Сценарий Тіл-ұлттың мерейі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий Тіл-ұлттың мерейі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілдер апталығының ашылуына пайдасы бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тіл ұлттың - мерейі

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілділік саясатын дамыту.

Барысы:

1.Шашу би

Фанфар

1-жүргізуші: Қайырлы күн,  құрметті ұстаздар мен мен қымбатты оқушылар!

2-жүргізуші: Добрый день, Уважаемые  педагоги,  дорогие ученики!


3-жүргізуші: Good afternoon, dear friends!

 

1-жүргізуші:  Ана сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміздің құдіреттілігіне, байлығына, қасиеттілігіне баға жетпейді. Қазақ тілі – туған тілім, бабам тілім, дана тілім, бал тілім – дегендей бүгінгі  «Тіл- ұлттың мерейі» атты тілдер апталығының ашылуына қош келдіңіздер!

  

(ҚР әнұраны орындалады)


І – жүргізуші: 
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде! 

ІІ – жүргізуші: 
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде! 

І І І – жүргізуші: 
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде! 

І – жүргізуші: 
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде! 

І І – жүргізуші: 
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде! 

Сахналық көрініс: (Гүлмира)
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс) 

Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. 
Енді қандаймын? 
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. 
Мен не көрмедім? 
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім. 

Төле би: (сахнага келеді)
Жасыма! 
Уа, халқым! 
Көсіле шабар жерің бар! 
Тау көтерген елің бар, 
Қол бастайтын ерің бар. 
Атадан қалған сара жолың бар, 
Сөз қадірін біліңдер! 

ІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс) 
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім. 
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін... 

Қазыбек би: (сахнага келеді)
Налыма! 
Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз! 

ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс) 
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мен аямады. 

Әйтеке би: (сахнага келеді)
Тамыры суда тұрса да 
Уақыты жеткенде 
Қурамайтын құрақ жоқ. 
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады. 



1 оқушы сахнаға шығып (күй орындалып тұрады):

Иә, мен қазақ тілімін! Ақын, шешен, ділмар бабаларымыздың бұлбұлдай сайраған тілімін! Менің тілімде сөйлейтін халқым бар да мен ешқашан өлмеймін! Мені осы кезге дейін сақтаған, мен үшін жанын қиған бабаларыма басымды иіп, тағзым етемін!

(Сахнадан кетпей тұрады)

Ән:

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды.



2-жүргізуші:

Исторически так сложилось, что на территории Казахстана постоянно развивается и действует более ста тридцати языков, однако государственным всегда остается казахский язык. В конституции Республики Казахстан сказано, что языком межнационального общения является русский язык. В нашей стране мир, единение и согласие. А согласие – это начало счастья.


3-жүргізуші:

Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.


1-жүргізуші:

Келесі кезекте әдемі өлең шумақтарын тарту ететін 10 «А» сынып оқушыларының «Мен өз тілімді сүйемін» атты әдеби-музыкалық монтажын қабыл алыңыздар!

(Музыка ырғағымен оқушылар шығады)



2-жүргізуші:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

1-жүргізуші:

Қазағымның ән-жырына не жетсін,

Жүректерді одан әрі тербетсін дей келе сіздердің алдарыңызға        Астана                            әнімен

                                                                                      шақырамыз.


1-жүргізуші:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2-жүргізуші:

Хорошее знание и развитие родного языка, умение пользоваться выразительными средствами иностранных языков - самая лучшая опора для каждого человека в его общественной и творческой деятельности.

(Орысша көркемсөз окылады)

Ән: Орындайтын:



1-жүргізуші:

Елбасы сөзімен айтқанда:. «Үштұғырлы тіл туралы айтсам, мемлекеттік тілді игеру керек. Орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тілінің бірі. Ағылшын тілі – әлемдік аренаға шығу жолы» дейді.



3-жүргізуші:

English is a world language. It’s the language of progressive science and technology, trade and Cultural relations, commerce and business. English is spoken by more than 350 million people. Geographically, it’s the most widespread language on earth.

(Тақпақ оқитын оқушылар шығады)

Би: 3 Г «А, В, С»





1-жүргізуші:

Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

2-жүргізуші:

Наш президент Нурсултан Абишевич Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на 3-х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков – это наше богатство



1,2,3 – Тілдер мерекесі тағы да құтты болсын, қош, сау болыңыздар! 








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
1733
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі