400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

семинар

Материал туралы қысқаша түсінік
аа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: STEM білім беру технологиясын бастауыш сыныпта пайдалану

Абдинагиева Г.К. сөзі Қазіргі білім берудің басты мақсаты – оқушыға тек дайын ақпарат беру емес, алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.Осы тұрғыда STEM білім беру технологиясы ерекше маңызға ие. STEM тәсілі бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттырып, білімді тәжірибе арқылы меңгеруге мүмкіндік береді.

Негізгі идеясы: STEM технологиясы ғылым, технология, инженерия және математиканы біріктіре отырып оқытады. Бұл тәсіл арқылы оқушылар тек теорияны оқып қана қоймай, түрлі тәжірибелік тапсырмалар орындап, зерттеу жүргізеді, өз идеяларын ұсынады. Сонымен қатар топпен жұмыс істеу, мәселені шешу және шығармашылық ойлау дағдылары қалыптасады.

Қорытындылай келе STEM технологиясын бастауыш сыныпта қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, білімді өмірмен байланыстыра оқуға мүмкіндік береді.

Сөз кезегін практикада көрсету үшін әріптесіме беремін.

Тулегенова Г.Ж. сөзі Құрметті әріптестер!
Бүгінгі көрсетілімде бастауыш сыныпта STEM білім беру технологиясын қолданудың шағын үлгісін ұсынамын.

Пәні дүниетану

Тақырыбы Ғұндар қалай өмір сүрді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 2.3.2.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың өмір салтын сипаттау.

Бағалау критерийі: Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың өмір салтын сипаттайды.

Уақыты

Педагог іс – әрекеті

Қатысушы педагогтер іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

1 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.

Қимылмен жасайды.





2 мин

Мәтінмен жұмыс (Топтық жұмыс)

-«Канон» әдісі арқылы (әр сөйлемді кезекпен оқиды, бір топ оқығанда, келесі топ толықтырады.)

1-топ Ғұндардың тұрмысы

Қазақ жеріне сақтардан кейін ғұндар келді.

Олар мал жайылымына қарай көшіп- қонып жүрді.

Жылқыны үйірімен, сиырды табынымен, қойды отарымен бақты. Ғұндардың баспанасы киіз үй болған. Кейбір отырықшы ғұндар егіншілікпен айналысып, тары екті.

2-топ. Ғұндардың қоныс аударуы, Атилла

Құрғақшылық болған кезде ғұндар батысқа қарай қозғалған.Олар Қазақстан аумағындағы жаңа жерлерге қоныс ауыстырды.Одан кейін Қара теңізден батысқа қарай жылжыды.Ғұндардың ұлы билеушісі Атилла (Еділ) еді.Ғұндар басқа тайпаларды ығыстырып, жаңа жерлерге қоныс аударды. Ғұндар ығыстырған тайпалар жаңа жерлерге қоныстанды.Бұл тайпалардың қозғалысына алып келді. Осылайша Еуропа мен Азия халықтарының ұлы қоныс аудару басталды.

Ғұндар садақ атуды жақсы меңгерген.

3-топ Ғұндардың қолөнері

Ғұндар шебер ұсталар болды. Олар темірден түрлі бұйымдар жасаған. Ғұн әйелдері әшекей тағуды ұнатқан. Олар күмістен және алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар таққан.Шеберлер соққан әшекейлер- сырға, алқа және сақиналар ұлтымыздың мақтанышына айналды.

- мәтінді оқиды.

Дескриптор

- мәтінді түсініп оқығаны үшін - 2 балл




Әр топқа мәтін беріледі.

2 мин

«Оюлы шеңбердегі оқиға»

(Мәтінге сәйкес суреттерді ретімен қойып артық суретті табады.Мәтінді оқи отырып, суреттерді ретімен қойып түсіндіреді)


- Суреттер мен көрнекі материалға сүйене отырып, өз ойын нақты түсіндіреді .


Дескриптор:

(сурет пен мәтінге сүйеніп өз ойын нақты айту)

– Өмір салтын сипаттайды – 3 б
– Ғұндардың тарихи ролін сипаттайды. – 3б
– Ғұндардың қолөнері туралы айтады. – 3 б

Суреттер

2 мин

«Атаға көмектес» ойыны

1.Сақтардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында қандай тайпа өмір сүрді?

2.Ғұндар қандай өмір салтын ұстанған?

3.Ғұндардың басты баспанасы қандай болды?

4.Ғұндар ең көп қандай мал өсірген?

5.Ғұндардың атақты билеушісі кім болды?

6.Ғұн әйелдері не тағуды ұнатқан?

- Сонымен біз атаға не құрастыруға көмектестік? (Киіз үй)

Дұрыс жауапты табады

Дескриптор:

-Ғұндардың қоныстанған жерін дұрыс атайды (1б)

-Ғұндардың өмір салтын түсініп, айтып береді (1б)

-мал шаруашылығымен, егіншілікпен. (1б)

Интерактивті тақта

5 мин

«Зергерлік шеберхана» (Топтық жұмыс)

1-топ: – Сақина жасау (Сақинаның пішіні дөңгелек.Оқушылар шеңбер пішінін жасайды.Моншақты ортасына симметриялы орналастырады.)

Материалдар: тастар, сым темір, ыстық желім
Мағынасы: Сақина – шексіздік пен бірліктің белгісі.
Қауіпсіздік: Ыстық желімді абайлап қолдану, бір-біріне жақын сермеуге болмайды.

2-топ: – Алқа жасау (Алқа жасауда біз моншақтарды белгілі бір ретпен орналастырамыз. Бұл математикадағы өрнек құрастыруға жатады. )

Материалдар: моншақтар, сым темірлер,

Мағынасы: Алқа – бойжеткеннің сәні мен айбыны.
Қауіпсіздік: Қайшыны дұрыс ұстау, жұмыс соңында орнына қою.

3-топ: – Білезік жасау (Білезікті безендіруде біз геометриялық пішіндерді қолданамыз: үшбұрыш, ромб.)

Материалдар: пластик бөтелке қиындысы (негіз), алтын түсті қағаз немесе мата, желім.
Тапсырма: Білезікті геометриялық фигуралармен (үшбұрыш, ромб) безендіру. Ғұн білезіктерінің жуан әрі айбынды болғанын ескеру.
Мағынасы: Білезік – қорғаныс пен күш-қуаттың символы.
Қауіпсіздік: Пластиктің қырын абайлап ұстау, желімді ұқыпты қолдану.


- Бұйымдарды жасау барысында қандай геометриялық пішіндерді қолданғандарыңызды айтып беріңіздер.

Топта бірлесіп, берілген нұсқаулыққа сәйкес зергерлік бұйымды жасап, оны ұлттық өрнекпен безендіріп, және қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Дескриптор:

-Бұйымды берілген нұсқаулыққа сәйкес жасайды – 3 балл

(әр топқа 3 балдан беріледі)


2 мин

«Құм шежіресі: Ғұндар ізімен» шығармашылық жұмыс

Құм — уақыттың белгісі. Біз құмның астында қалған көне тарихты қайта жаңғыртамыз.

Бүгінгі сабақта алған білімімізді құм бетіне бейнелейік.

Мәтіннен алған ақпараттарын көрнекілеу үшін құм терапиясын қолданады.

Дескриптор:

- Ғұндардың өмірін құм бетіне бейнелейді – 1 б

(Кемінде бір тарихи элемент көрсетеді )


Жарық үстелі, ұсақ құм, майлық.

2 мин

«5 саусақ» әдісі

Алақандарын қағазға сызып, әр саусаққа бір бағытты жазады:

  1. Бас бармақ: Кімдер? (Аттила, Ғұндар)

  2. Балаң үйрек: Қайда тұрды? (Киіз үй)

  3. Ортан терек: Не мінді? (Жылқы)

  4. Шылдыр шүмек: Немен айналысты? (Егіншілік, Тары)

  5. Кішкентай бөбек: Не киді/жасады? (Сауыт, Шеберлік)





1 мин

Бәйге» бағалауы.

Сабақта жинаған балын есептеп айтады

Жинаған балл


1 мин

Сергіту сәті «Асық,қасық,аса таяқ»

Қара жорға

Ритмге ілесіп орындайды.

Тамаша!














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
8
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі