«Шебер класс»
Тақырыбы: «Ойыншықтар әлемінде»
Мақсаты: Балалардың музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау дағдыларын қалыптастыру. Әннің сөзін анық естіп, мәнін түсініп әнді қуанышты, екпінді орындауға үйрету. Ойыншықтардың түрлерін ажырата білу дағдыларын дамыту. Ойыншық кейіпкерінің қимыл-қозғалыстарын бере білуге тәрбиелеу. Ойыншықты күтіп ұстауға тәрбиелеу. Сурет бойынша әңгімелеу, сипаттау арқылы балалардың өз ойын жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру. Тіл мәдениетіне баулу, сөздік қорларын молайту.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Ойыншықтар әлеміне саяхат жасау.
Қажетті көрнекі құралдар: Әртүрлі ойыншықтар, түрлі ойыншық бейнеленген суреттер, шұлық, үнтаспа, қайшы, ине-жіп.
Әдіс-тәсілдер: саяхатқа шығу, талдау, ән жаттау
Қостілділік компонент: ойыншық-игрушка-
|
Әрекет кезедері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Музыка залына балаларды марш ырғағымен кіргізу. Дөңгеленіп аяқтың ұшымен жүру, отырып тұру қимылдарын жасайды. Музыка ырғағына сай залды айнала жүгіріп орындарына келіп отырды. Сә-ле-мет-сіз-бе, ба-ла-лар? (До-ми-соль-ми-до) Психологиялық тренинг: Балаларға екі алақандарын толық ашып, саусақтарына қарауларын айтамын. Қолымыздағы саусақтар әртүрлі. Кішкене шынашағымызды алақанымыздың ортасына жеткізейікші, қалған төртеуін қозғалтпай. Қане, жете ме екен?
Олай болса барлық
саусақтарымызды бірақ жұмамыз. Алақанымызды жабады ғой, иә! Олай
болса біз жалғыздан ештеме істей алмайды екенбіз, ал барлығымыз
жұмылсақ, бірге істесек алынбайтын, шешілмейтін тапсырма болмайды.
Ендеше барлығымыз бүгінгі оқу іс-әрекетіне біріге қатысамыз ба? -Жарайсыңдар, ендеше ойыншықтар әлеміне саяхатымызға шығайық. |
Балалар ырғаққа сай залды бірінің артынан айнала жүгіріп, орындарына отырды. Сә-ле-мет-сіз-бе! (Соль-фа-ми-ре-до амандасады) -Жоқ. -ия -ия Балалар жылы сөз, тілектерін айтады. |
|
Іздену- ұйымдастыру-шылық |
-Балалар, «Ойыншықтар әлемі» дүкеніне қош келдіңіздер! Қараңдаршы, дүкенде ойыншықтар көп екен. Ойыншықтар сатып алғыларың келе ме? -Ал, біздің ақшамыз жоқ қой. Енді не істейміз? -Балалар, дүкенші апайдың бізге берер тапсырмасы бар екен. Егер сол тапсырмаларды орындасақ, дүкенші апай бізге қалаған ойыншықтарды сыйға тартады. Сонымен, балалар, дүкеншінің бірінші тапсырмасы – сендерге бөбекжайларың туралы әңгімелеп берсін дейді. Ал, екінші тапсырма ендеше балалар дүкеншінің тапсырмасын орындау үшін, алдымен мына жерден суреттерді таңдап алайық. Сосын сол суреттер бойынша үстелдерге жайғасамыз. (Қуыршақ, аю, машина) Үш орталыққа бөлініп отырады. І топ. Тапсырмасы: Жұмсақ аю, машина, қуыршақ суреттері бойынша әңгімелеу. Ендеше, балалар, мына суреттер бойынша сипаттап берейік. Бұл не? Түсі қандай? Көлемі қандай? Неден жасалған? Ұстағанда қандай? Кім ойнайды? -Жарайсыңдар, балалар! Сергіту сәті: Қорбаң – қорбаң аюдың, Құлпынай көп екен, Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. ІІ топ. Тапсырмасы: «Ойыншық жасап үйренейік» бөлімі. Шұлықтан ойыншық қуыршақ жасайды. Суреттегі жасалу жолдарын қарап орындайды. Ішіне мақта салады. Әуенді – ырғақты қимыл-қозғалыс: «Бір-екі оңға, бір-екі солға» әніне қимыл жасау. ІІІ топ. Тапсырмасы: «Ойыншықтар» И. Нүсіпбаев жаттау. Дауыс жаттықтыру: Аузымызбен алма тістеген сияқты етіп ашайық. До-о-о-о-о-о Ля-а-а-а-а-а Ән айту: «Ойыншықтар» -өзі орындайды -сөзін жаттатады -әуенімен бірге орындайды -Өте жақсы, балалар! Жарайсыңдар, балалар! Дүкенші апай сендерге қуанып отыр, риза болып рахметін айтып отыр. Сіздерге ойыншықтарды сыйға тартып отыр. Дүкенші апайға не айтамыз. -Ал, балалар қараңдаршы, біздерде қандай ойыншықтар бар? -Ендеше, балалар, бәріміз бірге «Ойыншықтар» әнін орындайық. Ән айту: «Ойыншықтар» |
-Иә. Бөбекжайдың аты, тобының аты, бөбекжайдағы іс-әрекеттері жөнінде әңгімелейді. Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады. Қуыршақ Ақшыл Орташа Қатты Қыз Суретке қарап, шұлықтан ойыншық қуыршақтың жасалу жолдарымен танысып, үйренеді. -тыңдайды -сөзін жаттайды -әуенімен үйренеді. -Рахмет! Қолдарындағы ойыншықтары туралы әңгімелейді. |
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
- өте жақсы, балалар Балалар, енді бізді тамашалауға келген қонақтарымызға оқу іс-әрекетіміз ұнады ма екен? Қазір білейік. «Смайлик» Мақсаты: Сабақтың қандай дәрежеде өткенін, қандай әсер алғанын білу. Нұсқау: Қатысқан балалар ортаға шығып, алған әсерін қолдарындағы смайликтермен бейнелеп беру керек. Сабақ аяқталды, сау болыңдар! |
Ия Сау болыңыз. |
Күтілетін нәтиже:
|
Білуі |
Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін, неден жасалатынын білу керек |
|
Меңгергені |
Ойыншықтардың түрлерін ажарата білуді меңгереді |
|
Жасай алуы |
би қимылын, ойынның шартын дұрыс жасауға тырысады. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
шебер сынып "Ойыншықтар әлемі"

шағым қалдыра аласыз