Шеберлік сағаты: "Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеберлік сағаты: "Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, үлгерімі төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгеру. Міндеттері: 1. Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағыттық жұмысын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау. 2. Оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау жүйесін жасау. 3. Мұғалімдер білімі мен кәсіби сапасын арттыру. /пән мұғалімдері/ 4. Оқушының жеке даму диагностикасы. /Колледж психологі/ 5. Инновациялық білімдік технологияның берілуі мен жүйесі, жиналуы, ізденісі. 6. Мониторинг арқылы үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын қадағалау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас оқытушылармен өткізілген шеберлік сағаты


Шеберлік сағаттың тақырыбы: Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.


Шеберлік сағаттың мақсаты:  Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, үлгерімі төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгеру.

Міндеттері:

1.  Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағыттық жұмысын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау. 

2.  Оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау жүйесін жасау.

3. Мұғалімдер білімі мен кәсіби сапасын арттыру. /пән мұғалімдері/
4. Оқушының жеке даму диагностикасы. /Колледж психологі/
5. Инновациялық білімдік технологияның берілуі мен жүйесі, жиналуы, ізденісі.

6. Мониторинг арқылы үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын қадағалау.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдердің үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеуге деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасу арқылы білмеген тұстарын үйренеді.

Әдісі: іскерлік ойын, миға шабуыл, топтық шешім қабылдау, тренинг, жеке кеңес беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видеороликтер, үлестірмелі парақтар, стикерлер.

Мұғалімдерді топқа бөлу. Түрлі түсті стикерлерлер берілген. Осыдан өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша ұнайтын суреттерді алып, топқа бөлінулеріңіз сұралады

Топпен жұмыс ережесімен таныстыру:

  1. Топпен жұмыс істеу;

  2. Өзге адамды тыңдай білу;

  3. Тапсырмаға толық жауап беру;

  4. Өзгелердің пікірін құрметтеу;

  5. Берілген тапсырмаларды орындау;

Психологиялық дайындық.

«Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді).

Бір – біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық, сәттілікпен өткізейік.

І. Тапсырма

Кез келген мемлекеттің дамуына не әсер етеді? (Өз ойларын айту)

Мемлекеттің дамуына көптеген себептер әсер етеді. Оның ішінде өз мамандығын жақсы игерген, сапалы мамандар. Ал енді ондай мамандарға ие болу үшін, өз мамандығына сай бірнеше пәнді жақсы игеруі керек.

ІІ-тапсырма

Маманықтың иесі болу үшін, қандай саланы терең меңгеру керек?

(Мұғалімдерге әр түрлі мамандардың суреттері беріледі. Суреттің қасында берілген мамандықты игеру үшін керекті пәндерді жазу)

Біздің елімізге сапалы мамандарды тәрбиелеу үшін білім сапасын көтеру мақсатында оқушылармен күнделікті жұмыс атқару керек. Ол үшін үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты қолға алған дұрыс.

ІІІ-тапсырма

Үлгерімі төмен оқушы ол кім, қандай себеппен пайда болады?

(Берілген тапсырмада мұғалімдер үлгерімі төмен оқушы туралы өз ойларын постерге жазады. Постермен жұмыс)

Жалпы үлгерімі төмен оқушыларды 3 топқа бөлуге болады:

  1. Барлық пәндерден үлгермейтін оқушылар;

  2. Негізгі пәндерден ұзақ уақыт бойы үлгермейтін оқушылар;

  3. Кей кезде үлгермейтін оқушылар.

Оқушы әр түрлі себептермен сабағына үлгермейді. Көбінесе, үлгермеушілігіне әсер ететін себептер.

  • Жеке мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушының білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;

  • Үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмауы және тыңғылықты тексерудің болмауы;

  • Мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығушылығын дамыта алмауы;

  • Тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақ үстіндегі тіртіп бұзуы, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі;

  • Оқушылардың дұрыс бағаланбауы;

  • Оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;

  • Сабақтан жиі қалуы;

  • Оқушының ауырып қалуы.

ІҮ-тапсырма

Қазіргі уақытта үлгерімі төмен оқушымен мен қандай жұмыс атқарып отырмын?

Жеке жұмыс. Мұғалімдерге бір парақтан таратылады. Бүгінгі күнге дейін үлгермейтін оқушылармен атқарылып отырған жұмыстарын жазу тапсырылады және өз жұмыстарын 10 балдық бағамен бағалау ұсынылады.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары:

Ата-анасын бақылау жұмысының нәтижесімен таныстыру.

Диагностикалық картаны арнау.

Оқушымен жеке жұмыс жоспарын құру.

Қосымша сабақтың кестесін құру.

Дидактикалық материалдарды оқушы деңгейіне сай құрастыру.

Жеке жұмыс жоспары:

Жеке тапсырмаларды белгілі бір берілген уақытымен тапсыру.

Үлгерімі төмен оқушы көмекті сыныптастарынан және мұғалімінен кез келген уақытта сұрауына болады.

Білім беру әдісін өзгерту

Оқу материалдарын нақты қолдану.

Оқу материалын біртіндеп көбейту.

Білім беру әдісін қызықты пайдалану

Ү -тапсырма.

Басқа көзбен көзқарас

Әр топқа бөлек тапсырма беріледі.

1- топ. Егер мен ол оқушының анасы болсам, оған қандай көмек көрсетер едім?

2-топ. Егер мен ол оқушының досы болсам, оған қандай көмек көрсетер едім?

3- топ. Егер мен ол оқушының ағасы болсам, оған қандай көмек көрсетер едім?

4- топ. Егер мен ол оқушының сынып жетекшісі болсам, оған қандай көмек көрсетер едім?

5- топ. Егер мен ол оқушының сыныптасы болсам, оған қандай көмек көрсетер едім?

Жетістікке жету үшін:

-Үлгерімі төмен оқушылардың үй жұмысының барлық тапсырмасының орындалуын тыңғылықты тексеру;
- Әр оқушының жаңа тақырыпты түсінгенін қадағалау;
- Деңгейлеп тапсырма беру;
- Үй жұмысы тапсырмасында негізгі және қосымша тапсырмалары болу керек;
- Оқушылардың үлгерімін көтеру үшін үнемі қосымша сабақ өткізу керек;
- Үнемі екілік бағаны қоюдың орнына шыдамдылықпен баяу қабылдайтын оқушыларды күту, тыңдау; 
-Баланың намысына тимеу және балаға ыңғайлы жолын табу.

Бейнетаспа.

ҮІ -тапсырма

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыстағы мұғалімнің өз күшін тиімді жұмсауы:

Мұғалімнің жеке күш-қуат қоры

Көңіл-күй

Ыңғайлы қимыл

Дауыс ырғағы

Орынды әзіл

Шығармашылдығы

Жақсы үміт күтуі

Көңілді қарым-қатынас

ҮІІ-тапсырма

Өзіңді үлгерімі төмен оқушының орнына қою

Жеке жұмыс. Мұғалімдерге сыныбындағы оқушының орнына өздерін қойып, өз сезімдерін, ойларын жазу тапсырылады.

Кері байланыс

Өзіме не алдым?

Қалай қолданамын?

Сыйлық беру.

Мұғалімдер шеңберге тұрып, таңдаған стикердегі суретті жанындағы адамға жылы лебізін айта отырып сыйлайды.




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2018
3656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі