Жыл мұғалімі –
2019
Жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар
құрметті ұстаздар, қонақтар!
Ұстаз мәртебесінің артуы ең
алдымен, "Ұстаз деген - ұлы есімге" қаншалықты лайық болуына
байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне
қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің
майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті,
парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы тұрғысында шәкіртке үлгі
боларлық биіктен көрінуі шарт. Бүгінгі білікті ұстаздар
педагогикалық шеберліктерін сынау сайысына түскелі отыр. Бүгінгі
сайыста ұстаздар маңызды жағдаяттарды, әдістемелік тиімді істерді,
шығармашылық ізденістер нәтижелерін ұсынады.
Балғындарға
баянды,
Сырын
төккен-ұстазсың!
Шәкіртіне
аяулы,
Нұрын
сепкен-ұстазсың!
Бәрімізді бей-жай қылған
тақырып,
Сырласайық ой-теңізін
сапырып.
Батыл болсын,анық болсын
пікірлер,
Сөз маржаны шықсын тыңнан
атылып.
Ендеше байқауымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Ендігі кезекте байқауға
қатысатын ұстаздармен таныстырып өтейін.
Жүргізуші: 1. Кір шалмайтын ешқашанда
қабағын,
Насихаттың қадамына қарағын.
Пән ішінде пәндердің ол төресі,
Алып жүрген қазақ тілі сабағын – дей келе ортаға Хожа Динарды
шақырамыз.
2. Бар өмірін балаларға
арнаған,
Ғұмырларын ғибратқа
жалғаған.
Ұлағатқа тасып толған
кемері,
Ұстазымыз Анигуль апай келеді,
- дей отырып ортаға Долькей Анигүлді
шақырайық.
3. Математик нағыз маман өзіңсің
Өзгелерге ісің үлгі, сөзің шын.
Аудан, аймақ көлемінде шектелмей,
Облыстан бас жүлдемен көрінсін – дей келе Хадыс Амангулді ортаға
шақырамыз.
4. Шәкіртімен қуанып бірге келер,
Ал тарихи түсінік және берер.
Жаңа әдіске үйретіп шәкірттерін,
Шәкіртіне қосымша білім берер – деп Хадет Жайнаны ортаға
шақырамыз.
5. Ақырын жүріп келесің аяңменен,
Жұмысыңыз үнемі баламенен.
Зертханамен жұмысы әрқашанда.
Химия ұстазы бола білген – дей келе Баймағанбетова Камшат
Бейбітқызын ортаға шақырамыз.
6. Білімді ұстаз, бейімді шетел тіліне.
Еңбегімен ортасына үлгі – өнеге.
Жұмысының жемісін көрсетеді,
Әрдайым мектебіне келгенінде. – деп Есмағамбетова Кулзипа
Темірбекқызын ортаға шақырамыз.
7. Өнерлі, әнші қылып
тәрбиелеп,
Шәкірттерді шығарды бірнеше рет.
Облыс, Республика көлемінде
Жас өнерпазды жетелеп жүр өнер
әлеміне, - дей келе Хатпа Серікгүлді ортаға
шақырайық.
8. Бала – шаға отбасымен
бақытты,
Күнделікті шәкірттерге асықты.
Физика мұғалімі Салтанат
Іскерлікпен ісін алға тасытты – ортаға Серік Салтанатты
шақырамыз.
9. Жанып түсер шәкірт десе жанары,
Спортпенен шынықтырды баланы.
Шәкірттері жарыстарда бақ
сынап,
Жүлдеменен қуантады ұстазды ,
- дей келе Шакерхан Асылбекті ортаға
шақырамыз.
Жүргізуші: Әділ қазы мүшелері,
армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан мұғалімдер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.
Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы мүшелерімен
таныстыруға рұқсат етіңіздер.
-
Мектеп
директоры -
-
Директордың оқу істері
жөніндегі орынбасары –
-
Кәсіподақ
төрағасы-.
Ескерту: Әр мұғалімге жеке –
жеке ұпай бересіздер. Әр кезеңнің толық жауабы ең жоғарғы 5 ұпаймен
есептелінеді.
Енді ұстаздарымыздың сөйлеу
ретін белгілеу үшін мына жерден жеребе алуларыңызды
сұраймыз.
Байқаудың шарттарымен
таныстырып өтейін.
1. Таныстыру. 3 – 5 минут
2. Сабақтан үзінді
3. Педагогикалық жағдаяттардан
шығу . 1 – минут.)
Жүргізуші: Бойыма алаулатып күш -
жалынды,
Өмірге ұмтылдырған құштарымды.
Кеудеме білім сырын құйып берген
Ұмытпан мәңгі - бақи ұстазымды.
Ән «Ұстазым» /ән-шашу
болу керек осы жерде/
Жүргізуші: Жақсы ұстаз - бұл мектептің
жүрегі,
Адамдықты жақсы ұстаз
береді.
Даналыққа талпынған ұлы
ұстаздар,
Таныстырып, енді өздерін
көреді.
1- кезең. Таныстыру. 3 –
5 минут
Ұстаздар өздері алған жеребе
бойынша рет ретімен шығып отырады.
Жүргізуші: Білімнің ашып келбетін,
соңынан шәкірт ертетін.
Ұстазы болса білімді, шәкірті болар, зейінді дей келе келесі
кезеңімізді бастаймыз.
2 – кезең. «Сабақтан
үзінді ».
Тілдер- қазақ т, орыс т, ағылшын.
Математика, физика,
химия
Денешынықтыру, Эстетика,
тарих
3 – кезең. Педагогикалық
жағдаяттан шығу. 1 – минут.)
Жүргізуші:Қане достар пікірлесіп
қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.
Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі
кезеңін бастайық. Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау
барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен
ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
(Сайыскерлер интерактивті тақтадан қажетті нөмірді таңдап, таңдаған
нөмірге сәйкес сұраққа жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 2
минут.)
Ситуациялық
сұрақтар:
1. Сіз сабақты слайд түрінде
дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп
жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер
едіңіз?
2. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте
көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында
кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы
көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың
барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға
кеңес.
3. Ата-аналар жиналысында Сіз
баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап,
мұғалімдеді кінәлады. "Білім, тәрбие бере алмайсыздар",-деп
ашуланды. Барлық ата-ана Сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз,
қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?
4. Оқушылар мұғалім орындығына
бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап
алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескертті. Қандай амал қолданасыз?
Жаппай ұрысасыз ба, әлде басқалай амалдар қолданасыз
ба?
5. Сабақ үстінде балалар бір
келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінә деп тауып, оған рыса
бастадыңыз. Қатты - қатты сөз айтыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы
ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші
оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз
ба, әлде екінші оқушыға ұрыса бастайсыз
ба?
6. Сіз бүгін қандай да бір
жағдайлармен сабаққа дайын емессіз. Сабаққа келсеңіз кісі қатысып
отыр. Не
істейсіз, жағдаяттан қалай шығасыз?
Жүргізуші: Көрдім де соларды қызықтым ісіне,
Сан сұрақ оралды ұстаздың есіне.
Ұстаз кім? Ұстаз ба ол – Ана!
Өмірде сені де, мені де қаққызбас ешкімге.
Ұстаз кім? Мұғалім ол – Дана.
Шыңдаған ерлікке, дарытқан мол білім.
Әділ қазылар Сайыс
қорытындысын шығарғанша келесі кезекті тамаша әнге
берейік.
Ән « Ұстазға мың алғыс» қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші:Арманға алда күткен
асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін
бірге білейік. Сол
үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: ХХІ ғасыр – Білім ғасыры.
Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің
адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы
тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп,
еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер.
Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше
күн нұрлы болсын! – дейміз.