сценарий 8 наурыз («Ана қуанышы» кафесі (сценарий)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сценарий 8 наурыз («Ана қуанышы» кафесі (сценарий)

Материал туралы қысқаша түсінік
⚠️ Құрметті сайт қолданушысы! Бұл ұсынылып тұрған материалдар сайтта өзгеруі немесе кейбір элементтер толық көрінбеуі мүмкін. Бұл сайттың алдын ала қарау мүмкіндігіне байланысты туындайды. Сіз материалды сатып алған соң, файлдың толық және дұрыс нұсқасы жүктеледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана қуанышы» кафесі (сценарий)


Зал іші үстел мен орындықтар қойылып кафе ретінде безендірілген. Үстел үстіне гүл қойылған. Ата-аналар үстелдерге отырады.

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар!

Армысыздар, мейірімді әжелер!

Армысыздар, қызғалдақтай құлпырған қыздар!

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасады адамдарға туыстық,

Бар адамға берсе ананың мейірімін

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Әуенмен балалар залға кіріп, жарты шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Құрметті аналар, біз сіздерге өте қызықты тосын сый дайындап жатырмыз. Сіздерді демалсын деп кафеге шақырдық. Ал осында не үшін жиналғанымызды біліп отырған шығарсыздар. Наурыз айы келіп күн жылынды. Бұл аналарымызды құттықтайтын уақыт келді деген сөз.

Тақпақтар: Арайлым, Ульяна,Мадина, Айдар.

Арайлым:

Аналарды теңейміз ғой құндызға,

Күнге де, айға да, жұлдызға

Өмір бақи анаменен

Бақытты ғой ұл қыздар.

Ульяна:

Будь, как солнышко, веселой,

Яркой, молодой, здоровой,

Самой нежной и любимой...

Мама, будь всегда счастливой!

Мадина

Моя мамочка родная,

Я люблю тебя без края!

С 8 Марта поздравляю,

Счастья я тебе желаю.

Айдар

Ананы мен жақсы көремін

Ана шаттық, бақыт береді.

Анаменен барлық адам,

Бақытты болып жүреді.

Жүргізуші: Кафемізге қош келдіңіздер! Біз келген қонақтарымызға өте қуаныштымыз және сіздерге ән арнаймыз.

Ән: «Ақ дидарлы анашым»

Жүргізуші: Сіздер өте ерекше кафеге келіп отырсыздар, себебі осы кафенің иесі-балалар. Олар өздерінің міндеттерін өте жақсы біледі.

Сонымен біздің кафеде бүгін-көңілді концерт. Біздерді көп қызықтар күтуде. Бірақ ең бастысы-ол сіздердің көңіл-күйлеріңіз. Ал сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеру үшін сіздерге аспазшылардың биін арнаймыз.

Би: «Аспазшылар»

Жүргізуші: Қымбатты аналар, ал қазір балалар сіздерге тақпақтарын арнайды.

Тақпақтар: Мәди, М.Нұрислам, Валерия, Алиана.

Мәди:

Анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Нұрислам:

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер

Нұрын шашсын меркеге өңірлер

Валерия:

Мамочка любимая,

С праздником тебя!

Ты самая красивая,

Хорошая моя.

Алиана:

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болсам шалқыған

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын

Ән: «До чего у бабушки, вкусные оладушки»

Залға әуенмен Шапокляк келеді. («Крокодил Гена» м\ф әуен)

Шапокляк: Сәлеметсіздер ме, ха-ха, мен қайда тап болдым. (жан жағына қарайды)

Шапокляк: Қорықпаңдар және таң қалмаңдар! Себебі мен ең әдемі әйелмін, сондықтан да бүгін сендердің мерекелеріңе келдім! Ох, мен қанша құттықтау телеграммаларын алдым, тіпті басым айналып кетті. Мені тіпті Крокодил Генаның өзі және Карлсон құттықтады. (шляпасын түзейді)

Шапокляк: (сумкасынан айнасын алып қарайды) Айнам, айнам, менен асқан сұлу бар ма, жоқ па, тек шыныңды айтшы!

Дауыс шығады: Сіз өте сұлусыз, бірақ жер бетінде аналар бар, олар сізден де сұлу. Барлығы мейірімді, әдемі және де өте еңбекқор. Олар қазір сіздің алдыңызда отыр. Өздерінің балаларына қарап отыр.

Шапокляк: Ах ақымақ айна, мүмкін емес, сен өтірік айтасың! (ашуланады)

Шапокляк аналардың қастарына отырып өзін солармен салыстырады.

Шапокляк: Ой, шыныменде барлығы әдемі екен! Мейірімді екен! Қазір мен олардың мейірімділіктерін жоқ қылып жіберейін. Кощейге звондаймын тап қазір.

