Материалдар / Шеберлік палитрасы ағылшын тілінен

Шеберлік палитрасы ағылшын тілінен

Материал туралы қысқаша түсінік
Шеберлік палитрасы ағылшын тілінен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2024
64
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Shape1



«Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренудің тиімді әдістері»





Дайындаған: Оспанова Назгүл

















- 2023 жыл

Титул парағы

1. Автордың тегі, аты, әкесінің аты: Оспанова Назгүл

2.Педагогикалық идеяның атауы: «Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренудің тиімді әдістері»

3. Бағыты: Шеберлік палитрасы

4. Қызметі, лауазымы

5.Білім беру ұйымының мекенжайы мен телефоны:

6. Автордың мекенжайы мен телефоны, e-mail:

7. Педагогикалық идеяның аннотациясы:

Аннотация

Ағылшын тілі — əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.

Аннотация

Английский язык-один из наиболее развитых среди языков мира по красоте и выразительности, чистоте и обилию словарного состава. Устная речь играет роль в общении между людьми. Содержание метода обучения, используемого для обучения английскому языку, зависит от совокупности знаний, приобретенных учащимся в языковом общении, приобретенных навыков, приобретенных навыков. Обучение речи осуществляется в форме монолога и диалога. Умение, квалификация речи в форме монолога и диалога определяются в зависимости от выполняемой функции коммуникативной деятельности, такой как информационная, регулятивная, тактическая и чувственно-контрольная.

Annotation

English is one of the most developed languages in the world in terms of beauty and expressiveness, purity and abundance of vocabulary. Oral speech plays a role in communication between people. The content of the teaching method used to teach English depends on the totality of knowledge acquired by students in language communication, acquired skills, acquired skills. Speech training is carried out in the form of a monologue and a dialogue. The ability and qualification of speech in the form of a monologue and dialogue are determined depending on the function of communicative activity performed, such as informational, regulatory, tactical and sensory-control.

Өзектілігі: Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген. Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мəселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда əр түрлі əдістемелік жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр.

Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1 деңгейіне сəйкестірілген.

Шетел тілі сабағында ойын, сұрақ-жауап, өлең сөздерін толықтыру, суретке қарап мəтін құру, карточкаларды қолдану арқылы ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады.

Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері — философия, психология, лингвистика, педагоги- калық еңбектер, əдістемелік еңбектер, озат педагогтардың іс-тəжірибелері.

Зерттеу əдістері ретінде бақылау, мұғалімдердің жұмыс тəжірибесін зерттеу, талдау мен қорыту, сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың ауызша жауаптары мен жазба жұмыстарын талдау əдістері пайдаланылды.

Кейінгі кезде мультимедиалық, гипермəтіндік, желілік жəне коммуникациялық ақпараттық технологиялардың пайда болуы шетел тілін тиімді оқыту үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Мультимедиалық технологиялар мəтіндік құжаттарға, графикалық суреттер, дыбыс жəне бейне- көріністерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын əдістерге төмендегілерді жатқызуға болады:

1. The oral method is used in the formation of theoretical and factual knowledge, working out homework and a new lesson, repeating the rules.

2. Visual method — used to develop the ability to observe, increase attention to the problem being studied and interpret the content of educational material through visibility.

3. Practical method — used for the development of practical business and habits, as well as for practical work in accordance with the content of the topic to control the degree of assimilation of the interpreted material by students.

4. The game method — awakens the student's interest in the lesson, increases his activity, and also forms students' speech and tactile skills.

Ауызша сөйлеуге үйретудің, біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде жəне монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пəнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мəтін материалдары мен ауызша сөйлеуде едəуір байланысты болуы. Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек.

Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-əрекет ұйымдастыруға болады. Шетел тілі пəні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет.

 You can hone your theoretical knowledge with various tasks and exercises. For example, you can give the following exercises to work on a certain text:

- Reading the text without errors, observing the tonality of the voice.

- Understanding the content.

- Narration through reference-drawing words.

- Draw and illustrate according to the concept of content.


Тілдік жаттығудың мақсаты — сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым-қатынас туғызып, алдағы сабақтың нəтижесін жоғарлата түседі.

Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрделендіріп, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Сондықтан ауызша сөйлеуді меңгеруде мəтінмен жұмыстың да маңызы зор. Мəтінді ауызша мазмұндау үшін тіл үйренушілерді жазбаша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, жоспар құруға, сондай-ақ белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, өздерінің ойларын, қызықты іс-əрекеттерін əңгімелеуге үйрету, жаңа технологиялар жəне тəсілдерді қолдана отырып, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту əдістері қолданылады.

Көлемді мəтінді оқып қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мəтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу. Сондай-ақ өз бетімен əңгіме құрап, мəтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал-мəтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық, ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары, теледидар хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа алынады.

Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын, идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын əдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады.

My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen. Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home. When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.

Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі — «Brainstroming» əдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас əңгіме құрастыру, оны əңгімелеп айту болып табылады.

«Brainstorming» 2 əдісі.

Бұл əдісті ағылшын тілі сабағында қолдануға болады:

  • Describe the way something is said: whisper, cry, shout, yell, mumble,

  • Think of as many things as you can that are

  • How many methods of travel can you think of?

  • What if you were caught in an avalanche?

  • What if tobacco wasn’t brought to Europe?

Сабақта Интернеттен алынған əндермен қоса, əн туралы қызғылықты қысқаша деректер, əннің нотасын жəне фразаларды қолдануға болады. Əннің мəтінін қағазға шығарып оқушыларға таратып беру керек. Мысалы: «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» т.б.

«Spring is green» əнін толықтыру

               is green, spring is           

               is bright. Summer is        

               is yellow autumn, is         

               is white. Winter is           

 Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау жəне тағы басқа мүмкіншіліктері өте көп. Тыңдауға үйренуді сөйлеумен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, бейнефильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін сурет арқылы, екіншіден жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.

Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын сипаттау

 Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мəтінге, əңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады

  Көріп біткен фильм бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:

  1. Жазбаша жоспар құру, мəтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.

  2. Ауызша мəтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру.

  3. Бір кейіпкерді таңдап, диалог құру.

Жұмыстың мұндай түрі ағылшын тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Ағылшын тілін тыңдап түсіне-білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге бейне-фильм жəне диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Ағылшын тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем жəне деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады .

Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-əрекеттер арқылы да тіл дамытуға болады . Мысалы, ойынды сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты қалыптасуына, дамуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, əрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пəнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды жəне оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндеттерді шешеді. Ойынды сабақтың əр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады: What’s in the bag? Around the world, Order Race, Question race, Bingo, Go fish т.б.

Ойын арқылы ауызша сөйлеу қабілетін дамыту:

  1. «What’s in the bag?» «Сумкада не бар?» ойыны.[http://www.correctenglish.ru/]

Мұғалім алдымен балаларға 450 ₸ - Сатып алу

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!