Материалдар / Сценарий. "Ұстаз үні: Біз балалық шақтың штурманымыз" Көрініс. Қойылым үшін.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сценарий. "Ұстаз үні: Біз балалық шақтың штурманымыз" Көрініс. Қойылым үшін.

Материал туралы қысқаша түсінік
Екі ұстаз балалық шақтарын еске ала отырып, бүгінгі балалардың технологияға байланғанын ашына айтып, оған жол бермеу керектігі мәселесін көтереді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2023
544
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

(Аудиозапись қойылады.)

Ғалия: Иә, біріміз Алатаудың баурайындағы Төлеби топырағында, біріміз Қаратау бөктеріндегі  Кентау өңірінде өссек те балалық шағымыз ұқсас екен-ау. 

 Разия: Байқаймысың, заманымыз бір емес пе? Осы біз көптеген өзгерістерді жылдам арада өткердік. Бала күнімізде компьтер, ұялы телефон дегенді мүлдем білмеуші едік. Енді қарашы, бас-аяғы 20 жылда бәрі де өзгеріп сала берді. 

 Ғалия: Түрлі түсті теледидар деген түсімізге де кіріп шықпайтын дүние еді. Есіңізде ме? 

Кішкене кезде қыз басымызбен ұл балаларға қосылып алып доп ойнаушы едік. Олар бізді қосқысы келмей, қуатын да, жүретін. 

 Разия: Иәәә, қазір сол ұл балалардың өзі доп ойнамайды-ау! Есесіне сол допты төрт бұрышты қораптың ішінде қуады да жүреді. Ғалияш, сол кездерде ойнап жүріп құлап, аяғымызды қанатып алсақ, топырақ сеуіп, ары қара ойнап кете беруші едік.

Ғалия: Иә, иә, сол жара жазылып-ақ кететін. (Көрермендерге қарап) Сіздер де, сіздер де талай рет солай емделген шығарсыздар. Әпкетаааай, мен бір қатты ойға батамын. Біз бала күнімізде қалай телефонсыз, компьютерсіз, мына жаңа технологияларсыз өмір сүргенбіз.

Разия: Еееех, бізді қойшы... ата-аналарымыз ше, қалай өмір сүрген десеңші?!...

Ғалия: Соны айтам, қазір үйімізге екі күн хабарласпай қалсақ, ата-анамыз уайымдап, жанын қоярға жер таппай отырады!

Разия: Біздер студент кездерімізде ата-анамызға айына бір-ақ рет, бір-ақ рет хабарласушы ек.

Ғалия: Сонда сол уақыттағы ата-аналардың мықтылығы ма?

Разия: (Басын төмеен түсініріп...) Жоқ-ә-ә-ә-ә, қазір жай ғана жаңа технологияларға байланып қалғанбыз.

... Қазір осы біз шын сағына аламыз ба? (мойнын шайқап)...

Ғалия: Меніңше, адам бойында өшпес сағыныш болса, ол тек туған жер мен балалық шаққа деген сағыныш қана сияқты...

Әпкетааай, біз бала күнімізде бұзық болатынымызды, доп қуатынымызды, түскі уақытта үйден қашып кетіп, суға шомылатынымызды есімізге аламыз. Ал қазіргі балалар компьютердің алдында отырып ойнайтындарын естеріне ала ма екен? Біз өз балалық шағымыздың штурманы болдық. Ал қазіргі балалардың ең тәтті сәттерін жаңа технология басқарады!

Разия: Иә, балалық шаққа телефонмен хабарласа алмайсың, балалық бал дәурен сәттерді интернеттен көре алмайсың! Жәй ғана естеліктермен жол тартасың. Біздің бойымызда хат күйінде сақталған сағыныш болса, ол балалық шаққа деген сағыныш қой!

Ғалия: Білесіз бе? бір нәрсе ойыма оралып отыр. Біз бала күнімізде жалаң аяқ жүруші едік қой. Солай бііір жалаң аяқ жүріп, балалық шақты есімізге алып көрейікші... (Аяқ киімді шешіп сахнада жүреді.)

Қәне, барлықтарыңыз балалық шақтарыңызды естеріңізге алып көріңіздерші... : Қандай керемет сезім емес пе?

Разия: Әттеген-ай!!! Балалық шақ енді ешқашан қайтып келмейді. («Балалық шақ» әні қойылады.)

Разия: Ғалия, қане, көтер басыңды біз өз балалық шағымызды өзіміз басқардық. Балалық шағымызыдың штурманы болдық. Ал қазір біз ұстазбыз, педагогпыз. Ендеше, балаларымызды мына жаңа технологияның арбауына бермеуіміз керек. Қайда штурвал!

(Ғалия штурвалды жүгіріп алып келеді.) (жасату керек кардоннан)

Разия:(штурман қолда) Ал, штурман ханым, қанекей, оңға! Енді солға!

Ғалия: Бағытты қайда түзейміз, капитан?

Разия: Балалық шаққа, біздің емес, балаларымыздың бақытты балалық шағына түзе бетті!

Ғалия: Құп болады, капитан! (сахнаны бір айналып, шығып кетеді.)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!