Шеберлік сынып. «Жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеберлік сынып. «Жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне шеберлік сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шеберлік сынып

«Жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу»

Мақсаты: жиынтық бағалау туралы мәлімет бере отырып, мектеп мұғалімдерін ІІІ тоқсан соңында бағалау жүйесінің қандай формада өтуілуі керек екендігі туралы түсінік беру. Модерация тобының жұмысын қарастыру.

Қатысқандар:модерация тобының мүшелері, бастауыш класс мұғалімдері, орыс тілі, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пән мұғалімдері.

Күн тәртібінде:

  1. Баяндама. «Жиынтық бағалау құрылымы. Оның қалыптастырушы бағалаудан айырмашылығы». Сейсекенова Г.С.

  2. Бағалау қандай формада өтеді.

  3. Модерация тобының жұмысын сұрыптау.

  4. Әр түрлі мәселелер



Бірінші мәселе бойынша мектебіміздің бастауыш класс мұғалімі, І деңгейлік курсты бітірген тренер Г.С.Сейсекенова өз кезегінде баяндама оқи отырып, мұғалімдерді ортақ тақырыпты шешуге шақыра білді. Таратпа материалдар тарата отырып, қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау арасындағы айырмашылықтар туралы айта кетті. Мұғалімдер үш топқа бөлініп, өз ойларын ортаға тастады. Слайдтар арқылы жиынтық бағалаудың құрылымы көрсетілді.

Екінші мәселеде мектеп үйлестірушісі Г.Т.Мустахимова І тоқсан соңында жиынтық бағалау қандай формада, қалай өтетіндігі туралы түсінік берді.

Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге, жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жүргізу үшін жиынтық бағалау нәтижелері бойынша алынған ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойыншажиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудың аталған түрінің нәтижесінде білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде ескерілетін балл қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.

Тоқсандықжиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, оқу бағдарламасы мазмұнын білуі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдерді ұсына отырып, тоқсандағы оқуға қатысты ілгерілеуді өлшейді. Алынған нәтиже тоқсандық баға қою кезінде ескеріледі.

Жиынтық бағалау ойлау дағдыларының әр түрлі деңгейін, соның ішінде жоғары ойлау деңгей дағдыларын: талдау, жинақтау, бағалауды тексеретін түрлі деңгейдегі тапсырмалардан тұруы қажет.

Мұғалімдерге арналған критериалды бағалаудың нұсқаулығында жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру кезеңдері (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық), нәтижелерді талдау, тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісін ұйымдастыру, өткізу туралы толық сипатталғаны туралы айтылды. Қорытынды жазба жұмыстарының күні белгіленіп, модерация тобының жұмыс түрі туралы айтылды.

Мектептегі қалыптастырушы, жиынтық бағалауға қатысты барлық үдерістерді енгізу мен жүзеге асыруға жауапкершілікті әдістемелік бірлестік жетекшілері өз мойындарына алды.

Келесі мәселеде жиынтық бағалау күнделікті қағаз журналына қойылатындығы туралы айтылды. Тоқсан айының соңында оқушылардың орындаған тапсырмалары модерация тобы қарастыратындығы туралы айтылып, ескерілді.

Әр түрлі мәселелер бойынша оқушылардың портфолиосы туралы сұрақтар қойылды.

Қаулы:

  1. Баяндама қанағаттанарлық деп танылсын.

  2. Жиынтық бағалау бойынша берілген тапсырмалар уақытында орындалсын.

  3. Модерация тобының жұмысы жандандырылсын.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2018
3080
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі