Материалдар / Семинар -сабақ " Бударин мектеп- бөбекжай кешені" КММ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Семинар -сабақ " Бударин мектеп- бөбекжай кешені" КММ

Материал туралы қысқаша түсінік
 Отбасы құндылығы, отбасы бақыты,ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы

«Бударин мектеп-бөбекжай» кешені» КММ








Семинар сабақ


«Отбасы бақыты»







Дайындаған: «Бударин «мектеп-бөбекжай кешені» КММ-нің педагог-психологі А.Е.Тетенова











«Отбасы бақыты» ( Семинар - тренинг)

Мақсаты: Оқушылардың сыйластық, татулық, махаббат, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екенін түсіндіру. Оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.Балалардың ата-аналарымен арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.

Міндеті:

  • Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

  • Отбасы құндылығы, отбасы бақыты,ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;

  • Өз туған үйлері мен отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

  • Отбасында жағымды қарым-қатынастар жасау іскерліктерін дамыту;

  • Өзара сыйластыққа, ізгілікке тәрбиелеу.


Т р е н и н г т і ң ж о с п а р ы:

  1. Амандасу;

  2. Кіріспе;

  3. Тақырып бойынша өз ойларымен бөлісу

  4. Жаттығу: “Менің отбасым”суреттер сөйлейді/

  5. Тренинг: “Тату-тәтті отбасы:”

  6. Кері байланыс:

  7. Қорытынды

Қазақ халқындағы амандасу үлгісі нағыз мұсылманша болатын. Кездескен кезде оң қолын жүрек тұсына қойып, «Ассалаумағалейкум!» деп дауыстап сәлем берген. Оң қолын беріп, қос қолдап амандасқан. Жас үлкенге, жалқы адам жалпы көпшілікке бірінші болып сәлем берген. Ал, әйел кісілермен «Есенсіз бе?» деп хал сұрасқан. Осылай сәлемдесу әдебін балаларына да үйреткен. Сол тәрбие арқылы шынайы мұсылманшылық болмысын сақтай алған. Бұхар жыраудың мынадай үлгілі нақыл сөзі бар:

Өзек қуа ағады,
Өзен судың сағасы.
Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы.





    Т р е н и н г т і ң ж ү р у б а р ы с ы:

Қайырлы күн, балалар! Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенемін. Бүгін сіздермен өткізгелі тұрған семинар – тренингтің тақырыбы: «Отбасы бақыты» деп аталады. Осы тренингке қатысып отырғандарыңа алғысымды білдіремін.

      К і р і с п е: Отбасы- кішкентай адамның  өміріндегі  алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады.

Нақ  отбасында- мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы- отбасы  мүшелері арасындағы –өз ара қарым-қатынасқа  байланысты. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге    (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

«О т б а с ы» д е г е н і м і з н е ? /сұрақ-жауап/

  • Отбасы-өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі;

  • Отбасы -адам өмірінің шаттығы болып саналады;

  • Отбасы- тәрбие бастау;

  • Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта;

  • Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы:

Сонымен отбасына анықтама берсек:

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер, дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді.





 Психологиялық дайындық. /балаларды ортаға шақыру,шеңберге тұру/

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден. 

 Жүргізуші: Құрметті балалар біз неге шеңберге тұрып, тренингмізді бастадық? Сіздер білесіздер.

   Шеңбер бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.

Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

Жаттығу: «Менің отбасым» /суреттер сөйлейді/

Әр балаға өз отбасын «Гүлдің» бейнесінде салу ұсынылады. Салып болғаннан кейін алған суреттерін сөйлету қажет.

Тренинг: « Тату-тәтті отбасы»

Музыка ырғағымен билеу. Билеп тұрып «Тату-тәтті» отбасында (2,3,4,5) адам деген кезде сонша адам бірігіп, құшақтасып немесе қол ұстасып тұра қалу керек.

(Осы тренингті өткізуді психологияға қызығушылық танытып жүрген мектебіміздің 10 сынып оқушысы, Ұлан басы Халиматова Альбинаға тапсырғалы отырмын.)

Кері байланыс:

Тақырыпқа байланысты тренингтен алған әсерлері туралы ой бөлісу.

Қорытынды: Балалар бүгінгі біздің тренинг-сабағымыз соңына жетті. Белсенділік танытып қатысқандарыңызға қуаныштымын. Отбасылық өмір көп қырлы. Қиындығы, проблемасы жоқ отбасы болмайды. Бірақ сонда да отбасы мүшелері бірін-бірі жек көріп кетпей, бір-бірін қолдап, қорғап жақсы көру керек. Сау болыңыздар.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!