Материалдар / Сценарии 1-желтоқсанға арналған

Сценарии 1-желтоқсанға арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге қажетті разработка 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Елбасы еңселеткен Елорда»


Ернар: Мақсатымыз: қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы          Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған, қызмет  
                     еткен жерлері   туралы  ма
ғлұмат  беру

Гамир:  Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын   
                     с
үюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге 
                     т
әрбиелеу;
 
Ернар: шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін  
                    ояту,
құрметтеу.
Гамир: Ендеше Елбасымызға, елімізге, жерімізге деген құрметпен шағын концертімізді Әнұранмен бастасақ қалай қарайсыздар?! (Әнұран орындалады)
Гамир: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! 
Ернар: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты шағын концертімізге қош келдіңіздер!

Гамир: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
 
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.


Ернар: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

Санжар:

Туған жердің жайқалған алқабы егін, 
Биік сені
ң мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей 
қазақтың байтақ далам,
Сен не деген ке
ң едің, шалқар едің.
Ашы
қ аспан жайнаған жұлдыздары,
Т
ұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай ту
ған ел қамқор болып,
Тербетеді 
құшақтап ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан а
ққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел б
үгін ҚАЗАҚСТАН. 

Арман:  Қазақстан
 
Қазақстан дейтін менің бар елім,
 Жатыр алып жарты д
үние әлемін!
 Б
ұл даланы анам жаспен суарған,
 Б
ұл далада атам қолға ту алған.
 Б
ұл далаға жылап келіп, уанғам,
 Б
ұл даланы көріп алғаш қуанғам,
 Б
ұл далада өскен жанда жоқ арман!

Ернар: 5 А сынып оқушылары Темірлан мен Мағжанның орындауында « Жаса Қазақстан » әнін қабыл алыңыздар!

Сәлима: «Менің Президентім».  
Біз отбасымызбен к
үнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын,әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканыңтынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.  





Темірлан: «Менің Президентім».  
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?


Гамир: Ән «Батырлар ұраны»

Нұршат: Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
К
өк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
А
қ ниетті халық деген данам бар.

Темірлан: Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайды
ң жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.

Ернар: Би 6А сыныбы Салима

Гамир: Елбасымыздың  өмірбаянына тоқталсақ
Н.Назарбаев-б
әрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.
Ернар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайдаөтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алуүшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.

Мағжан: Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Расул: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялықкомбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.

Ернар: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.


1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп жариялады.


1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді.
Елта
ңба  авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.    

Гамир:       Мемлекеттік рәміздер туралы айтар болсақ

Шаңырақ –Отан отбасынан  басталады.ортақ шаңырақ  биік ,босаға берік  болсын деген  мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін  дегенді  білдіреді.



Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің  жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.



Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай  берсін» деген асыл  арманды арқалап тұр




Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда 
қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында  шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі  бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың  жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.                  


1992-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.

Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар ӘлімбаевҚадыр Мырза ӘліТұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан ТөлебаевЕвгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.

Гамир: 5-6 сынып оқушылары би «Флешмоб»

Ернар: Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік  және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтыңжарлығына сәйкес 1997  жылы мұнда  бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент  көшіп келді.Еліміздің  басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

Гамир:  1998  жылы 10-маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері  болды.Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде  орналасқан.
Ернар: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сенімдіміз»

Гамир: Шағын концертімізді 6 А сынып оқушысы Жоламан Расулдың әнімен аяқтағымыз келеді













































































ЖИ арқылы жасау
07 Ақпан 2019
818
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі