400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сегізаяқ" өлеңі-қазақ поэзиясындағы жаңа түр

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақ жоспары №1 Тексерілді________________


Білім беру ұйымының атауы

«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Бөлім:


Педагогтің аты-жөні:

Есенкулова Ж.

Күні:


Сынып: 10 Д

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Сегізаяқ» өлеңі – қазақ поэзиясындағы жаңа түр.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау;

Сабақтың мақсаты

«Сегізаяқ» өлеңіндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды

Бағалау критерийі

  • шығарманың тілдік ерекшелігін талдайды;

автор стилін анықтайды.



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс-тар

Сабақтың басы




І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылықты ояту.

«Бұрыштар» тәсілі. Оқушыларға үзінділер беріледі. Олар үзіндінің қандай көркемдегіш тәсіл арқылы жасалып тұрғанын айтып, анықтауы тиіс.

Shape3 Shape1 Shape2

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған.

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған —

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.


Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар бәһра1 ала алмас.

Қиналма бекер, тіл мен жақ,

Көңілсіз құлақ – ойға олақ.

Троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.

Заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.

Затты не құбылысты ажарландыру мақсатында екінші затқа не құбылысқа теңеу. -дай, -дей, -тай, -тей, -ша, -ше жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушыларға кейіпкерлердің іс-әрекеті мен қасиеттері суреттелетін үзінділер беріледі. Олар үзіндінің қай кейіпкерге тән және қандай көркемдегіш тәсіл арқылы жасалып тұрғанын айтып, анықтауы тиіс.
















Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырыла-ды.

10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі

бойынша бағалана

ды.

Дескриптор:

сұрақтарға жауап береді-1


















10-сынып қазақ әдебиеті






Тапсырма қағаздары

Сабақтың ортасы



ІІІ. Мағынаны тану.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусының қандырған кім?

Өзіне - өзі орнатып ескерткішті

Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?

Абай қазақ халқының рухани көсемі, барша мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті. Бүгінде ақын арманы орындалды. Биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз, еліміз қабілетті 50 елдің қатарында.

Бүгін біз ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен әрі мол, әрі көркемдік жағынан келісті, зор шығармаларының бірі - «Сегіз аяқ» өлеңінің көркемдік ерекшелігімен танысамыз. Оқушыларға «Сегіз аяқ» өлеңінің үзінісі тарату.

1-тапсырма. Сәйкестендіру картасы. Берілген өлең жолдарын сәйкестендіріңіздер.





2 -тапсырма. «Пирамидалық талқылау» арқылы топтар мәтіннің ішінен көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды.

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып, құрып барасың.

Өтірік шағым толды ғой,

Өкінер уақытың болды ғой.


Жұмыссыз сандал,

Еріксіз малды ал

Деген кім бар сендерге?

Қулықты көргіш,

Сұмдықты білгіш

Табылар кісі жөн дерге.

Үш-төрт жылғы әдетің

Өзіңе болар жендетің.


Ауырмай тәнім,

Ауырды жаным,

Қаңғыртты, қысты басымды.

Тарылды көкірек,

Қысылды жүрек,

Ағызды сығып жасымды.

Сүйеніп күлкі тоқтыққа,

Тартыпты өнер жоқтыққа.


3-тапсырма. «Тұжырым картасы» арқылы оқушылар өлеңнің көркемдік қуатына тұжырым жасап, автор стиліне баға береді.

Тұжырым

Менің автор стиліне беретін бағам


«Менің ойымша, ...................................................................... »

«Себебі, мен оны былай ............................................түсіндіремін »

«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен................................................. дәлелдей аламын ….................................. »

«Осыған байланысты мен мынадай ..................................................................................қорытынды шешімге келдім»




Оқушыларға «Сегіз аяқ» өлеңінің үзінісі таратылады.

Оқушылар жұппен үзінділерді оқып, өлеңнің жалпы көркемдік сипатын анықтайды.








Оқушылар жұппен үзінділерді оқып, өлеңнің жалпы көркемдік сипатын анықтайды.

Сәйкестендіру картасы. Берілген өлең жолдарын сәйкестендіреді









Шығармадан

көркемдегіш құралдың

4 түрін анықтайды;

Үзінді арқылы дәлелдейді;

Ережесін еске түсіреді.















Оқушылар «Тұжырым картасы» арқылы оқушылар поэманың көркемдік қуатына тұжырым жасап, автор стиліне баға береді.


























Дескриптор:

өлең жолдарын сәйкестендіреді-1

мазмұнын ашады-1








Дескриптор:

Өлеңнен көркемдегіш құралдың 4 түрін анықтайды-1

Үзінді арқылы дәлелдейді-1

Ережесін еске түсіреді-1














Дескриптор:

тұжырым жасайды-1

автор стиліне баға береді-1

өз пікіріне дәлелдер келтіреді-1 (кемінде 2-3)

Қорытынды шығарады-1













А. Құнан-байұлы «Сегіз аяқ»

https://bilim-all.kz/olen/544-Segiz-ayaq

















Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Бүгін мен...................... білдім

................. қызықты болды.

......................... қиын болды.
..................... тапсырманы мен орындадым.

......................... екенін түсіндім.
Мен енді....................... білемін.

Мен............................... сезіндім
Мен..................................... білім алдым.

Мен......................................... үйрендім.
................................. менің қолымнан келді.

Мен...................................... жасай алдым.
Мен.................................... жасап көруге талпынамын. .................. мені таң қалдырды.

Сабақ менің өміріме..... берді.

Менің............. жасағым келді.


Үй тапсырмасы

Өлең құрылысына талдау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27.11.2025
32
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі