Саз
сабақтарында мектеп жасына
дейінгі балаларды шығармашылыққа
баулу
Мектеп жасына
дейінгі жалпы балаларды шығармашылыққа
баулу дегеніміз саз жетекшісінің ең басты міндеті деп есептеймін.
Өйткені өзге пәндерге қарағанда музыка сабағында саз жетекшінің
балаларды шығармашылыққа баулуға үлесі зор.Өйткені бүлдіршіндерді
әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге, шығармашылыққа
баулитын кезең – ол балабақшадан басталмақ. Өсіп келе жатқан жас
буын әдеби ертегілер мен бейнелеу өнері шығармаларындағы, музыка
мен әуендегі, табиғаттағы, тұрмыстағы шын мәніндегі көркемдік
қабылдау арқылы эстетикалық құштарлықты сезініп қана қоймай, ондай
туындыларда кездесетін ұнамсыз жақтарын да ажырата
біледі. Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық
тәрбиенің басты саласының бірі – музыка мен ән.
Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген
көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес
қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді.
Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге
баулитын кезең – балабақшадан басталмақ. Әсіресе музыка өнерімен
шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі. Музыка
сабақтары балаларды жан-жақты дамыту барысында көптеген мақсаттар
қояды. Ол балаларды музыка тыңдай білуге , оны тұтастай
қабылдай білуге, оны сезіне білуге
тәрбиелейді.Музыкалық мәнерлілікке баулу, дыбыстардың типін
түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру мектеп жасына дейінгі
балаларды саз өнеріне баулудың басты қағидаларының
бірі.Ал ән
айту, музыка тыңдау, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) –
музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері болып
табылады.
Жалпы бағдарлама бойынша
балабақшада ән сабағының өтілу кезеңі алты бөлімнен
тұрады:
1. Кіріспе
бөлімі
2.
Музыкалық ырғақты қимылдар
3. Ән
тыңдау
4. Ән
үйрету
5.
Билер
6.
Ойындар
1. Кіріспе
бөлімі
Кіріспеде
балалар саз залына көңілді әуенмен немесе вальс әуенімен, немесе
марш музыкасымен кіреді. Осы музыкамен балаларды музыка ырғағына
ілесіп жүруге, әр жанрдағы ырғақтың өзіндік ерекшеліктерін айыра
білуге үйретеміз. Шеңбер бойымен жүреді, содан кейін тоқтайды да
саз жетекшісі балалармен амандасады, балаларда әуенмен жауап беріп
амандасады.
2.
Музыкалық ырғақты қимылдар
Музыкалық
ырғақты қимылдарда балалар шеңбер бойымен жүріп әр түрлі қимылдар
жасайды. Яғни мынадай қимылдар жасайды: Күн сәулесін бейнелейді,
құс болып ұшу қимылы, жеңіл жүріс, әр түрлі би қимылдары және
т.б
Музыкалық
ырғақты қимылдарды жасау барысында балаларды әдемі жүруге, билеген
кезде әдемі қозғалуға және жас ерекшеліктеріне қарай қимылдарды
жасату.
Осыдан
кейін балалар ән айтатын орындарына отырғызылады. Олар отырған
кезде әдемі отыруға, аяқтарын жинап, қолдарын алдарына қойып
отырғызуға үйрету.
