400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеберлік сағаты "Мәтін" тақырыбын меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне "Мәтін" тақырыбын меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдермен бөлісу және қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шеберлік сағатының жоспары

Жауапты мұғалім: Ибраева Р.С


Сабақтың тақырыбы:

"Мәтін" тақырыбын меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдер


Мақсаты:

"Мәтін" тақырыбын меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдермен бөлісу және қолдану.

Күтілетін нәтиже:

  • "Мәтін" тақырыбын меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдермен бөліседі және қолданады.

  • Өз тәжірибелерін жетілдіреді.

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Ресурстар:

Постер, стикерлер, маркерлер, қағаз,дидактикалық материалдар, интерактивті тақта, презентация

Тапсырманың сипаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Шебер сыныпқа қатысушылардың іс-әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру

Топқа бөлу:

Әріптестерді қарсы алу, амандасу.

«УАЙ-ФАЙ» әдісі

«Түрлі - түсті хат» әдісі арқылы топқа бөлінеді.

Топқа бөлінеді.

2 минут

Shape3 Shape2 Shape1

Психологиялық ахуал

Қызығушылықты ояту

«Көршіме, өзіме» әдісі арқылы жүзеге асады.

Миға шабуыл

«Декарт шаршысы»

Психологиялық ахуал қалыптасады.

2 минут


Басы

  1. Тақырыпты ашу

«Мюнстерберг» әдісі

1 топ-Дремыусмәтінніңбрлгеау -

2 топ-Авнржктүрлеріцлтчыен -

3топ-Пцехзқұрылымыюваре -

Мәтіннің түрлері,құрылымы

Тірек-сызба



Тапсырманы орындайды,


3 минут












2 минут

Ортасы

Тапсырманы ұсыну

ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС

«Фишбоун» әдісі

Мәтіннің бөліктерін жаз

Дескриптор:

  • Мәтіннің бөліктерін жазады

Басы- Кіріспе бөлім

Ортасы- Негізгі бөлім

Соңы- Қорытынды бөлім

ҚБ: «Жұптар бір- бірін бағалау»

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС

І топ: “Мультифото” әдісі

ІІ топ: “Кейіпкерлер қонақта” әдісі

ІІІ топ: “ҰТМП формуласы “

І топ: “Мультифото” әдісі

Берілген суреттерді есте сақтай отырып, әңгімелеу мәтінін құрастырады

Дескриптор:

-Берілген суреттері есте сақтайды;

- Артық суреттерді табады;

- Суреттерді ретімен орналастырады;

- Әңгімелеу мәтіні құрастырады;

- Мәтінге ат қояды;

ІІ топ: “Кейіпкерлер қонақта” әдісі

Ақ кептер

Еркін үйден сыртқа шықты. Аулада бір нәрсе ұмар-жұмар болды да кетті. Ол мұның не екенін алғашқыда аңдамай қалды. Сөйтсе көршінің мысығы ақ кептерді жұлмалап жатыр екен. Еркін құсты ажал тырнағынан арашалап алды. Жұдырықтай құс дірдір етеді. Бір-екі жеріне тырнағын да батырып үлгеріпті. Шып-шып қан шығып тұр. Еркін үйге келіп, жаралы жерге йод жақты. Кептерді қағаз қорапқа салып, алдына дән шашты. Екі күннен кейін ақ кептер оңалды. Әбден жазылып, Еркін оны ұшырып жіберді.

Дескрипторы:

- Мәтінді оқиды;

- Кейіпкерлерді атайды;

- Әр кейіпкерді сипаттайтын өлең немесе жұмбақ, ребус құрастырады;

-Құрастырғанын айтады;

ІІІ топ: “ҰТМП формуласы "

БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ? (Түрік ертегісі)

Ертеде бір бозбала болыпты. Ол өзінің кедейлігін айтып, үнемі мұңаяды екен.  

О-ой, шіркін-ай, егер менің мол байлығым болса, өмірім де жақсы болар еді. Онда бақытты болып, қызық дәурен сүрер едім! – деп армандайды екен.

 Күндердің бір күнінде оның үйінің жанынан өтіп бара жатқан тас қалаушы бір шебер бозбаланың сөзін естіп қалады. Қасына барып:

Сен неге соншама қайғыра бересің? Сенің мол байлығың бар ғой, мұңая берме, – дейді.  

Менің байлығым бар дейсіз бе? – деп бозбала таңғалады. – Қайда ол байлық? Қандай байлықты айтып тұрсыз өзіңіз? – дейді.

Сенің баға жетпес байлығың айналаңды анық көретін мына көздерің, – дейді қария. – Бір көзіңді қанша ақшаға сатар едің? Немесе ақысына басқа не сұрайсың? – дейді шебер.

Не айтып тұрсыз? – деп бозбала шошып кетеді. – Мен көзімді ешқандай ақшаға да, басқа қымбат дүниеге де бермеймін.  

Жарайды, – дейді тас қалаушы. – Онда қолдарыңды кесіп сат. Ақысына көп алтын аласың.

Жо-о-оқ! Жоқ! Мен қолдарымды да ешқандай алтынға бермеймін, – дейді бозбала безілдеп.

Е, балам менің ойымды енді өзің де түсінген шығарсың, – дейді тас қалаушы шебер қария. – Сен өте бай, нағыз бақытты адамсың. Қайғыра берме. Көпті көрген мен сияқты қарттың сөзіне сен. Адамның ең зор байлығы – денінің саулығы. Денсаулығының арқасындағы күші, қайраты. Денсаулықты ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың. Дені сау адам – ең бақытты адам! – деп, қария бара жатқан жолымен әрі қарай жүріп кетті…

Дескрипторы:

-Ертегіні оқиды;

-«ҰМТП формуласын» пайдалана отырып «Бақыт деген не?»сұрағына жауап жазады;

- Пайымдау мәтінін құрастырады;





















5 минут

Соңы

Кері байланыс

әдісі арқылы кері байланыс жасау ұсынылады.

Қатысушылар хат арқылы кері байланыс жасайды

3 минут



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
02.04.2024
930
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі