Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шебер сынып "Оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шебер сынып
Шебер сыныпты жүргізуші: |
Жаркинбаева Гульзира Тынысбековна Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы «Ә.Жангелдин атындағы №52жалпы орта мектебі»комуналдық мемлекеттік мекемесі химия, биология пәні мұғалімі, мектеп тренері |
Тақырыбы: |
«Оқушылардың зерттеушілік мәдениетін дамытудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер» |
Мақсаты: |
|
Міндеттері: |
|
Күтілетін нәтижелер: |
|
Мақсатты аудитория |
Химия, биология пәндері мұғалімдері |
Ресурстар |
Әдебиеттер Ресурстар А- 4
парақтары,стикерде жазу, интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер,
қалам, бағалау парақтары, түрлі-түсті қағаздар, бейнематериалдар
және т.б. таратпа материалдар,стикерлер,
А4 қағаздары, фломастер, маркер т.б, бағалау
парағы 1. «Әдіс – тәсілдер қоймасы» 2..Оқыту мен оқудың белсенді әдіс –тәсілдері, Астана 2013 3.А.Ж.Егізбаев. «5 әдістен - 50 әдіске!!!»
Шымкент қаласы. |
Пәнаралық байланыс |
Биология, физика, математика, география |
Оқыту әдістері: |
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістері,
стратегиялары. Блум таксономиясы. |
Шебер сынып барысы:
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған тапсырмалар түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||
Сабақтың басы 2-3 минут 2 минут «ПОПС формуласы» |
Сәлемдесу. Бір алласы,екі дүниесі, үш жүзі,төрт құбыласы, бес арысы, алты алашы, жеті қазынасы, он шақты ұлы мен моншақты қыздары бар бүгінгі күннің қонақтары ! «Рухани жаңғыру» отбасынан басталады» демекші, Топқа бірігу. «Әке, ана, бала» аттары арқылы гүл түстерімен топқа біріктіріледі. Бірлігі жоқ үйдің, Тірлігі де оңалмас. Берекесі бар үйдің, Бірлігі еш жоғалмас. Ермекұлы Саян ақын Топтың маңызы. 1.Топтық жұмыстың нәтижесі. Мақсаты:сыни ойлату тапсырмалары арқылы жинақтау, кері байланыс туғызу; «Топ ережесі» 1.Қатысушылар арасында ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуы; 2.Бір – біріне деген сыйластық қатынас болуы; 3.Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін; 4.Өз ойларын ашық, анық жеткізе білу; 5. Бір – бірінің ойын мұқият тыңдап, қорытынды шығара білу. Топтық жұмыстың нәтижесі: «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген сөздің мағынасын түсінеді, Бір – бірінің ойын мұқият тыңдап, қорытынды шығара біледі, өз ойларын ашық, айқын жеткізе алады. 2.«ПОПС формуласы» әдісінен күтілетін нәтиже: Зейінді шоғырландыруға арналған ширату тапсырмалары арқылы жеке тұлғаның кез келген жағдайындағы мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізе алуы. Оқушы оқып оны есте сақтау емес, керісінше терең ойлау арқылы тың идеялар ойлап табуы мүмкін.Сонымен бірге ізденушілік мәдениетімен қатар сөз саптау мәдениеті қоса қалыптасады. Ашық сұрақтарға жауап арқылы ішкі уәж оянады, дербес іс- әрекеттің артуы,ойлаудың белсенді болуы байқалады.Логикалық ойлау жүйеліліігі дамиды. Теориялық бөлім. «ПОПС формуласы» Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» І топқа.Менің ойымша ...
«Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» ІІ топқа. . Сұрақтарға жауап бер: а) Суретте қанша бірнегізді қышқылдар бар? б) Суретте қанша негіз бар? в) Суретте қанша оксид бар? г) Суретте қанша еритін тұздар бар?
«Oxides. Асids. Bases» ІІІ топқа. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» . Қалай ойлайсыз, неліктен мына түстер өзгеріп жатыр? Бояу жетпей қалған ба? Суреттен нені көріп тұрсыз?
|
Слайд Флипчарт Фломастер Маркер Қайшы Клей , Стикер Топ мүшелері өз тапсырмаларын орындайды. |
|||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 минут Топпен жұмыс 3 минут Топпен жұмыс Жұппен жұмыс 4 минут
«Әуе шары» Экологиялық есептер шығару |
«Пазлдар» әдісі Мақсаты: Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету. Ойын барысы: Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді жылдам жинау. Жаттығудың психологиялық мәні: Қатысушылар ын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді. Талдау: Командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен? Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Күтілетін нәтижесі: Оқушылар миқатырғыш пазлдар бөліктерін жылдам табуға үйренеді және топта жақсы қарым – қатынас, бір пікірге келу, өз ойын еркін жеткізу және зерттеушілік талпыныстары артады, пәнге деген қызығушылығы дамиды, өмірге деген құлшынысы артады, ортақ бір мақсатқа жетуге талпынады.Химиялық элементтердің ағзадағы ролін түсініп, өзінің табиғаттың бір бөлшегі екендігіне көзі жетіп, пәнге деген қызығушылығы артады, іздену мәдениетінің дамуына өз ықпалын тигізеді. Менің ағзам неден құралған?
«Пойыз» әдісі Мақсаты:Әрбір вагон белгілі бір тапсырмаға сәйкес келеді. Мысалы, сабақта шығармашылық жұмыс жоспарладыңыз делік. Сізде – сегіз вагон. Оқушыларыңызға қай вагонның тапсырмасын тез, дұрыс, жеңіл орындағандарын белгілеуін сұраңыз. Сол вагонға адамдарды, жануарларды отырғызуға немесе жетондармен белгілеуге болады. Күтілетін нәтижесі: Бұл әдіс арқылы бала тез ойлануға және қай тапсырманың тез орындауға болатынын, әрі жеңіл орындағанын, өз деңгейін біле алады.Ойлау, қадағалау және шағын топта өз идеяларын тұжырымдайды.Бұл жерде өмірде де барлық нәрсенің жеңіл бола бермейтіндігіне көзі жетіп, ізденімпаздықтың нәтижеге жеткізетіндігіне түсінік пайда болады. Мысалы: «Химиялық элементтер мен адам ағзасы» Менің ойымша: Менің салмағым_____ Менің ағзам
ӘУЕ ШАРЫ Қалыптастырылатын дағдылар · басқалармен жұмыс; · ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу; · ақпаратты басқару. Жалпы сипаттама Бұл әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сыныпты жоспарлау. Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басын жұмыс істей алады. Жұмыс алгоритмі 1. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі. 2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі: - Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар. - Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады. - Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторларды жазады. - Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді. - Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады. 3. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады. 4. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты қосымша тәсілдерді пайдалану «Экологиялық есептер»
Мақсаты:
айналадағы бізді қоршаған
табиғатты сүйіп,аялап,табиғатпен тікелей байланысты екенін жас
ұрпақ түсініп өсуі тиіс. Экологиялық білім оқушылардың табиғат
болмысын терең түсінуге,олардың ақыл – ойының дамуына мүмкіндік
береді.Экологиялық тақырыптарға берілген есептер пәнаралық
байланыстарды ашып,оқушыларды ізденуге,ойлануға,адам өміріне,
денсаулығына табиғаттың зор маңызының бар екенін анықтауға
көмектеседі.
Күтілетін
нәтижесі::
Экологиялық тақырыптарға берілген есептер
пәнаралық байланыстарды ашып,оқушыларды ізденуге,ойлануға,адам
өміріне, денсаулығына табиғаттың зор маңызының бар екенін анықтауға
көмектеседі. Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған үнісің Қалай ғана қатыгездік жасайсың, Ол – анаң ғой, сен оның кенже ұлысың. Табиғаттан бабамыз ала берген секілді Дарқандықты қазаққа дала берген секілді. Еркелікті ерікті желден алған секілді, Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді. |
Слайд Суретті тапсырма, А4 қағазы Ресурстар: Кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті открытканы бірнеше бөліктерге бөлуге де болады) Суретті тапсырма фломастер А4 қағазы Желім
Тапсырма Флипчарт,маркер Жұппен есеп шығарады Тапсырма, маркер |
Бұл рефлексияны ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.
|
-
Облыс: Оңтүстік Қазақстан
-
Қала, аудан: Мақтарал
-
Мектеп: Ә.Жангелдин атындағы №52 ЖОМ КММ
-
Мұғалімнің аты-жөні: Жаркинбаева Гульзира Тынысбековна
-
Сертификат нөмірі: № 14183
-
Телефон: 8 775 754 52 14
Шебер сынып тақырыбы: «Оқушылардың зерттеушілік мәдениетін дамытудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер»
Сурет