Тақырыбы: Аялайық аналарды
әрдайым
1-Жүргізуші:
Үнімнен менің
ояндың,
Көз ілмей бесік
таяндың
Құлақтан кетпес
әлдиің,
Анашым, менің
аяулым.
Анашым ақ
бұлағымсың,
Шаттық әнімсің,
шалқыған
Көрсем деп, нұрлы
жүзіңді
Жеткенше аңсап
алқынам!
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аяулы асыл аналар, ару
қыздар сіздерді келе жатқан 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен
құттықтаймыз, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт
тілейміз.
2-жүргізуші:Ана, Ана!... не деген мейірлі,
не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті
сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен
қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін
қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының
барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл
аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Аялайық аналарды
әрдайым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге
арнаймыз.
1-жүргізуші: Анама
(Ф.Оңғарсынова)
Кеудеңде
мені тербеттің,
Жас шыбық
енді көктеді.
Мінеки,
мен де ер жеттім,
Еңбегің
бекер кетпеді.
Өмірде
мынау ең жақын
Аяулым
сенсің, анашым!
Болмаса
мейлі зор даңқың,
Мен үшін
бірақ данасың.
Мейірім
төккен нұр жүзің
Тұрғандай
сезем жанымда.
« Адал
бол, -деуші ең, - жұлдызым»,
Сақталды
сөзің жадымда.
«Игі
еңбек түбі осы-ау», - дер
Көргендер
жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер
Мәңгілік
күндей анашым !
Ән
2-жүргізуші:
Мұхаммед
пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз
екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе
жақсылық жаса” делінген онда.
“Егер
атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер”
деген ұлағатты сөз бар. Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық
жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде
берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай
сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына,
тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше
қамқорлық жаса.
1-жүргізуші:
Қазақ
халқының ұғымында қыз бала ақылды, байсалды, жаны нәзік те ерке,
мінезі жайдары, өнерлі болып келеді. Қыз қылығымен сүйкімді деуіміз
сондықтан.
...Әкесі
жалқау екі ұлына ашуланып, ұрсып жатқан. Екі ұл да, олардың анасы
Алма да үрпиісіп,үй іші көңілсіз күйге түсті. Институтта оқитын
Ақмарал келіп, әкесінің мойынынан құшақтап,
-Папа!
Қабағыңды түймеші! –деді, еркелей сөйлеп. Әкесі күліп
жіберді.
Ендеше,
күлкісімен бар әлемді жадыратқан, ару қыздарымыздың мың бұрала
билеген биін тамашалайық.
Би
Поэзия
( 4 оқушы ) Т. Айбергенов «Ана», Ф. Оңғарсынова «Қыздар-ай», Қ.
Сарин «Анашым»
2-жүргізуші: Мама – бұл сөз әрбір халықтың
тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз
әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең
еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.Әрбір ана өз
баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен
ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді,
ерлікке рухтандырады.
Ана –
үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың
көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып,
асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі
қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
1-жүргізуші:Олай болса,ана туралықанатты
сөздерге тоқтала кетейік
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның
алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз
келеді.В.Г.Белинский
Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан
да ол – сәби үшін ең жылы ұя.В.Гюго
Ана
көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге
көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап
тұрады.О.Бальзак
Әйел
жерден шыққан жоқ,
Ол да
еркектің баласы.
Ерлер
көктен түскен жоқ,
Әйел –
оның анасы.
А.Тұрмағамбетов
1-жүргізуші: Иә, ана туралы ой қозғап, жыр
жазбаған қаламгер жоқ шығар, сірә... Біздің сыныптың оқушыларыныңда
аналарына айтар лебіздері, шырқар әндері бар шығар... Соларға кезек
берейік.
Ән
1-жүргізуші:
Ән
тыңдап, көңіліміз бір көтеріліп қалды. Енді осы көңілкүйде ойын
ойнап серігіп алайық.
Ситуациялық ойын
Поэзия
М. Мақатаев «Әйелдер-ай», Қадыр Мырза Әли
«Ана»
2-жүргізуші: Тағы да мерекелеріңізбен
құттықтай отырып,осымен8 «а» сыныбының дайындаған «Аялайық аналарды
әрдайым» атты мерекелік шарасын аяқтаймыз. Уақыт бөліп
келгендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар!