Материалдар / сценарий "Жарасбай Нұрқанов біздің мақтанышымыз!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сценарий "Жарасбай Нұрқанов біздің мақтанышымыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғам қайраткері Жарасбай Нұрқанов туралы мәлімет орыс сыныптарында қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп



«Жарасбай Нұрқанов– біздің мақтанышымыз!» атты әдеби кештің сценарийі

Мақсаты:

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, қоғам қайраткері Жарасбай Нұрқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту.

Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға, оқушыларды поэзияны сүйе отырып, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші.

Құрметті жиналған қауым! Біз бүгін сіздермен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, қоғам қайраткері ,журналист, жазушы Жарасбай Нұрқановтың туғанына 80 жыл толуына байланысты «Жарасбай Нұрқанов – біздің мақтанышымыз!» атты әдеби кеште бас қосып отырмыз

Неткен заман еді, мұздай суық лебі, Сол бір сұмдық әлі мазалайды мені. Қос үрейлі күндер, қорқынышты түндер, Жазығы жоқ жандар, алып кеткен кімдер? Кінәсі жоқ жандар, кімдер кінә таққан, Күнәсі жоқ жандар, кімдер жала жапқан? Аққа күйе жаққан, айтыңдаршы, кімдер, Күрсінеді таулар, тұнжырайды көлдер.

1- жүргізуші: Қазақ халқы үшін шетсіз - шексіз кеңестік пен көз сүрінген биіктік әкелген ақын. Кәусар сезім мен тояттамас көңіл, мұңға тұнған сезім мен буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған тіл жанашыры. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, туғанына биыл 80 жыл толуда. Ендеше, бүгінгі әдеби кешіміз атынан танылып тұрғандай, өлең өлкесінде шашасына шаң жұқтырмаған дарын иесі, журналист, ақын, жазушы Жарасбай Нұрқановқа арналмақшы.

2 -жүргізуші: Дорогие друзья! Мы рады приветствовать Вас в этом зале! Мы хотим рассказать Вам о жизни и творчестве неповторимого писателя, журналиста,поэта Жарасбая Нұрқанова. Это общественный деятель журналис,поэт современник поэтому нам кажется, что те кто сегодня к нам пришли на праздник чуточку знает, кто такой писатель ,поэт Ж.Нурканов, что представляет его творчество.

Более десяти лет назад на карте мира появилось название – Республика Казахстан. Новое имя украсило древнюю страну, раскинувшуюся на широких просторах Евразийских степей.

Поистине велика казахстанская земля. От седого Каспия – на западе до Алтайских хребтов – на востоке, от березовых перелесков – на севере до хребтов Заилийского Алатау – на юге. Здесь в мире и согласии живут уже целое столетие более 130 национальностей

Она велика: от Алтая до Каспия,

Она широка, как народа душа.

Она же – Европа, она же и Азия,

И волны Урала и плеск Иртыша.

Родная земля молодая и древняя –

Пою о тебе и тобою живу!

На север взгляну – вижу зелень деревьев,

На юг посмотрю – ветры сушат траву.

Есть всё у тебя: и леса, и озёра,

И синие глуби натруженных рек,

Бескрайние степи, высокие горы,

И я – твой хозяин и твой человек!

1-Жүргізуші

Құрметті көрермендер ендіше бүгінгі кешімізге келген қонақтармен таныстырып өтейін.

Бүгінгі кешіміздің қонағы :ардагер- журналист , қоғам қайраткері Қазына Нұрқанова

Мектеп директоры: Айтмұхаметова Балжан Қайыртайқызы

Мемлекеттік тіл бойынша директордың орынбасары: Абдурахманова Гүлар Нұрмагамбетқызы

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, қоғам қайраткері ,журналист, жазушы Жарасбай Нұрқановқа арналған әдеби кешімізді ашып беру үшін сөз мектеп директоры Айтмұхаметова Б.Қ.- ға беріледі.

1 -жүргізуші: Ақының өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетейік. (Слайд көрсетіліп тұрады)

Манан Дина 9а сынып оқушысы

Жоқтаушысы- ұрпағы халқы барда,

Сол ұрпақтың ұмытылмас салты барда,

Қара жердің астында жатқан асыл,

Алақанда тұрғандай жарқырар, да!

Жарасбай Нұрқанов өзіне ғана тән тақырыптық ,жанырлық, стильдік,даралығы,ерекше сөз нақышы,ашық үні,өзіндік сезімі бар шығармаларымен танылды.

Теплов Максим 11-сынып оқушысы

Қайран сол сәби кезім,ерке кезім,

Тек жеті ақ- жыл,тек жеті жыл еркеледім,

Сен неге, қатаң тағдыр жұлып алдың

Күлкімді көкірегімнен ерте менің!

Жарасбай Нұрқанов 1937 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданына қарасты Көктерек ауылында туған. Журналист, ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі .Көп жылдар бойы өлкелік, облыстық және республикалық басылымдарда журналистік қызмет атқарған. Бірегей талант иесі публицистикалық туындыларымен қатар, өзін толғандырған тақырыптарда өлең де жазған. Олардың қатарында «Студенттік дәурен», «Көкжиек», «Анашым» туындылары бар

сонымен қатар ол аудармашы, жазушы, очерктер мен новеллалардың авторы

Клименко Алина 9в-сынып оқушысы

Елеулі кезеңдері

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді (1960)ж бітірген

Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалімдіктен бастады (1962-1964).

1965-1966 жж. "Тың өлкесі" газетінде әдеби қызметкер болып істеді. 1966-1974 жж. Целиноград облыстық "Коммунизм нұры" газетінде бөлім меңгерушісі болды.

1974-1981 жж. – республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінің Целиноград облысы бойынша меншікті тілшісі.

1981-1984 жж. – "Өнер" баспасының аға редакторы, 1984-1986 жж.– "Жазушы" баспасының аға редакторы. 1987 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысады

Бейсенбаева Дина 9 г-сынып оқушысы

Жарасбай Нұрқановтың қаламынан туындаған туындылар:

«Қара көздер», «Нұрлы терезе», «Алтын десте», «Арманым менің», «Терең барлау», «Буынсыз бала» «Қызылжар», «Көкжиек» және басқа да жыр жинақтары оқырман қауымға жақсы таныс. Соның ішінде «Ерте солған гүлдер» атты 1937 жылдың қасіретіне арналған туындысының орны ерекше.

Манан Дина 9а сынып оқушысы

Бәрін жүрек түкпірінде сақтады

Жарасбай Анасұлы Нұрқановқа:37 жыл маза бермеді Целиноградтағы неміс авто­но­мия­сын құрмақ болған тұстағы оқиғалар, одан келе 86 жылғы көтеріліс... бәрі-бәрі жүрегінде жүрді. 

Отыз жетінші жыл,

Қасіретім бұл!

Тарқамайтын шер,

Айықпайтын мұң,

Гуілдейді жел,

Мүжілгендей тас.

Көңілімізде шер,

Көзімізде жас.

Серимбетова Ақниет 9а сынып оқушысы

Жарасбай Нұрқанов бейнесі

Жарасбай аға ұстамды, сабырлы жан болған.Шығармаларын жиі жаза бермеседе, аз жазса да саз жазатын, сөзден сурет салған шебер ақын болған. Шығармаларының тақырыбы: туған жерге,табиғаттың сұлулығына, адамдар арасындағы сыйластық пен түсіністікке байланысты жазылған. Әдемілік пен әсемділікті жақсы көрген, сұлулықты сүйген ақын.

Тілге байланысты жазғандары да көп. Нағыз тіл жанашырларының бірі болған. 1975 жылы Целиноградта тұрған кезінде республикалық семинар болып Алматыдан Қасым Қайсенов бастаған бір топ ақын-жазушылар келген. Сол тұста Жарасбай Нұрқановтың «Қазақ әдебиеті» газетінде «Балам еркін білмейді бабам тілін» деген өлеңі шыққан

Манан Дина 9а сынып оқушысы

Ғұмыр бойы тыным көрмей арпалысқан Ар үшін,
Шыншыл, адал мінезімен жақын еткен алысын,
Күллі қазақ өнерінің арқалаған намысын
Сенімен де қоштасар кез келгені ме, арысым?!
Саған деген қошеметтің ұлан-ғайыр аумағы,
Табытыңа бас иіп тұр қазақтың бар таулары.
Саған сәлем кең далаңнан – жанарынан жас тамған,
Саған сәлем жас буыннан – жазылмаған дастаннан.
Қай кезде де туған елге деген ұлы махаббат
Өз ұлтының даналарын қадірлеуден басталған.
Ғасырына қуат қосқан даңқыңды ешкім бөгемес,
Қазақтың сөз өнерінен бой көтерген Эверест.
Қадірлім-ау, ескерткіш қып сенің ұлы тұлғаңа
Көк тіреген Алатаудың өзін қойса, көп емес

М.Шаханов

« Ерте солған гүлдер» әнінің шығу тарихымен танысайық Бетилла Дамира

2011 жылы Астана маңындағы Алжирдің мұражайында бейнебаянның тұсаукесері болатын болып, ел жиналып күтіп отырған кезде, кездесуге 3 сағат қалғанда, Жарасбай Нұрқанов өмірден озды. Операциядан кейін әлі де оңала қоймаған ол, денсаулығының сыр бергеніне қарамастан кездесуге тыңғылықты дайындалған еді. Тағдыр оқырмандарымен жүздесуге жазбағанымен, тура сол кездесу белгіленген уақытта тыңдарманымен қауышуды бұйырыпты. Қазақ радиосынан дәл сол сәтте осы туындысына қатысты алдын ала арнайы жазылып алынған сұхбаты беріліп жатты.



Теплов Максим 11-сынып оқушысы

Өткенсіз алдағы өмірге болжау жасау қиын, сондықтан да әрбір адам, әрбір жас қазақстандықтар елімізде болған тарихи оқиғаларды біле жүріп, соның негізінде еліне, жеріне деген патриоттық тәрбиесі болып, солай тәрбиеленсе, соған назар аударылса, еліміз одан әрі көркейе түсер еді. 

Жа­расбай Нұрқановтың «Өзім өлсем де сөзім қалады. Сәбит, Мағжандар арамызда жоқ болғанымен сөзі, ісі қалды. Елі үшін өмірін қиғандарды халқы да ұмытпайды» деп айтқан екен ақын.

2- жүргізуші: Жарасбай Нұрқанов своими произведениями обогатил казахскую поэзию новым содержанием, поднял ее на небывалую высоту. Произведения Жарасбай Нұрқанова волнуют, вызывают душевный трепет у современных молодых людей .Произведения выдающегося, талантливого поэта: Жарасбая Нұрқанова будут вечно с народом.

На сцену прглашаются ученки 6-х классов со стихами Жарасбая Нұрқанова

1-жүргізуші

Жүректен шыққан өлеңі жүрекке жете біледі.Көптеген шығармаларының ішінде 1937 жылы саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған «Ерте солған гүлдер» атты шығармасын ерекшелеп айтуға болмасқа . Осы өлеңнің 4-5 шумағында ел басына түскен қаһарлы күндерде замана соққысына тап болған алаш азаматтарының жан күйзелісі мен қайғы-қасіреті шеберлікпен қамтылған. Бұл өлең, ақынның басқа да көптеген шығармалары сияқты жастарға патриоттық тәрбие беруге зор ықпалын тигізеді,

Жарасбай ағаның бұл әні өмірінің аяғына дейін бірге болды десе де болады.

Аға буын Жарасбай Нұрқанов­тың туындыларын, азаматтық бол­мысы мен адамгершілігін ұмыта қой­ған жоқ. Қазақ өнеріндегі маң­дайалды композиторлар Нұрғиса Тілендиев, Төлеген Мұхамеджанов, Кенжебек Күмісбеков, Еркеғали Рахмадиев Жарасбай ақынның өлең­деріне ән жазды. Қазір бұл әндерді Ақжол Мейірбеков , Бақтияр Тайлақбаев Роза Рымбаевадан бастап, біраз әншілер орындап жүр. Әншілер әуелетіп айтып жүрген басқа да әндері Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы

Мәди 7-сынып

«Ерте солған гүлдер»

Ернар Қазағы ( песня)

Видео клип «Желтоқсан желі,ызғарлы»

1 жүргізуші:

Жарасбай Нұрқановтың «Артына өлмейтұғын өлең жыр қалдырғаны да ақиқат». Жарасбай Нұрқановтың мұрасы мәңгілік. Нағыз халық жазушысы осындай ақ болар.

Абай сөзімен айтқанда:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Сөз кезегі Жарасбай Нұрқановтың сүйікті жары

бүгінгі кешіміздің қонағы :ардагер- журналист , қоғам қайраткері Қазына Нұрқановаға беріледі.

1 жүргізуші: Осымен Жарасбай Нұрқановқа арналған кешіміз соңына жетті. Келесі жүздескенше күн жақсы болсын! Тілім, елім деп жүрегі соққан жастар көп болсын! Бүгінгі кешімізді Жарасбай Нұрқановтың сөзіне жазылған , келешек ұрпақтың өмірі , жарқын , ашық болсын деген ниетпен жазған әні Қандай тамаша әнімен аяқтаймыз.

Әнді Барлық оқышылар орындайды.

2 жүргізуші: До скорых встреч.



Орындаған қазақ тілі пәні мұғалімі :Расулова Еркінай Ахметқызы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!