Материалдар / Шебер сынып: Әйел көйлегін пішу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шебер сынып: Әйел көйлегін пішу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаттары: Өткен тақырыптарды еске түсіру, қайталау, әйел көйлегін пішу әдісімен таныстыру. 2) дамушы Сабақ барысында нұсқаулық картаны пайдалану, қабілетін дамыту. Кәсіптік және жылдамдық дағдыларын дамыту. 3) тәрбиелік Сабақ барысында студенттерді ұқыпты таза жұмыс атқаруға тәрбиелеу, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2022
449
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Түркістан облысы адами әлуетті дамыту басқармасының

«Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК


Бекітемін

Директордың оқу өндірістік

ісі жөніндегі орынбасары

__________А.Раимқулов

__________2021 жыл


Өндірістік оқыту ашық сабағының жоспары

өндірістік оқыту шебері: Ахмедова Нигора Равшанбековна

Мерзімі: ___ ______________ 2020 жыл

Оқу курсы: 2  Оқу тобы:Тігінші 9-191

Мамандығы:1211000- Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

Біліктілігі:1211032- Тігінші

Сабақтың тақырыбы: 9.1 Әйел көйлегін пішу

Сабақтың түрі: Аралас-тәжірибелік сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: практикалық

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың мақсаттары:

Өткен тақырыптарды еске түсіру, қайталау, әйел көйлегін пішу әдісімен таныстыру.

2) дамушы

Сабақ барысында нұсқаулық картаны пайдалану, қабілетін дамыту. Кәсіптік және жылдамдық дағдыларын дамыту.

3) тәрбиелік

Сабақ барысында студенттерді ұқыпты таза жұмыс атқаруға тәрбиелеу, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.


Материалдық техникалық жабдықтар:

Сантиметрлік таспа, қайшы, плакат, мата, сызғыш, бор, түйреуіштер, инелер, дайын лекалдар жиынтығы

Студенттердің сырт көрінісі

Алжапқыш, орамал

Дидактикалық материалдар

Әйел көйлегін пішу” плакаты, “Матаны пішуге дайындау” нұсқаулық карталары, «Ойлан тап» карточкалары


Пәнаралық байланыс: тігін бұйымдарының технологиясы, киім құрастыру, материалтану

Сабақ барысы мен кезеңі

40мин


  1. Жаңа тақырыпты бекіту

15мин

  1. Ағымдағы брифинг

4,5 сағ

  1. Қорытынды брифинг

25мин

  1. Үй тапсырмасын беру

5мин

  1. Жұмыс орнын тазалау



Сабақ өту барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. студенттермен сәлемдесу, ҚР әнұранын орындау, тізім бойынша студенттерді тексеру;

  2. студенттердің сыртқы келбетін және сабаққа дайындығын тексеру.


  1. Кіріспе брифинг

- бағдарлама тақырыбын жариялау;

- сабақ тақырыбын жариялау;

- сабақ мақсатымен таныстыру.


  1. Өткен тақырыпты қайталау

Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары бар карталарды алып, соларға жауап беру түрінде өтеді. Тақтада сұрақтар болады, жанында жауаптары тұрады. Жебе сызу арқылы дұрыс жауапты сызықпен қосады.


Өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар:

1. Шалбар қай бұйымдар тобына жатады? (белдік бұйымдар тобына жатады)

2. Шалбарды қандай матадан тіккен дұрыс? (мақта-мата)

3. Әйел шалбарының қандай түрлері бар? (спорттық, классикалық, джинсы, бриджи, капри)

4. Әйел шалбарының 3 өлшемін атап өтіңіз? (мықын айналымы, бел айналымы, шалбар ұзындығы)

5. Классикалық шалбарға таңдалатын мата түрлері қандай болу керек? (біртүсті, яғни қара, сұр, қанық сұр, көк)

6. Әйел шалбарында қандай қалта түрлері бар? (жапсырма, бүйір, рамкалы тілме қалталар)

7. Бүйір және ау тігістерінде қанша см тігіске қалдырылады? (1 см)

8. Әйел шалбарының әдібінің ені қанша см болады? (4 см)

9. Әйел шалбарының балақ аузы қанша см-ге қайтарылады? (2-3 см)


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Әйел көйлегін пішу


Көйлектік маталардың түрлері: жартылай жүнді, мақта матасы, синтетикалық маталар болып келеді. 

Жүн мата –қалың немесе жұқа, жылу қасиеті өте жоғары, төзімді, берік және кез-келген түске оңай бояуға болады, қыртысталмайды. Бірыңғай жүннен немесе басқа талшықтар қосылып аралас тоқылған маталар. Жүн маталар таза жүн Мата (6 – 10% ғана өзге талшық қосылған) және жартылай жүн мата болып бөлінеді. Жартылай жүн матаға жасанды және синтетикалық талшықтар көбірек қосылған. Бұл оның сапасын арттырады, яғни тез тозбайды, мыжылмайды, үтіктеуді қажет етпейді. Көйлекті тігуге жартылай жүн маталар қолданылады.

Матаның оң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау. Жүн маталарды орағанда оңын ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған жағы оң жаққа қарайды. Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе ине шаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.



Мақта мата – бұл барынша төзімді мата. Кез – келген бояуға ыңғайлы. Бірнеше рет жуған соң да түсі оңып кетпейді. Жаздың ыстық күнінде ауаны жақсы өткізеді, өте жеңіл, әрі тігуге ыңғайлы. Мақтадан тігілген киімдерді үтіктеу қиын. Аздап жүнге ұқсас, бірақ жұмсақ. Сондай-ақ басқа да артықшылықтары: суға төзімді, созылыңқы емес. Гигроскопиялық қасиеті - теріні салқындатады, ылғалды сіңіріп алады. Біздің киімдердің көбісі осы мақта матасынан тігіледі. Жақсы дем шығарады, тітіркенбейді, тіпті ең сезімтал теріге қаупі жоқ. 40 ° C дейін температурада қолмен жуылады. Теріс жағынан, марлымен немесе басқа матамен үтіктеу керек. Мақта матасын суық сумен шайып, кейін жылы матамен үтіктесе ол жақсы пішіледі.



Синтетикалық маталар – жасанды талшықтардан жасалған, тозуға төзімділігі жақсы, күн сәулесіне тұрақсыз.. Қайталап жуса да түсі оңып кетпейді, тез кебеді. Синтетикалық маталардың бірқатар жақсы қасиеттері бар: иілімділігі жоғары, берік, жууға, пішінің өзгертетін әсерлерге, химиялық және биологиялық факторлардың әсеріне төзімді. Бірақ, бірқатар кемшіліктері де бар, соларға байланысты іш киімдерді дайындау үшін синтетикалық маталарды қолданбайды. Денеге аллергия беруі мүмкін. Бұл кемшіліктеріне ең алдымен, төмен гигроскопиялық қасиеті. Ылғалды сіңіруі қиын, денеге ауа жібермейді. Сондықтан да адам денесінің жаз уақытында тез қызуына, ал қыста - тез салқындауына әкеп соғады. Қазіргі заманда синтетикалық маталар көптеп шығарылуда. Үтікті қажет етпейді мыжылмайды, сол үшін мата шетін тексеріп көреміз



Біздегі көйлектің моделі осындай, осыған лекаломыз дайын.


Техникалық сипаттамасы: әйелдің күнделікті киюге арналған көйлегі. Жартылай қыналған пішімді, синтетикалық талшығы бар, ақ түсті матадан әзірленген. Көйлек жеңді. Алдыңғы бойында рельеф тігісті бедерлерімен модельденген. Көйлектің ұзындығы тізеге дейін келген.

Алдыңғы бойы – симметриялы пішілген, оң жақ бөлігінде рельеф тігісі бар.

Артқы бойы – ортаңғы тігісі және рельеф тігісі бар, жасырын сыдырма түймелікпен өңделген.

Көйлектің мойын ойындысы әдіппен өңделген.

Көйлектің қолтық ойындысы бір тігісті жеңмен өңделген.


Лекалдардың 2 түрі бар:

  1. Тігіс еніне берілген;

  2. Тігіс еніне берілмеген.


Біздегі лекаломыз бірден тігіс еніне берілген масштаб көлеміндегі лекалдар жиынтығы. Лекалдар жиынтығы дегеніміз – алдыңғы бойдың бірінші бөлшегі, алдыңғы бойдың екінші бөлшегі, артқы бойдың бірінші бөлшегі, артқы бойдың екінші бөлшегі, жең, мойын ойындысының әдібі.

Бұл лекалымызда иық еніне 1 см, бүйір тігісіне 1 см, етегі мен жеңіне 2,5 см беріледі.

Негізі шынайы өлшем лекалдарында тігіске иық еніне 1см, бүйір және артқы тігістеріне 1,5 см, етегіне 3-4 см беріледі.


Материалдарды пішу деп оларды төсемге арналған жекелеген жаймаларға қию (төсемдерді дайындаған кезде), бұл төсемдерді бөліктерге қию және бөлшектерді пішу түсініледі. Пішу өндірісінің келесі міндеттеріне пішілген бөлшектерді тігуге дайындау (нөмірлеу, суретті реттеу, көмекші сызықтар, кертпелер салу), бөлшектерді жинақтау, пішімді тігін цехына жіберу жатады.

Бұйым бөлшектерін пішуді төсем жаймасының беткі жағында бормен не қарындашпен салынған лекало суреттемесі бойынша орындайды. Көйлек және басқа да жұқа әрі жылтыр маталарда лекало суретін салу үшін қағазды пайдаланады. Лекало контурларын қағазда қарындашпен жүргізеді, суреттемені төсемге қысқыштармен бекітіп, төсемді онымен бірге пішеді. Суреттеме алу үшін лекало контурларын бормен не қарындашпен жүргізу көп уақытты алады, ал оны бір-ақ рет қана пайдалануға болады. Бұл тәсіл берілген бұйымға арналған материалды бір рет пішкен жағдайда немесе пішу үшін әртүрлі енді жаймаларды пайдаланған жағдайда ғана өз-өзін ақтайды. Бірақ егер жайылмалар көп рет пайдалануға арналса және тұрақты енді материал пішілуі тиіс болса (көбінесе бұл астар мен қолданбалы материалдарды пішкен кезде болады), онда төсемнің үстіңгі жаймасында лекало контурларының суретін салу үшін трафаретті пайдаланады.

Егер материалда текстильді ақау болса, онда оны жалпы төсемде пішуге болады, тек бұл жерде орындалуы тиіс шарт – ақау бұйымды пайдаланған кезде көзге көрінбейтін бөлшектерге (астыңғы жағаға, өңірастының астыңғы бөлігіне және т.б.) немесе лекалоаралық бөліктерге түсуі тиіс. Егер бұл іске аспаса, онда мұндай жаймада бөлек лекало жайылмасын жасауға тура келеді. Егер ақаулы бірнеше жайма бар болса, оларды төсем жасай отырып, бірге пішуге болады. Ақаулы жаймаларды төсеу кезінде ақаудың орналасқан жерін астыңғы жаймадан келесі жаймаға ауыстырады. Үстіңгі жаймада барлық ақаулардың орындары белгіленеді. Одан кейін жайылманы жүргізуге болады. Жаюшының шеберлігі барлық ақауларды лекалоаралық бөліктерге орналастырудан және бұл ретте материал шығысының белгіленген нормаларынан асып кетпеуден тұрады.

Сонымен, лекало контурларын материалға көшірудің бірнеше тәсілдері бар. Қандай да бір тәсілді таңдау тігін бұйымдарының сұрыпталымын, пайдаланылатын материалдарды, кәсіпорынның қуаттылығын, оның жабдықталуын ескере отырып жүзеге асырылады. Бұл таңдаудың мақсаты жоғары сапалы пішім алу болып табылады.




Маталарды төсеу кезінде мынадай техникалық талаптар сақталады:

■ жаймаларды керілген, қиғаш, босаң жерлерсіз (қыртыстарсыз) орналастырады;

■ жаймаларды төсемнің алдыңғы шеті бойынша және жиектерінің бірін бойлай теңестіреді;

■ торлы не жолақты ірі суреті бар материалды беткі жағын беткі жаққа қаратып төсеген кезде жұп жаймаларда суретті сәйкестендіреді;

■ түкті маталарды төсеген кезде түктің бағыты барлық жаймаларда бірдей болуын қадағалайды;

■ бірнеше түсті (артикулды) материалдарды төсеген кезде әуелі бір түстегі (артикулдағы), одан кейін басқа түстегі және т.б. материалдарды төсейді.


Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейдіДекатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді. 


Пішу түрлері:

Түкті маталарды (барқыт, вельвет, велюр) тігін өндірісінде пішу күрделі болып келеді. Түкті маталарды пішу кезінде барлық бөлшектер төменнен жоғары бағытталуын қадағалау керек. Лекалды матаға қойып, ағылшын инелерін қадаған кезде, мата тесіліп қалуы мүмкін.


Тор көзді маталарда матаның көлденең қималарын бірдей етіп, оң жағынан ішке қарай бүктейміз. Сонымен қатар, жиектер бір-біріне сәйкес келуі қажет емес, бәрі тор көзді суреттің сызықтарына байланысты болады. Көлденең қималарын тордың сызығы бойынша ағылшын инелерімен қыстырамыз. Лекалдар жиынтығы тор көзді маталарда тордың сызықтары бойынша дәл орналасуы қажет. Тор көзді маталарда сызықтардың асимметриялық немесе симметриялық екенін анықтаңыз. Егер ассимметриялы болса, тек бір бағытта пішу орындалады.

 


Осы жағдайларды есепке ала отырып, тор көзді және түкті маталардан дайындалатын бұйымдарда мата шығыны көптеу болады.


Гүлді маталарды пішкен кезде суреттің, яғни гүлдің төменге қарай емес, жоғары бағытталуын қадағалайды.

 


Ал біз, көйлекті пішуге габардин матасын таңдап алдық, себебі үтіктеуді көп қажет етпейді, пішуге және тігуге өте ыңғайлы мата болып келеді.







Әйел көйлегін пішудегі нұсқаулық картасы

  1. Матаны декатирлеу;

  2. Матаның оң бетін, түгін, суретін және негізгі жібінің бағытын анықтау;

  3. Мата ақауларын белгілеу;

  4. Матаны өң бетін ішке қарата екі бүктеп жаю, мата қиықтарын пішу үстелінде шеберге жақын орналастыру;

  5. Лекалоларды орналастыруды үлкен бөлшектен бастаймыз (артқы бой, алдыңғы бой, жең). Барлық майда бөлшектерді солардың арасына орналастырамыз;

  6. Лекалоларды мата жылжымас үшін ағылшын инелерімен қыстырамыз;

  7. Тігістікті сызуды өткірленген сабын немесе бормен лекало жиегінен және тігістік арқылы жүргіземіз;

  8. Сызық ені 0,1-0,2 см;

  9. Матаны екінші сызықпен өткір қайшымен қырқамыз;


Мынандай қалыпта тігістікке берілетін қосымшалар:

Қайып тігу – 1 см;

Қолтық ойындысы – 1 см;

Бүйір қиығы – 1 см;

Шынтақ қиығы – 1 см;

Ортаңғы қиық – 1 см.


Құрастырып тігу – 1 см;

Қайыру тігістері – 2,5 см;

Жеңнің төменгі қиығы – 2,5 см;

Бұйымның етегі – 2,5см

  1. Жаңа тақырыпты бекіту

1. Біртүсті матаға лекалоларды қалай орналастырамыз? (алдымен үлкен бөлшектерді (алдыңғы, артқы бой, жең) , сосын майда бөлшектерді қоямыз)

2. Матаның бетінде ақау болса не істейміз? (бормен белгілеп, онша көрінбейтін бөліктерге жібереді)

3. Матаны пішер кезде негізгі жіп бағытын қалай анықтайды? (жіп матаның шетінен ұзындығы бойынша өтеді, жіп созылмайды)

4. Декатирлеу не үшін қажет? (Ы.Ж.Ө кезде кейбір маталар отыруы мүмкін)

5. Лекало жиегінен бормен неше см-де сызық жүргіземіз? (0,1-0,2 см)

6. Иық қиығының тігіс еніне қанша см беріледі? (1 см)

7. Бұйымның етегі мен жеңнің төменгі қиығында тігіске қанша см беріледі? (2,5 см)


Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерімен қайта таныстыру, Ы.Ж.Ө кездегі техникалық қауіпсіздіктерді қайталау.


Үтіктеу жұмыстарын орындауда атқарылатын қауіпсіздік техникасы:

  1. Үтікпен жұмыс істегенде, оның ыстық теріс үстіртіне қолды тигізуге болмайды;

  2. Термореттегішпен қамсыздандырылмаған үтікті шамасынан тыс ысытпау, оны үнемі кезеңдік суыту үшін өшіріп тұру;

  3. Тоқ желісіне қосылған үтікті бауынан ұстап өшірмеу;

  4. Тоқ жүргізу сымның үтікке тимей, кронштеинде орналасуын бақылау жасау;

  5. Бұйым және бөлшектерді тек пульверизатормен ылғалдандыру;

  6. Жұмысты тек тұрып, оқшауланатын құралдар, құрғақ ағаш еденіндегі диэлектрлі кілемшеде орындау;

  7. Үтікті жерге құлатпау, бауының оралмауына, онда түйіндінің пайда болмауына бақылау жасау;

  8. Жұмыс орнын тазалықта және тәртіпте ұстау.


Ағылшын инелерімен жұмыс істеу кездегі қауіпсіздік ережелері:
1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек;
2. Инені тістеп отыруға болмайды;
3. Инемен ойнап отыруға болмайды;
4. Инені бастағы орамалға немесе үстідегі киімге қыстыруға болмайды.


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!