бейнелеу,дүниетану,еңбекке баулу.
Сабақтың
көрнекілігі:сауысқан,көкек,құстар суреті,
макеттер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер,құс
ұясы, 
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Армысың ,шапағатты күніміз,
Армысың ,мейірімді жеріміз.
Армысың , табиғат-анамыз,
Армысың ,мейірбанды ұстаздар.
2.Үй жұмысын сұрау:
Қ.Ыдырысовтың «Құстарым, келіңдер» өлеңін жатқа оқушылардан сұралады.
3.Өткен сабақты қорытындылау:
1.Қазір қандай мезгіл?
2.Көктем айларын ата.
3.Қандай құстарды білесіңдер?
4.Құстарға қандай қамқорлық жасайды?
5.Жылы жақтан қандай құстар келеді?
Жұмбақтар
Ала шапан кигені, Бір-ақ сөз біледі,
Сескенгіш болған соң. Өз аты онысы.
Қыпылықтап жүргені. Соны айтып жүреді,
(сауысқан) Және жоқ қонысы. (көкек)
4.Сергіту сәті:
Торғай ,торғай ,торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың
5.Жаңа сабақ: «Сауысқан мен көкек» ертегісі.
Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті.Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті.Көкек күнде ерте тұрып алып: «Ұя керек ,ұя керек!» -деп,көршілерінің мазасын кетіреді.Бір күні сауысқан көршісіне:
-Екеуміз бірігіп,берік ұя жасайық .Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,
-дейді.
Көкек :
-Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек ,керек!» деп қақсай берсем,жұрттың бәрі ағайыным,көп болып көмектесіп,ұя салып берер,-деп келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ ,ұя салуға кірісіпті.Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен таспалап,берік етіп өреді.Оны шыммен , өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырады.Іші –тысын сазбалшықпен сылайды.Кішкентай бұтақтардан құрастырып шағын қақпалы есік жасайды . Ұяның астына мамық төсейді.
Ал көкектің «керек,керек» деп қақсай-қақсай даусы қарлығып,тілі сақау болады.Ол кейінгі жылдарда «керек»деудің орнына «көлек,көлек»дейтін болыпты.Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болған.Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы жоқ. Жұмыртқасын кез келген ұяға тастап кетеді.Оны басқа құстар басып шығарады.Балапандары жетім өседі.
1.Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі неде?
2.Көкектің қандай ойы болды?
3.Сауысқан ұяны қалай салды?
4.Көкек қандай құс екен?
5.Сауысқанның ұя салу әдісін мәтіннен тауып оқыңдар.
Кім ?кімдер?не?нелер?сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның, жануарлардың және заттардың атын білдіреді: Айсұлу,қоян,кітап.
Б
НЕЛЕР?
ерілген сөздерді тиісті үйлерге орналастырады
НЕ?
КІМ?
КІМДЕР?

