1-жүргізуші: Туған елім құтты болсын тәуелсіздік тірлігің,
Арта берсін күш-қуатың, бірлігің.
/ Әнұран орындалады/
Директорға сөз беру.
2- жүргізуші: Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым .
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,
Алтын арай, таңғы жұпар самалда
/Күй орындалады/
1-жүргізуші: Мен – қазақпын , мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
2- жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске ,
Айта бергім келеді, айта бергім.
/Қобыздың зарлы үні. Сахнаға ақырын аяңмен басып қария шығады. Орындыққа дем алып отырады. Міне осы кезде жанына неиересі шығады./
Немересі: Ата, не ойлап отырсың?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің. Сенің болашағыңды ойлай-
мын, еліміздің болашағын ойлаймын және өткен өмірді ойлаймын
да құлыным.
Немересі: Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: Балам, өткен өмір дегеніміз сонау ежелгі ата-бабаларымыздың
Жүрген соқпалы өмір жолы, тарихы ғой.
Немересі: Ол не сонда ата?
Атасы: Ендеше тыңда мені балам, атаң бір сөйлесін.
/ Қарт ойланып отырып қалады. Сахна сыртынан мына жыр жолдары оқылады./
1-жүргізуші: Болса да оқыған тарихшы атым,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын
2-жүргізуші: Бұл жалған еш пендеге тұрақ болмас,
Әйтеуір кімде болса ошпей қалмас,
Есімі еш адамның өлмейді екен.
Артында ұрпақ жүрсе ұмыттырмас .
Атасы: Иә, балам, ел басынан қилы-қилы заман өткен. Талай ерлеріміз, хандарымыз ел бірлігін ойлап, жерін сақтап, небір жаулармен шайқасып өтті.
Немересі: Ата, біз тарихтан оқыған едік.
Атасы: Дұрыс екен оларың. Ол кезең «Ақтабан шұбырынды»
деген атпен тарихта қалды емес пе?
1-жүргізуші: Дархан қойын-қонышқа құт дарып,
Төрт құбылаңды түгендедің мықтанып.
Ен байлықты белшесінен кешкелі,
Жат жұрттықтар көз алартып сұқтанып.
Шыңғыс ханның қалың қолын бөгеген,
Батыл едің, батыр едің не деген.
2-жүргізуші: Алатаудай міз бақпады ұл-қызың,
Өзің ерлік жөргегіне бөлеген .
Ұлы жолда аз болды ма шығындар,
Қыршынынан қиылды сан ғұмырлар.
Атой салып жауға аттанды құрсанып,
Қабанбайлар, Бөгенбайлар, Сырымдар.
/ Күй ойналады./
1-жүргізуші: 15 ғасыр. Қуатты қазақ хандығын құрдық. Бірақ тәуелсіз
қазақ мемлекеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан
байтақ елімізді жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар
көбейді. Жайлауға көшіп жатқан елімізге жоңғар қалмақтары
шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Ел шұбырып,
Ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқа көлге аялап, қа-
сиетті қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында
қалың қазақ бас қосты.
Ән: Елім-ай . Орындайтын : Мұқамбетова Ақнұр
Қар таудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып бос келеді.
Қар түнді жамылған қара қазақ,
Қара түнді көтеріп көшкен еді.
Қара қайың көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шылғау болып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ өткен еді.
Мұхамед-Әли: Сен ғанасың құлыным, сен ғанасың,
Мен де көпке бармаспын, сен қаласың.
Ойран болған орданың орнына кеп,
Отау тігіп, отынын сен жағасың.
Атасы: Иә, балам, ата-бабаң айтқан осы бір сөзді ешқашан ұмытпа!
Немересі: Жарайды , ата!
Атасы: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би сияқты шешендеріміз бен билері-
міз бас болып, Түркістанның жанындағы Абылай хан үш жүздің
басын қосып , елдікке, бірлікке шақырды.
Немересі: Ата, айтқандарыңызды тарихтан оқытқан бізге. Мағжан, Ахмет,
Бейімбет, Міржақып, Шәкәрім…т/б аталарымыздан айыры-
пыппыз. Шіркін, солар тірі болса ғой!
Атасы: Дұрыс айтасың , балам.
Маусым: Қырылмасын аштықтан бауырларың,
Жазықсыз құрбан алып шыбын жанын.
Қазақ деген қандай ел болар едік,
Көркейткен байлығымен әлем сәнін.
Немересі: 1941 жылғы соғысты да тарихтан білеміз ата.
Атасы: Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,
Мұқатпай жігер тосып сол бір шақта.
Сұрапылдай соқтық та жау қамалын,
Жеңіс туын қададық Рейстагқа!
1945 жылдың 30 сәуір күні Рейстаг төбесіне ту тіккен сержант
Егоров пен жас қазақ Р. Қошқарбаев еді ғой, балам-ау!..
2-жүргізуші: 1941-1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болма-
ған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ
батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерлік
көрсетті.
Қазақстаннан Панфиловшылар гвардиясы құрылды.
Атасы: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылдың желтоқсанын қалай еске
алмасқа. Бұл оқиғаның бас қаһарманы Рысқұлбеков Қайрат ағаң
болады. Еліміздің болашағы, егемендігі үшін күресті жас жүрек-
тер.
Немересі: Иә, ата , желтоқсан оқиғасы қазақ халқының мәңгі есінде қа-
ларына күмән жоқ.
1-жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанның отты алаңы. Еліміздің егемендігін
аңсаған бүлдіршін жастар, алаң орталығында. Желтоқсан
желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық
намыс құдіретін әлемге паш етті.
Ән: Желтоқсан.
2-жүргізуші: Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рұсқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша белгі – «Алтын жұлдыз» тағайындалды.
Сәбира, Ләззат, Ерболға «Ақтау жөніндегі анықтама» берілді.
Атасы: Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр
септі. Олай дейтініміз, соның жемісінде егеменді ел болдық, бүгін
бізді дүние жүзі біледі. Бұған да тәуба дейін.
Немересі: Егемендік дегеніміз не?
Атасы: Көптен күткен естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған.
Көркем жігіт болып өссе көген көз,
Егемендік – ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні,
Егемендік деген сөзден естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
Егемендік деген осы. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған ел таңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің кешегісін өзің сияқты ұрпақтарға тарих етіп баяндап, алаларың тұр.
Мұхамет-Әли: Өзіңдікі-Елің де,
Өзіңдікі- Жерің де,
Еркін өмір сүре біл,
Тәуелсіздік төрінде.
Асқар тауда-сенікі,
Бақша бау да сенікі,
Қалтқысыз дос екен,
Қатаң жау да сенікі.
Маусым: Еліме күрестерде бақ дарып,
Кеткен жоқ қонған бағы қолдан ұшып.
Туғаннан Тәуелсіздік тайсалмастан,
Келеді нарықпен арпалысып.
Нұрлыбек: Тойланып мың мереке, ұлыс күні,
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
Маусым: Намысың найзағайдай жарқылдап бір,
Өз халқым, дүниеге даңқыңды асыр,
Дәуірдің бастап алған жиырма бірі,
Еліме болсын деймін Алтын ғасыр!
1-жүргізуші: Қазақстан! Туды алтын дәуірдің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңын құтты болсын қымбаттым.
Туған күнін құтты болсын алыбым!
2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік-ел бақыты ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Ән: «Қазағым менің.»
1-жүргізуші: Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!
2-жүргізуші: Осымен «Тәуелсіздік тұғырың» атты салтанатты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен-
көп рақмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сценарий Тәуелсіздік күніне арналған

шағым қалдыра аласыз