400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Шебердің қолы алтын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Шебердің қолы алтын! Сабақтың мақсаты: Жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Білімділік мақсаты: Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету. Дамытушылық мақсаты: Өнер туындыларын эстетикалық талғам- мен қабылдау қабілеттіліктерін, өнерге қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, бұйым жасау түрлеріндегі іс-әрекетке білімі мен шеберліктерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Бұйымның тиімділігі мен қажеттілігін түсініп топтаса отырып эстетикалық шығармашылықпен жұмыс істеу, кезінде уақытты тиімді пайдаланып, жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке тәрбиелеу. Сабақ түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шебердің қолы алтын!

Сабақтың мақсаты: Жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. 
Білімділік мақсаты: Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету. 
Дамытушылық мақсаты: Өнер туындыларын эстетикалық талғам- мен қабылдау қабілеттіліктерін, өнерге қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, бұйым жасау түрлеріндегі іс-әрекетке білімі мен шеберліктерін дамыту. 
Тәрбиелік мақсаты: Бұйымның тиімділігі мен қажеттілігін түсініп топтаса отырып эстетикалық шығармашылықпен жұмыс істеу, кезінде уақытты тиімді пайдаланып, жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке тәрбиелеу. 

Сабақ түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ. 

Пәнаралық байланыс: Геометрия, қазақ тілі, валеология, т.б. 

Сабақ әдісі: Сайыс сабақ . 

Құрал – жабдықтар: Жіп, ине, қайшы, түрлі – түсті қағаз, пышақ , тақта, т.б. 
Сабақтың өтілу барысы:. 

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу, оқушыларды түгендеу

ә) Жұмыс орнын ретке келтіру

Топтардың аты: «Іскер» тобы, «Шебер» тобы. 
1-кезең. Топтың аты, ұраны, эмблема. 
2-кезең. Оюшылар текемет оюын ояды. 
3-кезең. Мақал – мәтел жарысы. 
4-кезең. Кесте тігу. 
5-кезең. Ұлттық қолөнерге байланысты, қоржыннан екі топ 4 сұрақтан алып жауап береді. 
6-кезең. Сөз беріп, сол әріптердің ішінен бірнеше сөз құрау. 
7-кезең. Салат жасау. 
Сабақтың көрнекілігі: 
«... Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, сондай рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады». 
Әл-Фараби 

«Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән». 
«Еңбек үйренемін десең жерікпе». 
«Баппен бастап, талғаммен аяқта». 
Осы қанатты сөздер көрнекті жерге ілінеді. 

Жүргізуші: 
Уа, халқым аманбысың, армысың, 
Көңілі көктем арулары бармысың. 
Мерекеге сән беретін аруларды 
Мына отырған көрерменім қолдасын. 
Болады қыздың аты затына сай. 
Ниет етсең болуға өнерге бай. 
Артық емес, үйрен де жирен деген, 
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай. 
Туған халқым өнерің ұрпаққа үлгі, 
Көңілі көктем, әрқашан жаны ізгі. 
Салт-дәстүр мирас болып бізге жеткен, 
Асқан өнер жасампаз қалған мәңгі. 

Халқымыз «Шебердің қолы алтын» деген, он саусағынан өнері тамған «Іскер» тобы мен «Шебер» тобының өнерін көрейік. 

Жүргізуші: 
1 – кезең. Сайыстың бағдарламасымен таныстыру. 
1-топ басшысы: Оспан Әйгерім 
2-топ басшысы: Нургали Айдана 
1-топ топтың аты, ұраны, эмблема. 
2-топ топтың аты, ұраны, эмблема. 

2 – кезең. Түрін – ай текеметтің! Асыл қандай! 
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай. 
«Келе ғой қошақаным өзіме!» деп, 
Әжем кеп сипағандай шашымды жай. 
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі, 
Тұрғандай ана-көңілі тербеп мені, 
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан 
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері. 
«Ою ойғанның ойы ұтқыр» . Екі топтың қыздары текемет оюын ояды. (5 минут). 

3 – кезең. Салт – дәстүрге байланысты мақал – мәтел жарысы. ( 5 минут). 

4 – кезең. Гүл өсірсең терлеп – мұның аты еңбек, 
Кесте тіксең зерлеп – мұның аты еңбек, 
Сабағыңа жөндеп, әзірлесең еңбек, 
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек . 
Қазақ халқында «Өнерлінің қолы алтын» деген сөз бар, 
екі топтың кестешілері кесте тігеді. ( 7 минут) . 

5 – кезең. Ұлттық қолөнерге, салт – дәстүрге байланысты сұрақтар сайысы. 
1. Қазақ қыздарының бас киімі. ( Сәукеле ) 
2. Киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. ( Сырмақ ) 
3. Іс тіккенде саусаққа киетін құрал. ( Оймақ ) 
4. Ең көне ою. ( Қошқар мүйіз ) 
5. Жеңсіз жеңіл киім. ( Камзол ) 
6. Кестеге арналған матаның аты. ( Шыт ) 
7. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтың үй жиһаздарының бірі. ( Түскиіз ) 
8. Кестеге арналған ине қандай болу керек? ( Жіңішке және қысқа ) 

6 – кезең. Дастарқан деген сөздің ішінен, бірнеше сөз құрау. (1 минут ) 

7 – кезең. Жақсы ісі шығарар адам атын, 
Танытқандай мөр қасқаны маңдайымнан. 
Тәтті қолмен жасалған дәмді астың, 
Дәмі кетпес талай уақыт таңдайымнан. 

«Ас адамның арқауы» - қыздардың салат жасау уақыттары келді. Ортаға салат жасаушы қыздарды шақырамыз. ( 7 минут) 

Әділқазылар алқасы, екі топтың бағасын қорытындылап, жеңген топқа марапаттау қағазын табыс етеді. 

Жүргізуші: 
Қолөнері халқымның өрістесін, 
Әрқашан Алла берсін берекесін. 
Осымен жыр кестесін аяқтаймын, 
Өнерлі жастарымыз өсіп өнсін. 

Не білдім?

Не үйрендім?

Не білгім келеді?





Қорытынды бөлім: Әділқазылар алқасы екі топтың жұмыстарын бағалап, толықтыратын жерлерін көрсетеді, жеңімпаз топты анықтайды. Оқушылардың еңбегіне қарай орындар беріп марапатталады. 




Оқушылар сабақ барысында







Оқушылар АЛТЫН КҮЗ байқауында



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.03.2019
1838
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12