Телефон алып нөмір тереді: Алло! Кощеюшка? Сәлеметсіңбе! Мен ғой. Бір мәселе шығып тұр. Аналар менен де әдемі болып шықты. Иә! Көңіліме қатты тиіп тұр, Кощеюшка! Мейірімділіктерін жоқ қылып жіберу керек. Не? (телефонды құлағынан тез алып тастайды) Көмектескісі келмейді. Ештеңе етпейді, өзім-ақ шеше аламын. (жұдырығын түйеді) Көрсетейін мен сендерге.

Жүргізуші: Тоқтаңыз, қымбатты Шапокляк, бізге ренжудің қажеті жоқ. Сізге одан да бізбен татуласқаныңыз жөн.

Шапокляк: Татуласу дейсің бе? Жарайды! Мереке де жақсы өтіп жатырған сияқты. Олай болса мен сендерге ойын ойнатамын. Сонда көрейін мен сендердің қандай әдемі, мейірімді және епті екендеріңді!

Ойын: «Анамды жұмысқа жина»

Шарты: үстелдерге сумкалар, айналар, моншақ, шарф, сырғалар қойылады. Қыздар боянып, әшекейлерді тағып, барлық керек заттарды сумкаларына салып жұмысқа жүгіріп бару керек.

Ойын: «Анамның суретін саламын»

Шарты: Мольберт қойылады, оған сурет салуға арналған қағаз қойылады. Балалар мүмкіндіктерінше тез арада маркермен аналарының суретін салады.

Жүргізуші: Міне, Шапокляк, ешкімнің көңілін бұзған жоқсың, себебі біздің мерекеміз көңілді жалғасып жатыр.

Шапокляк: Жарайды, солай ақ болсын! Менің кетуім керек. Мыстан кемпірге барып мейрамымен құттықтауым керек. Айтпақшы, ұмытып бара жатырмын. (жұмбақ жасырылған телеграмма шығарады) Почтальон Печкин сендерге телеграмма беріп жіберді. Онда бір жұмбақтың шешімін табу керек дейді. (күледі)

Жүргізуші: Ал сен бөтен телеграмма, хаттарды оқуға болмайтынын білесің бе!

Шапокляк: Бола ма, болмай ма, алыңыз, әйтпесе ойымнан айнып қаламын. Жарайды, сау болыңдар барлығың, ХА-ХА! (кетіп қалады)

Жүргізуші: Қане, балалар, жұмбақтың шешімін табайық.

Жұмбақ: Дегенімді жасайтын

Қалған тамағымды асайтын

Ертіп алып жетектеп

«Немерем» - деп атайтын?

Ол кім? Жауабы: Әже.


Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ол сендердің әжелерің.

Құрметті біздің көктемгі кафенің қонақтары! Бүгін балалар әжелерге арналған тақпақтарын айтып береді.

Тақпақтар:

Амина

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді!

Рахим

Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

Алуа:

Желаю, бабушка, здоровья,

И никогда не уставать,

Всех благ тебе, родная,

Хочу, бабуля, пожелать.

Дастан

Әжемді жақсы көремін,

Өлең айтып беремін.

Үлкен болып өскенде

Бәрін алып беремін.


Би: «Самбо» (қыздардың орындауында)

Ән: «Әжемнің шайы» (Дастан мен Арайлымның орындауында)

Жүргізуші: Біз аналарымыздың өте әдемі, бақытты болғанын қалаймыз. Сондықтан да аналарымызды көңілді биге шақырамыз.

«Аналармен көңілді би»

Барлығы отырып, балалар жартылай шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Біз аналарымызға сыйлық дайындадық. Сіздерге сыйлаймыз.

Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.

Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер! Біздің жайлы кафеміздегі мерекеміз де аяқтала келді. Сіздерге бақыт, денсаулық, қуаныш тілейміз! Сіздердің әдеміліктеріңіз үшін, мейірімділіктеріңіз үшін, осындай сендерді қатты жақсы көретін балалар үшін рахмет! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды, назарларыңызға рахмет!






















Арайлым:

Аналарды теңейміз ғой құндызға,

Күнге де, айға да, жұлдызға

Өмір бақи анаменен

Бақытты ғой ұл қыздар.

Мәди:

Анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Ульяна:

Будь, как солнышко, веселой,

Яркой, молодой, здоровой,

Самой нежной и любимой...

Мама, будь всегда счастливой!

Айдар

Ананы мен жақсы көремін

Ана шаттық, бақыт береді.

Анаменен барлық адам,

Бақытты болып жүреді.

Мадина

Моя мамочка родная,

Я люблю тебя без края!

С 8 Марта поздравляю,

Счастья я тебе желаю.

Нұрислам:

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер

Нұрын шашсын меркеге өңірлер

Валерия:

Мамочка любимая,

С праздником тебя!

Ты самая красивая,

Хорошая моя.

Алиана:

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болсам шалқыған

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын

Амина

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді!

Рахим

Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

Алуа:

Желаю, бабушка, здоровья,

И никогда не уставать,

Всех благ тебе, родная,

Хочу, бабуля, пожелать.




Дастан

Әжемді жақсы көремін,

Өлең айтып беремін.

Үлкен болып өскенде

Бәрін алып беремін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
149
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі