Сексеуіл діңі мен бұтақтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сексеуіл діңі мен бұтақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал әдебиет мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы
СексеуілСексеуiл — діңі  мен  бұтақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт  сынатын  жапырақсыз  қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiлқара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi. Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр.Ақ сексеуiл – бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейiн жететiн тал-шiлiк. Негiзiнен құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейдi. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл жануарлар сондай 3 метрлiк бұтақты жесе 12 кг. азықтық масса алады екен. Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек.Қара сексеуiл аққа қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден де тереңдiкке кетедi. Бұлар шоғырланып өседi. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрiздi. Өз ұрығы есебiнен табиғи түрде өсуге бейiм. Орта Азияның шөлдi, құмды, сортаң жерлерiнде көп кездеседi. Сондай-ақ, тақыр жерлерде де өсуге бейiм. Қара сексеуiлдiң де жас әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйiсiнiп жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне пайдасын көп тигiзедi.Ағаш бар жерде, өмiр бар. Адам тiршiлiгiне де қолайлы орта. Осы екеуiне тән ерекшелiктер Зайсан сексеуiлiнде де бар. Жалпы айтқанда үшеуi де тарғылданып, иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес. Өткен ғасырларда адамдар оны жағып, қоламтасын көмiр ретiнде сатқанын тарихи әдебиет шығармаларынан жақсы бiлемiз. Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше роль атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерiн тоқтатады. Сексеуiлдердi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе түз тағылары киiктерге сексеуiлдер арасы өсiп өнулерiне өте қолайлы.





Көксерек Құрмаштың нағашысы қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмайды. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды. "Көксерек" деп шақырады.(150 сөз)
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2019
606
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі