Материалдар / Семинар Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Семинар Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Біріншіден, білім берудің мазмұны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту, екіншіден, оқу нәтижелерін бағалау жүйесін өзгертті, үшіншіден, қосымша білім беру жүйесін дамыту, төртіншіден, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне ата-аналардың барынша белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2020
3205
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны -«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім.

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» атты құжатында «...тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады» деп атап көрсетілген . Аталған құжатта мектеп оқушыларының фунционалдық сауаттылығын дамытудың  4 түрлі механизмі қарастырылған. Біріншіден, білім берудің мазмұны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту, екіншіден, оқу нәтижелерін бағалау жүйесін өзгертті, үшіншіден, қосымша білім беру жүйесін дамыту, төртіншіден, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне ата-аналардың барынша белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында «Бесекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылығы жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек  ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткен болатын.

   «Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады

Қазіргі заман талабына сай жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің  сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатта мен өз сабағымды 7- сыныптағы «Атмосфера» ауқымды бөлімін назарларыңызға ұсынбақшымын.

1) Тапсырма, ауа – райын оқушыларға өздері болжап білуге үйрету. Яғни, қазақи ауа – райының жануарлар мінез құлқына, табиғат құбылыстарына қарай отырып, сөйлемді аяқтау. Біріншіден оқушылар бар ынта қызығушылығымен тапсырманы орындап, ауа – райын өздігінен болжауға машықтанады.

Мысалы: Бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламтор парақшаларында күн сайын жер шарының түрлі бөліктерінде әртүрлі ауа райы болжамын береді. Бұл ауа райының уақыт пен кеңістікке қарай өзгеретінін айғақтайды.Ауа райының өзгеруін қандай элементтер мен құбылыстар сипаттайды?Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым,жел жылдамдығы мен бағыты – ауа райының негізгі элементтері. Ал сабақта, оқушыларға ой тастау үшін мен бұл тапсырманы ауа райын қазақи жормалдауын жануарлар,табиғат құбылыстарының іс-әрекеті мен мінез құлықтарын бақылай отырып, берілген мәтінді өздері аяқтауды ұсындым:


 Жылқы (жиі пысқырынса, ауа райы бұзылады);

Қаз (бір аяғын кетеріп ұзақ тұрса не қанатын жиі қаққыласа, аяз тұрмақ);

ШЫМШЫҚ

—    таңертең шиқылдай бастаса, түнде аяз тұрады;

—     қосылып жиі-жиі шиқылдаса, күн жылынады.

ТАУЫҚ

—    жүнін үрпитіп қытқылдаса, (ауа райы бұзылады);

—     құмға аунап, қанаттарын қаққылап сілкініссе, қауырсынын тарағыштаса, (жаңбыр жауады);

—    жаңбырлы күндері қораз таң ата шақырса, (күн ашылады).

МЫСЫҚ

бұйығып ұзақ ұйықтаса, (күн жылынады);

жуынса – (күн шуақ);

пеш үстіне шығып бұйығуы – (салқындық нышаны);

ТЫШҚАН

—     жазда ініне бидай сабаны мен құрғақ шөпті көп тасыса — (келер қыс қарлы, суық әрі ұзақ);

—    мезгілсіз інінен шықса, (жаңбыр жауады).

ЖАУЫН ҚҰРТЫ

—    жер бетіне шығып жыбырлап жүрсе, (кешікпей жаңбыр жауады).



«АУА РАЙЫН ТАБИҒАТ КӨРІНІСТЕРІ  МЕН ҚҰБЫЛЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛЖАУ»

ЖЕР СІЛКІНУ НЫШАНДАРЫ 

—     құстар қым-қиғаш ұшып-қонып, улап-шулап дәйексізденеді;

—     құмырсқалар илеуінен безеді;

—     иттер қыңсылап, кейде мезгілсіз ұлып мазасызданады;

—    мысықтар жер тырналап, мияулап үйден қашып шығуға тырысады;

—    жыландар топтанып өзге жаққа көшеді;

—    кесірткелер өз мекенінен жедел қоныс аударады;

—    атжалмандар мен тышқандар індерін тастап, топ-топ жиналып әбігерге түседі, ерсілі-қарсылы жүгіріп, кейде өзара таласады;

жылқы оқыранып, сиыр мөңіреп, қой маңырап, шошқа мен үй қояндары безек қағып, тыным таппайды.

НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ

—    тұманды күні ауа қапырық болса;

—    күн сәулесі бұлдыр тартса;

—    орман шуылы басылса;

—    ашық шуақты күні көбелек кенеттен үйге ұшып кіріп, түн түспей-ақ төбенің ең қараңғы бөлігіне қонақтаса;

—     әр түсті қою бұлттар шоғырланып, бірін-бірі басып тез көшсе.

2)Тапсырма:

Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту.

Мәселен ой тастайтын екі сурет көрсетемін, ол бірі өрмекші ұясы, екінші геометриялық график:




Осы екі суреттен нені меңзеп тұрғанын тауып,тақырып мәнін ашады,оның жауабы «Ауа райы қалай және не себепті өзгереді?» тақырыбындағы жел өрнегі.

Жауабы: жел өрнегі.





Осы орайда оқушыларға кестеде мәлімет ұсынылады:

А)желдің графигін

Б) басым желдерді

В) тымық күндер саның анықтап, қай жерлерге шағын жел электростансаларын орнатса дұрыс болатындығын көрсету, сызу, орындау.

Жел бағыты

Күн саны

С

5

С-Ш

3

Ш

1

О-Ш

2

О

5

О-Б

3

Б

6

С-Б

6

тымық

0


Осындай жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырамын және сабақ бір сарыңды емес қызығушылықпен оқушылар жадында қалады.


3)Тапсырма: Қысым,температураны,ылғалдылық,жел бағытын өлшеуіш құралдарының суретін көрсете отырып, олардың өлшем бірлігін, қандай жағдайда қолданылатыны, есеп шығарып және аймақтың ауа райына болжам жасай алады. Бір сурет көрсете отырып, бірнеше тапсырмалар орындап қамтуға мүмкіншілік туындайды.

Есеп: 1) Биіктігі 40 метр болатын төбе басында барометр 758 мм-ді көрсетті.Төбе етегіндегі қысымды есептеңдер.

Шешуі: 10,5 метр биіктеген сайын қысым 1мм төмендейді, сонда 40 метр болса, 4мм төмендейді, 758мм-4мм-ді тең болады:754мм

2) Салыстырмалы ылғалдылықты есептеу үшін есеп шығарайық,+30 градус температурада ауада 17г су болған жағдайдағы, салыстырмалы ауа ылғалдылығын анықтаңдар.

Шешуі: пропорция құрамыз.

30г – 100%

17г – х%

х=17х100\30=56%

Жауабы: 56%


Құрал немесе аспап

Өлшем бірлігі

Нені өлшейді?

Болжам жасау

Термометр

Градус

Ауа температурасын

Аймақтың температурасын білу

Барометр



Сынап бағанасының мм

Ауа қысымын

Атмосфераның қысымын өлшеу

(ауа райын болжау)


Флюгер



м\с

Жел жылдамдығын

Табиғи апаттардың алдын алу


Жаңашыл мұғалімнің кәсіби шығармашылық әрекеттерінің нәтижелілігінің болуы оқушысының табыстылығымен тікелей байланысты.

Оқушыға дайын білім мен идеяларды ұсыну емес, оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруға, яғни сындарлы оқыта отыра функционалдық сауаттырығын арттыруға болады.Осы орайда В.А.Сухомлинский «Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына ойландырып қоймас үшін оны ойланту керек» деп айтқан сөздерін негізге ала отыра, заман талабына сай жаңа заман оқушысының функционалдық сауттылығы жоғары болуы тиіс деп ойлаймын. Ал оқушының функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруда баланы ойлантуымыз маңызды болып табылады. Яғни оқушы мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана білсе ғана ол табысты бола алады. Ол үшін баланың алған білімінің дұрыс бағалануы басты назарда болуы тиіс. Мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай бала қалай бағаланатыны туралы жеке қарап, алдын ала бағалау шкалаларын қарастырып, болжам жасай отыраоны жоспарына енгізіп, барлық сабақ үрдісін бағалау қажеттігін ескерген жөн. Оқушы өзін-өзі талдау, өзіне-өзі баға беру мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек.Оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудағы, сындарлы ойлантудағы келесі маңыздыларының бірі – кері байланыс деп есептейміз. Оқушының оқу үрдісінде алған білімдерін келешекте қолдану үшін оқушының қандай деңгейде екендігін, яғни өзінің біліміне өзі сындарлы баға беруге көмектесіп қана қоймай, өз проблемасымен жеке қалмай,қолдау арқылы шешімін табуда маңызды. Кері байланыс үдерісінде оқушылардың жауабын мадақтау және жеке мақсатты көрсеткіштерді белгілеуді көздейтін бағалау. Ол оқушыларды өздерінің жұмысына қатысты айтылған пікірлер жайында ойландырып, оларды келешекте жетілдіру мүмкіндіктерін табуға ынталандырады. Сондықтан да астарлы бағалай отыра,сыни ойлай білу және өзіндік жұмыс істей білу қабілеттілігі мұғалімнің жаңа идеяларды тудыруға, сабақ үдерісін одан әрі дамытуда маңызы зор болып табылады.Сондықтан бүгінгі оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа формациядағы мұғалім бойында төмендегі кәсіби құзыреттілігі болса мақсатымызға бірге жетпекпіз, ол:

- оқушыларға қамқорлық көрсете білетін, оған ықпал жасай алатын және өз бетінше шешім қабылдауда бағыт-бағдар беретін;

- әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын;

- оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар;

- оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін;

- оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін;

- бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере алатын мұғалімдер. Бұл құзыреттіліктер деңгейлік бағдарламада көрсетілген.

Белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген пікірін негізге ала отыра мұғалім әрдайым кәсіби дамуына назар аудару қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлтық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).

  2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.

  3. Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. - «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. - Б. 42-47.















« Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназия» коммуналдық мекемесі













Баяндама:

«Оқушылардың танымдық дағдыларын қалыптастыратын тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту»










География пәні мұғалімі: Козыбакова А.С.

Мектеп: 8 гимназия




Тараз 2019ж





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!