6.Топпен жұмыс.
1-топ «Үй құстары». Бұл топтың оқушылары үй құстары жайлы мәлімет береді.
Үй құстарына тауық,үйрек,қаз,үндік,әтеш жатады.Олардың етін,жұмыртқасын пайдаланамыз.
Көктемде үй құстары балапан шығарады.Адамдар оларға жем,су береді.
Менің атам тауыққа әдемі тауық қора жасап берді.Мен оған күнде қараймын.
Тауықтың жұмыртқасын анам пісіріп біздерге береді.Одан қайнатады,тортқа қосады.
Үй құстарын адамдар өсіріп,күтіп баптайды.Жемін,суын беріп қарайды.
2-топ «Орман құстары».Бұл топтың оқушылары орман құстары жайлы мәлімет береді.
Тоқылдақ –орман дәрігері.
Тоқылдақ –орман құсы.Ормансыз және ағашсыз тоқылдақтың тіршілік етуі мүмкін емес.Уақытының көбін ағаш үстінде өткізеді.Ағаш діңімен өрмелеп,шапшаң жүре алады.Негізгі құралы-өткір тырнағы мен тіреуіш құйрығы.
Сауысқан
Сауысқан басқа құстардан жекеленіп,өздері топтасып жүреді.Сауысқан қорек талғамайды.Негізгі қорегі-бунақденелілер.
Көкек
Көкек басқа құстардың жемейтін жәндіктерін жейді.Олардың ішінде улылары да ,түктілері де бар.Көкек өз жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салады.
Қараторғай
Қараторғай –әнші құс.Олар көбіне бунақденелілерді жейді.
Бұлбұл
Бұлбұл –әнші құс.Ол тамылжыта ән салғанда орман іші көңілді болып кетеді.
3-топ «Бейнелеу».Бұл топтың оқушылары құстар туралы сурет салады, құрастырады.
4-топ «Су құстары».Бұл топтың оқушылары суда тіршілік ететін құстар жайлы мәлімет береді.
Шағала
Күміс қанат шағала
Ұшып жүрсің жағада
Қармағың жоқ,ауың жоқ
Шабақ алдың бағана
Аққу
Кербезденген көл еркесі,
Аққулардың көлеңкесі-
Қарасын деп басқа жұрт,
Суда аунаған ақша бұлт.
Құстар келді
Тырна келді тыраулап,
Тіліп өтіп аспанды.
Қаздар көлде жүр ойнап,
Көктем тойы басталды.
Көктем жыры
Нұр шашып күн күлімдеп,
Жайнады жаз,
Құлпырды жер бетінде көрікті наз.
Саңқылдап ,үнін қосып сай-салаға,
Көк жайлап,мамырлады аққу мен қаз.
Құстардың досымыз
Біз қамқоршы баламыз,
Құстарға ұя саламыз.
Жем,су беріп жаз бойы,
Балапанын бағамыз.
7.Дәптермен жұмыс:
8.Сергіту сәті:
Әтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарайды.
Шынықтырып денені,
Қанаттарын қағады.
Ку-ка-ре-ку тұр-тұрлап,
Оятады баланы.
9. Жаңа сабақты бекіту: 1-топ .Қандай құстар алысқа ұшады?
Торкөздерге құстардың аттарын жаз.
К
К

Қ
Р

Ш
М
Ш
Қ
Қ
А
Л
Ғ
Ш
2-топ .Берілген сызбаға құстардың аттарын жазады.
![]()
![]()
КҰСТАР
![]()
3-топ . «Торғай ,саған не керек?» өлеңді ролге бөліп оқиды.
-Торғай,торғай,торғайым,
Кел ,сенімен ойнайын!
-Ойнар едім,қарағым,
Жұмысымнан қаламын.
Ішіне мен ұяның
Ұлпа мамық жиямын.
Ұям жайсыз болмасын,
Балапаным тоңбасын.
-Торғай,саған не керек?
-Маса ,
Сона ,
Көбелек ,
Дән шашылса,теремін,
Бөбегіме беремін.
4-топ. Көрініс көрсетеді.
«Сауысқан мен қарға» (мысал)
Сауысқан бір ағаштан екінші ағашқа секіріп,шықылықтап жүргенде ,бір қарға ағаштың басында үндемей отыр еді.Оған сауысқан келіп:
-Неге менімен кеңеспей ,томсырайып отырсың.Болмаса менің айтқан сөзіме нанбайсың ба?-деді. Сонда қарға:
-Нанбаймын.Көп сөйлеген кісінің сөзінің жартысы өтірік болады,-деді.
10.Сабақты қорыту:
1.Құстар қандай пайда келтіреді?
2.Құстар немен қоректенеді?
Жұмбақ
Қайталап атымды
Ән салып аламын.
Кез келген ұяға
Жұмыртқа саламын.
11.Үйге тапсырма :
«Сауысқан мен көкек» ертегісін түсініп оқып келесіңдер. Сабақта рөлге бөліп оқытамын.
12.Бағалау :
Оқушылардың білімдерін бағалаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сауысқан мен көкек

шағым қалдыра аласыз