Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шежірелі Шерқала"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шерқала тауы – Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылынан 17 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері ретінде Қазақстанның жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шежірелі Шерқала


Шерқала – қалалардың арыстаны

Болды ма көне ғасыр, сол тұстағы?

Жауапсыз ол сұрақты көміп кеткен,

Тарихтың, табиғаттың тартыстары

Ғафу Қайырбеков


Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен Маңғыстаудың тарихы тереңде, сол тарихтан сыр шертетін Шерқала тауы сан ғасырлық тарихы мен шежіреге толы. Өте ертеден өзінің алуан пішінді мүсіні мен сұлу табиғаты адамдарды қызықтырған. Ақын-жазушылар, саяхатшылар мен тарихшыларды тамсандырып, өз еңбектерінде жазуға түрткі болған. Белгілі бір биіктіктен қарағанда, алып киіз үйге ұқсайтын үлкен тау шоқысы. Шерқаланың жақын маңайында шар тәрізді тастар мен тұтас гранитті сомтастар көптеп ұшырасады. Түбектің тамаша табиғаты, осынау тастарды алуан түрлі пошым мен кескінде құйып жасағандай ғажап әсерге бөлейді. Шерқала жайындағы аңыздардың бірінде, ертеректе қаптаған жаулардан бір топ айбынды жауынгерлер тауды қорған еткен делінеді. Олар жаумен жолбарыстарша алысыпты. Тауды қорғаушылардың қалғаны тау ішіндегі жерасты жолдарына тығылып, сол жерде мәңгі қалып қойыпты. Осындай батырлық пен тәуелсіздіктің тірегі – «Жолбарыс қала» немесе «Шерқала» деген атау осылай пайда болған, -делінеді. Аңыз-әңгіме деректер бойынша Шерқала ғасырлар бойы қанша бүлік болса да, жауларына берілмей, мәңгілік ескерткіш болып қалды.

Тас қорған қамал, жолбарыс қала – Шерқала,

Таңданды талай көз сұғын қадай зер сала.

Төбеңе біреу ақ туын тіксе жеңістің

Тапталды біреу жер қаба- деп ақындарымыздың өлең-шумақтарына арқау болған ақ қорған тау. Есбол Өмірбаев өз кітабында 10-12 ғғ Маңғыстауда Хорезм мен Хиуаға баратын жол бойындағы ежелгі мәдениет ошағы Шерқала қамалы болған. 8-9 ғғ арабтардың шабуылына ұшырап, мықты ерлік көрсеткен. Одан кейін хазарлықтар мен хорезмдіктердің тіректі мекеніне айналған-дейді. Түрікпендерге байланысты тарихи оқиғалар да жеткілікті. Тарихи оқиғалармен байланысты аңыздар ел аузында сақталған. Бiр кездері “Жiбек жолының” бiр тармағы келiп, сонау Хорезм мемлекетiмен, одан әрi Үндi, Қытаймен байланыс жасап жатқан гүлденген өңiрдi өздерiне бағындырмақ болған. Олар қаланы бүлдiрiп, әскери бекiнiс еткен. Өз қаласын қайтып алмақ болып қазақтар (дайлар) қайта шабуыл жасайды. Қазақтардың күшiне шыдамай, әлгiлер таудың үстiне шығып кетiп қорғанады. Қазақтар тауды қоршап алады. Бiрақ таудың үстiндегi жау алдырмайды. Өйткенi олар таудың үстiнен құдық қазып, сол шыңыраудан су iшiп отыр екен.

Сонда бiр қария “таудың етегiн тесiп үңгiр қазып, құдықтың үстiнен дәл шығып, су алған кезде жаулардың қауғасын кесiп отыру керек, сонда олар шөлден өлер болған соң өздерi берiледi” – дейдi. Осы ақылға тоқтап, үңгiр қазып, құдықтың жанынан дәл шығып, су алатын қауғаны кесiп отырғаннан кейiн шөлдей бастаған жау жасақтары өздерi берiлген екен.

1851 жылы Орынбордан Маңғыстауға келген геологиялық экспедицияның құрамында болған поляк революционері Бронислав Залесский: “Біздер Шерқаладан ескі сауыт, татар тенгелерін таптық. Шерқалаға алыстан қарағанда, Римнің керемет пантеондарын, ескі замандардың ескерткіштерін көргендей боласың. Жақындап келгенде, жеке қабырғалардың колонналарын, қираған мүсіндер сияқты ақ таулардың бағандарын көресің – деп өзінің алған әсерін 1865 жылы Парижде басылып шыққан «Қырғыз даласындағы өмір» деген еңбегінде жазып суреттеді.

Жергілікті халық Шерқаланы Ораз ұшқан деп те атайды. Оның себебі Мұңалдың жары тайпасында Ораз Оңғалбайұлы би болған. Ол кісі арабша, орысша оқып, жан-жақты болып жетілген. Тарихи құндылықтарды, жер асты және жер үсті байлықтарын қарайтын Ресейден келген экспедиция Оразды тілмаш етіп алады. Ораз бес уақыт намазын қаза етпей, ислам дінін экспедиция мүшелері орыстарға айтып, насихаттап отыратын. Құдайдың өзіне сенушілерге көмектесетінін сендіре айтады. Осындай сөздердің бірінде орыстар: «Ал сенің құдайың бар ғой көмектесетін, сен мына Шерқала таудың ұшпа басынан жерге секірші» дейді. Сонда Ораз «несі бар, секіремін, құдай көмектеседі» деген екен. Ораз дәретін алып, намазын оқып, әуелі Құдай, сосын Бекет атаға сиынып, секірген екен. Жерге аман-есен түсіп, жайлап жүре берген. Мұны көрген орыстар сенерін не сенбесін білмей, таң қалады.

Жүз келем сезімнің күйі еніп,

Тастарды жаратқан мұңсыз ғып.

Сол мұңсыз тастарға сүйеніп,

Алдымда тұрады үнсіздік.

Тұрсаң да тіл қатпай, Шерқала,

Керексің тірі мен өлі үшін.

Аңыз ғып айтады ел ғана,

Бір қырғын болғанын сен үшін –деп Оңайгүл Тұржан жырлағандай, шежірелі Шерқала – аңызға бөленген ғажайып тұлғалы тау ретінде Маңғыстау облысының табиғи рәмізі болып табылады.









«Қор секторы» меңгерушісі Аққұлова Марал Ермұханқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.08.2021
755
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12