Тақырыбы:
25 Қазан - Республика күні (Қазақстан – туған
елім, ұлы өлкем)
Мақсаты:
1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін
кеңейту.
2.
Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған
еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа
тәрбиелеу.
Әдісі:
сұрақ- жауап, әңгімелеу.
Барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлеметсіздерме балалар! Қазір қай мезгіл? (Балалар
тыңдаңдаршы есікті қағып тұрған сияқты.)
Күз: Сәлеметсіздерме балалар!
Бүгін сіздерде ашық тәрбие сағаты болып жатыр екен. Дендерің сау,
дастархандарың мол болсын !
Мен өзім ғана келген жоқпын, өзіммен бірге жемістерімді ала келдім.
Күз айларын айтайықшы. Балалар қазан айында қандай мереке күндер
барын білесіңдер?
Балалар:- Ұстаздар күні,
-Қарттар күні,
– Республика
күні.
Тәрбиеші: Олай болса
балалар! 25-қазан Республика күніне
арналған «Қазақстан – туған елім,ұлы
өлкем» атты ашық тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
Хор:Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар арайлаған таңды
сүйетін кім?
-Мен
Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен
Жарын даланы сүйетін кім?
-Мен
Ата-ананы сүйетін кім?
-Мен
Досын сүйетін кім?
-Мен
Болашағы елімнің кім?
-Мен
Кәне балалар Отан деген не?
Адамның туып өскен жері,
туған-туысқандары, біз тұратын
атамекен.
Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
-Біздің отанымыз Қазақстан.
Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
-Біздің бас қаламыз Астана
Біздің Президентіміз кім?
Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
Ту, Әнұран, Елтаңба.
Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап
айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.
Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ
астында тұрады екенбіз.
Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын
киіз үй құрып көрсетейік.
Кәне, кәне тұрайық, Сол қолымды көтердім,
Киіз үй біз құрайық. Уықты мен көтердім.
Оң қолымды көтердім, Киіз үйді тұрғыздық,
Уықты мен көтердім Жұмысты біз тындырдық..
Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал-мәтелдер
айту,елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше
өнерімізді ортаға салайық.
Насихат: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың ,
Қазақстан ардақтым.
Ақбота: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
Алиса: Көк туым көтерілді бағым
жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
Аяна: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
Мариям: Отан от басынан басталады.
Отан оттан да ыстық.
Хор: Ағайынбыз
бәріміз.
Азиза: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есеігін
өз қолыңмен аш маған.
Аянат: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
Жақсылық: Заман жаңа заң жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам өз ордам,
Сүйенерім сен ғана.
Тәрбиеші:
Қазақ халқының мұраларының бірі – халық ауыз
әдебиеті .
Ал халық ауыз
әдебиетіндегі жол- ол даналар мәйегі. Олай болса
балалар қазақтың қандай билерін білесіңдер?
«Сөз бастаған шешендер» атты көрніс тамашалайық..
(Насихат)Төле би: Бір бала
әкесінен өтіп туады,
Бір бала әкесіне жетіп туады,
Бір бала кері кетіп туады.
(Ерсұлтан)Қазбек би: Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай
жатқан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
(Жанарыс)Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң,жауыңа найзаң тисін.
Тәрбиеші: Даналық сөздеріңізге
рахмет.
Мен кішкентай бишімін
Таңғы мөлдір тамшымын
Гүл еркінен жаралған
Әндерім бар бал шырын.
Би: Қазақ биі
Балалар енді «Ғажайып қоржын» ойынын ойнайық.
Қоржын ішіне жасырылған сұрақтарға жауап беру.
Балаларды
мадақтау.
-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз
адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп
еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті
болуымыз.
Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағаты ұнады
ма?
Қорытынды: Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің – дей отырып,
Құрметті қонақтар, балалар осымен Республика күніне арналған
«Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымыз
аяқталды.
МКҚК «Еркемай»
бөбекжайы
Тексерілді:________
Балабақша
әдіскері:О.Б.Каирхожаева
«25 Қазан - Республика күні
(Қазақстан – туған елім, ұлы
өлкем)»
«Аққу» ересек
топ.
Орындаған:Түселбай
Майра
2022-2023ж