Сценарий "Сиқырлы күз" балабақша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий "Сиқырлы күз" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға арналған "Сиқырлы күз" тақырыбында сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

№30 «Гүлдер» бөбекжайы МКҚК










«Сиқырлы күз»


«Балапан» I- II кіші аралас тобына арналған ертеңгілік сценариі














Дайындаған тәрбиеші: Давлетова Н. Т





2017-жыл.


«Сиқырлы күз»


Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.


Әсем әуен ойнап тұрады. Балалар орман корінісімен безендірілген залға кіреді. Зал әсем шарлармен, ойыншықтарман және жапырақтармен әдемі безендірілген. Балалар залға музыкасымен көңілді кіреді. Ән біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.


Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар,әріптестер, және осы бөбекжайдың кішкене бүлдіршіндері! «Сиқырлы күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Балалар, біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?! Солай ма, балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?

Балалар: Сиқырлы күз әдеміледі.

Жүргізуші: Дұрыс балалар.

Тыңдаңдаршы, жел соғып жатыр. Қане, бәріміз желмен бірге үрлейік. (Үф –ф... үрлейді)

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, желмен бірге бізге не келе жатыр? (тыңдайды)

Әдемі әтеш

Таң атпай тұрыпты

Ойқастап жүріпті

Жан – жаққа қарапты

Айдарын тарапты, - бізге келе жатқан не екен?

Залға әтеш кіреді: Сәлеметсіздер ме балапандар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?! Мен сендерге қонаққа келдім.

Жүргізуші: Қош келдің! Біз Алтын күзді тойлап жатырмыз. Бізбен бірге тойла.

Әтеш: Рахмет! Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?

- Иә, білеміз!

Әтеш: Өте жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, кішкене түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын жай соғады, әуен жай ойнайды). Сонымен қатар үлкен, қатты жаңбырлар да болады ( балалар қолды қаттырақ, тезірек соғады,әуеннің дауысы қатты шығады).

«Қандай жаңбыр» ойыны ойналады.

(Әтеш басқарады: «Жай жаңбыр» дегенде қолды жай соғады. «Қатты жаңбыр» дегенде қолды қаттырақ соғады.)

Әтеш: Тамаша, балалар!Ал, балалар, сендер өте өнерлі балаларға ұқсайсыңдар. Қане, кім тақпақ біледі, айтып беріңдерші.

Ершат: Алақай, алақай,

Шатанып балақай.

Күз келді дән пісті,

Айтамыз алғысты.

Расул: Ел егінін жинайды

Қырманға дән сыймайды

Біздің дала бай дала

Алтын астықайнала

Айжан: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

М. Бексұлтан: Құстар қайтты күз болып,

Сұр бұлт жатты аспанды.

А. Бексұлтан: Жапырақ түсіп, гүл солып

Қыс ызғары басталды.

Ән: «Көңілді сылдырмақтар» орындайтын хор

Балалар әнді қимылмен жасайды.

Жүргізуші: Сары әтеш, біз жаңбыр жауғанда саңырау құлақтардың үлкен болып өсетінін білеміз. Саңырауқұлақ болып би де билейміз. көргіңіз келе ме?

Әтеш: Әрине.

Би: «Саңырауқұлақтар»


Әтеш: Ой, балалар,қандай тамаша биледіңдер, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рахмет сендерге балалар! Мен енді достарыма кетейін. Сендердің қандай ақылды, көңілді екендеріңді айтайын. Сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Балалар, мен бір сыбдыр естіп тұрған сияқтымын. Кім екенін білгілерің келе ме?

Залға түлкі келеді:

Мен түлкімін күлкілі,

Кім білмейді түлкіні.

Алдамаймын ешкімді,

Алтынданған күз күні.

Жүргізуші: Қу түлкі, сіздің бізге келгеніңіз қандай жақсы болды! Біздің балалар сізге ән айтып бергісі келіп тұр.

Түлкі: сендер сондай кішкентайсыңдар, ән айта аласыңдар ма?

Балалар «Тамшылар» әнін айтып береді.

Түлкі: Ой, жарайсыңдар, кішкентайлар!

Жүргізуші: Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырам, тыңдаңдар:

Менің атым ұзынқұлақ

Ылғи түнде жортамын

Қалдырмаймын ізімді

Өте қатты қорқамын.

(қоян)

Залға қоян келеді:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерде болып жатқан қандай той? Қандай көңілдісіңдер?

Жүргізуші: Сұр қоян, біз бүгін «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз.

Қоян: Мен сендерге ойын ойнауға сәбіз алып келдім. Кім көкөністер мен жемістерді ажыратып тез жинайды екен?

Ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат?»

Қоян: Ой, рахмет, балалар!

Түлкі: Сұр қоян, осы сені неге желаяқ деп атайды?

Қоян: Соны да білмейсің бе? Мен өте тез жүгіремін ғой. Сондықтан мен желаяқ атандым.

Түлкі: Ой сұр қоян, мақтанба. Сен менен де тез жүгіре алам деп ойлайсың ба?

Қоян: Әрине, сен менімен жарыссаң жете алмай қаласың.

( Түлкі қоянды қуады, жете алмайды).

Түлкі: Сұр қоян, сен расында жеткізбейді екенсің.

Қоян: Балалар, сендер мен сияқты секіре аласыңдар ма? Олай болса менің қимылымды қайталаңдар. ( Балалар қоянмен бірге билейді)

Қоян: Рахмет, балалар!

Түлкі: Бүгін біздер ойнадық та

Ән салдық та, биледік

Қоштасатын кез де келді

Біздер енді кетейік.

Қоян: Сау болыңыздар, балалар!

Жүргізуші: Балалар, бүгін бізге әтеш те, қоян да, түлкі де келді. Ал сиқырлы күз болса әлі жоқ. Біздер «Күз» ән шумақтарын орындап, сиқырлы күзді ортаға шақырайық.

«Кел бізге Алтын күз» балалар өлең шумақтарын хормен айтады.

Алтын күз,

Алтын күз,

Келші менің далама.

Алтын күз,

Алтын күз,

Келші біздің бақшаға.

Залға күз кіреді:

Сәлем, өрен достарым

Алақанды тос бәрің

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығыма қаныңдар.

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер,

Кел, күз тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық!

Сәлеметсіздер ме, балалар! Дауыстарың қандай әдемі! Сендер мен туралы әндетіп жатырсыңдар ма? Мереке басы ән болар, береке басы дән болар,- дейді халқымыз. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан халық мені «Жомарт күз» , - деп те атайды.

Жүргізуші: Балалар, біздер күзге арнап өзіміздің тақпақтарымызды айтып берейік. Жомарт күздің бізге берер сыйлығы бар.

Айнара: Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.

Ершат: Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық, барлық тағамға.

Іңкәр:Әсем жыр мен ән болып,

Ақ бидай өсіп, шалқыған.

Жетеді бізге нан болып,

Даланың иісі аңқыған.

Айзере: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Нуриман: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап

Жүргізуші: Алтын күз, біздің қыздарымыз сізбен бірге «Жапырақтар» биін билегісі келіп тұр.

Күз: жақсы билесек билейік.

Хор: «Күз жомарт » орындайтындар «Балапан» тобы

Жүргізуші: Күз арқылы білеміз

Жомарттықтың салтын біз

Біз өзіңді сүйеміз,

Балалар: Рахмет саған алтын күз!

Жүргізуші: №30 «Гулдер» бөбекжайының директоры А. М. Салимоваға сөз кезегін береміз.

Күз ханшайымы балаларға алмалар үйлестіреді.Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер,осыменен «сиқырлы күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар!



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.01.2018
41497
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі