Материалдар / Сценарий біз бақытты балдырған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сценарий біз бақытты балдырған

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2021
1070
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Біз бақытты балдырған»

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білім біліктерін, ой өрістерінің
жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен
өмірге қадам басуға даярлау. Адамгершілікке, достыққа,
бауырмалдылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Зал әсем шарлармен мерекеге сай безендірілген, көңілді әуен естіліп тұрады.

Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, қонақтар, «Балбөбек» бөбекжай бақшасының ұжымы! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. «Айгөлек» естияр жасының балабақшамен қоштасуға арналған «Біз бақытты балдырған» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың,

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың.

Жүргізуші: Шақырайық түлектерді ортаға,

Айтылатын жақсы тілек қаншама.

Өлең айтып ,тақпақ айтып,би билеп,

Өнерлерін көрсетсінші баршаға .

Ал кәнекей, кішкентай түлектерімізді қошеметтеп ортаға шақырайық .

(Түлектер бір – бірлеп, залға кіреді.)

Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің түлектерін таныстырып өтейік .

1. Тәртіпті болып жүреді,

Жымиып қана күледі.

Мансур деген баламыз,

Сабақты жақсы біледі.

2. Биязы мінезімен,

Түрлі рөлді сомдайды.

Күлімдеген Адияны,

Барлық досы қолдайды.

3. Өнермен ашып жетілген,

Шешендік сөзбен көсілген.

Таныстырсам оны мен,

Мейіржан оның есімі.

4. Қиылған қара қасы бар,

Әдемі бұйра шашы бар.

Барлық іске жауапты,

Кәусар біздің қызымыз.

5. Спортты жаны сүйеді,

Салауатты өмір сүреді.

Бар қоғамдық жұмыстың,

Ортасында жүреді.

Ерасыл топтың түлегі .

6. Ортамызда ажарлы,

Аянадай ерке қыз .

Әр қылығын көтеріп,

Еркелете береміз .

7. Асқан білімді болатын

Жақсы мақтау алатын

Бақшамыздың білімпазы

Анарбектей ұлымыз бар.

8. Мынау біздің Ақниет қыз,

Ибалы да өнерлі.

Ақылы оның өте көп,

Сүйкімді болып жүреді .

9. Ернұр болса кішкентай,

Баяулап ұшқан күйкентай .

Өнеріне қарасақ ,

Самғап ұшқан қырандай.

10. Сабырлы әрі сымбатты,

Шешеді тез жұмбақты.

Айару деген қызымыз,

Білімі де жан жақты .

11. Алдияр деген бала бар,

Бойында үлкен сала бар.

Көпшілікті қуантып,

Үлкен үмітпен қаратар.

12. Гүлдей жайнап жүреді,

Сыбырлап неге күледі .

Айша деген қызымыз,

Ата – апасының жүрегі .

13. Бойында улкен намыс бар,

Әрқашан алға ұмтылған.

Сегіз қырлы, бір сырлы,

Намысшыл жігіт Айдуман .

14. Ән салғанда шырқап бір,

Шаршамайды сірә бір.

Аида біздің өнерлі,

Сырын терең ұға біл.

15. Мінезі бар сабырлы,

Бәрінеде жағымды.

Ол әрине Нұрали ғой ,

Тәрбиеге бағымды.

16. Кішкентай жайсаң мінезі,

Ойнағанды сүйеді .

Бәрі де ,бәрі сыйлайды,

Топтас құрбы Айлинді.

17. Нұриман деген ұлда бар,

Қыздар оны мақтаған.

Жарыс десе жайнайтын ,

Топ намысын қорғайтын.

18. Алтыннан ардақты

Күмістен салмақты

Бақшамыздың мақтанышы

Е. Айарудай қызымыз бар.

19. Әдемі ән айтатын,

Көңілді боп қайтатын

Тобымыздың көңілді

Бүлдіршіні Алмира деген қызымыз.

20. Ай десе аузы бар,

Күн десе көзі бар

Бақшамыздың сұлуы

Асылай деген қызымыз бар.

21. Бойына жиған өнерді

Отбасының берекесі

Әнші, биші , өнерлі

Апасының еркесі

Тамиристей қызымыз бар

22. Аспандағы жұлдыздай

Жағадағы құндыздай

Бақшамыздың ай жұлдызы

Нұрайдай қызымыз бар.

Түлектер орындарында тұрып «Шарики» биін билейді

Келесі сөз кезегін «Балбөбек» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Әлімбаева Элмира Еділбайқызына береміз.

Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Әсем бимен түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады – деп бүлдіршіндеріміздің   орындауында әсем ән жырын қабыл алыңыздар.

Ән: «Балабақшаға барамыз»

Жүргізуші: Жаңа өмір басталсын,

Үміт сенім ақталсын

Ұмытылмай балабақша,

Көңілде мәңгі сақталсын.- деп келесі кезекте балаларымыздың өлең шумақтарын тыңдаңыздар.

Тақпақтар:

Жүргізуші: Балалар, сендер балабақшамен қоштасып, мектепке барғалы отырсыңдар. Біздің бүгінгі мерекемізге қонақ келе жатыр екен. Қане, қонағымызды қарсы алайықшы.

(Ортада музыка әуенімен Білім ханшайымы шығады)

Білім ханшайымы:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мектепке енді барыңдар,
Үлгілі бала болыңдар.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең «бестік» алыңдар.
Көк жүзінде самғаңдар,
Тауды бұзып,тас жарып.
Мұхиттарды жалғаңдар.
Күллі әлемді шарлаңдар.
Ғарышқа да самғаңдар.
О,жарандар,жарандар!
Кәне мұнда қараңдар

Олай болса, тентек болмауға, сабақты жақсы оқып, әдепті болуға әде беріңдер!

Балалар менің сендерге қоятын сұрақтарым бар?

1. Сендер қай балабақшаға келесіңдер?

2. Топтарыңның аты қандай?

3. Сендер қай елде тұрасыңдар?

4. Қазір жылдың қай мезгілі?

5. Сендер мақал – мәтелдер білесіңдер ме?

Жарайсыңдар, балалар. Енді мен сендерге өзіммен бірге ойын алып келдім.

«Ғажайып қоржын» ойыны

Шарты: Балалар фетрден жасалған кірпі бар. Кірпі не жейді? Түсі қандай?Балалар сұрақтарға жауап берді. Жауап берген баланы мақтап , мадақтау.

Жүргізуші:Балаларымыз көңілді,

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп,

Би билейік тамаша.

Би: «Грузин» биі

Жүргізуші: Ботақаным бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын.
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін.
Өсті міне бойымыз
Толды тағы ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.- деп келесі кезекте ана туралы әсем

әнімізді қабыл алыңыздар.

Ән: «Анашым» әні

Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі-ақ біз.

Гүл сыйладың, жыр сыйладың

Құрметтейміз сіздерді

Әсем әуен, би сыйлаймыз

Ұмытпаңдар біздерді – деп келесі кезекті балаларымыздың балабақшадағы әпкейлеріне өз ризашылықтарын білдірмекші, қабыл алыңыздар.

Айзере: Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші жақсы адам.
Сондықтанда біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан. – деп Әлімбаева Эльмира әпкейге мың алғыс деп қоштасарда қимайды ұл – қыздарыңыз.

Елнұр: Жайдарлы жүз ай қабақ,
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі келіп,
Білгеніңді сұрайды.
Ақыл айтып тұратың,
Гүлжан әпкейге мың алғыс.

Айша: Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Қамқоршымыз дәрігер,
Инеш әпкейге мың алғыс.

Айсұлтан: Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді,
Мың бұралған билерді. – деп үйреткен Раушан, Жазира әпкейлерге мың алғыс.

Кәусар: Бізде мұнда әрдайым,
Бәрі бәрі дап – дайын.
Қамымызды ойлаған,
Бота әпкейге мың алғыс.

Раяна: Тәтті тамақ жасаған,
Айран сүтін ішкізген.
Тәтті дәмді бәлішті,
Бізге арнап пісірген. – деп Райса, Клара әпкейлерге мың алғыс.

Жүргізуші: Қош балалар бақшасы

Естен кетпес есімін

Қош балалар бақшасы

Алғаш ашқан есігім, деп келесі кезекте балаларымыздың қоштасу вальсін қабыл алыңыздар.

Би: «Вальс» биі

Жүргізуші: Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін ары қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор күшті  болсын! – деп «Балбөбек» бөбекжай бақшасының әдіскеріне сөз кезегін берейік.

Балабақша меңгерушісі мен әдіскер бүлдіршіндерімізге диплом тапсырады.

Жүргізуші: Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз.

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз, дей келе балалардың осы қуанышын бөлісіп отырған ата – аналарға сөз кезегін берейік.

Ата – аналар сөйлейді.

Жүргізуші:Бұзылмасын даланың тыныштығы,

Шарықтасын баланың шаттық үні.

Бал тілді бүлдіршіндер бүгін енді,

Шырқасын енді міне шаттық жырын. деп балаларымыздың әсем әнін тыңдаңыздар.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Тәрбиеші: Қымбатты ұядан ұшқалы отырған кішкентай бүлдіршіндер.
Бүгін міне бір белестен өтіп, мектеп табалдырығын аттағалы отырсыңдар. Осы өмірге ата – аналарыңның үмітін ақтап, саналы азамат болыңдар!

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірде бақыт жолын табыңдар, — деп өзіміздің

«Біз бақытты балдырғанбыз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Үкілеп өсірген ұл – қыздарыңыз сенімдеріңізді ақтап биік шыңдарға жете берсін!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!