Материалдар / Семинар "Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері»"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Семинар "Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері»"

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбекке үйрету сабағында балалардың кескіш құрал саймандарды дұрыс қолданбағандығын кесіп алу және жарақаттануына әкеп соқтырады. Жарақаттану тек кесу кезіңде ғана емес материалдарды балқыту кезіндеде болуы мүмкін, бірақ басқа еңбек операцияларын орындаған кездеде мысалы желімді қайнатқанда және тағы басқа техникалық қауіпсіздік ережесін қатал сақтағанда ғана кепілдік қызметін сенімді атқарып, сәтсіздіктің алдын – ала алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2022
334
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгер қосалқы мектеп-интернаты» КММ





Бекітемін Оқу ісінің меңгерушісі

________Есмурзаева Қ.С.

18.04.2022жыл









Тақырыбы:»Технология пәнін жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері»





















Орындаған:Абишева Г.А





2021ж-2022ж оқу жылы







Жоспар



I.Кіріспе

Есту қабілетінде бұзылысы бар балаларды оқыту

II.Негізгі бөлім

  1. Технология сабағындағы техникалық қауіпсіздік

ережелері

2.Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері

III.Қорытынды

Мен қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер

Есту қабілетінде бұзылысы бар балаларды оқыту

Есту қалпы бойынша балалар нашар еститіндер мен саңыраулар болып екіге бөлінеді.

Мүкісқұлақ-сөйлеу тілін қабылдауда қиындықтарға соқтыратын,естудің тұрақты төмендеуі.Нашар есту түрлі деңгейде анықталады.Сыбырлап сөйлеуді қабылдаудағы бұзылыстан дауыстап сөйлеу тілін қабылдай алмауға дейін.Нашар есту жағдайында балада сөйлеу тілін қабылдаумен өзіндік меңгеруінде қиындықтар туындайды.Бірақ есту арқылы шектеулі деңгейде болсада сөздерді меңгеру мүмкіндігі сақталады.

Кереңдік-естудің терең бұзылысы ,сөйлеу тілін дыбыс қабылдау аппаратынсыз қабылдау мүмкін емес жағдай.Мұндай бұзылысы бар балалар өзіндік деңгейде сөйлеу тілін меңгере алмайды.

Әр топта естудің түрлі төмендеуі анықталады.Есту бұзылыстары бар балалар сабақта мәліметті дыбыстық –көру негізінде қабылдайды,сондықтан мұғалім сөйлеу тілінің анықтығын оны бала түсінгенін қадағалап ,баланың сөйлеу тілінің дыбыстық-буындық құрамын нақтылап ,түзетіп отыруы керек.Бала сыныпта жақсы естілетін және мұғалімнің тақтаға жазғанын жақсы көретін орында отыруы тиіс.

Есту бұзылыстары бар балалардың арасынан кохлеарлы имплантант салынған балаларды ортаға қосу жағдайын ерекше қарастырған дұрыс .

Кохлеарлы имплантациядан соң балалар ПМПК-ға түзету, оқыту және тәрбиелеу жағдайларына аденватты білім беру бағдарламасының түрі мен типін анықтау үшін жіберіледі.Арнайы жалпыға білім беру мектептерінің іс-әрекетін ұйымдастырудың типтік ережелерінде қарастырылған кохлеарлы имплантанты бар балалар сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларга арналган арнайы жалпыға білім беру мекемелерiне кабылданады. Кохлеарлы имплантанты бар, белсендi сейлеу тілінің дамуы мен кабылдауы төмен деңгейлi, кохлеарлы имплантация 5-6 жастан соң жасалган балалар нашар еститін балаларға арналған арнайы жалпыга бiлiм беру мектептерiне жiберiледі. Сонымен қатар, кохлеарлы имплантанты бар балалардың ата-аналары мекен-жайы бойынша оқу орнын таңдау құқығына ие, бiрақ мұндай жағдайда бала ұзақ мерзiмдi дыбыстық-сөйлеу реабилитациясынан етуi керек.Есту бұзылыстары бар балаларды оқыту сонымен қатар кохлеарлы имплантанты бар балалар да, түрлі типті дыбыс күшейту электро акустикалык аппараттарды үнемi колдану жағдайында жүргізіледі (стационарлык ұжымдык жеке пайдаланылатын және жеке дыбыс қабылдау аппараттарын, FM жүйесін, дыбыстык кабинет пен мектеп бөлмесiндегi магниттік құрықты, радиофикацияланған мектеп залы,рекреациялар, дәліз бен кабылдау бөлмесi). Есту бұзылыстары бар балаларды оқытатын инклюзивті мектепте фонотека, музыкалык аспаптар, дыбыс шығаратын ойыншықтар болуы тиiс.

Сөйлеу тілі есту қызметiнiң нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қараганда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал нашар еститіндер өздерiнiн есту қызметiнiн қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да болса жинай алады. Педагогикалык дәрiстi дұрыс ұйымдастыру үшiн сөйлеу тілінін деңгейін, арнайы білім беру мекемесін анықтау мақсатында есту қызметiнiң деңгейiн бiлу қажет.Сөйлеу тілінің дамуына есту қызметiнiң бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Есту қызметі бала өмiрiнiн қай кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу тілінің деңгейі де осыған байланысты болады. Есту қызметi қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейi төмен болады.

Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардын сөйлеу тіл деңгейінін диапазоны кей бала нақты заттарга қатыстырмай, жеке буындарды айтып, былдырлағаннан қысқа сөз тіркесiне тiптi аграмматизмдi және онсыз сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлеу тілін меңгерген болуы да мүмкiн. Бiрақ есту қызметі бұзылған бала қарым-қатынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де онын тiлiнде өзiндiк ерекшеліктері болады Дыбысталудың өзiндiк бұзылушылықтары болады (жазылган>> артикуляция, екпiндi бұрып айту және т.б.)

Нашар еститін балаларда пассивті және активті сөздiгiнiн көлемi қатысты. ал есту қызметi қалыпты мөлшерде пассивті сөздiк қорынан әлде қайда басым болады. Есту қызметі бұзылган бала өзі сөйлеу тiлiнде қолданатын сөздерді ғана жақсы түсiнедi. Бұл балалардың сездiгiнде жалпы мағыналы сөздер болмайды (керемет, жеңіс, арман, еркiн, байсалды және т.б.), сол сияқты бүтіннің бөліктерін білдіретін нақты сөздер де бар. Бала ұксac заттардын атауын білмейді. Мысалы:үй деп шалашты да, ит үйшiгiн де атайды. Сол сиякты мағынасы мен дыбысталуы, ұксас сөздерді ауыстырады (бак-гүлзар және т.б.). Мағынасы ұксас сөздер лексиконында кажеттi сөздер болмағандықтан, есту қызметi кемегiмен ажырата акустикасы ұқсас дыбыстарды шатастырады.

 















Технология сабағындағы техникалық қауіпсіздік ережелері.

Еңбекке үйрету сабағында балалардың кескіш құрал саймандарды дұрыс қолданбағандығын кесіп алу және жарақаттануына әкеп соқтырады. Жарақаттану тек кесу кезіңде ғана емес материалдарды балқыту кезіндеде болуы мүмкін, бірақ басқа еңбек операцияларын орындаған кездеде мысалы желімді қайнатқанда және тағы басқа техникалық қауіпсіздік ережесін қатал сақтағанда ғана кепілдік қызметін сенімді атқарып, сәтсіздіктің алдын – ала алады.

Сондықтан құрал – саймандарды қарап бейімдеп білу ережесі мұғаліммен оқушы үшін басты шарт.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ортақ кез – келген жұмысқа қатысты және жеке меншік жекеленген жұмыстарға байланысты деп топтауға болады.

Техникалық қауіпсіздіктің жалпы ережелері.


Жұмысты тек мұғалімнің рұқсатымен баста,өзіне таныс емес құрал – саймандармен қолданба.

Құрал – саймандарды белгілі орында ғана қолдан. Шегені тістеуік немесе қысқышпен майыстырма.

Жұмысқа жарамсыз және өтпейтін құрал – саймандармен жұмыс істеме,жұмыс кезінде құрал- сайманды мұғалім көрсетсе солай ұста.

Құрал – саймандармен жабдықтарды белгіленген орында сақта,жұмыс орнын таза және ұқыпты ұста.

Құрал – саймандармен жабдықтарды мұғалім белгіленген жерге ретімен жина.жұмыс кезінде сөйлеспе.

Жұмысты ұқыпты орында, бөгде жұмысқа назар аударма.

Қайшымен жұмыс істеу ережесі.

Қайшыны дөңгеленген жағымен қолдан

Жұмыс кезіңде қайшының кесетін жағын мұқият қара.

Өтпейтін және топсасы әлсіз бекітілген қайшымен жұмыс істеме.


Қайшының жүзін жоғары қаратып ұстама.

Қайшының жүзін ашық күйде қалдырма.

Жүріп келе жатып қайшымен қима.

Жұмыс кезінде жолдасына жақындама.

Қайшыны жолдасына бергенде дөңгелек тұтқыл жағын алдына қаратып бер.

Саусақтарын қайшыны жүзін алшақ болуы үшін жұмыс кезіңде материалды сол қолыңмен ұста.

Пышақпен жұмыс істеу ережесі.

Пышақтың жүзін жауып, белгіленген жерде сақта.


Өтпейтін және ақауы бар пышақпен жұмыс істеме.

Пышақ жүзін жоғары қаратып, ұстама. Пышақты жолдасыңа сабын жоғары қаратып ұсын.

Үйілген қағаздар және қатырма қағазды кескенде, қағаздың бүктейтін бұрышынан кес.

Білте тақтайды сүргілігенде қолыңды пышақ жүзінен жоғары ұста. Өзіңнен алшақ кес.

Жүзі дөңгеленген пышақты пайдалан. Бүктемелі, шаппалы пышақты және ақауы бар немесе нағыздалған пышақты пайдаланба.

Бізбен жұмыс істеу ережесі.

Жіңішке, ұзын тұрмысқа қажетті бізді пайдаланба.


Белгілеп берген бізді қолдан.

Бізбен сырты қатты заттарды түйреме кепкен емен ағашы, бүршік, жаңғақтың қабығын, мұндай мақсатта жіңішке бұрғыны пайдалан.

Инемен жұмыс істеу ережесі.

Инені тастама. Матаға, киімге қадама. Ешуақытта инені аузына салма.

Жұмыс кезінде инені арнайы жастықшаға, ине шаншығышқа қада. Жастықшаны қорапқа салып жина.

Артық инелерді ине шаншығышта, құрғақ жерде сақта.

Жұмыс басында және аяғында инелердің санын тексер. Міндетті түрде жетіспеген инені тауып ал.

Киім тіккенде оймақты пайдалан.

Түйреуіштің орнына инені қолданба.

Әр түрлі құрал – саймандармен жұмыс істеу ережесі.

Жұмыс кезінде лобзикті (ою кесуге арналған кішкене араны) штихельді, балғаны ,қысқыш, тістеуік, қайшы, бұрғыны мұғалім қалай көрсетсе солай ұста.
Лобзикпен, штихель, қысқыш, тістеуік, қайшы жүзімен 
жұмыс істегенде, сол қолыңды метал жақ бетінен алшақ ұста.

Жұмыс істемес бұрын балғаның мықтылығын, берік орнатылғандығын тексер.

Қолыңды күйдіріп алмау үшін, ұннан, крахмалдан жасалған желімді (клейстер) қайнатқанда абай бол.

БФ, ПВА желімдерін жақсы желдетірілген орында пайдалан.

Бояу үшін нитробояуларды пайдаланба. Сәтсіздікке ұшыраған жағдайда, мұғалім міндетті түрде алғашқы көмек көрсетіп, дәрігерге жіберу керек.

Сыныптың тазалық бұрышында аптечка болу керек. Оның ішінде міндетті түрде йод тұнбасы, нашатыр спирті, валериан тамшылары, бор қышқылының 2% тін ертіндісі, ас содасы, бор вазелині (майы), калий марганцовкасының қышқылы, мәрлі жгут, басқа байлайтын орамал болу керек.



























Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері

1. Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты турле айқындап, белгілеп aлғaннан кейiн, сол мақсатты жүзеге асыруды әдіс-тәсілдерiн де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшiн әр мұғалім оқыту әдістемесiн жете бiлiп, әрі оны сабақ мақатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, мұғалiмнін шығармашылық iзденiстi, жүйелі тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады.

2. Мұғалiм әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкiндiктерiн де жете бiлyi қажет. Көмшiлiк жағдайда мұғалiмнiң өзiнiң төселген, дағдыланган әдіс-тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай такырып болмасын ,оны қай сыныпта өткізбесін, сабақтың негiзгi мақсатын болмасын, еске алмастан, дағдыга айналган әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиiмдi өтедi, ол оқушыларга өз дәрежесінде білім бередi деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласы бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсiл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс- тәсiлдердi жете меңгерiп қоймай, олардый жағдайда қалай пайдалануға болады, соны да ерекше ойлануы керек. Мысалы, тәжiрибе көрсетiп жүргендей, бір жағдайда тиiмдi болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екiншi жағдайда кейде тиімді пайдалы бола бермейді. Неге олай, себебі не? Оқушылардың таным белсенділігін, сөйлеу қызметін дамытуда жетiлдiруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше . Оқытудың бұл түрi арқылы мұғалім оқушы алдында тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық сипаттагы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрi оқушылар дербес, өздерi шеше алмайтындай тапсырмаларга төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді болады. Түсіндірмелі-репродуктивтік әдiстiн де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс-тәсiлдiн ең тиiмдi жағы мұғалiм бiлiмдi қысқа мерзiм iшiнде, барлык оқушыларды қамти отырып береді. Оқу материалын ақпараттык сипатты, әңгімелеу, түсiндiру сипатында жеткiзедi. Оқушылар да өз мүмкiндiктерiнше ол бiлiмдi қабылдап алады. Бiрақ репродуктивтiк-түсiндiрмелi әдiсте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргiзетiн өзiндiк жұмыс түрлерi әлсiз болып келедi.

3. Көрнекiлiк оқушылардың пәнге қызығушылыгын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемi пайдалану оқушылардың дерексiз турде ойлауын тежейдi, көркем тiлiнiн дамуына кедергі жасайды. Мiне, сондықтан тиiмдiлiк идеялары да сабақта мұғалiмнiң өзi төселген бiр әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін, немесе өзі білетін барлық әдiстi бiр сабаққа үйiп-төгуiн жоққа шығарады, әрi бiр сүрлеу, бiр iзбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиiмдiлiк идеялары оқыту әдістерін үйлесiмдi түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелi отырған сыныптың жеке даралық, жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгiлi, нақтылы жағдайга байланысты тиiмдi, пайдалы деп сұрыпталынып алынган әдіс-тәсілдер екiншi жағдайда тиiмдi болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсiлдердi үнемi бiрлiкте, үйлестiре пайдаланған дұрыс болады. Өзiндiк әдiсiн көрнекілікпен, практикалык жұмыстармен астастырып немесе зерттеу әдiсiн түсiндiрмелі әдіспен үйлестiре пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қай әдiстердi қалай пайдалану сабақ мақсатында байланысты туындайды). Ал кейде практикалық, танымдық iздендiрушi әдiстердi көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға болады. Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану - оқушылар еңбегiн Ғылыми, тиiмдi түрде ұйымдастырудың манызды бiр саласы. Бұндай сабақтардан окушылар жалықпайды, әр пәнге деген қызығушылығы. белсенділігі артады. Сабаққа әзiрлiк үстiнде өтетін тақырыпка зер сала отырып, оны қандай әдіс-тәсілдер арқылы түсiндiргенде ғана оқушыға берiк те тиянақты бiлiм беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзi таңдап алған әдіс-тәсiлдердiң нәтижелі болуы ол мұғалiмнiң қаншалыкты дәрежеде оқыту әдістерін жете бiлiп, жете меңгеруiне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдiсiнiн теориялық бiлiм берудегi тиiмдiлiгiн ескермесе немесе оқушылардың теориялық бiлiмдерiн өмiрге пайдалана білу үшiн, оны практикалык әдiстермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын бiлмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесiнiн нәтижелiлiгi туралы сөз қозғаудың да кажетi жоқ.

Көрнекілік әдісі –Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары

-көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі

-көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану

-демострацияланған затты барлық оқушылардың көруі

-құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру

-демонстарцияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі

-көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды таныстыру

Жаттығу әдісіне қойылатын орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы

- жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық

Алдымен оқу материалын түсінуге көмектесетін,содан кейін есте сақтау,қолдануға ,оқылғандажаңа жағдаяттар да өздігінен,шығармашылықпен қолдануға ,жаңа материалды бұрын менгернген білім ,іскерлік жіне дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.

Әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар.Олар сабақты ұйымдастыратын әңгіме,жаңа білімді қалыптастыру жинақтаушы,жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқышулардың іс-әрекетің жаңа түріне ,жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.

Әңгемелесу әдісінің артықшылықтары

-еспен тілді дамыту

-оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі

-оқушылардың білімінің белгілі болуы

-үлкен тәрбиелік күші бар

Әңгімелесу әдісінің кемшілігі

-уақыттың көп кетуі

Қауіпті элементтері бар ( оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін,оны басқа оқушылар естіп ,есінде сақтап қалады.)

Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қойылады ,бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.

Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар

-сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау

-себеп –салдар байланысын ашып,дәлелдер келтіру

-салыстыру ,қатар қою,ұқсату,жарқын мысалдар қолдану

-жүйелілік

Оқудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістері: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.

Жаттығу көмегімен ақыл-ойжәне тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процессінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипаты және әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрде бөлінеді:

  • белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;

  • білім жаңа жағдайда қолданып жаттығу.

Егер оқушы іс-қимылдарды ауызша айтса, онда оны түсіндіру арқылы жаттығу деп атайды. Мұғалім оқушы іс-әрекетіне қателіктер тауып, оқушылардың іс-әрекетіне түзетулер енгізеді.

Жаттығулардың ерекшеліктері:

Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.

Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауға қолданылады. Оларды қолдау логмкалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі-ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма, баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі.

Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі, математика, т.б. пәндерде орындалады.

Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді мәнерлеп оқып, грамматикалық ережелерді қолданып, көптеген жаттығулар жазады.

Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом, стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер.

Оқу-еңбек жаттығулар: оқу шеберханаларындағы қағазбен, картонмен, ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану, станок, тетіктерді басқару, «Конструктор» ойыншықтармен жұмыс істеу.

Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар:

  • оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы;

  • жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық:

алдымен оқу материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға, оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.

Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды. Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру,кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Мұғалім-есептер шығарады, теоремалар дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Оқушылар-мұғалімнің іс-әрекетін қайталап, тыңдайды, көрнекіліктеріне қарай, заттармен жұмыс істейді, оқиды, бақылайды, жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады.

Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттілігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.

Алайда, оқыту әдісін таңдау-күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:

  1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;

  2. Мектептің материалдық-техникалық негізін ескерту;

  3. Мектептің орналасқан жерін ескерту. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару;

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!