-
-
Ақпараттандыру
1991 жылы 29 тамызда Қазақ КСР
президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны
жабылды
1949-1989 жылдар аралығында
полигонда
456 ядролық сынақ
жүргізілді
Барлық жарылыстың қуаты
Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2500 есе артық
болды
Түрлі есептеулерге сүйенсек,
Қазақстанда полигондағы сынақтардан 1,5 миллионнан астам адам
зардап шеккен
Қазақстан аумағында атом
бомбаларын сынақтан өткізу үшін арнайы 18 млн. га жер бөлініп,
Семей ядролық полигоны ашылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей
облысында таңғы сағат 7-де жерден 38 метр биіктікте қуаты 20
килотондық алғашқы атом бомбасы жарылып, сынақтан өтті. Бұл
жарылыстан орта есеппен 900 мыңдай бейкүнә адам 100-250 рентген
мөлшерінде радиация қабылдаған болса, 1963 жылдар аралығында аса
қуатты бомбалардың жарылысынан 2 миллионнан аса жазықсыз халық
300-400 рентген мөлшерінде радиация
қабылдаған.
Полигонның 40 жылдық тарихында
Семейден 120 шақырым жерде 498 ядролық сынақ өткен. Оның 88-і
ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астында жарылған. Соңғысының
қуаты 1,5 мегатонн мөлшерінде болған. Одан 1.5 миллион адам зардап
шекті.
Бұдан кейінгі 25 жыл жер асты
жарылысынан адамдар түрлі ауруларға ұшырап, сол сырқаттың қасіретін
әлі де арқалаумен келеді. Бұл сырқаттардың тұқым қуалайтындығы
ғылыми негізде дәлелденді, оның қасіреті 300 жылға дейін созылуы
мүмкін.
Сол жылдары полигонға
шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп,
соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа
ұшырады. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей
зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Халық өте ауыр және
созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен
Нагасакидегі атомдық бомбалаудан 2,5 есе асып
түсті.
1962-1989 жж. арасында Семей
полигонындағы
Дегелең тауының астындағы
шахталарда 340 жарылыс
болған. Әсерінен тау қиыршық
тас үйіндісіне айналған. Сондықтан да, Дегелең тауын «өлген тау»
деп те атаған.
08.09.2006 ж. -
«Орталық
Азиядағы ядролық қарудан азат
аймақ» туралы шартқа қол қойылды. Бұл құжат Орталық Азиядағы бес
елді қамтиды.
АҚШ әскери әуе күштері
Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына атом бомбасын 1945
жылдың 6-шы және 9-шы тамызында тастаған
болатын. Соның салдарынан, екі қала да
жермен-жексен болды.
|