Семинар: «Көңілді қысқы ойындар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Семинар: «Көңілді қысқы ойындар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинар "Көңілді қысқы ойындар"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық,Таным.


Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, аппликация,құрастыру.


Тақырыбы: «Көңілді қысқы ойындар»



Мақсаты: балалардың қысқы ойын түрлерін атау,негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, белгілі бір түсінікті сипаттау, баяндау әңгімелері түрінде жеткізе білуін дамыту. Сөйлеу мәдениетіне үйретуді жалғастыру. Флипчарт әдісін қолдану арқылы құрастыра білуін жетілдіру.Дәстүрден тыс әдістер қолданып табиғаттан алған әсерлерін бір мазмұнға біріктіріп бейнелей білугеүйрету,шығармашылыққа баулу

Әдіс – тәсілі: «Тәй-тәй» технологиясы, Ойын технологиясы, Венн диаграммасы, «флипчарт» әдісі, «Триз» технологиясы, Акт технологиясы , жұмбақ, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Слайд, «Бәрін білгім келеді» кітапшасы, голограмма, «Луллия» сақинасы, ноутбук, видеопроектор, түрлі түсті көбіктер, мақта түйіршіктері, мақталы таяқша, желім, сүрткіш, түрлі- түсті парақ.

«Қуаныш» шеңбері.

Бүгін жаңа күн туды. Бір-бірімізге күлімсірейікші. Бүгінгі күн қандай керемет, барлығымыз осында біргеміз.

Біз бакыттымыз және мейірімдіміз, мұрынмен терең тыныс алып, таза балғын ауаны жұтып, мейірімді және әдемі болайық. Жамандықты , ренішті шығарып жіберейік..

Ал қазір бір –бірімізге қуаныш сыйлайық.


Дөңгеленіп тұрайық,

Қуаныш шеңберін құрайық.


Қандай жақсы өмір сүрген,

Қандай жақсы достықты білген.

Қандай жақсы досың болғаны

Қандай жақсы менің де болғаным.


-Жарайсыңдар, балалар. Орнымызға жайғасып отырайық.

- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, мұқият тыңдап жауабын шешейік.

Жұмбақ:

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады,

Бұл қай мезгіл болады? (қыс)


(Слайд)

Тақтаға назар аударайық.

-Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгінгі оқу қызметімізде қай жыл мезгілі туралы айтамыз?

Балалар: қыс мезгілі.

Қыс айларын атайықшы?

Балалар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Билингвизм: желтоқсан-декабрь-december, қаңтар- январь-january , ақпан- февраль February.
Ал, қазір қай ай?

Балалар: қаңтар айы.

-Жарайсыңдар, балалар.

Балалар, қараңдаршы ... айналаның бәрі аппақ. Күн суық, аяз. Ағаштардың бұтақтары қырау басқан. Үйдің мұржасынан түтін шығып жатыр.

Балалар назарымызды экранға аударайықшы,экраннан ненің суретін көріп тұрмыз?.

Балалар: шаңғы, шана, коньки.

Бұлардың бәрі бізге не үшін қажет?

Балалар: сырғанап ойнау үшін.

Бұларды қай мезгілде пайдаланамыз?

Балалар: қыс мезгілінде.

-Қандай қысқы ойындарды ұнатасыңдар?

Балалар: қармен ойнаймыз, шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз.

Балалар қардан не жасап жатыр?

-Балалар: Аққала

Аққалаға бас киімнің орнына не кигізіп жатыр?

Балалар: шелек кигізіп жатыр.

Ал мұрнына ше?

Балалар: сәбіз

Біздің аққаламыздың басында шелек, мұрынында сәбіз тұрса да , сондай көңілді.

Тосын сый (голограмма)

Аққала :

-Салем достар, мен аққаламын. Мен қыс мезгілінде пайда боламын. Сендер менің «Бәрін білгім келеді» кітабымды білесіңдер ме? Оның ішінде «түрлі – түсті пішіндер», «Бақта ма, бақшада ма?», әріптер мен сандарға арналған ойындар бар. Менің кітабымды қысқы ойын түрлерімен толықтырып беріңдерші. Мен өйткені қыс мезгілін өте жақсы көремін.

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметімізің тақырыбы да: «Көңілді қысқы ойындар» деп аталады. Ендеше, қазір біз аққаланың өтінішін орындап «Көңілді қыс» ойынын ойнап жіберейікші.

Дидактикалық ойын «Көңілді қыс»

Дамытушы орталықтардағы жұмыстар

-Әдебиет орталығы: «Көңілді қысқы ойындар»

Мақсаты: Луллия сақинасының шеңберін айналдыра отырып, қысқы ойын түрлерін әңгімелеу..

«Сиқырлы қалам» арқылы қысқы ойын түрлерін атату

-Өнер орталығы: «Қызықты қыс»

Мақсаты: Дәстүрден тыс әдістер қолданып табиғаттан алған әсерлерін бір мазмұнға біріктіріп бейнелей білуге үйрету

-Үстел-үсті орталығы: «Дұрыс орналастыр» -ойыны

Мақсаты:«флипчарт» әдісін қолданып, геометриялық пішіндер арқылы аққаланың бейнесін құрастыру.



Музыка ырғағымен балаларды ортаға жинау.

Орталықтардағы жұмыстарын сұрау.

Сергіту сәті:

Балалар мен тоңып қалдым, сендер ше? Аязды күні тоңып қалмау үшін не істеу керек екенін білесіңдер ме? Тоңып қалмау үшін нүктелі массаж бен тыныс алу жаттығуларын жасау керек.

Вперед рука, назад рука.

Разогрели их слегка.

Быстро поменяли руки!

Нам сегодня не до скуки.

Подойдет ко мне Мороз.

Тронет руку, тронет нос!

Я мороза не боюсь,

С ним я крепко подружусь!

А мороз сильней – сильней!

Ну-ка, ушки разогрей!


Оқу қызметін қорытындылау «Венн» диаграммасы

Мақсаты: балалардың ойларын жинақтау арқылы тақырыпқа сай ұғымдардың сәйкестіктерімен айырмашылықтарын ажыратуға дағдыландыру

Балаларды мадақтау.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі