Сценарий "Жаса, Наурыз,дәстүрлі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий "Жаса, Наурыз,дәстүрлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге, тәлімгерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жаса, Наурыз, Дәстүрлі »


1.Ашылуына Шашу би


1-жүргізуші:

- Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын!

2-жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.

1-жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.

2-жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі.

1-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік құттықтау сөзді_____________________________________ береміз.


2-жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық, 

Әндетейік жырлайық! 

Ортамызды ашайық, 

Ырыс тілеп бұл жылға, 

Жырдан шашу шашайық!


2.Ән: « Тойың тойға ұлассын» Орындайтын: 8 Г сынып оқушысы Ерасыл

1- Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ.

2- Жүргізуші: Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Сол себепті сол түнді «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр түні Жаңа жыл табалдырдық аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағып қойылады. Қыдыр- ата адамдарға дәулет дарытатын, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне. Қыдыр ата даланы кезе жүріп назары Жерге түссе, оның тон кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.


3. Келесі кезекті әсем күйге берейік. Ортаға Кәрімберді Жомартты шақырамыз. 10В


1-жүргізуші: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан. Қане, ағайын бір-бірімізбен көрісейік!


2-жүргізуші:

Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.


4. «Ерболаттың оркестрі»


1-жүргізуші: - Наурыз көже туралы кім айта алады?

Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.


2-жүргізуші:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

5) 6 «Ж» сынып оқушысы Тасқұл Ақботаның әнін қабыл алыңыздар!


1-жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!


6. Ортада «Көркем би» тобының биін тамашалаңыздар!


2-жүргізуші: -Құрметті қонақтар, қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білеміз? (көрерменге сауал)


Салт - дәстүр, әдет - ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі бар. Салт - дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл - ауқат, тұрмыс - тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.


1
-жүргізуші:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.


7) келесі кезекті әдемі күйге береміз

Орындайтын: 8г сынып Ерасыл мен Бекасыл


2-жүргізуші: Бесікке салу дәстүрін кім біледі?


Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуынжол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлекжаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:


1-жүргізуші:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың, 

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін. 

Көк бөрілі байрағын желбіретіп, 

Көк түріктер тойлаған Наурызым.


8) Ән: «Алтын бесік» орындайтын : Тасқұл Ақбота, Агман Айдана



2-жүргізуші: «Тұсау кесу» рәсімі туралы кім айтады?

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.

Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.

1-жүргізуші

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

9) Ендеше, ортада Дәстүр Асылхан. 10 ә сынып ата-аналарының атынан.


2-жүргізуші:

Жақсылыққа қашанда

Жан баласы тоймаған.

Жаңа жылдың басы деп

Жылда бізбен тойлаған.

1-жүргізуші:

Тойын жасап ел енді,

Қуанышқа бөленді.

Жарқыраған жас нұрлы

Жаса, Наурыз, дәстүрлі!

10) Испан Биі: Орындайтын:


2-жүргізуші: - Ат қою рәсімі туралы кім айтады? (Көрерменнің жауабы тыңдалады)

Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды. Үлкендердің айтқаны бұлжытпай орындалатындықтын, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Кейде жастармен келісе отырып, бала есімін үлкен кісілер таңдайды. Балаға есім үш күн ішінде берілуі құпталады.



1-жүргізуші:

Ауылдың беделді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын-туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына қайталайды. Ежелде ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қойған екен.

11) Ән: Мереке орындайтын: 5 «Б» сынып оқушысы Бермағамбет Зере

2-жүргізуші:

Жаңарғаны сананың

Ұмытады мұны кім?

Ата салтын бабамның

Алып келді Ұлыс күн.


1-жүргізуші:

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай,

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында

Орындалды ойларын,

Құтты болсын тойларың!

12. Кезекті Күйге береміз: орындайтын: 7 Е Мәрден Ұлықжан



2-жүргізуші:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

13. Ән: « Орындайтын : 2 а сынып оқушысы Нахып Ерлен


1-жүргізуші:

Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!


14. Ортада 6 «Ж» сынып оқушысы Тасқұл Ақботаны әсем әнімен қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші:

Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.

1-жүргізуші:

Бұрынғы қариялар 22 наурызды «Қызылбастың наурызы» дейді екен (Қызылбас — Иран, бұрынғы Парсы елінің қазіргі атауы). «Наурыз» сөзі парсы тілінен шыққан, «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы наурыз демей, Амал деген.


Ендеше ортаға 10 «Г», 9 «Е» сыныбының мың бұралған қыздарының биін тамашалауға шақырамыз!


15. Қазақша би



2-жүргізуші:

Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!


16. Ән : «Қыдырып қайтайық»

Орындайтын: 9 «А» сынып оқушылары Серік Сұлтан , Саитова Саида


17. Би Флешмоб (оқушылар)


1-жүргізуші:

Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.


18. Келесі кезекте «Ерке сылқым» күйін орындайтын Ерасыл, Бекасыл , Қуаныш және Баян қыздарыңыз! Қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші:

Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ең мол да ерекше саласы. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде сапасы жағынан да, саны жағынан да ерекше орын алады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:

1. Бәдік айтысы.

2. Жар-жар.

3. Жануар мен адамның айтысы.

4. Өлі мен тірінің айтысы

5. Жұмбақ айтысы.

6. Салт айтысы: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2) ақындар айтысы.

7. Осы күнгі айтыстар.


1-жүргізуші:

  • Көрермендерден сұрайықшы, қандай айтыскерлерді біледі екен? (көрерменнің жауабы тыңдалады)


Иә, Абай атамыз айтады ғой:

«Болмасаң да, ұқсап бақ » демекші, Ортаға «Айтыс» тамашалау үшін 11 «В» сынып оқушылары Сыздық Ақнұр мен Алтынбеков Нұрдәулетті шақырамыз.


19. Айтыс





2-жүргізуші:

Наурызбен құттықтап, 

Алыс жақын қауышты. 

Көктемдегі жарқын сәт, 

Көңілдерге ауысты.


1-жүргізуші:

Наурыз тойым, Наурыз тойым. 

Құтты болсың халайық! 

Қане, достар, қане, достар, 

Шырқап әнге салайық.

20. Ортада Ән шырқайтын 3 «А» сынып оқушысы Ермекова Қарақат «Мереке» әнімен.


2-жүргізуші:

Наурыз тойы — тамаша, 

Наурыз тойы — жаңаша. 

Табиғат та тамаша, 

Тамылжып тұр жараса.  

1-жүргізуші:

Наурыз келді сән құрып 

Жасарып жаңғырып 

Құлпырады жер мен көк 

Мейірімді таң күліп. 

21. Келесі кезек әсем күйде.

Орындайтын: 9 «А» сынып оқушысы Шахзада Бекзат (2 күй)


2-жүргізуші:

Сәулесіндей көрінді -ей таңғы үміттің
Басын қостың салт – дәстүр, сан ғұрыптың.
Жаса наурыз, жарқыра көкте күндей
Мекрекесі достықтың, мәңгіліктің

22. Ортаға мың бұралған биші қыздарды шақырамыз)

Би қазақша (испан биін билейтін қыздар.)


1-жүргізуші:

Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. 7 санға байланысты әдет-ғұрыптар бар. Наурыз мерекесін тойлау кезінде, ақсақалға наурыз көжеге толы жеті кесе ұсынылады. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне 7 қонақты шақырып, өзі де 7 үйге жолығады. Өзбекстанда «Сумалақ» — наурыз көжеге ұқсас тағам дәстүрлі болып саналады. Ол да жеті азықтық заттан әзірленеді.


23. Ән: «Тәуелсіз қазақ қызымын»

Орындайтын: 7 «Ә» сынып оқушысы Нақып Алима


2-жүргізуші:

Наурыз мейрамы — діни мереке емес. Бұл — қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.


24.Ортада 9 «В» сынып оқушысы Алимханұлы Ердаулет өзінің әсем әнімен! Қабыл алыңыздар!


1-жүргізуші:

Наурыз мейрамына байланысты мынадай атаулар бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы.


2-жүргізуші:

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!

25. 10 «Ә» Попури халық әндерінен


1-жүргізуші:

Наурыз Қазақстанда ғана тойланбайды. Жақын шетелдің елдері (Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей) Наурыз мерекесін қарсы алады! Ауғанстан, Иран секілді алыс шет елдері мерекенің келуін тағатсыздана күтеді.


2-жүргізуші:

Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.

26.


1-жүргізуші:

Мереке күні қар жауып тұру жақсы ырым деп саналған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы Наурыздың ақ қарына теңестеріледі. Бұл таңғажайып жайт емес, өйткені наурыздағы қар әдетте жұмсақ, ерекше аппақ болады.

2-жүргізуші:

Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.


27.


1-жүргізуші:

Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар. - деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.


2-жүргізуші:
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас - кәріміз,
Ән салайық бәріміз


28.


1-жүргізуші:
Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!


29.


2-Жүргізуші:

Ұлыстың Ұлы күні, Наурыз мерекесі тағы да құтты болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
4725
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі