Шеберлік сыныптың жоспары
Тақырыбы: Жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігі.
Мақсаты: Жаратылыстану пәндері бойынша оқу сапасын арттырудағы критериалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізу.
Күтілетін нәтижесі: Мұғалімдер критериалды бағалаудың технологиялық тәсілдерін, сабақтың әртүрлі кезеңінде қолдана білуге үйренеді.
Мақсатты аудитория: Шебер сынып қатысушылары
Әдіс-тәсілдер: «Ой қозғау» әдісі , «Дана үкі» әдісі, «Тарсия» әдісі, «Мен» әдісі.
Құрал-жабдықтар: слайд, геометриялық қималары, тапсырмалар.
Шеберлік сыныптың барысы:
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шеберлік сынып "Жаратылыстану пәнін оқытуда критериалды бағалаудың тиімділігі"
Шеберлік сынып "Жаратылыстану пәнін оқытуда критериалды бағалаудың тиімділігі"
Шеберлік сыныптың жоспары
Тақырыбы: Жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігі.
Мақсаты: Жаратылыстану пәндері бойынша оқу сапасын арттырудағы критериалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізу.
Күтілетін нәтижесі: Мұғалімдер критериалды бағалаудың технологиялық тәсілдерін, сабақтың әртүрлі кезеңінде қолдана білуге үйренеді.
Мақсатты аудитория: Шебер сынып қатысушылары
Әдіс-тәсілдер: «Ой қозғау» әдісі , «Дана үкі» әдісі, «Тарсия» әдісі, «Мен» әдісі.
Құрал-жабдықтар: слайд, геометриялық қималары, тапсырмалар.
Шеберлік сыныптың барысы:
|
Жұмыс кезеңдері
|
Кезеңнің мазмұны |
|
|||
|
Кіріспе бөлім 5 мин Дайындық ұйымдастыру кезеңінің мақсаты: Шеберлік сынып тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Міндеті: Қатысушылардың зейінін аудару, жақсы көңіл күймен жұмыс жасауына ықпал ету. Әдістері: Әңгімелесу, ой түрткі, қатысушыларды өзіне жақын тарту.
Ой түрткі |
1. Әріптестеріммен сәлемдесу:Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мен сіздермен кездесіп,бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. Мен №1 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Қабылбекова Балжан Алшериқызымын. 2. Шеберлік сыныптың тақырыбы мен мақсаты баяндалады. 3.Тренинг –психологиялық ахуал туғызу. Түрлі ұшақтарға жылы лебіздер жазғызып,ұшыру, ұшақ түстеріне орай топтарға бөлу
І Мәселені бөліп көрсету. Шебер: жаттығу өткізеді «Қағаздан жасалған шариктер» Әр топқа бір адамға шарикті ұстатып- «бірдеңеге үйреніңдер» деп айтылады Сұрақ: Нені байқаймыз? Алдарына мақсат қойылдымады! Мақсат толық айтылмады,мақсат нақты қойылмады, мақсат анық және түсінікті болмады ,мақсат қолжетімді болу керек. Сұрақ: Құрметті әріптестер! Білім алушыларға сабақтың мақсатын неге түсіндіру қажет деп ойлайсыздар? Жауап 1.Бүгін сабақта не біледі,не білді,не білу қажет екенін ұғындыру үшін. 2.Жаңа білімге баланы ынталандыру үшін. 3. Оқушының белгілі бір көлемде алатын білім,білік, дағдыларын қалыптастыру үшін. 4.Оқушының өзін өзі бағалауы үшін Шебердің нақты жауабы: Әдістемелік нұсқау хат 22-бет. Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін айту\көрсетуден басталуы керек. Демек, біздер нақты оқу мақсатына жету үшін қалыптастырушы бағалауды сабақ үстінде ұтымды ұйымдастыруымыз керек.
|
Мұғалімдер қызығушылықпен қатысып,топқа бөлінеді.
Зейіндерін аударады
.
|
|||
|
Негізгі бөлім 30 мин
Ой қозғау.
Мақсаты: Критериалды бағалауды тиімді пайдалану арқылы, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру.
Міндеті: Бағалау жоспарын талапқа сай, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сауатты жүргізу. Әдіс-тәсілі: "Ой қозғау", "Дана үкі", «Тарсия »әдісі арқылы топтық жұмыстар.
Ой толғаныс
Қорытынды кезеңі 5 мин
|
ІІ Білімді жаңарту. Слайдтан " Сіз сабақ кезінде қандай бағалау түрлерін қолданасыз? " ашық сұрақтарға жауап іздейік. ІІІ Топтарға бірігу. Ойға алайық, ойлана білейік. "Дана үкі" әдісі бойынша бағалау түрлерін және терминдерін анықтау. Жиынтық бағалау – егер балаларды гүл деп есептесек, гүлдің бойы, түсі толықтығын, бірі–бірімен салыстыру. Қалыптастырушы бағалау- бұл гүлді күту, су құю, тыңайтқыш беру және өсуіне қолайлы жағдай туғызу.
ІV Материалмен жұмыс. Өзін-өзі қайта құру « Тарсия» тәсілі бойынша сәйкестендіру. 3 топқа бірдей 3 тарсия беріледі. Тарсияны геометриялық фигураға жинайды.
V. Жұмыс нәтижесін көрсету.
Мұғалім оқытуда критериалды бағалауды қалай жоспарлайды?
Шебер өз тәжірибесінен үлгі ретінде ұсынады. Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау үшін, мұғалім оның формасын, мазмұнын, құралдарын нақты анықтауы керек. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге: • оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау; • оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру; • тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу; • бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру; • әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады. Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сабақ жоспарларын слайд бойынша көрсетіледі.
VІ Жұмыс нәтижесін талқылау және түзету. Түйінді идея. « Сапалы бағалау дегеніміз не?» слайд арқылы қорытындылаймыз.
|
Диалогқа қатысады, осы тақырып бойынша не білетіндерімен бөліседі. Ойлана отырып жауап іздеп, өз ойларын ортаға салады.
Тарсия әдісімен бағалау түрлерін ажыратады.
Бағалау жүргізуде қадамдарын нақтылап, аса ептілік, жауапкершілік қажет және тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, мұғалімерді ойлануға ынталандыру, қолдау көрсету керектігін түсінеді.
Мұғалімнің оқудағы бағалауы нақтыланады.
|
|||
|
Кері байланыс 5 мин Мақсаты: Шеберлік сыныптың өткізу тиімділігі мен құндылығын білу, алған білімдерін саралау.
Әдіс-тәсілі: «Мен »әдісі |
Қатысушылардың рефлексиясы «Мен» әдісі арқылы жүргізіледі.
|
Шеберлік сыныптың тиімділігі- мұғалімдерді мазалаған сұрақтарына керек мағлұматтар алғандығы жайлы өз ойларын білдіреді. Құндылығы- іс жүзінде көрсетілген үлгі бойынша жоспарлаудың қыр-сырын түсіну екенін білдіреді. |
шағым қалдыра аласыз














