Материалдар / Сценарий "Ер Төстік" ертегісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сценарий "Ер Төстік" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ер Төстік" ертегісіне сценарий 5-сыныпқа сабақ беретін ұстаздарға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2024
181
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ер Төстік

Кейіпкерлер:

  1. Автор -

  2. Ерназар

  3. Ерназардың кемпірі

  4. Төстік

  5. Кенжекей

  6. Ерназардың сегізі

  7. Өрмек тоқып отырған кемпір

  8. Қонақтар

  9. Жалмауыз кемпір

  10. Кенжекейдің шешесі

  11. Шалқұйрық

  12. Бапы ханның ұлы

  13. Бапы ханның қызы

  14. Бапы хан

  15. Епті адам

  16. Қырағы адам

  17. Желаяқ

  18. Таусоғар

  19. Көлтауысар

  20. Саққұлақ

  21. Темір хан


Автор:

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Келе-келе түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы да соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді, келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашығады, жейтін тамақ таппайды. Кемпірі екеуінің тұруға әлдері әрең-әрең келеді.

Ерназар:

          - Кемпір, сүйінші! Кер биенің керулі тұрған төстігі майлы көрінеді, бол, жылдам асып жіберші

(Кемпірі мен Ерназар төстікті алып, шығып кетеді)

Автор:

Сөйтіп, бұлар төстікті қазанға салады. Төстікті асып жеп, шал мен кемпір әлденеді. Ұзамай кемпір жүкті болады. Мезгілі толып босанады. Бір ұл туады, оның атын төстік жеген соң біткен бала деп Төстік қояды.

      Төстік өзгеше бала боп өседі: бір айда бір жастағы баладай, үш айда үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жасөспірімдей болып, екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын бала болады. Аң аулап, құс атып, әкесі мен кемпір шешесін асырайды.   

(Төстік садақ атады. Сахнаның арғы жағынан өрмек тоқып отырған кемпір айғай салып шыға келеді)

Өрмек тоқып отырған кемпір:

      - Алда ғана шешек-ай! Өрмегімді үзіп кеттің-ау! Ертеден қара кешке дейін бүйтіп жар қуалап, торғай атқанша, тентіреп кеткен сегіз ағаңды тауып алмайсың ба? (кемпір сахнадан кетіп қалады)

(Төстік уайымға салынған күйде шешесіне келеді)

Шешесі:

       Саған не болды? Кіммен жанжалдастың?        

Төстік: - Өрмек тоқып отырған кемпір ағаларымның бар екенін айтты. Ағаларым қайда? Неге келмейді?

Шешесі:

     - Сегіз ағаңның бары рас еді, жұт жылы кетіп еді, содан қайтқан жоқ, қайда жүргендерін білмейміз, 

Төстік:- Мен ағаларымды іздеп тауып әкелемін!

(Сахнаның шымылдығы жабылады)


Автор:

Төстік жолға шығады.  Ай жүреді, жыл жүреді, талай елді, талай жерді аралайды. Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебендей қалғанда, алыстан сағым көтерген бел көрінеді. Төстіктің келген елі ас беріп жатыр екен.

(Үйдің ішінде Ерназардың сегізі, қонақтар отырады. Ет табағын әкеле жатады)

Отырған қонақтар:

-Ерназардың сегізіне тарт, Ерназардың сегізіне тарт

(Ет табағын Ерназардың сегізіне әкеле жатқанда үйге Төстік кіріп келеді)

Отырған қонақтар:

    - Кім керек? Неғып жүрген адамсың?:

Төстік:

- Маған Ерназардың сегізі керек. Адасып кеткен сегіз ағамды іздеп жүрмін.

(Ерназардың сегізі орындарынан тұрып, Төстікпен жөн сұрасып, жылап-сықтап табысады. )

Ерназардың сегізі:

- Бауырым! Бауырым, аманбысың? (Барлығы сахнадан шығып кетеді)

Автор:

Төстігі бастап, Ерназардың сегізі аман-есен елдеріне келеді. Балалары аман-есен келген соң, Ерназар ел жиып, той қылады. Той тарқағаннан кейін Ерназар тоғыз ұлын аяқтандыру қамына кіріседі. Тоғызына тоғыз келіншек іздейді. Келінінің тоғызын бір үйден таппақ болып, көп елді аралайды. Бірақ Ерназар ойлағандай тоғыз қыз бір үйден табылмайды. Сөйтіп, Ерназар күдер үзіп келе жатса, алдынан бір ауыл көрінеді. Ауылдың ортасындағы үлкен қоңыр үйдің тұсына келіп, мейман болатындығын білдіреді. Үйге кірсе, керегенің басында сегіз сырға ілулі тұр екен, соны көрген соң, Ерназар еңкілдеп жылай бастайды.

Ерназар:

  • Құдайым-ай, енді не істемекпін?! (Ерназар тақиясын қолына алып, тізерлеп жылап отырады)

Үйдің бәйбішесі:

     - Неге жыладың?

Ерназар: (орнынан тұрып, тақиясын киеді)

    - Жылаған себебім: тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген адаммын, тоғыз ұлымның бір әке-шешеден туғаны сияқты, тоғыз келінімнің де бір әке-шешеден туған болуын іздеп жүрген адаммын. Керегенің басындағы көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам, біреуі кем екен, соған жылап отырмын

Үйдің бәйбішесі:

-Ендеше жылама, тағы біреуі бар, әне тұр

(бәйбіше тұсбақаннан тағы бір сырғаны алып келеді) 

- Кенжекейімнің сырғасы еді, мұны сегіз қызымның сырғасына араластырмаймын, ана қыздарым бір төбе, Кенжекейім бір төбе. Сондықтан Кенжекейімнің сырғасы олардікінен бөлек тұрады

Ерназар:

     - Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, Төстігім бір төбе еді. Кенжекейің Төстігімдікі болсын (Екеуі сахнадан шығып кетеді)      

Автор:

Ерназар келіндерін алып қайтып келе жатқанда, Сорқұдықтың басында жалмауыз кемпірге тап болып, амалсыздан Төстікті беремін деп уәде беріп қояды.

Төстік:

    - Әке! Мына жақта киік жүр екен, садағымның ұшын шығарайын деп едім, егеуімді берші, 

(Ерназар сасыңқырап қалып, қорбаңдап, өп-өтірік кісесін қараған болады)

Ерназар:

-Қап, әттеген-ай, қалып қойған екен. Түнеугі Сорқұдықтың басында Құба інгенді іздеп барғанда, бір талдың түбіне түсіп қалған екен ғой. (Ерназар сахнадан шығып кетеді. Төстік басын ұстап, тұрып қалады, біраздан соң Кенжекей келеді)

Кенжекей:

- Төстік, егеуіңнің қалған жері қаншама шақырым жер. Жолға аттанғалы жатыр екенсің. Сан жорғаны алмадым. Ер аты деп таңдадым. Айыл-тұрманы, әбзелін Төстік, саған арнадым. Жабы емес, қазақы ат, Ер серігі қолғанат - Шалқұйрықты мін, Төстік! Сан жасауын алмадым, Саған бола таңдадым, Ақсырмалдай сауытты Осы жолға ки, Төстік! 

(Шымылдық жабылады)


Автор:

Төстік жолға шығады. Төстік ауылынан ұзап шыққан соң, Шалқұйрық атқа тіл бітеді.

(Сахна сыртында Шалқұйрықтың даусы шығады)

Шалқұйрық:

   - Төстік батыр, енді екеуміздің жанымыз бір, қандай пәле болса да, бірдей көреміз. Менің мына айтқан сөздерім есіңде болсын. Егеуіңнің қасында жалмауыз кемпір сені күтіп отыр, сен егеуіңді ала бергенде, ұстап алмақ. Егеуге жақындаған кезде кемпірді алдайтын бір ақыл тап. Кемпір алдана бергенде, мен бетегеден биік, жусаннан аласа бола берейін, сол кезде сен егеуді іліп ал да жөнел, артыңа қараушы болма (Төстік басын изейді. Сахнаны атпен бір айналып шығып, егеудің жанында отырған жалмауыз кемпірге келеді)

Төстік:

-Шеше, шеше артыңдағы қыздардың бәрі өзіңдікі ме? (Сонда кемпір артына жалт қарайды. Сол мезгілде Төстік егеуді іліп алып жөнеледі. Сонда кемпір оны қуа жөнеледі, орнынан әрең тұрады)

Жалмауыз кемпір:

-Сен бе едің, Төстік, алдаған? Сені ме, Төстік, қап, бәлем!

Автор:

Шалқұйрықтың құйрығына қазандай тас орала кетеді. Шалқұйрықтың шапқан салмағына шыдамай, қара жер қақ айырылады. Шалқұйрық пен Ер Төстік жер астына түсіп кетеді.

(Найзағайдың тарсылдаған қатты дыбыс шығады)

(Сахнаға қайтып Шалқұйрық пен Төстік келеді)

 Шалқүйрық:

     - Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының елі жолығады. Біраз жүрген соң жылан Бапы ханның ордасына келгенімізде, мені алысқа қалдырып, өзің ордаға кіресің. Ордаға кіргеніңде, есіңде болсын: екі босағадан, екі қара шұбар жылан ысылдап тұра келеді, олардан сескенуші болма, олар - жылан Бапы ханның есігін күзеткен құлдары. Төр алдына бара бергеніңде, екі сұр жылан ысылдап келеді де, екеуі де жеңіңнен кіреді, қойныңнан шығады, қойныңнан кіреді, қонышыңнан шығады. Бүлар — жылан Бапы ханның ұлы мен қызы болады. Төрге отыра бергеніңде, дәу екі сары жылан ысылдап тұра келеді, одан да сескенбе. Бұлар - жылан Бапы ханның өзі мен әйелі. Егер де бұлардан сескенсең, сені Ер Төстік демейді, жер астының еліне қадіріміз болмайды, жер үстіне жол тауып шыға алмай қаламыз (Төстік басын изейді де, сахнаны бір рет айналып шығады. Жылан Бапы ханның сарайына келеді. Төрде Жылан Бапы хан мен әйелі отырады, жандарында қызы мен ұлы тұрады )

Бапы ханның қызы:

      - Жақсы келдің, Ер Төстік! Жер астындағы ел де сені ренжітпейді

Бапы ханның ұлы:

     - Жер үстінің Ер Төстігі, жер астына жақсы келдіңіз. Жер астының алыптары, өнерпаздары сенің шылауыңда болады, 

Бапы хан:

-Ер Төстік, сен менің елімде біраз тұрып келесің. Саған деген өтінішім бар еді, Темір ханның қызын ала алмай жүр едім, егер Темір ханның қызын алып келсең, саған өз қызымды беремін (Төстік келісімін беріп, Темір ханның еліне аттанады)

(Шымылдық жабылады)

Автор:

Ер Төстік Темір ханның еліне аттанады. Жолда ол көмекке келетін достарын кездестіреді.

(Төстік Епті адамға жақындай түседі. Епті адам бұтадағы сауысқандардың құйрықтарын ауыстырып жатады)

Төстік:

      - О, неғып жүрген жансың? 

Епті адам:

      - Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті дегенге, соған жолдас болайын деп, жолын тосып жүрген адам едім.

Төстік:

      - Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді? 

Епті адам:

    - Алғанда адамға сездірмейтін асқан епті едім. Жан-жануарлардың сағы сауысқан болса, құйрықтарын ұрлап алып, бірінің құйрығын біріне кигізгенімді сезбей қалады.

Төстік:

    - Жарайды. Ендеше, сол іздеген Төстігің мен боламын, (Екеуі сахнаны бір рет айналып шығады. Алдарынан Желаяқ жүгіріп шығады)

Төстік:

     - О, неғып жүрген адамсың? 

Желаяқ:

     - Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті деп естіп, соған жолдас болайын деп, жолын тосып жүрген адаммын, 

Төстік:

     - Жолдас боларлықтай қандай өнерің бар адамсың? 

Желаяқ:

     - Мен аяғыма шаң жұқпас жүйрікпін, ұшқан құс, жүгірген аңның менен құтылатыны жоқ. Киіктерді куғанда, өз екпініммен ағып өтіп, киікті ұстай алмайтын болған соң аяғыма қазандай қара тас байлап алып қуамын, сонда екпінім  басылыңқырап, киіктерден ағып өтіп кетпей, дәл жетіп ұстаймын. Желаяқ деген жүйрікпін.

Төстік:

    - Жарайды. Ендеше сол іздеген Төстігің мен боламын.

(Үшеуі сахнаны бір рет айналып шығады. Алдарынан Саққұлақ шығады, ол біресе жерге оң құлағын төсейді, біресе сол құлағын төсейді, жер астынан бір нәрсе тыңдаған сияқты болады).

Төстік:

     - О, неғып жүрген адамсың?

Саққұлақ:

     - Жердің үстіндегі Ер Төстік жердің астына түсті дегенге, соньң жолдасы болайын деп, жолын тосып жүрген адаммын.

Төстік:

     - Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді?

Саққұлақ:

    - Жер астының атақты тыңшысымын. Қандай жасырын әңгіме болса да тыңдап біліп аламын, менде жасырын сыр болмайды. Алыстағыны, жақындағыны түгел есітетін Саққұлақ деген ер боламын.

Төстік:

   - Жарайды. Ендеше сол іздеген Төстігің мен боламын, (Төртеуі сахнаны бір айналып шығады. Таусоғарға кездеседі.Ол тауды олай да көтеріп қояды, бұлай да көтеріп қояды. Бір тауды көтеріп, бір таудың үстіне қояды)

Төстік:

    - О, неғып жүрген адамсың?

Таусоғар:

    - Жер үстіндегі Төстік жердің астына түсті дегенге соған жолдас болайын деп, жолын тосып жүрген адаммын.

Төстік:

    -Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді?

Таусоғар:

    - Жұрттан асқан алыппын. Жердің үстінде де, астында да маған шақ келетін адам жоқ, қайратым ішіме сыймаған соң, тауларды көтеріп ермек қыламын. Таусоғар деген ермін.

Төстік:

   - Жарайды. Іздеген Төстігің мен боламын,- дейді Төстік. (Бесеуі сахнаны бір айналып шығады. Көлтауысарға кездеседі)

Төстік:

    - О, неғып отырған адамсың? 

Көлтауысар:

   - Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті дегенге, жолдас болып ерейін деп, жолын тосып жүрген адаммын. Көлдің суы қарныма жұқ болмайды, қанша үлкен дария болса да, бір-ақ ұрттайтын Көлтауысар деген ер боламын.

Төстік:

   - Жарайды. Ендеше сол іздеген Төстігің мен боламын,

(Алтауы сахнаны бір рет айналып шығады, алдарынан Қырағы адам шығады)

Төстік:

      - О, неғып жүрген адамсың?

Қырағы адам:

    - Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түскенін, жылан Бапы ханға келі оның қорқытқанынан қорықпай төріне щыққанын, одан Темір ханның елін іздеп шыққан жолында жер астының өнерпаздарын жинап келе жатқанын көрген соң, соған жолдас болайын деп, жолын тосып отырмын.

Төстік:

      - Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді?

Қырағы адам:

     - Жер астының қырағысымын. Төстік, сенің не күйге ұшырағаныңның бәрін көріп отырмын. Бар өнерім  - қырағылық, жердің асты-үстінде менің көзіме қағыс жер жоқ, қандай нәрсе болса да, анықтап қарасам, бәрін де көремін.

Төстік:

      - Жарайды. Ендеше менің жолдасым бол (Жетеуі сахнадан шығып кетеді)

Автор:

 Бұлар жеті ай жол жүріпті, Төстік жолдастарымен Темір ханның аулына жетіп келеді.

(Үйдің төрінде Темір хан мен Кеще хан отыр).

Темір хан:

-Қызымды қайсысының өнері асса, соған беремін. (Тұрған адамдар шуылдасып, бір-бірімен дауласа бастады)

Автор:

Темір хан мен Кеще хан өте айлакер екен. Қызын бермеудің түрлі амалдарын ойластырды. Балуан күресі, бәйге, жаяу жарыстарды ұйымдастырды.

(Таусоғар мен тағы бір балуан күреске шығады. Таусоғар балуанды құлатады)

Таусоғар:

-Сіздерге тағы қандай өнерімді көрсетейін? Тауды алып, сіздерге қарай тастайын ба?

Темір хан:

-Төстік, тауды бізге тастай көрмесін!

(Сахнаға Желаяқ жүгіріп келеді)

Желаяқ:

-Сүйінші! Шалқұйрық бәйгеде бірінші болып шауып келді!

(Төстік достарымен қуана құшақтасады)

Автор:

Темір хан мен Кеще ханның айласы әбден құриды. Ер Төстікке қызын беріп, жылан Бапы ханның еліне қарай шығарып салады.

(Темір ханның қызын алып, Төстік шығып кетеді. Достарымен қоштасады)

(Шымылдық жабылады)

Автор:

Жылан Бапы хан Төстіктің тілегін орындап, қызын беріп және қаншама жолдас қосып, жер үстіне қарай шығатын есікке қарай шығарып салып, қош айтысып қала береді. Жер үстіне шығатын есікке дейін алты айлық жол екен. Жолдың ауырлығына шыдамай, жылан Бапы ханның қызы жөне жолдастарының бәрі қырылып қалады.

 Жер үстіне шыққан соң, Ер Төстік Самұрық құстың балапандарын құтқарып, айдаһардың көзін құртады. Жалмауыз кемпірдің баласы Шойынқұлақ пен перінің қызы Бекторыны жеңіп, еліне, Кенжекейге аман-есен оралады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!