Материалдар / Семинар сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Семинар сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғимарат туралы мәліметтермен оқушыларды білімдерін жетілдіру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Семинар сабақ.

....................

Сабақтың тақырыбы: Ғимарат түрлері.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Ғимарат туралы мәліметтермен оқушыларды білімдерін жетілдіру.


Дамытушылық: Ғимарат туралы білімдерін одан ары дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.


Тәрбиелік: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сурет, электрон оқулықтар, видеотаспа.


Сабақтың типі: семинар сабақ.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастаыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру :


  1. Ғимарат туралы интер актив тақтадан мәлімет береді.

Ғимараттар деп жерде орналасқан құрылыстарды атайды, оларда адам тіршілігінің түріне байланысты қажетті бөлмелер орналасады. Мысал ретінде тұрғын үйлерді, мектептерді, театрларды, гараждарды, фабрика-зауыт корпустарын және тағы басқаларды келтіруге болады. Сонымен бірге ғимарат деп кейбір имараттарды атауға болмайды (мысалы: көпірлер, бөгеттер немесе радиодіңгектер), оларда негізгі міндеттерді анықтайтын не бөлмелер, не бөлек бөлімдер болмайды. Мұндай имараттарды инженерлік деп атайды.

Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған. Сонымен бірге, қазақтың тұрмыстық тұтынуындағы бүтін аспаптың түгелдерлігінің заты ағаш. Себебі, ертеде қазақтың баспанасы киіз үйінен бастап, қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған. Неге десеңіз, ағаш бұйымдар ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. "Алтынмен аптап, күміспен қаптап" дегендей, әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп қолданбалы сәндік өнер деп айтылады. Әсілі, бағзы заманда темір ыдыстардың қат кезінде даладағы малшы алдындағы қойын сауып жіберіп, отқа тасты қыздырып, ағаш тостағандағы сүтке қызып тұрған тасты салып жіберіп пісіреді екен.


  1. Ғимараттардың негізгі элементтеріне туралы интер актив тақтадан мәлімет береді .

Іргетастар, қабырғалар, жабындар, бөлек тіректер, жабулар, қалқалар, сатылар, терезелер, есіктер жатады . Іргетас деп ғимараттың жер асты контрукциясы аталады, оның негізгі міндеті ғимараттан түсетін жүктеуді қабылдап негізге беру. Негізбен тікелей түйісетін іргетастың төменгі жазықтығы іргетастың табаны деп аталады. Тікелей жер бетінен іргетастың табанына дейінгі аралықты іргетасты салу тереңдігі деп атайды.

3. Ғимарат түрлері түралы интер актив тақтадан мәлімет береді .


Ғимараттар міндеттеріне байланысты әр түрлі болып бөлінеді. Бірақ олардың бәрін: азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық деген үлкен үш топқа бөлуге болады.

Азаматтық ғимараттарға, адамдардың тұрмыстық және қоғамдық-мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, театрлар, вокзалдар, дүкендер, мекемелер және тағы басқалар.

Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың, зауыттардың, шеберханалардың, электр ­ станцияларының, паровоз деполарының және тағы басқалардың корпустары кіреді

Ауылшаруашылық ғимараттарға, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарын қана-ғаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: сиыр қоралар, шошқа қоралар, теплицалар (өсімдіктер өсіретін жылы жайлар), ауылшаруашылық өнімдерінің қоймалары және басқалар.

Ескеретін жағдай: бұндай бөлу белгілі мөлшерде шартты, себебі негіздері бірдей ғимараттардың кейбір түрлерін әртүрлі топтарға жатқызуға болады.

Әр түрлі міндет атқаратын ғимараттардың сыртқы және ішкі пішіндерінің арасында бар өзгешіліктерде, үлкен айырмашылықтарға қарамастан, олардың барлығы өзара байланысқан, бірнеше негізгі сәулеттік-конструктивті, толығынан айқын функция атқаратын элементтерден тұрады.


4. Ғимараттардың қабаты түралы интер актив тақтадан мәлімет береді .


Ғимараттарды қабаттылығына қарай: төмен қабаттылар және көп қабаттыларға бөледі. Қабат еденінің тротуарға немесе отмосткаға (ғимаратты айнала тас төселген немесе асфальтталған жолаққа) қатынасы бойынша орналасуына байланысты, жер бетіндегі қабат деп атайды. Оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінде орналасады; цокольдік (немесе жартылай үй асты), оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінен төмен, бірақ бөлменің жарты қабатынан артпай төмендетіледі; үй астылық, оның едені отмостка немесе тротуар деңгейіне қарағанда бөлменің жарты биіктігінен артығырақ төмен орналасады; ал егер бөлме шатыр кеңістігінде орналасқан болса, ол мансардалық деп аталады.



5. Жаңа ғимараттар туралы интер актив тақтадан мәлімет береді .


ІІІ. Қорытындылау. Оқытушы сабақты қорытындылап ғимарат туралы мәлімет беріп отті , ғимарат туралы видео ролик корсетті.

Адам баласы жер бетінде пайда болған күннен бастап, тіршілік етіп, күн көру үшін табиғаттың түрлі мүмкіндіктерін пайдаланған Алғашқы қауымдық құрлыс кезіңде құрал-саймандар дайындап, кәсіп ету-күнкөріс көзі болса, бертін келе оның бәрі материалдық және рухани құндылықтарға жалғасты Міне сол материалдық және рухани құндылықтар табиғаттың ең тамаша бөлшегі-ағашты да орнымен пайдаланып, адам өмірінің барлық қажеттіліктеріне жаратуға негізделді. Халық – ағашты өңдеп, одан әр түрлі бұйымдар жасайтын адамды ағаш шебері немесе ағаш ұстасы деп атаған.


Тәрбилік мазмұнын ашу. Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес, соңында қалдырған өнегелі үлгісімен, өрнекті ізімен, кемелді ісімен өлшенеді.



Мұғалім:...............................Исаханов С


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!