3. Ән
тыңдау
Музыка
тыңдау бөлімінде жекелеген музыкалық үндерді және тұтастай
музыкалық шығармаларды тыңдай білуге, ондағы музыкалық дыбыстарды
ажырата білуге жаттықтырамыз. Ән тыңдауды да жас ерекшеліктеріне
қарай және тақырыпқа сай таңдап алу. Дыбыстардың биіктігін,
ырғағын, музыкалық бояуын және дұрыс тыңдап, қабылдай білу
қабілетін дамытамыз. Дыбыс биіктігін, дыбыс бояуын, музыканың
басталуын және аяқталуын аңғаруға жаттықтырамыз. Сонымен бірге
тыңдау арқылы балалардың эстетикалық сезімдері, талғамдары дамып,
эмоциялық сезімдері оянып ләззат алады. Музыкаға деген
қызығушылықтары артып, тыңдау қабілеті дамиды. Музыка тыңдату
жайында балалар дамуының бірдей дәрежеде еместігін түсіну маңызын
саз жетекшісі білуі керек. Музыканы тыңдағанан кейін балалардан
әннің қалай, қандай күйде орындалғанын сұрап білуге болады яғни ән
көңілді ме әлде мұңды ма деп. Бұл арқылы балалардың қаншалықты әнге
зейін қойып тыңдағанын немесе әнге деген қызығушылықтарын білуге
болады. Осыдан кейін балаларды ән айтуға дайындау яғни ән айтпас
бұрын әндік демге байланысты жаттығулар жасалады. Мысалы: ауызды
кеңірек ашу оны біз арыстан сияқты деп атап айтамыз, тілді
кескілеу, ауыз қуысында тілді екі жақ бетке түйрелеу, «ля,ля ля»
баспалдақ пен жоғары көтеріліп, төмен түсу, басқада әр түрлі
дыбыстар мен жасауға болады. Балаларды дыбыстарды таза айтуға
үйрету үшін дауыс жаттығуларын жасатудың пайдасы өте зор. Бұл
балалардың қабылдау деңгейіне қарай үлкен шығармашылық іскерлікті
қажет етеді. Осыдан кейін үйренетін әнді ең алдымен балаларға
таныстырып өту яғни әнді әнімен айтып беру, кейін әнің сөздерін
үйрету яғни үйретуге кірісу.
4. Ән
үйрету бөлімі
Ән
бөлімінде балаларды ырғағына келтіре, әдемі ән салуға тәрбиелейміз.
Ән салу арқылы өлеңнің мазмұнын, тәрбиелік мәнін саналы түрде
меңгеруіне мүмкіндік береміз. Балаларды хормен ән айтқызып
жаттықтыру арқылы, оларды ортақ сезімге бөлендіріп, өздерінің
әрекеттерін бір әуенге үйлестіруге төселдіреміз, жауапкершілікке,
шығармашылыққа ұйымшылдыққа баулимыз. Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын
қалыптастырамыз. Жеке дауыста ән айта білуге, әндерді есте сақтай
білуге, музыкалық шығармалардың құрылысын түсіне білуге
тәрбиелейміз. Ән үйретуді де жас ерекшеліктеріне қарай және
тақырыпқа сай алынады. Ән үйрету үшін әр түрлі тәсілдер қолдануға
болады яғни бір баланы жеке өзіне айтқызу немесе барлығын
орындарынан тұрғызу арқылы айтқызу және ақырын қатты түрде айтқызу
арқылы. Осы арқылы әр баланың әнді қалай айтатынын икемі бар екенін
және жоғары төмен дыбысты қалай алатынын біліп сол балаларды
шығармашылыққа дайындап үйрету.
5.
Билер
Би
бөлімінде музыканың әуен-ырғағымен орындалатын арнайы жаттығулар
жасату арқылы музыкалық ырғақты сезінуін қалыптастырамыз. Әуен
сазын түсініп, сәнді қимылдар жасай білуге үйретеміз. Дене
жаттығуларын музыкалық әуен ырғағына қосылып, әдемі қозғалыс
көріністерін жасауға ынталандырамыз. Би қимылдарын жасатып, мүсін
сымбаттылығын қалыптастыруды көздейміз. Оларды билеткен кезде
бірдей бір келкі жасауға үйретеміз яғни
баулыймыз.
6.
Ойындар
Ойын
арқылы балалардың музыкалық қабілеттерін арттырамыз. Ойынды дұрыс
және мәдениетті ережесімен ойнауға үйтеру. Сап түзеп жүруге, дене
бұлшық еттерінің ширауына да әсерін
тигіземіз.
Қазақ
халқының ұлттық ойындарын ойнаған кезде ойналу тәртібі мен өзіндік
ерекшеліктері жөнінде қысқаша түсінік береміз. Музыкаға және биге
деген шығармашылықтарын дамыта отырып, музыкалық білімдерін
арттырамыз. Оқу жылы басында осы мақсаттарға жету үшін әр айға
тақырыптық жоспар жас ерекшеліктеріне қарай жүйелі түрде құрылуы
тиіс. Ойынның тәрбиелік мәні зор. Бала ойын арқылы дамиды. Ойын
білместі – білгірге, орашолақты – іскерге айналдырады.Балабақша
тобына келген балалардың жас ерекшеліктері бірдей емес. Ойындар
арқылы балалардың музыкаға, биге, ән әлеміне деген ынта-ықыласын
жас кезінен арттырып қана қоймай, олардың сезімталдығын,
кішіпейілділігін, ұйымшылдығын, эстетикалық құштарлығын тәрбиелеуге
қызмет етеміз.Балабақшадан даярлық тобына барған балалар өздерін
еркін сезініп, би қимылдарын жасқанбай жасап, өз ойларын ашық айта
біледі. Музыкалық дидактикалық ойындарды ойнау барысында
белсенділік танытады. Мен өз тәжірибемде осы жағдайларды ескере
отырып, жас ерекшеліктеріне қарай қандай музыкаларды ұнататынын
білуге көңіл бөлемін. Көбінесе балалар ойнақы әндерді және марш
екпінді музыканы ұнатады. Ойын нәтижесінде олар музыканы терең
түсіне бастайды, ең бастысы – музыканы қабылдау, есте сақтау
қабілеті артады, дене қозғалысы арқылы сымбаттылығы қалыптасады.
Сол әуендерге қимыл жасауды ұнатады. Әрине, адам туа оқып болмайтын
сияқты барлық балалардың музыка тыңдау және қабылдау қабілеттері де
туа бітпейді. Ол жүйелі түрде істелетін жұмыстардың нәтижесінде,
біртіндеп қалыптасатын процесс. Ән-күй сабағы айтуға ғана оңай, ал
орындауда керісінше, қиыншылығы мол іс. Әлі жаңа ғана әдемі отыруға
қалыптасып келе жатқан балаларды , сөздік қоры аз балаларды бірден
ән үйрету өте қиын тиеді. Олар ең басында әнге мүлдем қызықпауы
мүмкін себебі әлі әнді түсінбейді. Алдымен балаларды қадағалай
отырып әнге және оның ырғағына қызықтыруға тырысу керек. Сол әннің
мазмұнын ашатындай көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар
қолданған жөн. Осыдан кейін балалардың қызығушылығы артқанкезде
ғана бірте- бірте сөзін жаттатқан дұрыс. Өз тәжірибемде өлеңнің әр
жолын жеке-жеке тақпақтап, балаларға хормен қайталатамын. Осы кезде
қол шапалақтатып отырған дұрыс. Қол шапалақтау кезінде әннің ырғағы
анықталып, әуеніне қосылып айтуда қиындық туғызбайды. Мәтінмен
жұмыс кезеңінде балалардың музыкалық ырғақты сезіну қабілеті де
анықтала бастайды. Бірі орынсыз қол шапалақтаса, енді бірі ырғаққа
ілесе алмай жатады. Мұның бәрі жүйелі жұмыстың нәтижесінде
бірте-бірте жаттығады.Келе келе топтағы балалардың музыкалық дамуы
әртүрлі екендігі толықтай байқалады. Бір бала өте жақсы өлең
айтқанымен, әуенін дұрыс қабылдамай, би қимылдарын қате орындайды.
Ал екінші бала болса, керісінше, жақсы билейді, бірақ әнді таза
интонациямен орындай алмайды. Саз жетекшісі балалардың музыкалық
қабілетін зерттеп, әр баламен жеке-жеке жұмыс істеуді қолға алуы
тиіс. Осы кезде ғана балаларды шығармашылыққа дайындауға болады.
Жылдың соңына қарай балалар музыкалық дағдыларды меңгере бастайды,
есту, есте сақтау, әуен ырғағын түсіну, дыбыс биіктігін ажырату
сияқты музыкалық қабілеті дами түседі. Музыкалық жанрларды (ән, би,
марш) , қатты немесе ақырын дыбыстарды, екпіндердің жай немесе тез
екенін ажырата бастайды. Әр баланың өздері жақсы көретін әндері,
билері, ойындары пайда бола бастайды. Өсе келе олардың бойындағы
табиғи дарын, қабілет, талант мүмкіндіктерінің сөзсіз әсері
болатыны белгілі, өйткені бәрі де бала кездегі тәрбиеден
басталады. Сондықтан да балалардың
музыкалық қабілетін үнемі ұштап отыру
қажет.