Балалар қолдарына жалаушалар ұстап, әуенімен музыка залының ортасымен екі-екіден жүріп, екі жаққа бөлініп, айналып келіп төрт қатар жасап тұрады.
( Би қимылдарын орындайды,би соңынан екі жақпен жүріп қолдарындағы жалаушаны вазаға салады.)
Балалар екі жақа бөлініп тұрады. /қыздар іш жағында/
1-Ернұр: Елдің елдігі,
Ердің ерлігі – ән ұран
2-Бегайым: Сезім биігі,
Төзім иығы – ән ұран
3-Ибраһим: Әннің асылы,
Ұранның басымы – ән ұран
Г-Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Гимні шырқалсын!
Ән ұран айтылғаннан кейін,балалар бастапқы қалып
Б-Жүргізуші: -Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріппен жазылып қалатын Тәуелсіздік мерекесін атап өтуге хош келдіңіздер!
Тәуелсіз Қазақстан жасасын! Бейбітшілік болсын!
Бақыт- Тәуелсіздік – бұл бақыт,
Сарқылмайтын шаттық қой.
Көздің жасын құрғатып,
Келген бізге бақыт қой.
Жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанымыздың 25 жылдық мерейтойы құтты болсын! Қазақ елі, байтақ ел,
Қайтпайтын ел, қайсар ел!
Туған елім, туған жерім,
Сүйемін мен қазақ елін!
Тақпақ
1-бала: Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Талапты болсын талғамың!
Өркені өссін Қазақтың!
Осы – менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы – менің мұратым! 2-бала: О,Ақорда, Ақ шатыр
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы – менің мақсатым!
Халқым - менің тірегім
Құрбан жаным , жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде
Осы – менің тілегім!
бала: Қазақстан танылды ғой әлемге кең
Аспанымда қашанда ән өрлеген
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын
Еліміз дами берсін дәулетімен!
бала: Тоқсан бірде Президентті сайладық
Еркіндікке белді бекем байладық
Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп
Тілек айтып шаттық тойын тойладық
бала: «Нұраға» әнін қабыл алыңыздар!
ӘН: «НҰРАҒА» / Отырамыз /
П Р Е З И Д Е Н Т туралы /СЛАЙД/
Жүргізуші:- Балалар 1-ші желтоқсан күні кімдердің мерекесін атап өттік?
1-ші желтоқсан «Президент» күні.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуіне көп еңбек етіп, еліміздің мерейін асқақтатып, «Мәңгілік ел» болуға бастаған президентіміз туралы не айта аласыңдар?
-
Ал сендер біздің елбасшымызды білесіңдер ме?
Балалар: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: -Дұрыс. Конституция бойынша мемлекетімізді Президент басқарады. «Президент» деген сөз латын тілінді «алдында отырған» деген
сөзді білдіреді.
ТАҚПАҚТАР:
бала: Тәуелсіздік алып берген біздерге
Нұр ағадай Президент бар бізде.
Бейбітшілік, ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
бала: Байтақ жерді басқаратын қамқоршы
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар!Президентіміздің өз елі, туған жері үшін жасап жатқан еңбегі өте зор.
Т Ә У Е Л С І З Д І К туралы
Жүргізуші: -Балалар сендер «егеменді», «тәуелсіз» деген сөздің мағанасын
қалай түсінесіңдер?
бала: - Тәуелсіздік деген ешкімге бағынбайтын , өз рәміздері бар, өзінің Ата Заңы, Конституциясы , өзінің елбасшысы бар және ұлттық
валютасы бар дара мемлекет.
Жүргізуші: -Дұрыс айтасыңдар балалар ендеше мерекеге кімнің арнаған өлеңдері бар?
ТАҚПАҚТАР:
бала: Егемендік иесі - мен деген сөз
Көптен бері естімеген ерен сөз
Екі тізгін, бір шылбырын өзі
алған
Көркем жігіт болып өссе, көрген көз .
3-бала: Егемендік ел болудың белгісі
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен берісі.
4-бала: Желтоқсан-ау, ұмытпайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді бүгін еншіме
Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке.
Жүргізуші: Балалар біз «Тәуелсіздік» мерекесіне Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сияқты ата-апаларыңның ерліктері мен батылдықтарының арқасында жеттік.
5-бала: Қайраттай қайсар ұлдарың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ләззатың
Арымен келген еркіндік
Қасіретпен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
6-бала: Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады
7-бала: Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Жүргізуші: Ата бабам арман еткен
Егеменді қазақ жерім
Қуанышын көптен күткен
Құтты болсын дархан елім - дей отырып, біздің жігітердің орындауында«Жігіттер» биін тамашалаңыздар.
БИ: «Жігіттер»
Р Ә М І З Д Е Р туралы:
Жүргізуші: - Балалар рәміздер деген не?
Балалар: - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні, елтаңбасы, туы.
8-бала: Рәмізім елдігімнің белгісі
Білу керек бала дағы ең кіші
Рәміздерім – ән ұран, ту, елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
Жүргізуші:-Елтаңба туралы не білесіңдер?
9-бала: -Елтаңбаның ортасында шаңырақ, уық бейнеленген. Шаңарақ – отбасы ынтымағы мен тыныштығының белгісі. Екі шетінде қанатты қос тұлпар. Жоғарыда бес жұлдыз, төмен жағында «Қазақстан» деген жазуы бар.
Жүргізуші: -Елтаңбаның авторларын кім айтады?
Балалар: - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уалиханов .Жүргізуші: Өте жақсы елтаңба туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?
10-бала: Елтаңбсы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көгілдір
Ортада аспан әлемі
Құт, береке – шаңарақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жағтан көмкерген
11-бала: Алтын заңның аясында
Құлпырамыз гүл болып
Отан – ана аясында
Жарқыраймыз күн болып.
Жүргізуші:- Ту туралы кім айтып береді?
12:- Тудың түсі көгілдір аспан түстес, ортасында шуағын төккен күн
бейеленген. Күннің сәулелері бидайдың дәніне ұқсайды. Ол молшы-
лық пен байлықты білдіреді.Күннің астында қыран-бүркіт орналасқан.
Ол қазақтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой-ниетінің биіктігін
білдіреді. Ою-өрнек туымыздың ұлттық ерекшелігін айқындау үшін берілген.
Жүргізуші: Өте жақсы. Ту туралы қандай тақпақ білесіңдер ме?
13-бала: Желбірейді көк байрағың көгіңде
Кереметсің көрік берген өңірге
Ғаламдағы ғаламаттың бірі боп,
Бәйтерегің жарқырап тұр төріңде.
14-бала: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай көк,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
15-бала: Бұлт баспасын күнімді,
Тартылмасын өрісім.
Биік ұстау туымды—
Қасиетті борышым.
Жүргізуші: -Гимнің сөзін, әнін жазған кімдер?
Балалар: -Сөзін жазған Жұмекен Нажмиденов,Нұрсұлтан Назарбаев.Әнін
Жазған Шәмші Қалдаяқов.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, біздің еліміз әнұранымызбен айбатты, елтаңбамызбен еңселі, желбіреген көк байрағымызбен қайратты. Біз әрқашан рәміздерімізді қастерлеп биікке іліп қоямыз.
16-бала: Ән « Он алтыншы желтоқсан » ( Үш-үштен тұру)
А С Т А Н А туралы
17-бала: Біздің еліміздің бас қаласы-Астана. Астанамыз жыл сайын көркейіп, құлпырып келеді. Астана Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Астананың көрікті жерлері көз тартады. («Бәйтерек», «Ханшатыр» , «Ақорда»)
18-бала: Астана қазағымның бас қаласы
Арқада бой көтерген жас қаласы
Көшірген Астананы орталыққа
Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.
19-бала : Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Жүрегімнен жарып шыққан бір сезім,
Қазағымның даналығын ұқтың ба?
20-бала: Ауыр сын, қиындықтан жасқанбаған
Сарыарқаға көш бастап басқан қадам
Бүгінде дос сүйініп, әлем танып,
Атағы Астананың аспандаған
Жүргізуші: Қазақстанымыздың болашағы, ертеңі көркем қыздарымыз өз
өнерлерін ұсынады.
БИ: «Келіншек» (....)
(Биден кейін Композицияға киіндіруге шығару )
Жүргізуші: Кезекті көңілді ойындарға берейік.
О Й Ы Н: 1. «АРҚАН ТАРТЫС» /композициға қатыспайтын
балалармен /
Жүргізуші: - Біздің мерекемізге Англиядан да қонақтар келген екен,
ендеше құрметпен қарсы алайық!
А Ғ Ы Л Ш Ы Н Т І Л І:
ТАҚПАҚТАР: 1-бала:
Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!
Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сен сездірдің!
2-бала: Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!
3-бала: Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
4-бала: Біз балдырған нық басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз бейбіт күн,
Ашық болсын көк аспан!
5-бала: Еліміз бар, жеріміз бар
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.
БИ: «Д О С Т Ы Қ» композициясы: 1.Батырлар,2.Орыстар,3.Өзбектер
4.Қазақтар. 5.Татарлар.6.Грузинка
ТАҚПАҚТАР:
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің
6-бала
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
7-бала: Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Балалар қатарларға тұрады. / Үш бұрыш болып тұрады.Ұлдар іште, қыздар сыртында/
Жүргізуші: Елімнің атын айтсам – Қазақстан!
Жүргізуші: Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!
Жүргізуші: Қойнауы қазынаға толы мекен
Байлығым атын айтсам – Қазақстан!
Жүргізуші: Жаңарған берекелі еліміз бар,
Даласы гүлге толы жеріміз бар.
Жүргізуші: Кең өлкем, байлығы мол, ынтымақты
Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.
Бұл қай ел балалар ?
Балалар:- Бұл Қазақстан Республикасы!
ХОР: «АТАМЕНКЕН» / Үш бұрыш болып тұрады.Ұлдар іште, қыздар сыртында/
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстаным- мәңілік ел» атты мерекеміз аяқталды. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын. Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін! Қош сау болыныздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сценарий "Тәуелсіз Қазақстан"

шағым қалдыра аласыз